Гипомагниемия диагностикасы. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Гипомагниемия диагностикасы.



Гипомагниемия диагностикасы анамнезге, негізгі ауру диагнозына және қосымша ауру диагнозына, лабораторлы тексеріс нәтижесіне.

Гипомагниемия дәлелденген болып табылады, егер гипомагниемиямен қатар, зәрдегі магний концентрациясы 1, 5 ммоль/л төмен болса немесе магнийдің 15–20 ммоль тамырішілік инфузиясынан кейін келесі 16 сағат ішінде зәрмен енгізілген магнийдің 70% кем емес бөлігі бөлініп шықса.

Гипомагниемия клиникасы.

Гипомагниемияның клиникалық симптомдары плазмадағы магний концентрациясы 0, 5 ммоль/л–ден төмендегенде пайда болады.

Гипомагниемияның келесі формалары бар:

Церебралды (депрессивті, эпилептикалық) формасы бастағы ауырлық сезімімімен, бас ауруымен, бас айналумен, жаман көңіл–күймен, жоғары қозғыштықпен, ішкі дірілмен, қорқыныш сезімімен, депрессиямен, гиповентиляциямен, гиперрефлексиямен, Хвостек және Труссо оң симптомадрымен сипатталады.

Тамырлы–стенокардиялық формасы кардиалгиямен, тахикардиямен, жүрек ритмінің бұзылуымен, гипотензиямен сипатталады. ЭКГ–де вольтаж төмендеуі, бигеминия, Т теріс тісшесі, қарыншалар жыбырлауымен сипатталады.

Артериалды гипертензиямен ауыратын науқастарда магнийдің аздаған дефициті кезінде криздер жиі дамиды.

Бұлшықеттік–тетаникалық формасына тремор, балтыр бұлшықеттерінің түнгі тырысулар, гиперрефлексия (синдром Труссо, Хвостека), бұлшықет тырысулары, парестезиялар. Магний деңгейінің 0, 3 ммоль/л төмендеуі кезінде мойын, арқа, бет бұлшықеттерінің («балық ауыз»), аяқтардың (өкше, табан, саусақтар) және қолдардың («акушер қолы») тырысулары туады.

Висцералды формасы ларинго– и бронхоспазм, кардиоспазм, Одди сфинктерлерінің спазмы ретінде, анус спазмы, уретра спазмы түрінде көрініс береді.

Асқорыту жолы жағынан бұзылыстар: дәм және иіс сезу қабылдауының бұзылуы үшін тәбеттің төмендеуі немесе болмауы (какосмия).

Гипомагниемия емі.

Гипомагниемия тамыр ішіне құрамында магний бар ерітінділерді енгізгенде жеңіл коррекцияланады – серноқышқылды магнезия, панангин, калий–магний аспарагинат немесе энтералды түрде кобидекс, магнерот, аспаркам, панангин тағайындау.

Тамыр ішіне енгізу үшін магнезияның серноқышқылды 25% ерітіндісін тәулігіне 140 мл дейін енгізу (1 мл серноқышқылды магнезиясында 1 ммоль магний бар).

Белгісіз этиологиялы тырысу синдромы кезінде экстренді жағдайлар кезінде диагностикалық тест ретінде және емдік эффект алу үшін 25% серноқышқылды магнезияның 5–10 мл 10% кальций хлорының 2–5 мл бірге тамыр ішіне енгізуге болады. Бұл гипомагниемиямен байланысты тырысуларды тоқтатуға және сондай–ақ жоққа шығаруға көмектеседі.

Акушерлік практикада эклампсия кезінде тырысу синдромы даму кезінде 6 г серноқышқылды магнезияны 15–20минут кезінде асықпай енгізу көмектеседі. Одан ары магнезияның қолдаушы дозасы 1–2г/сағатына. Егер, тырысу синдромы кетпей жатса, магнезияның 2–4 г 5 минут ішінде енгізеді. Тырысулардың қайталануында науқасқа наркоз беріп, миорелаксанттар енгізіп, трахея интубациясын өткізіп, өкпені жасанды демалтуға көшу керек.

