Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Парақорлық қылмыстары бойынша болжамдар мен жоспар құруСодержание книги
Поиск на нашем сайте Жоспар құру әрекетi екi кезеңде сипатталып жүргiзiледi: бiрiншiден, жоспар қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн бiрақ құрылады, екiншiден, тергеу барысында кейбiр тергеу әрекеттеріне жоспар құрылады. Негiзгi жоспарға бастапқы тергеу әрекеттері мен бастапқы құжаттарды жинау жатады. Бастапқы тергеулiк әрекеттердi жоспарлау оның қажеттi және нақты әрекеттерiмен жоспарлауда қажет болған жағдайда күтпеген әрекеттердi жүргiзу. Күтпеген жерден бiрден жүргiзу ерекшелiгi осы категориядағы қылмыстарда қылмысты ашуға қиын болғандықтан қажеттi әрекеттiң бiрi болып табылады. Тергеу әрекетiн жүргiзу барысында кiдiртпей жүргiзiлетiн әрекет қылмыстық iс қозғалғаннан бастап жүргiзiлуi мүмкiн. Өйткенi, қылмыскерлер күтпеген жағдайда ондай әрекеттер жүргiзiлуi қажет. Бұл әрекет арқылы сонымен қатар, қылмысқа қатысатындарды және олардың қандай қылмыстық әрекет жүргiзетендiгiн, кейiн жауап алған кезде қарама-қайшылықтар тумау жолдарын бiлуге болады. Дәлелдемелердi iздеу барысында тергеушi мынадай бағытта жұмыстар жүргiзуi мүмкiн: 1. Лауазымды адамның жұмыс орнындағы құжаттарын тексеру, Болған жағдайды анықтау, қылмыстың затына, анықтаулар және тексерулер жүргiзу. 2. Пара алушының (берушiнiң) тұрғылықты жерiнен алынған параның заты, тәркiлеуге жататын заттар және т. б. сақтауға алатын заттар. 3. Пара берушiнiң жұмыс орны мен тұрғылықты жерi, барлық заттар мен дәлелдемелер жинау мiндеттерi iздеу жұмыстарын жүргiзу. 4. Делдалдың жұмыс орны мен тұрғылықты жерi; параның жартысы немесе барлығын берiп жiберу және пара берушiден параның затын алуын растатайтын, тұрмыс жағдайы, танитындар ортасы, қылмысқа басқа да қатысушылардың қатынасы, парақордың ара қатынастарының түрi, әртүрлi хаттар мен жазылымдарды табу, арқылы оларды зерттеу шараларын жүргiзу. Тергеу барысындағы типтiк болжамдар құрылуы мүмкiн: 1. Парақорлық орын алды. 2. Парақорлық орын алған жоқ, ал құндылықты заттар немесе ақша лауазымды адамға қарыз болғандықтан берген, қарызға немесе басқа да заңды әрекетпен жасалған. 3. Парақорлық болған жоқ, жала жабушылық орын алады. Парақорлыққа байланысты жедел iздестiру шаралары Тергеудiң бастапқы кезеңiнде парақорлыққа байланысты маңызды дәлелдемелердi жинай келе пара алушылық болды ма, немесе парақорлық қылмысы жуық арада болады деген мәлiметтерге алғашқы құжаттарды жинауда тергеулiк әрекеттердiң қайсысын жасаған тиiмдi деген сұрақтарды анықтаймыз. Осы мәселеге байланысты мына төмендегiлер анықтауға жатады. - арыз берген адамнан жауап алу; - қылмыс жасаған адамдарды немесе оған қатысқандарды анықтай отырып оларға кенеттен тiнтулер жүргiзiу шараларын ұйымдастыру; - пара алушыны ұстауға, оның iшiнде қылмыс үстiнде ұстауға жағдай туғызу; - ұсталған қылмыскерлердi жеке тiнту әрекеттерiн жүргiзу; - оқиға болған жердi қарап дәлелдемелердi iздеу; - алынған, табылған параның затына қарау мен анықтаулар жүргiзу; - ұсталған сезiктiлерден жауап алу, жалған жауаптарды әшкерлеу; - сезiктiлер мен айыпкерлердiң мүлкiне тыйым салу; - парақорлыққа байланысты жиналған, анықталған құжаттар мен заттарды процессуалдық түрде бекiту; - осы қылмыстарға байланысты куәгерлерден жауап алу және басқа да тергеулiк әрекеттердi жүргiзудi ұйымдастыру. - алынған заттар мен айғақтарға байланысты сараптамалар тағайындау. Алдын-ала тегеу жүргiзу барысында осы парақорлыққа байланысты жүргiзiлетiн әрекеттер қылмысты дәлелдеу мақсатында тергеушi немесе қылмыстық iстi жүргiзушi органның келесi әрекетiн төмендегiдей қарастыруға болады: 1)Тергеу барысында жедел-iздестiру шаралары арқылы алынған мәлiметтердi процессуалдық түрде бекiту шараларын жүргiзу. 