АИВ/ЖИТБ бойынша негізгі фактылары. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

АИВ/ЖИТБ бойынша негізгі фактылары.



Бірінші АИВ/ЖИТБ жағдайы ресми түрде 1982 жылы АҚШ– та тіркелген болатын. Алғашында, олар бұл ауруды спецификалық бөлек бір топ арасындағы ауру деп қарастырды (гомосексуалистер, инъекциялық нашақорлар), бірақ кейінірек бұл ауру басқа да халық арасындағы аймақтарға тарала бастады.

1983 – Люк Монтанье (Франция) және Роберт Галло (АҚШ) АИВ культурасын оқшауландырды.

1983 – бұл аурудың орталық бакылауы (СДС), Атланта АҚШ–та «ЖИТБ» жағдайына анықтама береді.

1987 – Алғашқы тіркелген «әкелінген» АИВ–инфекциясының жағдайы бұрынғы СССР де.

1987–1989гг. – Қазақстанда бірінші АИВ–инфекциясы жағдайы тіркелген

2013 – Қазақстанда ресми түрде 20 мыңнан астам АИВ–инфекциясы жағдайы тіркелген.

АИВ–инфекциясы қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады, себебі, соңғы үш онжылдықта бұл індет 25 миллиондай адам өмірін алып кетті:

2011 жылы әлемде шамамен 34 миллиондай адам АИВ–инфекциясымен өмір сүреді.

Ең көп жұқтырылған аймақ Африкада Сахараның оңтүстік аймағында, бұл жерде әрбір жиырмасыншы ересек адамда АИВ–инфекциясы бар және бұл аймақтың 60% адамдары АИВ–инфекциясымен өмір сүреді

АИВ–инфекциясын әдетте қанды тестілеу арқылы диагностирлейді, яғни АИВ–инфекциясының антиденесі бар немесе жоқтығын анықтайды.

● 2012 жылы табыс кірісі төмен және орташа елдерде АРТ–ны 10 миллион адам алды және АРТ–ның масштабын әрі қарай 2015 жылға 25 миллион адам алатындай етіп ұлғайтады.

Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы АИВ/ЖИТБ–ның жағдайы

ШЕ және ОА аймақтарында АИВ–инфекциясының таралу көрсеткішінің өсуі белгіленеді, АИВ–ның жаңа жағдайлары және ЖИТБ салдарынан өлім көрсеткіштерінің өсуі артып отыр

● Негізгі факторлары, ШЕ және ОА–да бұл эпидемияның таралуының көбею себебі иньекциялық нашалар және АИВ–ның жыныстық қатынас арқылы берілуі болып табылады.

ИНҚ партнерлері арқылы

2001 мен 2011 жылдар аралығындағы бағалық адам саны, АИВ пен аймақтардағы өмір сүретіндер, 970 000 ден 1, 4 миллионға дейін жұқтырылған адам саны өсті

АИВ–ның таралу көрсеткіштері 15–24 жастар арасында 0, 2% дан 0, 5% дейін әйелдер арасында, 0, 3% дан 0, 7% ерлер арасында ұлғайды.

2005 мен 2011 жылдардағы өлім саны, ЖИТБ мен байланысты, 21% 76 000 дан 92 000 дейін өсті

● Бұл аймақтың емдеу ауқымы әліде төмен деңгейде қалып отыр: 25% адам ғана, АИВ мен байланысты АРТ алады (ЮНЭЙДС, бюллетень 2012).

Қазақстандағы АИВ/ЖИТБ жағдайы. 2013 жылдың басында Қазақстанда АИВ–инфицирленген 19748 адам тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 400 (2%). АИВ–инфекцияның көптеген жағдайы Алматы қ. анықталды, Павлодарда, Шығыс Қазақстанда және Қарағанды облыстарында. Бұл эпидемияға республиканың басқада облыстары қатысты. Осы кезең аралығында ерлер саны 69%–ды құрады, әйелдер 31%. Негізінде АИВ–инфекция жастар арасында анықталады 15–39 жас – 16106 (82%). АИВ–тің негізгі берілу жолы тамырішілік нашаны қолдану (63%), бірақта АИВ–тің жыныстық жолмен берілуі өсуде (32%).

АИВ\ЖИТБ түсінігі

АИВ–инфекция – бұл ауру, АИВ–пен шақырылған, созылмалы инфекционды ауру, имунды жүйені зақымдауымен түсіндіріледі, ол өз кезеңінде жасанды иммуннотапшылық синдромының пайда болуына алып келеді (ЖИТБ), оппортунистік инфекцияның дамуыжәне екіншілік қатерлі жаңа түзілімдермен қатар жүреді.