Артериалды гипертензия кезінде тіпті басқа препараттарға төзімді гипертензия кезінде магнезиалды емдеу тиімді әдіс болып табылады. Седатирлеуші тиімділігі бар магний эмоционалды фонды жояды, ол әдетті криздің бастаушы кезі болып табылады. Адекватты магнезиалды емдеуден кейін (2–3 тәулік кезінде тәулігіне 25% 50 мл дейін) артериалды қан қысымының қалыпты деңгейі біршама ұзақ уақытқа дейін ұсталып тұрады.

Магнезиалды терапияны өткізу кезінде науқас жағдайына қатты мән беріп, көңіл бөлу керек, тізе рефлексінің басылу дәрежесін бағалау керек, ол қан құрамындағы магний деңгейінің жанама белгісі болып табылады, дем алу саны, орташа артериалды қан қысымы, диурез жылдамдығы. Тізе рефлексінің толықтай жойылуы кезінде брадипноэ дамуы кезінде, диурез төмендеу кезінде магнезияны енгізуді доғарады.

Магний тапшылығымен байланысты қарыншалар тахикардиясы және қарыншалар фибрилляциясы кезінде магний сульфатының дозасы 1–2 г болып табылады, ол 5% глюкоза ерітіндісінің 100 мл –не араласып енгізіледі. Аздау экстренді жағдайлар кезінде ерітінді 5–60 минут кезінде, ал қолдаушы дозасы 0, 5–1, 0 г/сағатына 24 сағат ішінде болып табылады.

Гипермагниемия.

Гипермагниемия (қан плазмасында магний концентрациясының 1, 2 ммоль/л жоғарылауы) бүйрек жетіспеушілігі кезінде, диабетикалық кетоацидоз кезінде, құрамында магний бар препараттарды артық енгізу кезінде, катаболизмнің бірден көтерілуі кезінде байқалады.

Гипермагниемия клиникасы.

Гипермагинемия симптомдары көп және әртүрлі. Психоневрологиялық симптомдары: өсіп бара жатқан депрессия, ұйқышылдық, тежелу. Магнийдің 4, 17 ммоль/л дейінгі деңгейінде беткей, ал 8, 33 ммоль/л деңгейінде – терең кома дамиды. Тыныс алудың тоқтауы магний концентрациясы 11, 5–14, 5 ммоль/л жеткенде дамиды.

Жүйке–бұлшықеттік симптомдар: бұлшықеттік астения және релаксация, олар анестетиктермен потенцияланады, ал аналсептиктермен жойылады. Атаксия, әлсіздік, сіңірлік рефлекстердің төмендеуі, олар антихолинэстеразды препараттармен жойылады.

Жүрек–тамырлы бұзылыстар: плазмадағы магний концентрациясының 1, 55–2, 5 ммоль/л деңгейінде синус түйінінің қозғыштығы басылып, жүректің өткізгіш жүйесінде импулсьтер өтуі доғарылады, ол ЭКГ–де брадикардия, Р–Q интервалының ұлғаюымен көрінісі береді, QRS комплексінің кеңеюімен, миокард жиырылу қасиетінің төмендеуімен көрініс береді. Артериалды қан қысымының төмендеуі ең бірінші диастолалық және аз көлемде систолалық қысымға байланысты. 7, 5 ммоль/л жоғары гипермагниемия кезінде диастола кезінде асистолия дамуы мүмкін.

Асқазан–ішек жолының бұзылыстары: құсу, іштегі ауырсынулар, жүрек айну, іш өтулер.

Гипермагниемияның токсикалық көріністері В–адреноблокатормен, аминогликозидтермен, рибоксинмен, адреналинмен, глюкокортикоидтармен, гепаринмен потенцияланады.

Гипермагинемия диагностикасы гипомагниемияның диагностикасы сияқты.

