Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тергеу болжауы және жоспарлаудың түсінігіСодержание книги
Поиск на нашем сайте
1.Тергеу болжауы және жоспарлаудың түсінігі 2.Тергеу болжауының және тергеу жоспарының өзара байланысы. 3.Тергеу жоспарының негізгі принциптері, элементтері және жоспар жасау техникасы. 7 апта Реферат, конспект, баяндамалар.
Әйел зорлауды тергеу тактикасы 1. Әйел зорлау қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы 2. Әйел зорлаудағы тергеу болжамдары мен жоспарлау 3. Әйел зорлау қылмыстарын тергеу ерекшеліктері 11 апта реферат презентация конспект Тонауды және қарақшылықты тергеу тактикасы 1.Ұрлықтың, тонаудың және қарақшылықтың криминалистикалық сипаттамасы 2. Тергеу болжамдары және оны тергеуді жоспарлау 3. Алғашқы және кейінгі тергеу әрекеттері 14 апта Баяндама, тест, ауызша
Барлығы: 75
Глоссарий Идентификациялық белгілер – арқылы объектінің қай текке, топқа жататындығы анықталады. Жалпы белгілер бір текті объектілермен сипатталады. Антропометрия– қылмыскерлерді криминалистік /қылмыстық/ тіркеуге алу жүйесі.Тіркеуге алынатын адамның белгілі бір дене мүшелерін өлшеу нəтижесі арқылы тіркеукартасына енгізу. А-ны – қолданудағы ұқсас əрекеттер 1863 жылдан кейін Ресейде жүргізілді. А. негізін қалаушы Бельгия статисті А.Кетле: «Дене мүшелерінің көлемі бір-біріне сəйкес келетін екі /бірдей, ұқсас/ адам жоқ жəне нақты белгілі бір жаста адам сүйегінің ұзындығы өзгермейді» - деп санады. Париж полициясының шенеунігі /чиновнигі/ А.Бертильон антропометриялық тіркеу жүйесінде толық зерттеу жұмысын 1879ж. жүргізді. Дактилоскопиялау – тірі адамның немесе өліктің барлық саусақтарының таңбаларынтүсіру. Алғашқы кезде Д. үшін бетіне бапалық бояу жағылған шыны пластина жəне резеңке білік пайдаланылған, қазіргі кезде арнайы бояу құрамдары пайдаланылады. Криминалистук жоспарлау – бұл тергеушінің сарапшы, маман, сот, прокурор, адвокаттың/ тергеудің белгілі бір кездеріндегі туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дəлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі жəне қылмыстың басқа да мəн–жайлары жөніндегі ой–пікірі. Болжаудың типтік, жалпы, жеке жəне т.б. түрлері болады. Тергеуші болжаудың дұрыстығын тексеру үшін ревизия, аудит жəне т.б. тексеру шараларын ұйымдастырып, тергеу əрекетінің жоспарын құрады. Криминалистика – қылмыс механизмінің заңдылығы, қылмыс жəне оған қатысушылар туралы ақпараттың пайда болуы, дəлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау жəне пайдалану, осы заңдылықтарды түсініп оған сүйене отырып, қылмысты ашуды, тергеуді жəне алдын–алуды ғылыми қамтамасыз ететін арнайы əдістер мен тəсілдер туралы ілім. Қылмыстың тәсілі – криминалистік сипаттаманың ең маңызды элементтерінің бірі. Қылмысты жасау тәсілі – криминалистік сипаттама элементі, қылмыс тəсілінің орталық буыны. Қылмыстың объективтік жағында əрқашанда тəуелсіз орын алады. Оның информациялық маңыздылығы қылмыскердің эрекеттерінен тыс көрініс табуда түйінделеді. Қылмыс жасаудың типтік тəсілін білу, тез жəне дұрыс қылмысты ашудың оптималды тəсілін таңдау, тактиқалық тұрғыда дұрыс тергеу əрекеттерін жүргізуде Қылмыстық топ – алдын ала бірлескен қызмет үшін біріккен тұлғалардан тұратын, оның қатысушылары арасында оны құру, басқару жəне қылмыстарды тікелей жасау бойынша функциялары ажыратылған тұрақты бірлестік. Бригадалық тергеу әдісі - көп көлемді жұмысты қылмыстық істерді ұйымдасып тергеудің түрі, бригадалық тергеу əдісі кезінде құрама жоспар құрылады жəне əрбір тергеуші үшін жеке жоспар құрылады. Бұзу - кіруге тиым салынған немесе жабық тұрған объектіге кіру мақсатымен белгілі бір объектілерді атап айтқанда: қабырғаны, объектінің төбесін, есікті, терезені, бөгеттерді толығымен немесе жартылай қиратуды айтамыз. Сот баллистикасы - лат.