ЖИТБ – бұл жағдай, АИВ–инфекциясының фонында дамитын және бір немесе бірнеше аурулармен қатар мінезделетін ауру, ЖИТБ–индикаторына жатады. ЖИТБ АИВ–инфекциясының соңғы сатысы болып табылады, ол әр адамда әртүрлі дамиды 2–15 жыл аралығында яғни инфицирленген уақыттан бастап. Клиникалық классификацияға сай, ЖИТБ АИВ–инфекциясының 4 стадиясы болып табылады.

Қоздырғышы АИВ–инфекциясы– адамның иммунотапшылық вирусы–ол ретровирустар отбасылығына байланысты, оның ішінде лентивирустар тұқымдастығына, яғни вирустар тобына, инфекцияның басталуын азсимптомдынемесе асимптомды түрде шақырвады, мысалы, вирусты гепатит С. Вирустың екі типі бар: АИВ–1 жәнеАИВ–2. АИВ иммунды жүйені зақымдайды және бақылау жүйесін бәсеңдетеді және адамдарды инфекциялардан және ісік аурулардан қорғауын төмендетеді. АИВ иммунды тіндердің функциясын бұзады, соның салдарынан адамдарда ақырындап иммунотапшылық жағдайы дами бастайды. Ол әдетте СД4 лимфоцит тінің санымен өлшенеді («Т–хелперлермен»). Иммунотапшылық бірқатар инфекциялармен ауруларға жоғары сезімтал болып келеді, оған иммуно жүйесі зақымдалған адамдар қарсы тұра алмайды.

АИВ құрылымы

АИВ лентивирустар тұқымдастығына жатады. Лентивирустарсозылмалы инфекцияларды шақырады ұзақ латентті ағымымен, репродукция вирусының персистелуіменжәне ОЖЖ–ның зақымдануымен жүреді. Қазіргі таңда вирустың үш типі анықталған — АИВ–1, АИВ–2 жәнеАИВ–3, олардың ішінде екі типі кең таралғанАИВ–1 жәнеАИВ–2, екі вируста патогенді, бірақАИВ–2 инфекциясыжеңілірек өтеді. Барлық ретровирустар секілді, АИВжоғарғы өзгергіштігімен көрінеді.

АИВ морфологиясы

 

АИВ–1 диаметрі 100 нм тұрады. Вирус сыртынан липидтік мембранамен қапталған, онда 72 гликопротеидтік комплекс енгізілген. Бұл комплекстің әрбірі жоғарғы гликопротеидтен (gp120) және трансмембранадан (gp41) құралған. Қабық ішінде р17 белогы жабысып тұрады. Вирус ортасын (капсид) р24 белогы құрайды, бұл белокты нуклеидтік комплексті қоршайды: екі вирустық РНҚ молекуласы, р7 протеидімен және кері р66 транскриптазасымен байланысты. Вирустың репликациясы үшін барлық керекті ферменттері бар: кері транскриптаза, интеграза р32 және протеаза р11.

АИВ Геномы. Репродукцияның көптеген ретровирустары үш генмен анықталады: gag, pol жәнеenv. Гендердің атаулары олар кодтайтын белоктардан туындады: gag — " g roup– a nti g en"(капсидтік белок), pol — " pol ymerase" (полимераза), env — " env elope" (қабықша).

Құрылымдық гендер (3):

· Gag–ген үш орта протеидінің синтезіне жауап береді

· Роl–ген ревертазды синтезін кодтайды;

· Еnv–ген екі гликопротеидтің синтезін кодтайды: gp120 жәнеgp41.


 

 

Сурет 1. АИВ құрылымының схемасы

Негізгі көздері АИВ–инфекциясының адамдар болып табылады, АИВ инфицирленгендер аурудың барлық сатысында, инкубациондық кезеңінде де вирустың репликациясымен үздіксіз байланыста болады. Бір тәулікте 7–10 миллиардқа дейін вирустық бөлшектерге бөлінеді (сурет 2 АИВ репликациясының сатылары).

 


 

Қауіп–қатер факторы.

Шарттары мен әрекет ету формалары, адамдарда АИВ–ті жұқтырудың қаупін жоғарлатушы өзіне мына сәттерді қосады:

● қорғалмаған вагиналды немесе аналды жыныстық қатынас;

● басқа инфекциялардың болуы, жыныстық жолмен берілетін мерез, герпес, хламидиоз, гонорея және бактериалды вагиноз сияқты;

● залалсыздандырылмаған (инфицирленген адамның қанымен контаминирленгендер) ине, шприц және басқа иньекциялардың құралдары мен ерітінділерді ортақ қолдануы

● қауіпсіз емес иньекциялар, қан құю, медициналық процедуралар, өзіне залалсыздандырылмаған кесулер немесе тесуді қосады;

● кездейсоқ жарақат уколдың инесімен, науқасқа медициналық қызметкердің өткір инструменттермен көмек көрсеткенде

АИВ–инфекциясының берілу факторы, механизмдері мен жолдары АИВ–инфекцисының берілу жолдары:

n жыныстық (гетеросексуалдық, гомосексуалдық)

n Парентералды (қан арқылы, құрал–жабдықтар)

n Анасынан баласына

 

АИВ–инфекциясы табиғи жолмен берілу мен қатар, жасанды механизмменде беріле алады.