Гипермагниемия емі:

1. себебін жою және гипермагниемияны шақырған негізгі ауруды емдеу (бүйрек жетіспеушілігі, диабетикалық кетоацидоз.);

2. тыныс алу, қан айналым, мониторинг және олардың бұзылысының дер кезіндегі коррекциясы (оттегі ингаляциясы, өкпенің көмекші немесе жасанды желдетуі. Натрий бикарбонаты ерітіндісін енгізу, кордиамин, прозерин енгізу.);

3. кальций хлоридін көк тамыр ішіне баяу енгізу (5–10 мл 10% СаСl), ол магний антогонисті болып табылады;

4. су–электролиттік бұзылыстар коррекциясы.

5. Қан құрамындағы магнийдің жоғары деңгейінде гемодиализ өткізуге көрсеткіш болады.

Кальций алмасуы.

Кальцийдің биологиялық әсерлері оның иондалған формасымен байланысты, иондалған формасы натрий және калий иондарымен бірге қозғыш мембраналардың деполяризациясы мен реполяризациясына қатысады, синаптикалық қозудың берілуіне, сонымен қатар жүйке–бұлшықет синапстарында ацетилхолин түзілуіне әсер етеді. Кальций қозу процессі және миокард, бірыңғай салалы бұлшықет, көлденең жолақты бұлшықет, ішек жиырылуындағы негізгі компонент болып табылады. Жасуша мембранасының беткейімен жайылып, кальций өткізгіштігін, жасуша мембранасының қозғыштығын және өткізгіштігін төмендетеді. Иондалған кальций, тамыр өткізгіштігін төмендетіп, қанның сұйық бөлімінің тіндерге өтуіне жол бермейді, тіннен сұйықтықтың кері кетуіне әсер етіп, сөйтіп, ісікке қарсы әсер көрсетеді. Бүйрек үсті бездерінің ми қабатының функциясын күшейтіп, кальций қан құрамындағы адреналин деңгейінің жоғарылауына әсер етеді, ол өз кезегінде гистамин әсеріне қарсы әсер етеді, гистамин аллергиялық реакциялар кезінде бұлт тәрізді жасушалардан босап шығады.

Кальций иондары қан ұю каскадына қатысады, К витамин тәуелді факторлардың фиксациясына қажетті (II, VII, IX, X) фосфолипидтерге, VIII фактормен Виллебрант факторы арасында комплекс түзілуіне әсер етеді, XIIIa факторының ферментативтік белсенділігінің түзілуіне әсер етеді, протромбиннің тромбинге айналу процесінің, коагуляциялық тромбтың ретракциясының катализаторы болып табылады.

Кальцийге тәуліктік қажеттілік 0, 5 ммоль. Плазмадағы кальцийдің концентрациясы 2, 1–2, 6 ммоль/л, ал иондалған кальцийдің концентрациясы – 0, 84–1, 26 ммоль/л.

Гипокальциемия.

Гипокальциемия жалпы кальций деңгейінің 2, 1 ммоль/л дейін немесе иондалған кальцийдің 0, 84 ммоль/л төмендеуі деп аталады. Гипокальциемия себептері:

1. Кальций дің, оның ішекте абсорциясы бұзылуымен байланысты жеткіліксіз түсуі (жедел панкреатит), ашығу кезінде, ішектердің үлкен резекциясы кезінде, май сіңірілуі бұзылысында (ахолия, диарея);

2. Ацидоз кезінде кальцийдің тұз ретінде біршама жоғалуы (зәрмен) немесе алколоз кезінде (нәжіспен), диарея кезінде, қан кетулер кезінде, гипо– және адинамия кезінде, бүйрек аурулары кезінде, дәрілік заттарды тағайындау кезінде (глюкокортикоидтар);

3. Ағзаның кальцийге қажеттілігі донор қанының көп мөлшерде құйылуы кезінде жоғарылайды, себебі, стабилизирленген натрий цитраты көп мөлшерде енгізіледі (натрий цитраты иондалған кальцийді байланыстырады), эндогенд интоксикаия кезінде, мок кезінде, созылмалы сепсисте, астмалық статус кезінде, аллергиялық реакция кезінде.