тілінде лақтыру дегенді білдіреді, баллистика оқ жəне бытыраның қозғалысы мен жылдамдығын зерттейтін криминалистикалық техниканың бір саласы. Иддентификация- латын тілінен шыққан сөз, теңдестіру яғни тепе теңдікті анықтау немесе тепе тең ету сəйкестендіру деген мағынаны білдіреді. Иддентификация белгілі бір объектілерді өзінің жеке жəне жалпы белгілері арқылы анықтау, теңдестіру. Тергеу ситуациясы - нақты бір ауқыт аралығын немесе кезеңін сипаттайтын тактикалық шешім қабылдауға негіз болатын ақпараттардың, мəліметтердің жиынтық жүйесі. Тергеу әрекеті – дəлелдемелерді жинау, зерттеу, ларға баға беру жəне оларды қолдануға байланысты заңда көзделген іс жүргізу əрекеттері. Айғақ– қылмыстық немесе азаматтық істерді дұрыс шешу үшін маңызды, заңды жолмен алынған мəн жайлар туралы нақты деректер. Із құрамы - із қалдырылған немесе іздің құрамы болып табылатын нəрсе немесе зат. Жауап алу - қылмысқа қатысты адамдардан, куəлардан қылмысқа байланысты тісінктемелер, ақпарaтар алумен байланысты тергеу іс əрекеттері. Қосымша сараптама - қорытынды толық немесе жеткiлiктi түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты қосымша мəселелердi шешу қажет болған жағдайда тағайындалады. Қайталама сараптама - сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткiлiктi түрде негiздi болмағанда не оның дұрыстығы күмəндi болған не сараптаманы тағайындау мен жүргiзудiң iс жүргiзу нормалары елеулi түрде бұзылған жағдайларда дəл сол объектiлердi зерттеу жəне дəл сол мəселелердi шешу үшiн тағайындалады.
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ: №1 Дәріс.Криминалистік тактиканың түсініп және жалпы ережелері. Дәріс жоспары: 1. Әдістеменің жалпы ережелері 2. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы 3. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының құрылымдық элементтері, олардың қылмыстарды тергеу барысындағы мәні Негізгі ұғымдар: әдістеме, ереже, тактика, тергеу ситуациясы.
1.Қылмыстық істерді тергеу заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін қолданып, өткізу арқылы жүргізіледі. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып, керекті дәлелдемелерді кідіртпей, дер кезінде жинап алу үшін тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу ережелерімен шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде де ол осы арқылы неғүрлым көп және құнды дәлелдемелер жинап алу үшін осы сәтте қолайлы, ұтымды тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады. Мұндай әдістерді қолданудың негізгі мақсаты, ол қылмыскердің қылмыстың ашылуына кедергі жасау үшін қолданып отырған айла-әрекеттерін әшкерелеп, іс бойынша объективті дәлелдемелер жинау. Криминалистика ғылымының осындай тергеу үстінде әрқилы ситуациялық жағдайларға байланысты қолайлы әдістер мен тәсілдерді қолдану және тергеуді ұйымды, жоспарлы жүргізу жөніндегі қағйдаларды оқытатын негізгі бір бөлімін криминалистік тактика дейді. Криминалистік тактика дегенімізол тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелігін арттырып, іс бойынша керекті дөлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағыт-талған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтыѓы*. Криминалистік тактиканың осы келтірілген жалпы ережелерін және түсінігін тұжырымдап, нақтылайтын болсақ, оны қамтитын мәселелер: тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде осы сәтте туындаған тергеу ситуациясына байланысты дұрыс, ықшамды позиция ұстауы, осы ситуацияға байланысты нәтижелі және тиімді тәсілдерді қолдану, тергеуді ұтымды жүргізу үшін өз жұмысын дұрыс жоспарлау. Кейбір оқулықтарда криминалистиканың бұл бөлімін тергеу тактикасы деп те атайды. Бірақ тактикалық тәсілдердің қолданылуы алдын ала тергеумен шектелмейді. Тактикалық әдістердің көбі сот мәжілісінде де қолданылады. Сондықтан тергеу тактикасы деген үғым бұл әдістердің қолдану жүйесін толық қамтымағандықтан, бұл бөлімді криминалистік тактика деп атау өте орынды. Криминалистік тактика криминалистиканың басқа да бөлімдерімен тығыз байланысты. Айталық, криминалистік құрал-саймандарды тергеу үстінде қолданып, пайдалану ерекшеліктері әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Жаңа криминалистік құрал-саймандар пайда болса, оларды тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолдану әдістері криминалистік тактикада қаралады. Сонымен қатар тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдер тергеліп жатқан қылмыстың түріне байланысты. Жалпы тактикалық тәсілдер әр қылмыстың тергеу әдістемесінің ерекшелігіне байланысты өзгертіліп, осы қылмысты ашуға, тергеуге бейімделіп қолданылады. Мысалы, оқиға болған жерді қарау тактикасы—тактикалық тәсілдерді пайдалану ерекшелігіне, жасалған қылмыстың түріне байланысты. Айтайық, жол-көлік оқиғасы болған жерді қарағанда бір тактикалық әдіс қолданылса, керісінше, басқа тактикалық тәсілдер үрлық болған жерді қарау үстінде қолданылады. Сондыктан әр тергеу әрекеттерінің тактикалық тәсілдері жеке қылмыстарды тергеу әдістемесі арқылы қылмысты ашу әдісі есебінде жүзеге асады*. Криминалистік тактика бөліміне әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тәсілдермен бірге, тергеуді жоспарлау, тергеу үстінде тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың түрлері, тактикалық операция, тергеу ситуациясы деген сұрақтар да кіреді. Криминалистік тактиканың ең бір негізгі, түйінді сұрақтарының бірі — ол тактикалық тәсіл. Жоғарыда айтқандай, тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізгенде алдына қоятын негізгі мақсаты — осы тергеу әрекетін жүргізу арқылы неғұрлым көп және қүнды дәлелдемелер жинау, осы айтылғанмен тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыру. Ал енді осы максатқа жету үшін әр тергеу әрекетін жүргізгенде тергеуші нақтылы туындап түрған тергеу ситуациясына орай қолайлы, тиімді әдістер, заңға сыйымды айла-әрекеттер қолдану арқылы объективті және толық дәлелдемелер алуға тырысуы керек. Міне, осындай тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын әдіс-айланы тактикалық тәсіл дейміз*. Әрине ақылға салмай, кез келген тәсілдерді қолдана беруге болмайды. Сондықтан қолданатын тактикалық тәсілдер белгілі бір талаптарға сай болу керек. Тактикалық тәсілдерге қойылатын негізгі талап — оның заңға қайшы келмеуі, жеке адамның не заң тұлғаларының құқын бұзбауы және жалпы моральдық, этикалық қағидаларға сай болуы. Мұнымен қатар тактикалық тәсілге қойылатын талаптардың тағы бірі — тактикалық тәсілдің объективтігінің ғылыми тұрғыдан дәлелденетіндігі, оның ғылымның бір саласына, айтайық логика, психология, педагогика т. б. ғылымдардың белгілі бір қағидаларына негізделуі (тактикалық тәсілдің ғылымилық принципі)*. Осы айтылғанды тұжырымдайтын болсақ, тактикалық тәсіл дегенімізол заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла-әдістері. Осы бір тергеу әрекетінің шеңберінде қолданылатын тактикалық тәсілдердің бірнеше түрі болады. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туындаған ситуациялық жағдайға байланысты осы ситуацияға тиімді және ыңғайлы тәсіл қолданылады. Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір сұрақты анықтауға тактикалық тәсілдердің бірнеше түрі бірдей, арнайы бір кезекпен қолданылады. Мұны криминалистикада тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық комбинация дейді*. Тактикалық әдістердің, олардың комбинациясының қолданылуы тергеу ситуациясына байланысты екендігі жоғарыда айтылды. Сондықтан тергеу ситуациясы деген криминалистік санаттың ұғымына, түсінігіне тоқталайық. Тергеу ситуациясы дегеніміз ол тергеудің белгілі бір кезеңінде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне, істің мән-жайын анықтау мүмкіндігіне байланысты қалыптасатын жағдай. Тергеу әрекеттерін жүргізудің кейбір ережелері қылмысты істер жүргізу заңында көрсетілген, сондықтан оларды тактикалық тәсілдер деп санауға болмайды. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай, ол заңда көрсетілген ережелердің көбі тергеу қызметінде пайда болып, алғашқыда тактикалық тәсіл есебінде қолданылғандығы. Тіпті, кейбір тергеу әрекеттерінің өзі де басында тергеу үстінде тактикалық тәсіл есебінде пайдаланылған. Атап айтқанда, объектілерді танытуға көрсету, жауапты оқиға болған жерде тексеру деген тергеу әрекеттері алғашқыда тергеу қызметінде жауап алудың тактикалық тәсілі есебінде пайдаланылған. Кейіннен ғана заң жүзінде бекітіліп, тергеу әрекеті есебінде жүргізілетін болды. Міне, осыған байланысты қазіргі жағдайда тергеу тәсілі есебінде қолданылып жүрген кейбір тәсілдер кейінгі мезгілде, заң жүзінде бекітілген жағдайда, олар заң талабы, процессуальдық ереже есебінде қолданылуы мүмкін. Әр тактикалық тәсілдің мағынасын талдасақ, оның түсінігі, табиғи негізі осы тәсілді қай ғылымның түріне, қандай ғылыми қағидаға негізделгендігімен сипатталады. Айтайық, тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдердің көбі логика, психология, педагогика, еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және басқа да ғылымдардың қағидаларына негізделеді. Осы айтылған ғылыми салалардың қағидалары тергеуге, атап айтқанда, тергеу әрекетін жүргізуге бейімделіп, модификацияланған, Бірақ, негізінде белгілі бір ғылымның қағидалары пайдаланылғандықтан, бұл тәсілдер — логикалық, психологиялық, педагогикалық тактикалық тәсілдер деп аталады. Өзінің шешетін тактикалық міндетіне байланысты тактикалық тәсілдер: - танырлық, - басқарушы, - ұйымдық-техникалық деп үш түрге бөлінеді. Тергеп жатқан қылмысты ашуға керекті, былайша айтқанда, криминалистік, дәлелдемелі ақпараттарды алуға бағытталған және осы үшін қолданылатын әдіс-айлаларды танырлық тактикалық тәсілдер дейміз*. Тергеу әрекетін жүргізу барысын дұрыс басқарып отыруға, оның нәтижелігін арттыру үшін тиімді әдістерді қолдануға бағытталған тәсілдерді басқарушы тактикалық тәсілдер дейді. Мысалы, беттестіріп жауап алғанда, беттестіріп отырған адамдар айтысып, сөз жарыстырып, тергеу әрекетін жанжалға айналдырып жібермеу үшін, беттестіріп отырған адамдарды белгілі бір кезекпен сөйлетіп, жауап алу тактикасы қолданылады. Атап айтқанда, бірінші кезекте іске керекті фактіні бекітіп, дәлелдеп отырған адамнан жауап алынса, екінші кезекте осы айтып отырған фактының, оқиғаның болуын, керісінше, жоққа шығарып, айтылғанды бекітпей отырған адамнан жауап алынады. Кейбір тактикалық тәсілдер тергеудің ұтымды түрде жүргізіліп, тергеудің нәтижелі болуына мейлінше қолайлы жағдай туғызуға бағытталады Тергеудің бастапқы, кей жағдайда соңғы кезеңдерінде туындаған ситуациялық жағдайларға байланысты тергеу және жедел-іздестіру әрекеттерін белгілі бір ретті кезекпен жүргізу тактикалық жағынан алып қарағанда тиімді. Сондықтан тергеу жоспары жасалғанда тергеудің ұтымдылығын қамтамасыз ететін осындай тактикалық тәсілдер негізге алынады. Қылмыстық істерді тергегенде тергеу әрекеттерімен қатар жедел-іздестіру және басқада дайындық, ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Тергеудің нәтижелі табысқа жетуі, қылмыстың дер кезінде ашылуы, іске керекті дәлелдемелерді толық жинап алу тергеуде жүргізілетін тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру жұмыстарын кешіктірмей белгілі бір дұрыс кезекпен жүргізуге тікелей байланысты. Мұнымен қатар тергеу әрекеттерін өткізгенде, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде алынған мәліметтерді орынды және белгілі бір әдіспен пайдалану да тергеудің нәтижелігін арттырады. Осыған байланысты айтылған жұмыстардың бәрін бірі мен бірі жалғасып жатқан бір бүтін процесс деп есептеп, осы жұмыстардың жиынтығын тұжырымдап, оны бір үғыммен тактикалық комбинация (операция) деп атаймыз. Кейбір оқулықтарда бұл ұғымды тактикалық комбинация деп атайды да, ал басқа біреулерінде оны тактикалық операция дейді. Бірінші айтылған оқулықтың, авторлары тактикалық комбинация деген ұғымды жабайы және күрделі деген екі топқа бөледі. Жабайы тактикалық комбинация деп бір тергеу әрекетінің шеңберінде бірнеше тактикалық тәсілдердің қолданылуын айтады да, ал күрделі тактикалық комбинация деп тергеу үстінде белгілі бір кезекпен жүргізілетін барлық жұмыстардың кешенін атайды. Ал кейінгі айтылған кейбір авторлар тактикалық не криминалистік операция дейді. Былайша қарағанда, осы екі ұғымда да қолданылатын сөздер бірі мен бірі тепе тең де емес, біріне бірі қайшы да келмейді. Комбинация дегеніміз қиыстыру, қисындастыру, былайша