АИВ–тің табиғи берілу механизміне жатады:

– Қатынастық, бұл жыныстық қатынас кезінде басымырақ (гомо–, және гетеросексуалдықтарда да) және шырышты немесе беткей жарақатта қанмен жұғады.

–Вертикалды:баланың инфицирленуі АИВ–инфицирленген анасынан жүктілік кезінде, туылғаннан кейін емізу арқылы беріледі.

Жасанды берілу механизміне жатады:

– Артифициалды медициналық емес инвазивтік процедураларда, сонымен қатар тамырішілік нашаларды қолданғанда(ине мен шприцті ортақ пайдаланғанда, басқа иньекция үшін құралдар мен материалдар).

– Артифициалды инвазивті ЛПО кезіндегі араласулар. Сонымен қатар АИВ–инфекциясымен қан құю кезінде инфицирленуі мүмкін және оның компонентері қауіпсіз емес қан құю нәтижесінде, ағзалар мен тіндерді ауыстыу кезінде, донорлық спермаларды қанданғанда, АИВ–инфицирленген донордың емшек сүтін қолданғанда, қауіпсіз емес тәжірибиелік медициналық инъекция кезінде және медициналықманипуляциялық құрал–жабдықтардың парентералды қатысумен, медициналық бұйымдарды тағайындау, контаминирленгенАИВжәне нормативтік құжаттар бойынша заласыздану жұмысына ұшырамағандар.

АИВ–нің негізгі берілу факторлары адамның биологиялық сұйықтықтары: қан және қанның компоненттері, шәует сұйықтығы (сперма), вагиналды бөлінділер, емшек сүті). Басқа сұйықтықтар АИВ берілуіне қауіпсіз егер, қан араласу болмаса. Адамдар күнделікті контактілерден жұқтыру қаупі жоқ, яғни сүйісу, құшақтасу және қол ұстасу, немесе азық–түлікті қолданғанда және су арқылы берілмейді (сурет 3).


Сурет 3. АИВ биологиялық сұйықтығының құрамы

 

Халықтың мұқтаж топтар(ХМТ) АИВ –инфекциясы үшін: инъекциялық нашаны қолданушылар (ИНҚ), коммерциялық секс–жұмысшылар (КСЖ), ерлер, ерлермен ерлердің жыныстық қатынасы (ЕМЕ). АИВ–тың қауіпті жұқтыруына жататын топ КСЖ клиенттері, ИНҚ–ның жыныс партнерлері, қамауға алынғандар, тастанды балалар, жыныстық партнерлері көп адамдар, мигранттар.

АИВ–инфекцияның алдын–алу мақсатымен, маңызды сәті болып консультациямен және халықты АИВ–қа тестілеу, бірінші кезекте ХМТазаматтары, әрекет жасаушы нормативтік құжаттармен байланысты (алгоритм тестирования взрослых в РК, приложение 1).

3Бөлім Инфекциялар, қан арқылы берілуші. Гемоконтактікинфекциялар: АИВ–инфекция, парентералды гепатит В және С.

Гемоконтакті патогендімикроорганиздербұл патогендер, ол инфицирленген қанмен контактіге түскенде беріледі немесе қанның компоненттерімен және адамда инфиционды ауруларды шақырады. Ондай қосылыстарға, вирусты гепатит В және АИВ. Гемоконтактті инфекцияларбактериялармен шақырылуы мүмкін, мысалы, мерез, сонымен қатар паразиттермен (малярия), бірақ бұл үшін қанның көп көлемде қолданылуы керек, мысалы, қан құю, ВГВ/ВГС/АИВ инфекциялары үшін инфицирленген қанның минималдык көлемі жеткілікті (яғни «инфицирулеуші доза»).

Бұл инфекциялардың таралуын тоқтату ИК шараларының дұрыс орындалуына байланысты, бағыты науқастар мен медициналық қызметкерлердің қанмен қарым–қатынасына тиым салынған. Алдын–алу шараларына негізгі көңіл бөлінеді, қолды жуу, қанмен байланысы және науқастың контаминирленген қанды бөліндісінен, және де кез келген науқасты потенциалддық инфицирленген құралдармен қолдануға болмайды.

Бімім беру бағдарламасын жүргізуге кеңес береді, инфекцияға байланысты, қан арқылы берілетін, тек инфицирленгендер үшін ғана емес және барлық медициналық қызметкерлерге де.