4. Қалқанша маңы безінің жетіспеушілігі кезінде кальций алмасуы бұзылады (спазмофилия, тетания).

 

Гипокальциемия клиникасы.

Науқастар үнемі немесе ауқын–ауқын болатын бас сақинасы тәрізді бас ауыруына шағымданады, жалпы әлсіздікке, гипер немесе парестезияларға шағымданады.

Қарап тексерген кезде жүйке және бұлшықет жүйелерінің жоғары қозғыштығы, бұлшықеттердің бірден ауырсынуы түріндегі гиперрефлексия, олардың тоникалық жиырылуы: қол ұшының типті орналасуы «акушер қолы» немесе жануар қолы сияқты (шынтақтан бүгіліп, денеге жақындатылған), бет бұлшықеттерінің тырысулары («балық аузы»). Тырысу синдромы төмен бұлшықет тонусы жағдайына өтіп, тіпті атония дамуы мүмкін.

Жүрек–бұлшықет жүйесі жағынан миокард қозғыштығының жоғарылауы байқалады (жүрек соғуының жиілеуі, тіпті пароксизмалды тахикардияға дейін). Гипокальциемияның үдеуі миокард қозғыштығының төмендеуіне әкеледі, тіпті асистолияға дейін. ЭКГ–де Q–Т және S–T интервалы ұзарады, Т тісшесі қалыпты болып тұрса да.

Ауыр гипокальциемия перифериялық қан айналымының бұзылыстарын шақырады: қан ұюының төмендеуі, мембраналы өткізгіштіктің жоғарылауы, ол өз кезегінде қабыну процестерінің белсенуіне әкеліп және аллергиялық реакцияларға әкелуі мүмкін. Гипокальциемия калий, натрий, магний иондарының кальций антогонисті болғандықтан, олардың әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін.

Созылмалы гипокальциемия кезінде науқастардың тері жабындылары құрғақ, жеңіл жараланады, шаштары түседі, тырнақтары ақ сызықтармен қабаттанған. Мұндай науқастарда сүйек тінінің регенерациясы кеш жүреді, жиі остоепороз, тіс кариестерінің күшеюі дамиды.

Гипокальциемия диагностикасы.

Гипокальциемия диганостикасы клиникалық картинасына және лабораторлы берілулеріне қарап қояды.

Клиникалық диагностикасы жартылай жағдаяттық сипатта болады, себебі, гипокальциемия көп жағдайда қан немесе альбумин инфузиясы кезінде, салуретиктер енгізген кезде, гемодилюция жасаған кезді пайда болады.

Лабораторлы диагностикасы кальций, жалпы ақуыз немесе плазма альбумининің иондалған кальций концентрациясын есепке ала отырып келесі формуламен есептелінеді:

Саобщ. * 97, 2

Са2+ион. (моль/л)= ______________________

альбумин + 116, 7

Саобщ. * 878

Са2+ион. (моль/л)= ______________________________

15, 04* альбумин + 1053

Гипокальциемия емі..

Гипокальциемия коррекциясы үшін кальций хлоридін немесе кальций глюконатын көктамыр ішіне немесе ішке қабылдаумен қолданады. Кальций глюконаты хлоридтен қарағанда тамыр ішіне енгізгенде көк тамыр қабырғасына, ішке қабылдаған кезінде асқазан сілемей қабығына тітіркенгіш әсер етпейді.

Көк тамыр ішіне кальций хлоридінің 10% ерітіндісі немесе кальций глюконатының ерітіндісі 5–10 мл көлемде 3–5 минут ішінде болюсті енгізеді немесе 0, 5–1, 0% ерітінді 150–200 мл көлемінде, 5–10 тамшыдан минутына.