2)Осы категориядағы қылмыстар жөнiнде дәлелдейтiн мән-жайларды анықтап, дәлелдемелердi кеңейте түсу. 3)Сезiктiлер мен қылмыскерлердi анықтай отырып, олардың қылмысқа қатысқандығы жөнiнде мәлiметтердi анықтау. 4)Парақорлық қылмысқа қатысқандар мен олардың шеңберiн анықтай отырып, оларды ұстауға арнайы шаралар жүргiзу. 5) Болған қылмыстың iзiн жасыру және жоюға тырысқандардың алдын алу мен ескертулер жүргiзу. 6)Парақорлыққа қатысқандарға немесе олардың қылмыс жасағандары анықталған жағдайда оларға iздестіру жүргiзу шараларын жасау. 7)Парақорлық қылмыстың алдын алудағы жүргiзiлетiн әрекеттер мен қоғамдық үгiттер жүргiзу. Тергеу барысында бастапқы әрекеттердiң бiрiне арыз берушiден жауап алу болып табылады. Арыз берушiлердi көбiнесе үш топқа бөледi. Оларға арыз берушi және қылмысқа қатысқан немесе парақорлық туралы белгiлi болған азамат жатады. Үшiншiден, парақорлыққа тартылған немесе пара беруге итермелеген лауазымды немесе өз пайдасын iске асыру мақсатындағы көзделген азаматтарды жатқызуға болады. Егер арыз берушiнiң арызына байланысты дәлелдемелер жеткiлiктi болып қылмыстық iс қозғалған жағдайда кiдiртiлмейтiн тергеу әрекеті ретiнде арыз берушiден жауап алуды көздеймiз. Осы категориядағы қылмысқа сәйкес жауап алудың өзiндiк ерекшелiктерi бар. Оларға мына төмендегiлердi жатқызуға болады: - пара берушi мен пара алушының қайда, қашан және қандай себептермен танысқандығын, делдал таныстырды ма, қай жерде; - пара алушы қай жерде, кiм болып iстейдi, мекен жайы, пара берушi онымен бұрын таныс болды ма; - делдал қай жерде, кiм болып iстейдi, мекен жайы, пара алушымен бiрге iстейдi ме, онымен бұрын таныс болды ма; - пара алушының қызмет бөлмесi қай жерде орналасқан, оған қалай кiруге болады. Пара алушыға кiрмес бұрын ол адаммен кiмдер сөйлестi, ол кiсiге қалай кiрдi; - лауазымды адамның сыртқы келбетi, қандай киiм киiп отырды; - пара алушымен (лауазымды адаммен) сөз байласқан кезде қандай сөздер айтылды және ол уақытта кiмдер қатысты, басқа да азаматтар болды ма; - ара беру келiсiмi бойынша, кiм бiрiншi бұл жөнiнде сөз қозғады, қандай үнмен немесе екпiнде. Бұл жерде парақорлық қорқыту арқылы немесе басқа да сөздер болған жоқ па; - пара беруге итермелеген жағдайлар болған жоқ па; - пара берушi мұндай жағдайды нелiктен жасап отыр; - пара берген жағдайда оның қандай мүдделерi орындалып қандай жұмыстары жүргiзiлуi немесе басқа жағдайы iске асты ма; - пара қандай көлемде, қандай купюрада берiлдi; - пара алушы ол параны банк шотына сал деген жоқ па, егер сал десе ол қандай шот, нөмерi қандай; - ол параны қарызға деп, сұрап алған жоқ па, ол әрекетiн қалай түсiндiрдi; - егер пара мүлiкпен берiлсе ол мемлекеттiк немесе қоғамдық емес пе; - параны кiмге бердi (өзi алды ма, делдал алды ма немесе оның танысы ма); - қалай бердi, кiмдер көрдi, куәгерлер бар ма; - пара алушы оны алған кезде, қосымша пара талап еткен жоқ па; - пара беру жөнiнде кiмдер бiлуi мүмкiн. Пара берушiнiң еркiн арыз жазу ниеті қандай? Бұл пара беру жөнiнде басқа бiреулерге айтылды ма? Осы жоғарыдағы сұрақтарға толық жауап алынуы тиіс. Егер парақорлық жөнiнде басқа азаматтан хабар түскен кезде, бiрден ол азаматтан толық жауап алынуы қажет. Тiнту жүргiзу.Тiнту жүргiзу мақсаты. Параның затын табу, оның iшiнде дәлелдейтiн құжаттар, олардың бiр-бiрiмен қарым-қатынасы, алған заттың сипаттамасын анықтау, көлемiн, материалдық жағдайы және т. б. Тiнту жедел түрде жүргiзiлуi қажет. Сондықтан уақытын, орнын, алдын ала анықтау қажет. Тiнту меке-жайда, жұмыс орнында, т. б. барлық жерлерде жүргiзiледi (үйдiң iшi, шатыр, төле (подвал), т. б.). Ең алдымен жеке тiнтулер жүргiзу қажет, күдікті дәлелді заттарды жойып жібермес үшін. Тiнту барысында қылмысқа қатысы бар заттарды алғанда, ондағы қолдардың ізіне назар аударған жөн.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 36; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.119 (0.011 с.) |