В Гепатиті. Маңызды шаралардың бірі болып табылады, В гепатитінің медициналық қызметкерлер арасында таралуын тоқтататын вакцинация болып табылады. Әрбір статционарда В гепатитына қарсы вакцинация стратегиясы ойлап табылуы керек. Медициналық қызметкерлер гепатит В актілері формасымен және де ВГВ тасушылар, инфекцияны беруші қауіпі бар топқа жатады. Соңғы тексеру нәтижелері бойынша В гепатиттінің 38–і анықталды, соңғы жылдар бойынша тіркелген және науқасқа медициналық қызметкерлер арқылы берілуі бойынша В гепатитінің С және АИВ қарағанда жоғары болып табылады.

Ота жасау кезінде теріні инемен байқаусыз жарақаттау қауіпі жоғары деп саналады, басқада хирургиялық қатысушылыққа қарағанда. ИК шарасының кең көлемде жүргізілуі, В гепатитінің стоматологиялық манипуляция кезінде инфицирленуі жоғары деп ассоциирленген. Зерттеу нәтижесі бойынша, медициналық қызметкердің қан құрамында НВеAg болуыинфекцияның таралуымен байланысты, барлық практикалық жағдайларда В гепатитінің берілуімен жүргізілді. Қанында HВsAg антигені анықталған медициналық қызметкерлер, дерматиттің көріністері бар, дененің ашық жерлерінде локализацияланған яғни науқаспен контактіге түсуі мүмкін жерлер, сонымен қатар инфекция көзі болып табылуы мүмкін.

SHEA ұсынысына сай, барлық HвeAg–оң медициналыққызметкерлерді гинекологиялық, кардиохирургиялық және стоматологиялық манипуляциялардын шектетілуі қажет. Барлық шараларды адекватты дұрыс орындасада науқастарды инфицирлеу қауіпі өте жоғары болып табылады. ВГВ инфицирленген медициналық қызметкерлер инфекцияның жұғу қауіпі жоғары болғандықтан процедураларды науқаспен қарым–қатынаста немесе басқа да биологиялық сұйықтықпен жұмыс кезінде бірнеше қолғап киюі тиіс.

Медициналық қызметкердің науқаспен қан немесе биологиялық сұйықтықпен жұмыс жасағаннан кейін қанмен берілетін инфекцияға тексерілуі керек.

АИВ және вирусты гепатит С.

Науқасқа медициналық қызметкерден АИВ–тің берілу қауіпі 100 есе төмен, ВГВ–нің берілу қауіпіне қарағанда. АИВ–ге салыстырғанда ВГС–тің берілу қауіпі жоғары

АИВ–инфекциясы немесе С гепатиті анықталған қызметкерлер сақтану шараларын өте қатал түрде қадағалануы қажет, себебі науқасқа инфекцияның берілу қауіпін минимумға жеткізу үшін.

ЖИТБ сатысындағы АИВ–инфицирленген медициналық қызметкерде АИВ–ассоцирленгенинфекциясы болуы мүмкін. Өз кезеңінде инфекция қоздырғыштары стационардағы науқастарға берілуі мүмкін. Мысалы АИВ–ассоцирленген инфекция, аэрогенді жолмен берілетін, M. Tuberculosis болып табылады, вирус varicella–zoster, қызамық вирусы; фекалды–оралды жолмен – Salmonella spp., Cryptosporidium spp. Және басқа да энтеропатогенді микроорганизмдер.

3 АИВ, ВГВ, ВГС кәсіби қауіп–қатері.

Бағдарламаның стационарда немесе басқа медициналық мекемелердегі сапасы сол мекемедегі медицицналық көмек көрсетуде сапасы көрінеді. ИК бағдарламасын сапалы қолдану жиілікті төмендетеді, ұзақ уақытта стационарда болуы және экономикалық шығындар госпитализациясы мен байланысты.

Тарихи ИК–нің нұсқалары немесе басқа формасы сол кезеңнен бері болған, хирургтардың операциялық 70 жылдар басында Ұлыбританияда ИК бойынша алғаш рет мейірбикенің мамандығы енгізілді. Бұл шара жаңа эпоханың басы болып саналды– ИК ны өзіндік мамандық ретінде мойындалған эпохасы. кезеңнен кейін жарақатқа бактерия түсіп инфекцияның пайда болуын түсінген.

 

АИВ, ВГВ, ВГС кезіндегі кәсіби қауіп–қатер.