Кальцийді көктамыр ішіне енгізгенде брадикардия дамуы мүмкін, ал жылдам енгізгенде гликозидтер қабылдап жүрген кезде, ишемия, миокард гипоксиясы кезінде қарыншалар фибрилляциясы, асистолия, жүректің систола фазасында асистолия беруі мүмкін. Кальций препараттарын көктамыр ішіне енгізуде бірінші ауыз қуысында, содан кейін бүкіл дене бойымен ыстық сезімі болуы мүмкін. Кальций ерітіндісінің байқаусыз тері астына немесе бұлшықет ішіне түсуі кезінде қатты ауырсыну пайда болып, тіндер тітіркенуі, содан кейін олардың некрозы дамиды. Кальций енгізген жердегі ауырсынуды басу үшін және енгізген жерде некроз дамымауы үшін 0, 25% новокаин ерітіндісін енгізу керек (дозасы мен инъекция көлеміне байланысты 20 – 100 мл).

Иондалған кальций коррекциясы плазма ақуызы 40 г/л–ден төмен болып, гипопротеинемия коррекциясы үшін альбумин инфузиясы жүргізілген науқастарға жасалу керек. Мұндай жағдайда инфузирленген альбуминнің әр 1 г/л–не 0, 02 ммоль кальций енгізіледі.

Мысалы: Плазма альбумині – 28 г/л, жалпы кальций – 2, 07 ммоль/л. Аьбумин көлемі оның плазмадағы деңгейі қалпына келтіру үшін: 40–28=12 г/л. Плазмадағы кальций концентрациясының коррекциясы үшін 0, 24 ммоль Са2+(0, 02*0, 12= 0, 24 ммоль Са2+ или 6 мл 10% СаСl) енгізу керек. Осындай кальций концентрациясының осындай дозасын енгізген соң плзамадағы кальций 2, 31 ммоль/л тең болады.

Гиперкальциемия.

Гиперкальциемия плазма кальцийінің 2, 6 ммоль/л жоғары немесе иондалған кальцийдің 1, 55 ммоль/л жоғары болған кезде дамиды.

Гиперкальциемия себептері:

1. Біріншілік гиперкальциемия (гиперпаратиреоидизм);

2. Екіншілік гиперкальциемия (пневмонии, перитонит, гангрена, жүрек жетіспеушілігі, механикалық сарғаю, гепатит).

Өкпе, сүт безі, бүйрек қатерлі ісігі әдетте тромбоцитарлы өсу факторының түзілісінің үлкеюімен, ісік некрозы факторының үлкеюімен, простагландин Е2, D витаминінің стабилды метаболиттері ұлғаяды, олар остоекластарды белсендіріп, адам ағзасында остоепороз бен гиперкальциемия дамуымен көрініс беретін паранеопластикалық өзгерістер шақырады.

Гиперкальциемия клиникасы.

Гиперкальциемияның бірінші белгілері болып әлсіздік, тәбет төмендеуі, құсу, эпигастрийдегі ауырсынулар, тахикардия табылады.

Біртіндеп өсіп келе жатқан гиперкальциемия және кальций деңгейінің 3, 5 ммоль/л және одан да жоғары кезінде гиперкальциемиялық криз дамиды, ол бірнеше симптомдар комплексі ретінде көрініс береді. Жүйке–бұлшықеттік симптомдары: бас ауыруы, әлсіздік үдеуі, дезориентация, қозу немесе тежелу, естің комаға дейін бұзылуы. Жүрек–қан тамыр симптомдар комплексі: жүрек тамырларының, қолқа, бүйрек және басқа да мүшелер кальцинозы, экстрасистолия, пароксизмалды тахикардия. ЭКГ–де S–T сегменті қысқаруы, Т тісшесі екі фазалы болуы мүмкін және бірден QRS комплексінен кейін бірден басталуы мүмкін.

Абдоминалды симптомдар комплексі: құсу, эпигастрийдегі ауырсыну.

3, 7 ммоль/л артық гиперкальциемия науқас өміріне қауіпті. Бұл кезде толассыз құсу, дегидратация, гипертермия, коматозды жағдай дамиды.

Гиперкальциемия емі.

