Жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесі» пәні бойынша дәріс сабақтарының тақырыптары, мазмұны
«Жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесі» пәні бойынша дәріс сабақтарының тақырыптары, мазмұны
1 Тақырып: Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері
Ќылмыстық істерді тергеу заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін қолданып, өткізу арқылы жүргізіледі. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып, керекті дәлелдемелерді кідіртпей, дер кезінде жинап алу үшін тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу ережелерімен шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде де ол осы арқылы неғүрлым көп және құнды дәлелдемелер жинап алу үшін осы сәтте қолайлы, ұтымды тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады.
2 Тақырып: Тергеу болжауы және тергеуді жоспарлау
Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымды түрде жүруі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты. Қылмысты іс қозғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу үстінде шешілетін сұрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нақтылы қандай тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстарды жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап, белгілейді.
3.Тақырып: Адам өлтіру қылмыстарын тергеу тактикасы
Адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсілдері әртүрлі, олардың себептері мен мақсаттары, қылмыс жасауда пайдаланылатын қарулардың және амалдардың ерекшеліктері, қылмыс жасаудың орны және уақытының өзі бұл қылмыстарды тергеуде айтарлықтай қиындықтар туғызып, аса ұлкен көлемде тергеу амалдарын жүргізуді талап етеду. Сондықтан адам өлтіруді тергеудің біршама жеке әдістемесі бар. Қылмысты тергеудің өзі әртүрлі жағдайлардың болуына байланысты.
|