АИВ. АИВ–мен жұмыс уақытында, емедеу мекемесінде, тері жаиылғыларының жарақат кезінде, шырышты ұқабатпен контактіге түсу немесе зақымданбаған тері инфицирленген потенциалды биологиялық сұйықтықтармен зақымданғанда болады. БҰҰ мәліметтері бойынша 2000 жылы медициналық қызметкерлер арасында 4. 4% дейін АИВ–инфицирленген жағдай болған, және 39% ВГВ және ВГС жағдайы кәсіптік жарақаттармен инфицирленген. Берілген мәліметтер бойынша орташа қауіп–қатерді АИВ–инфекциясы терімен контактіде болғанда 0, 3% құрайды (95% ДИ: 0, 2–0, 5%), шырышқа түскен кезде – 0, 09% (95% ДИ: 0, 006–0, 5%). Зақымданған терінің қауіпі бағаланбайды, бірақ төмен деп есептелінеді, шырышты қабатқа қарағанда.

АҚШ–та 1373 медициналық қызметкерлер арасында зерттеу жүргізілген, терінің бүтіндігімен бұзылуымен (бұрын инемен немесе кесуші инструментермен), қауіп–қатер деңгейі 0, 29% көрсетті.

ВГВ. ВГВ контаминирленген қан арқылы немесе биологиялық сұйықтық арқылы жұғады, тері немесе шырышты қабық арқылы. Бұлинфекция көзге көрінбейтін қауіп–қатер арқылы жұғуы мүмкін, қоздырғыштың терідегі сызаттарға түсінуінен, жараға немесе шырышты қабаттарға түсу арқылы жұғуы мүмкін. ВГВ қанда жоғары сарысуконцентрациясы бар ең азы – спермадажәне сілекейде. Вирус тұрақты қоршаған ортада 7 тәуліктен аса өмір сүреді. Медициналық қызметкерлер арасында ВГВ уколдың инесімен жарақаттанғаннан кейінгі қауіпі 23–62% аралығында. Алдын–алу шаралары гепатит В қарсы вакцинация болып табылады.

ВГС. ВГС негізінде инфицирленген қан арқылы жұғады, бірақ та ВГВ сияқты тиімді емес, ВГС тұрақсыз қоршаған ортада 16–23 сағат өмір сүреді. Шырышты қабат арқылы және зақымданбаған тері арқылы жұғуы өте сирек. Орта есеппенсероконверсияның көрсеткіші 1, 8% құрайды (диапазон 0–7%). Қазіргі таңда вакцинация жоқ (ВГВ сияқты) немесе эффективті ПКП (АИВ сияқты) ВГС кезінде.

Қауіп–қатер тобының факторлары:

▪ типі және иненің өлшемі (хирургиялық, инъекциондық)

▪зақымдану тереңдігі

▪жараға енген қанның көлемі

▪контактінің ұзақтығы

▪ жұмыс орның жабдықтау және жеке қорғану құралдардын болуы (ЖҚҚ)

▪ медперсоналдын ЖҚҚ дұрыс қолдануы

▪ АИВ–инфекция кезінде науқастын жағдайы (аурудын саты, қандағы вирустік жүктемесі, емін алып жүр ме)

▪ апатты жағдай кезінде мед. қызметкерлердің іс–әрекеттердің баламалылығы (дұрыстығы)

▪ постконтакті алдын–алу шараларын жүргізу кейін (АИВ кезінде ПКА)

 

Егер терең жара, жараға қанның үлкен көлемі түссе, іші қуыс инелердің тесіктері үлкен болғанда жұғу қауіпі үлкен. Бірақ, қолғаптарды қолданса, ине қолғаптардан өтсе жараға түсетін қанның көлемі және жұғу қауіпі төмендейді.

АИВ таралу қауіпің төмендету жолдары. Медициналық персоналдын сақтық шаралары бойынша жалпы ережелер

1 Науқастармен жұмыс істеген кезде, науқастардын статусы белгілі болса да немесе белгілі болмаса дамедициналық қызметкерлер міндетті түрде стандартты сақтық шараларын сақтау керек.

2 Қан және қан аралас басқа биологиялық сұйықтар әлеуетті инфицирленген агенттер ретінде қарастырылатының және олар жұғу қауіпіна келтіретіне міндетті түрде білу керек.

3 АИВ, ВВГ, СВГ әлеуетті көздердің және басқа гемоконтактілік инфекция қоздырғыштардын көбісі асимптоматикалық сатыда немесе тасымалдау сатыда болып жүру мүмкін.

3 АИВ–инфекцияға барлық науқастардын зерттелуі (медициналық көмек көрсету алдында АИВ–ке алдын ала тесттілеу) жұғу қауіпідан сақтанады деп кепілдеме бере алмас, өйткені олардын бөлігі АИВ–инфицирленген болғанымен, олар «серонегативті терезе» кезеңінде болу мүмкін.