Гиперкальциемия коррекциясы құрамына кіреді:

47. Гиперкальциемия себебін жою (гипоксия, ацидоз, тіндер ишемиясы, артериалды гипертензия);

48. Жасуша цитозолін артық кальцийден қорғау (теріс ино–хронотропты тиімділігі бар верапамин және нифедепин тобынан кальций каналдарының блокаторлары);

49. Кальцийді зәрмен шығару (салуретиктер).

 

4. 9 Су алмасуының бұзылыстары (дисгидриялар)

Су алмасуының барлық бұзылыстарын ағзаның әртүрлі су секторларында су көлемінің өзгерісіне байланысты екі топқа бөледі. Дегидратация, гипергидратация. Өз кезегінде су тапшылығы және артық су жасушадан тыс, жасушалық және жалпы болуы мүмкін. Тағы бір жағынан сапалы көрініс бойынша, ағза сұйықтық орталарының осмостық концентрациясының өзгеруіне байланысты гипергидратация және дегидратация изо–гипер–гипоосмолярлы болып бөлінеді.

Дегидратациялар (ДГ)

Изоосмолярлы дегидратация.

(Изотониялық, жалпы, аралас) – су мен электролиттердің изоосмолярлы сұйықтық түрінде пропорционалды түрде жоғалуынан пайда болатын плазма осмолярлығының қалыпты жағдайындағы су мен минералды тұздар тапшылығы. Бұл кезде басында жасушадан тыс сұйықтық тапшылығы орын алады – тамырішілік және жасушааралық, содан кейін жасуша сұйықтығының тапшылығы дамиды. Сұйықтықтар мен электролиттердің бір қалыпты жоғалуына байланысты, ағза сұйықтық секторлары осмосының өзгерісіне әкелмейді, сол себепті жалпы дегидратация және изосмолярлы дегидратация деп аталады.

Негізгі себептері: толассыз құсу, асқазан, он екі елі ішек, өт қабы, ұйқы безі, жіңішке ішек жыланкөздері; холеро тәрізді іш өтулер; перитонит; ішек өтімсіздігі; күйіктер; ірі сұйық жаралар.

Клиникалық картинасы:

дәрежесі Изоосмолярлы сұйықтық дефициті Клиникалық картинасы
жеңіл Дене массасының 2% және одан да жоғары (жалпы 2 л) әлсіздік, тахикардия, горизондалды жатқанда АҚ қалыпты.
орташа Дене массасының 6% және одан да жоғары (шамамен 4 л) Апатия, тері жабындылары тургоры төмендеуі, ауыз қуысы және тіл құрғақтығы, жеңіл акроцианоз, бет үшкірленуі, шөлдеу болуы мүмкін, гиперосмолярлы ДГ қарағанда қатты жанға батпайды, артериалды гипотензия, олигурия.
ауыр Дене массасының 7% жоғары (5–6 л) Гиповолемия, гипотензия, тахикардия, әлсіз пульс, акроцианоз және тағы да басқа микроциркуляция бұзылыс белгілері, ес бұзылуы, шок, кома картинасы дамуы.

Зертханалық диагностика:

Қан: натрий қалыпты, гематокрит, гемоглобин, эритроциттер, жалпы ақуыз ұлғайған, егер науқаста дегидратация дамығанға дейін қан аздық пен ақуыздық жеткіліксіздік болмаған кезде. Мочевина және қалған азот жоғарылаған.

Зәр: Диурез 2–3 күн көлемінде қалыпты, ал содан кейін олигурия. Натрий экскрециясы жоғарылаған, ал калий бөліп шығару сақталған. Салыстырмалы тығыздық ұлғайған.

Емі:

Су мен электролиттердің тапшылығын ағзаның барлық су секторларының өзгерісін шақырмайтындай жою керек, ол кристаллоидты ерітінділердің изотониялық тұзды ерітінділерін тамыр ішіне енгізумен жүзеге асады. Дегенмен, изоосмолярлы дегидратацияны емдеу 5% глюкоза ерітіндісін енгізуден басталуы керек. Мұнымен жасушадан тыс сұйықтықтың жеңіл гипоосмиясы шақырылып, ол өз кезегінде сұйықтықтың жасушаға өтіп, жасушалық дегидратацияның жойылуына әкеледі. Одан кейін инфузионды емдеу изотониялық тұзды ерітінділермен жалғастырылады.

