з.ғ.м. А.З. Жангушукованың «Құқықтану» мамандығы 3 курс студенттеріне
з.ғ.м. А.З. Жангушукованың «Құқықтану» мамандығы 3 курс студенттеріне
арналған «Жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесі»
элективтік курс оқу бағдарламасына
РЕЦЕНЗИЯ
Бұл пән «Жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесі» модулінің таңдау пәні болып табылады. Типтік бағдарламаны дайындау барысында құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыспен күрес жолындағы құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысын жетілдіруде бағытталған ҚР Конституциясының, ІІО туралы Заңының, заңды күші бар, Ел басы Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының қағидалары. сондай-ақ Прокуратура, Жоғары Сот пленумының, Білім және Ғылым Министрлігінің нормативтік актілері, сондай-ақ Жоғары арнайы білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарт қағидалары ескерілген.
Еліміздегі құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыспен күресте қолданылатын криминалистикалық әдіс- құралдардың тәжірибелік бағытын аталмыш бағдарлама анық беріп отыр.
«Жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесі» пәнін оқып білу келешек құқық қорғау органдарының мамндарына қажет екендігін, студенттермен алғашқы күннен ұғынуы – ең бастапқы талаптардың бірі болып саналады.
Арнайы курс бағдарламасын меңгеру уақыты 135 сағатқа, яғни дәріс 30 сағат, практикалық сағат 15 сағатқа, ОСӨЖ 45 сағатқа және СӨЖ 45 сағатқа есептелген. Оқу бағдарламасы түсінік хат, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, пәннің әдістемелік қамтамасыз ету картасынан тұрады.
Оқу бағдарламасында оқу материалдарын жүйелі құрастырылғаны байқалады. Теориялық және практикалық материалдар білімгерлердің заңи білімін қалыптастырып қоймай, оларға казустық мәселелерді жаңашыл көзқараста шеше алу мүмкіндігін береді.
Аталған курсты жүзеге асыру құқық нормаларын дұрыс қолдану, нақты өмірлік проблемаларды шешуде, өздерінің талдауларын жасау барысында әр білімгер өз бойында жеке тұлғалық, коммуникативтік, танымдық, реттеушілі дағдысын қалыптастыру мүмкіндігі бар.
Оқу бағдарламасын оқытуда сапалы білім беру мүмкіндігіне қамтамсыз ететін заманауи педагогикалық технологиялар қолданылады. Атап айтқанда, әңгімелесу, рольдік ойын, провокациялық дәріс, жоба жазу, кейс стади. Сабақта білімгерлердің өзара байланысын қамтамасыз етуде жеке және топтық жұмыстар кеңінен жүргізіледі.
Бағдарлама профильдік білім беру концепциясына сай, ғылыми мазмұны мен базалық деңгейге қарағанда жаңашылдығы басым. Сондай-ақ, оқу бағдарламасы құқықтану саласындағы мамандарды даярлауда жоғары оқу орындарының талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
«Жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесі» элективтік курс оқу бағдарламасы 3 курс студенттерін даярлаудағы элективтік курс талаптарына сай және университетің оқу үдерісіне енгізуге ұсынуға болады деп есептеймін.
Рецензент
Қылмыстық-құқықтық пәндер
кафедрасының меңгерушісі,
Философия докторы (PhD) Б.Р. Таубаев
|