4 АИВ–инфекцияға зерттеуін кеңес жүргізгеннен кейін және науқастын ақпаратты келісімді алғаннан кейін жүргізу керек екенін есте сақтау керек.

5 Егер медициналық ұйымдарда хирургиялық, травматологиялық және ургенттік көмек жүргізілсе, онда сол ұйымдарда міндетті түрде АИВ–ті анықтау үшін экспресс–тесттер және АРВ препараттардын жиынтығы болу керек, өйткені апатты жағдай болған кезде жылдам нақтама және АРВ алдын–алу шараларын жүргізу үшін қажетті болады.

 

Сондықтан, АИВ кәсіптік инфицирлену қауіпін жою немесе максималды төмендету үшін медициналық қызметкерлердің стандартты сақтық шаралардын білуі және оларды сақтауы болып табылады.

Медициналық персоналдын қол гигиенасы. Барлық медициналық қызметкерлерге жалпы нұсқаулар. Жұқпалы бақылау шектеуінде медициналық персоналдын қол гигиенасы ол ең маңызды және науқасты, медициналық қызметкерді, сыртқы ортаға әлеуетті патогенді микроорганизмдерді таралуынан қорғау бойынша негізгі кездердің бірі болып табылады, олар аяғында медициналық көмек көрсетуімен байланысты инфекциялардын (МККБИ) санын азайтады.

Қол гигиенасы – бұл кез келген санитарлық қол тазалау және қол жуу процедурасына жатады, қолды антисептиктермен жуу, қолды антисептиктермен тазалау және антисептиктермен қолды хирургиялық тазалау.

Қол гигиенасын мына жағдайлар алдында жасайды:

▪ ем егу алдында (манипуляции)

▪ науқаспен медициналық процедураларды жүргізу алдында

▪ қолғапты кию

Қол гигиенасын мына жағдайлардан кейін жасайды:

▪ иньекцияларды орындау кезінде (процедуры)

▪ науқастармен барлық тікелей қатынасқа түскенде

▪ қолғапты шешу.

Медициналық қызметкерлерге БҰҰ –ның ұстанымын біліп және олардың негізгі жағдайларын ұстанған жөн

«Менің қолды тазалаудың 5 кезеңім», оған қол жуу Қосылады:

1 – науқаспен қатынасқа түсер алдында

2 – таза антисептикалық процедура алдында

3 – биологиялық сұйықтықпен байланысты жоғары қаупі бар кездегі, жағдайдан кейін

4 – науқаспен қатынасқа түскеннен кейін

5 – науқастың айналасындағы сыртқы обьектілермен қатынасқа түскеннен кейін.

Қолды жуу техникасы

Төменгі аталған шаралар, белгілі стандартты алдын–алу шаралары болып табылады, яғни ол өз кезегінде модифицирленген универсалды нұсқа алдын–алудың және оқшаулаудың ережелері:

· Әрбір науқаспен қарым–қатынасқа түскеннен кейін қолды міндетті түрде жуу керек, қолғапты қолдануға байланыссыз.

· Қолғапты қанмен жұмыс істегенде қолдану қажет, биологиялық сұйықтықтармен, секреттермен, бөлінділермен және кез–келген контаминирленген обьектілермен, сонымен қатар шырышты қабықтармен немесе терінің зақымданған аймақтарымен. Қолғапты әрбір науқастан кейін ауыстырып отыру қажет. Науқастың денесіндегі контаминирленген жерімен қарым–қатынасқа немесе таңуды ауыстырғаннан кейін және сол науқастың таза жерімен қарым–қатынасқа түсер алдында қолғапты ауыстыру керек. Қолғапты шешкеннен кейін тезарада қолды жуу керек. Қолғапты қолдану қолды жуудан бас тарту емес.

· Процедураны жүргізу барысында, қанның түсу қаупі жоғары болған кезде биологиялық сұйықтық, секреттер және науқастың бөлінділері шырышты қабатындағы жұғу мүмкіндігі жоғары болған кезде маска және қорғаныс көзілдірігін кию қажет.

· Процедураны жүргізу барысында, қанның түсу қаупі жоғары болған кезде биологиялық сұйықтық, секреттер және науқастың бөлінділері теріге және киімге жұқпауы үшін, жеке медициналық халат кию қажет.

· Метициллин төзімділікті S. aureus (MRSA) штаммдармен немесе ванкомицин төзімділікті энтерококк (VRE) штаммдармен инфицирленген науқастармен қатынаста болған кезде стационарда немесе клиникада және басқа науқастарға немесе медициналық қызметкерлерге таралу мүмкіндігін төмендету үшін жеке халатты кию керек.

· Палатадан шығар алдында міндетті түрде халатты шешіп қолды жуу керек.