айтқанда, қиыстырудың айласы. Операция дегеніміз ол бір күрделі әрекет. Біздің айтқан тергеу үстінде жүргізілетін жұмыстарға келетін болсақ, оларды белгілі бір. айламен қиыстырып жүргізу керек. Сондықтан бұл жұмыстардың бәрін тұжырымдап, оған толық сипат беретін болсақ, оны тактикалық комбинациялық операция деп атағанымыз дұрыс болар еді. Сонымен тактикалық комбинациялық операция дегеніміз ол тергеу үстінде тергеу ситуациясына байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау үшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жиынтығы және оларды белгілі бір кезекпен, тактикалық айламен қисындастырып жүргізу әдісі*. Тактикалық комбинациялық операцияның түсінігін анықтап, айқындайтын болсақ, ол негізінен екі түрлі жұмыстардың жүргізілуімен сипатталады — тергеу әрекеттері және жедел—іздестіру жұмыстары. Сондықтан тергеу үстінде жүргізілетін мұндай операцияның табысты және нәтижелі өткізілуі осы опе-рацияны жүзеге асырушы мен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың іскерлігіне тікелей байланысты. Қылмысты істер жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін өткізу арқылы әр қозѓалѓан іс бойынша қылмыстың мән-жайын анықтап, жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірақ тергеуші тек заңда көрсетілген әрекеттерді жүргізу арқылы, өзінің күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондықтан тергеушінің жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың қызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдардың қызметкерлеріне арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілеттігі заңда көрсетіліп, бекітілген. Тек жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде анықталған мәліметтерді және осы органның басқа да мүмкіншіліктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырған қылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы қылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті айғақтарды толық жинап алуға болады. Қандай қылмысты тергегенде болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы бір міндет — ол қылмыстың алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану. Осындай ортақ міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы, атап айтқанда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы ұйымдық тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады. Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасының түсінігі — қылмысты істі тергегенде бір-біріне әкімшілік түрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмыстың алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жүмыстары. Бірақ мақсаттары мен міндеттері бірдей, ортақ болғанмен аталған органдардың қызметтерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Бұдан бұрынғы жедел-іздестіру жұмыстары жөнінде заңда өте қысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтылған. Қазір арнайы жедел-іздестіру жұмыстары жөніндегі заң қабылданғандықтан бұл органның өкілеттігі заң жүзінде толық бекітіліп көрсетілген. Осы заңға байланысты жедел-іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен қатар өзіне нақтылы жүктелетін міндеттері бар. Оның ішінде негізгісі — қылмыстың белгілерін, іздерін тауып, оған қатысқан қылмыскерлерді анықтап, оларды дер кезінде ұстау. Бұл өзінің алдына заң жүзінде қойылған міндеттерді анықтама жүргізуші органдар өзінің өкілеттігіне тән әдістермен, тәсілдермен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап орындайды. Тергеуші істің кейбір мән-жайларын анықтаү жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып оны қандай әдістермен, қандай жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы шешетіндігіне араласып кіріспейді. Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың арасында екі түрлі қарым-қатынас қалыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ құрып тергейді. Қарым-қатынас кылмыс осы органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметтер тергеушінің қылмысты қозғау кезеңінде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ құрылып, оған тергеуші және қылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс әрекеттерді нақтылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдайда тергеуші өз алдына жоспар жасап, жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда да көрсетілген іс-әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Анықтама жүргізуші органдар жедел-іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәліметтерді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлеріне хабарлап отыруы керек. Бір-біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым-қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, жедел топтың жұмысы нәтижелі аяқталып, қылмыс дер кезінде ашылады. Мұны осы екі орган да өз-өзімен жеке жұмыс жасайды деген мағынада түсінбеу керек. Бір тергеу әрекетін бірігіп өткізетін де жағдай болады. Айтайық, оқиға болған жерді карау үстінде тергеуші оқиға болған жерді қарап жатқанда, анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлері кылмыскердің кім екенін анықтап, оны ұстауға, осы болған қылмысты көрген адамдарды табуға және басқа да қылмыстың мән-жайы жөніндегі мәліметтерді біліп, анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел топқа кіретін жедел-іздестіру органының қызметкерлеріне тергеуші кейбір жеңіл тергеу әрекетін өзі жеке өткізуді де жүктеуі мүмкін. Сонымен, тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының тергеу үстіндегі тұрақты қарым-қатынасы жедел топты, сондай-ақ, жалпы тергеу жоспарын құрумен және кейбір тергеу әрекеттерін бірігіп өткізумен сипатталады*. Тергеу үстінде осындай тұрақты қатынаспен бірге, көбінесе жеңіл қылмыстарды тергегенде, эпизодтық, былайша айтқанда, бір жолғы қарым-қатынас та қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстық заңға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән-жайларын жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Айталық, қылмысқа сезікті адамның тұрмыс жағдайын, кіммен қарым-қатынаста екендігін, кімдікіне және қай жерлерге жиі баратындығын, тағы да басқа мәліметтерді жинап беру жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне тапсырылады. Осымен қатар тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел-іздестіруші органның қызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді. Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел-іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі бұл тергеу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады*. Сонынмен 1-ші сұрақты қорта келе айтатын болсақ: 1. Криминалистік тактика дегеніміз ол тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелігін арттырып, іс бойынша керекті дөлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтыѓы. 2. Тактикалық тәсіл дегеніміз ол заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла-әдістері. 3. Тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасының түсінігі — қылмысты істі тергегенде бір-біріне әкімшілік түрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмыстың алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жұмыстары.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1. А.Ғ.Абуов. Криминалистика. Оқу құралы.-Алматы: Жеті жарғы, 2004ж.- 252б. 2. Яблоков Н.П. Криминалистика: Учебник / 2-изд. М.: Юристъ,2001.-615-624 бет. 3. Криминалистика. учебник, под редакцией Белкина Р.С. М.; Издательство НОРМА 2004ж. Стр 475 4.Жәкішев Е.Ғ. К74 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520 5.Тілеубергенов Е. Криминалистика: Т93 Көмекші құрал. Алматы: «Дәнекер». 2002- 146 бет. 6. Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикалық техника: Оқулық.- Алматы. 2012. – 282 бет. 7. Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 256 бет. 8. Криминалистика негіздері: Жоғары және орта кәсіптік білім беретін К 74 оқу орындарына арналған оқулық/ А.Я. Гинзбург, Н.И. Оганов, Г.И. Поврезнюк, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 272 бет.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.119.255.170 (0.011 с.) |