Гиповолемия белгілері басым, ауыр дегидратация емін тамыр ішілік сұйықтық көлемін ұлғайтатын және микроциркуляция жақсартатын коллоидты ерітінділерден бастайды. Гиповолемияны жеңген соң, 5% глюкоза ерітіндісіне және изотониялық тұзды ерітінділерге көшеді.

Маңызды: изоосмолярлы дегидратация кезінде натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісін енгізуге болмайды, себебі, осмос қысымын бірден көтеру судың жасушадан тыс секторға өтіп, жасушалық ДГ асқындырады.

Гипоосмолярлы дегидратация.

(гипотониялық, тұз жеткіліксіздік, жасушадан тыс) – таза немесе тұздарды жоғалтумен басым теріс баланспен сипатталады. Жасушадан тыс сұйықтық осмосы төмендейді, нәтижесінде жасушадан тыс сұйықтық жасушаға жиналады, осмостық қысымы тұрақсыз болады. Бұл жасушадан тыс дегидратация және салыстырмалы түрде жасуша ішілік гипергидратацияға әкеледі.

Негізгі себептері: қатты тершеңдік, асқорыту жолынан жоғалтулар, «үшінші кеңістікке» жоғалтулар, ағзаға тұзсыз су түсуі себепті.

 

Клиникалық картинасы:

деңгейі Натрий дефциті клиникалық картинасы
1 –жеңіл 10 ммоль/кг дейін Жалпы әлсіздік, бас айналу, шөлдеу болмауы немес ол әлсіз (гипонатриемия себепті).  
2 – орташа 10–12 ммоль/кг Құсу, жүрек айну, ауыз қуысы шырыш мен тіл құрғақ, дегенмен оларды жай сулағанда жақсы суланнады, тері жабындылары тургоры төмен, АҚҚ 90 мм. сн. б. б төмен емес.
3 – ауыр 13–21ммоль/кг тырысулар, кома, АҚҚ 90 мм рт. ст. төмен емес, шок картинасы.

Лабораторлы диагностика:

Қан: натрий концентрациясы қалыптыдан төмен, егре науқаста дегидратация дамығанға дейін қан аздық немесе жалпы ақуыз төмен болмаған болса, гематокрит, гемоглобин, эритроциттер, жалпы ақуыз ұлғайған. Мочевина және қалдық азот ұлғайған.

Зәр: Олигурия. Натрий экскрециясы басыған, калий – сақталған. Салыстырмалы тығыздық төмен.

Емі:

Натрий тұздары дефицитін жою және жасушадан тыс сұйықтықтың қалыпты көлемін қалыптастыру.

Тұз дефицитін келесі формуламен есептейді:

 

Дефицит Na (моль)=(142–Nа науқас плазмасы)*дене массасы кг*0, 2

Терапия жасушадан тыс кеңістікте натрий дефицитін толтырудан баслады. Натрийді 1 қалыпты натрий хлоридй ерітіндісімен толтырады. (5, 85% NaCl). Сұйықтық жоғалтулары тұзды изотониялық кристаллоидтармен толтырылады. Қатты гиповолемия және гемодинамиканың ауыр бұзылыстары кезінде емін коллоидты ерітінділер инфузиясынан бастайды.

Есте сақтау қажет, гипоосмолярлы дегидратация кезінде 5% глюкоза ерітіндісін енгізуге мүлде болмайды, себебі глюкоза ағзадан бүйрек арқылы тез шығып, электролиттерді өзімен бірге алып кетіп, гипоосмия тудырады.

 

Маңызды: СТА кез–келген бұзылыстарын емдеуді осмолярлықты түзетуден бастайды – палзмадағы глюкоза мен мочевина концентрациясын ескере отырып, N концентрациясын түзетеді. Содан кейін ғана волемия деңгейін қалыпқа келтіреді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-07-14; просмотров: 511; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.224.58.62 (0.055 с.)