· Міндетті түрде залалсыздандыру бойынша барлық инструкцияларды орындау керек, көп қолданылатын құралдарды дезинфекция және стерилизациялау керек, келесі қолдануда инфекцияның берілмеуі үшін.

· Кір іш киімді қаптарда тасымалдау қажет. Егер, қап жеткілікті мықты болса және іш киім оның сыртына контаминациясыз беткей салынса бір ғана қап қолданылады. Кері жағдайда екі қапқолдануға кеңес беріледі.

· Өткір құралдар және инені сақтықпен қолданған жөн. Сәті келсе ешқашан инені қалпағымен жаумағанымыз жөн. Қажетті жағдайда оны екі қолмен емес бір қолмен жапқан жөн немесе ол үшін механикалық құрылғыны қолданған жөн. «Ешқашан шешпеңіз, бүкпеңіз, сындырмаңыз, және инені шприцтен қолыңызбен алмаңыз». Инені пайдалану, скальпелдың алмазы және өткір құралдарды тесілмейтін контейнерге салу тиіс. Бұл контейнерлер жабық болуы тиіс және әрқашанда көрінетін және қолды созғандай арақашықтықта болу керек.

· Деконтаминация үшін асхана құралдарының ыстық сумен және жуатын заттармен жуу жеткілікті.

· Палаталар, бокстермен объектілер науқасты қоршап тұрған заттарды тиісті жағдайда өңдеу керек. Мына қоздырғыштарды жою үшін, C. difficile және энтерококктар, объектілержәне беткей, науқасты қоршап тұрған заттарды міндетті түрде дезинфекциялау керек.

Дәрігердің тәжірибиеде стандартты сақтану шаралары. АИВ кезінде постконтактілік алдын–алу. СМП мақсаты: медициналық қызметкерлердің жұмыс орнында қан арқылы берілетін инфекцияларды ескерту. СМП қолданудағы негізгі ережелер:

▪ болжамданады, науқас потенциалды гемоконтактілі инфекцияның қоздырғышы болып табылады

▪ болжамданады, қан, басқа да биологиялық сұйықтық және контаминирленген тіндер АИВ, ВГВ, ВГС

▪болжамданады, инъекциялық ине, медициналық құрал–жабдықтар және құралдар, науқасқа медициналық көмек көрсету кезінде қолданғандар, контаминирленген микроорганизмдер мен және жедел жоюды талап етеді немесе дезинфыекция және стерилизация.

 

Қауіпті тері жамылғылары және шырышты контактілер:

қанмен

▪ ағзаның барлық сұйықтығымен, құрамында көрінетін қан болуы

▪үзілген тіндер мен ағзалар

▪ спермалық және вагиналды секретпен.

СМП бойынша тәжірибиелік ұсыныстар. Кез келген науқасқа қатынас, медициналық көмекке стационарға келуші, диагнозына байланыссыз шара қолданылуы тиіс, медициналық қызметкерлерге науқастан инфекцияның берілу қаупін минимумға жеткізу үшін немесе медициналық қызметкерден науқасқа, жұқпау үшін.

 

Жан–жақты стандартты сақтық шаралары

АИТВ жұқтырудың кәсіби қауіптілігі екпе кезінде инемен жұқтыру және басқа жағдайлар медициналық мекемелерде кездеседі, олар жеткілікті қорғау құралдарымен қамтамасыз етілмеген, әсіресе, егер АИТВ–инфекциясы пациенттер арасында таралуы осы мекемеге келушілер арасында жоғары болса. Кәсіби байланыс – бұл қанмен немесе басқа биологиялық сұйықтың, олардың теріге түсуі салдарынан қызметтік міндеттерді орындау кезінде болатын байланыс. Медициналық мекемелерде БКП қанмен берілетін қоздырғыш жұқтырудан қызметкерлерді қорғау бойынша жалпы шаралар жүйесінің бөлігі болуы керек. Бірінші кезекте бұл қорғау жан–жақты сақтық шараларын сақтауды білдіреді.

Анықтамасы. Жан–жақты сақтық шаралары — бұл қанмен немесе басқа биологиялық сұйықпен байланысы кезінде пациенттер мен медициналық қызметкерлер арасындағы инфекцияның берілу қаупін төмендетуге бағытталған инфекциялық бақылау шегіндегі кешенді шаралар. Назар аудара отырып, қан арқылы берілетін барлық пациенттердегі инфекцияны табу мүмкін емес, медициналық қызметкерлерді АИТВ–дан және гепатит вирусынан қорғау бойынша шаралар негізінде келесі ұстанымдар қажет: барлық пациенттерді әлеуетті жұқтырушы ретінде қарау қажет. Жан–жақты сақтық шараларды орындау – барлық пациенттердің қанмен немесе басқа биологиялық сұйықтығы әлеуетті жұқтырушы ретінде қарауды білдіреді және олармен жұмыста әрқашан қорғаудың тиісті шараларын қолдану қажет.

Жұқтырған кәсіби қауіптілік бірінші мыналарда болады: м едициналық қызметкерлерде: мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық мекемелерде, оның ішінде зертхана, жедел жәрдем бригадасының қызметкерлерінің, медициналық оқу орындарының студентері. АИТВ жұқтырған қаупіне байланысты байланыстар: терінің зақымдануы (инемен егу немесе ұшы істік құралмен кесіп алу); сілемейлі қабықтың биологиялық сұйықтың түсуі және терінің жарақаттануы, жарақаттанбаған терінің тінмен, қанмен және басқа биологиялық сұйықпен ұзақ (бірнеше минут және одан көбірек) немесе аумағы бойынша көлемді байланысы. Қан және басқа әлеуетті жұқтырған биологиялық сұйықтар Жан–жақты сақтық шаралар қанмен және басқа биологиялық сұйықпен жұмыс кезінде сақталуы керек, оның ішінде:

• шәуетпен (спермамен)

• қынаптық шығындылар

• кез келген қан қоспасыз түріндегі

• АИТВ құрайтын мәдениетті немесе ортамен.

Жан–жақты сақтық шаралары сақталуы тиісті: кез келген кесіп алу жұмыстары кезінде (немесе өзге тәсілдермен алып тастау), өмірбойы немесе адам тіні мен ағзасының аутопсиясы (жарақатталмаған теріден басқа); және барлық медициналық мекемеде барлық медициналық қызметкерлермен орындалуы қажет.

Жан–жақты сақтық шараларын басқару

Қанмен инфекция беріліп жұқтырудан қашу да мыналардан қашық болу керек:

• Кір инемен және үшкір құралдармен абайсыз қолданудан жарақаттану;

• қан және басқа биологиялық сұйықтың ауыз қуысына, көзге, мұрынға және зақымданған теріге (кесу, жарақаттау, дерматит, безеу);

• биологиялық жұмыспен және онымен бетінің кірленуі жұмыстары кезінде көз қуысының сілемейі, мұрын, ауыз және зақымданған терінің тиіп кетуі.

Жұқтырудан қорғау мақсатында мыналарды пайдалану қажет:

• Заттарды оқшаулау үшін қорғау қорғау құрылғы қанмен берілетін инфекцияны білдіреді (мысалы, жұмыс орынында және өз уақытында орналауы керекті, толтырылмаған, ауыстыруға қолайлы ине мен үшкір

құралдарды қолдануға арналған қатты герметикалық контейнерлер;

• әртүрлі манипуляцияны орындау үшін қаупі аз қауіпсіз технология (оның ішінде инені қолдануда қауіпсіздігі, колпачогын екі қолмен кигізуге, майыстыруға болмайтын және инемен басқа манипуляция)

• Жеке қорғау құралы, оның ішінде қолғап, су өтпейтін халат, бетті және көзді қорғау құралдары (маскалар, көзілдіріктер, экрандар).

Қорғау құрылғысы және қауіпсіздік технологиясы

Қорғау қондырғысы (мысалы, үшкір құралдарды пайдаға асыруға арналған контейнерлер) оқшаулау жолымен немесе жұқтыру қаупін төмендетеді. Инфекция көзі ретінде қауіп төндіретін заттарды жұмыс орнында алып тастау. Олар жұмыс орнында жұқтырудан бірінші сызықты қорғау құралдарына жатады. Қауіпсіздік технологиясы жұқтыру қаупі минималды кезде әртүрлі манипуляцияны орындаудың әдісін ұсынады.

 

Қанмен берілетін инфекцияны жұқтырудың алдын алу үшін медицина қызметкерлері келесі сақтану шараларын сақтауы қажет:

• қанның және басқа биологиялық сұйықтың ағуынан, шашырауынан, шашуынан қашу керек.

• Қолғапты немесе басқа жеке қорғау құралдарын шешкеннен кейін тез арада (немесе алғашқы мүмкіндік кезінде) қолды сабынмен жуу керек.

• Қанның немесе басқа әлеуетті жұқтырған материалдардың теріге түсуі кезінде тез арада (немесе алғашқы мүмкіндік кезінде) қолды және кірлеген жерді сабынмен, сілемей қабығына түскен кезде бірден оны сумен жуу керек.

• Ағынды сумен қолды сабынмен жуу керек. Егер ағынды су болмаса, қолға арналған антисептік ертіндіні (70° спирт + жұмсарту қоспасы) және таза орамал немесе антисептік салфетканы пайдалану керек, соңынан алғашқы мүмкіндік кезінде қолды қалыпты жағдайда жуу керек.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-07-14; просмотров: 1181; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.189.170.17 (0.118 с.)