Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

И. И. Дедов, Г. А. Мельниченко, В. В. Фадеев

Поиск

 


Эндокринология

Өңделіп, толықтырылған

екінші басылым

 

Оқулық

 

 

Ресей жоғары оқу орындарының медициналық және фармацевтік білім бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігімен жоғары медициналық оқу орындарының студенттеріне оқулық ретінде ұсынылған

Москва

«ГЭОТАР-Медиа»

Баспа тобы

И.И. Дедов, Г.А. Мельниченко, В.В. Фадеев

 

Эндокринология: оқулық, өңделіп,толықтырылған 2-ші басыл.-ГЭОТАР-Медиа, 2009.- 432 б.: ил.

 

 

Оқулықта клиникалық эндокринологияның негіздері туралы айтылған. Ең жиі таралған эндокриндік аурулардың диагностикасы мен емінің тәжірибелік тұстарына ерекше көңіл бөлінген.

Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, клиникалық ординаторлар мен интерндерге, эндокринологтар мен басқа да маман дәрігерлерге арналған.

 

МАЗМҰНЫ

 

Қысқартулардың тізімі

Алғысөз

 

1 бөлім

ЭНДОКРИНДІ АУРУЛАРДЫ ЕМДЕУ МЕН ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ

1.1.Эндокринді аурулармен сырқаттанған науқастарды

тексеру ерекшеліктері

1.2. Гормоналдық зерттеу

1.3. Аспаптық әдістер

1.4. Молекулярлы-генетикалық әдістер

1.5. Гормоналдық терапия

 

2 бөлім

ГИПОТАЛАМУС-ГИПОФИЗ АУРУЛАРЫ

2.1. Гипоталамус-гипофиз жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы

2.2. Гипоталамус-гипофиз патологиясымен сырқаттанған науқастарды

зерттеу әдістері

2.2.1. Физикалық зерттеу әдістері

2.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері

2.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері

2.3. Гипоталамус-гипофиз аймағындағы гормональды-белсенді емес

көлемді түзілістер мен инфильтративті үрдістер

2.4. Гиперпролактинемиялық гипогонадизм

2.5. Акромегалия және гигантизм

2.6. Гипопитуитаризм

2.7. Қантсыз диабет

2.8. «Бос» түрік ершігі синдромы

 

3 бөлім

ҚАЛҚАНША БЕЗ АУРУЛАРЫ

3.1. Қалқанша бездің анатомиясы мен физиологиясы

3.2. Қалқанша без ауруларымен сырқаттанған науқастарды зерттеу әдістері

3.2.1. Физикалық зерттеу әдістері

3.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері

3.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері

3.3. Қалқанша без ауруларының жіктемесі

3.4. Грейвс ауруы

3.5. Эндокринді офтальмопатия

3.6. Гипотиреоз

3.6.1. Жүре пайда болған гипотиреоз

3.6.2. Туа біткен гипотиреоз

3.7. Тиреоидиттер

3.7.1. Аутоиммунды тиреоидит

3.7.1.1. Созылмалы аутоиммунды тиреоидит

3.7.1.2. Босанудан кейінгі, ауыру сезімінсіз және цитокин-

индуцирлеуші тиреоидит

3.7.2.Жеделдеу тиреоидит

3.7.3. Сирек кездесетін тиреоидиттер

3.8. Түйінді және көп түйінді эутиреоидты жемсау

3.9. Йодтапшылық аурулар

3.9.1. Йодтапшылық аурулардың эпидемиологиясы

3.9.2. Қалқанша бездің йодтапшылық аурулары

3.9.2.1. Жайылмалы эутиреоидты жемсау

3.9.2.2. Қалқанша бездің функциональды автономиясы

3.9.3. Йод тапшылығына байланысты дамитын психикалық және

физикалық дамудың бұзылыстары

3.10. Амиодарон-индуцирлеуші тиреопатиялар

3.11. Қалқанша бездің қатерлі ісіктері

 

4 бөлім

БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ

4.1. Бүйрек үсті бездерінің анатомиясы мен физиологиясы

4.2. Бүйрек үсті безінің ауруларымен сырқаттанған науқастарды зерттеу

әдістері

4.2.1. Физикалық зерттеу әдістері

4.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері

4.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері

4.3. Бүйрек үсті безі ауруларының жіктемесі

4.4. Кушинг синдромы

4.5. Гипокортицизм

4.6. Бүйрек үсті бездері қыртысының туа біткен дисфункциясы

4.7. Гиперальдостеронизм

4.8. Феохромоцитома

4.9. Инциденталома (кездейсоқ анықталған көлемді түзіліс)

 

5 бөлім

ӘЙЕЛ ЖЫНЫСЫНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ЭНДОКРИНОЛОГИЯСЫ

5.1. Әйелдің репродуктивті жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы

5.2. Гинекологиялық эндокринологиядағы зерттеу әдістері

5.2.1. Физикалық зерттеу әдістері

5.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері

5.2.3.Аспаптық зерттеу әдістері

5.3. Аменорея

5.4. Климакстік синдром

5.5.Аналық бездің поликистозды синдромы

 

6 бөлім

ЕР ЖЫНЫСЫНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ЭНДОКРИНОЛОГИЯСЫ

6.1. Ер адам репродуктивті жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы

6.2. Андрологиядағы зерттеу әдістері

6.2.1. Физикалық зерттеу әдістері

6.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері

6.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері

6.3. Еркектік гипогонадизм

6.4. Эректильды дисфункция

6.5. Гинекомастия

 

7 бөлім

ҚАНТТЫ ДИАБЕТ

7.1. Қантты диабеттің жіктемесі

7.2. Көмірсу алмасуы физиологиясының клиникалық аспектілері

7.3. Қантты диабет компенсациясының критерийлері және зертханалық

диагностикасы

7.4. Инсулин дәрілері мен инсулиндік терапия

7.5. Қантты диабеттің 1 типі

7.6. Қантты диабеттің 2 типі

7.7. Қантты диабеттің жедел асқынулары

7.7.1. Диабеттік кетоацидоз

7.7.2. Гиперосмолярлы кома

7.7.3. Гипогликемия

7.8. Қантты диабеттің кеш асқынулары

7.8.1. Диабеттік макроангиопатия

7.8.2. Диабеттік ретинопатия

7.8.3. Диабеттік нефропатия

7.8.4. Диабеттік невропатия

7.8.5. Диабеттік табан синдромы

7.9. Қантты диабет және жүктілік

 

8 бөлім

ҚАЛҚАНША МАҢЫ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ

8.1. Қалқанша маңы бездерінің анатомиясы мен физиологиясы

8.2. Қалқанша маңы бездері ауруларын зерттеу әдістері

8.2.1. Физикалық зерттеу әдістері

8.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері

8.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері

8.3. Біріншілік гиперпаратиреоз

8.4. Екіншілік гиперпаратиреоз

8.5. Гипопаратиреоз

8.6. Остеопороз

 

9 бөлім

ҰЙҚЫБЕЗДІҢ ЭНДОКРИНДІ БӨЛІГІНІҢ ІСІКТЕРІ

9.1. Ұйқы безінің эндокринді бөлігінің анатомиясы мен физиологиясы

9.2. Ұйқы безінің гормональды-белсенді ісіктерімен сырқаттанған

науқастарды зерттеу әдістері

9.3. Инсулинома

9.4. Гастринома

9.5. Глюкагонома

9.6. ВИПома

9.7. Карциноидты синдром

 

10 бөлім

ПОЛИЭНДОКРИНОПАТИЯЛАР

10.1. Аутоиммунды полигландулярлы синдромдар

10.1.1. Аутоиммунды полигландулярлы синдромның 1 түрі

10.1.2. Аутоиммунды полигландулярлы синдромның 2 түрі

10.2. Көптеген эндокринді неоплазиялар синдромы

10.2.1. Көптеген эндокринді неоплазиялар синдромының 1түрі

10.2.2. Көптеген эндокринді неоплазиялар синдромының 2түрі

 

11 бөлім

ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

11.1. Май тіні

11.2. Семіздік және метаболикалық синдром

11.3. Жүйкелік анорексия


ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ

 

17-OHPg — 17-гидроксипрогестерон

5-ГИСҚ — 5-гидроксииндолсірке қышқылы

L-T4 — левотироксин

АБЕТС — аналық бездің ерте тозу синдромы

АГ — артериалдық гипертензия

АДГ — антидиурездік гормон

АИТ — аутоиммунды тиреоидит

АКТГ — адренокортикотропты гормон

АЛД — адренолейкодистрофия

АмИТ— амиодароиндуцирлеуші тиреотоксикоз

АПС — аутоиммунды полигландулярлы синдром

АХГ — адамның хорионды гонадотропині

БА — бел айналымы

БА — бөксе айналымы

БГА — біріншілік гиперальдостеронизм

БГП — біріншілік гиперпаратиреоз

БҚЗТД — бүйрек үсті бездері қыртысының туа біткен дисфункциясы

БТЕС —бос түрік ершігі синдромы

НПХ (БХП) — бейтарап Хагедорн протамині

БҮБЖ — бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі

ВИП — вазобелсенді интенстинальды пептид

ВМҚ — ванилил-миндаль қышқылы

ГА — Грейвс ауруы

ГГБЕА — гипофиздің гормональды-белсенді емес аденомасы

ГК — глюкокортикоидтар

ГҚД — гестациялы қантты диабет

ГОК — гиперосмолярлы кома

ГТБ — глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы

ДКА — диабеттік кетоацидоз

ДМИ — дене массасының индексі

ДНЕ — диабеттік нейропатия

ДНФ — диабеттік нефропатия

ДР — диабеттік ретинопатия

ДТС — диабеттік табан синдромы

ДЭА — дегидроэпиандростерон

ДЭА-С — дегидроэпиандростерон-сульфат

Е2 — эстрадиол

ЕГА — екіншілік гиперальдостеронизм

ЕГП — екіншілік гиперпаратиреоз

ЖА — жүйкелік анорексия

ЖГБГ — жыныс гормондарымен байланысушы глобулин

ЖДҚБҚІ — жоғары дифференциаланған қалқанша бездің қатерлі ісігі

ЖИАБ — жіңішке инелі аспирациялы биопсия

ИТФ — инсулинтәрізді фактор

ЙТА — йодтапшылық аурулар

КА — Кушинг ауруы

КК — кетоацидоздық кома

КРГ — кортикотропин-рилизинг-гормон

КС — Кушинг синдромы

КТ — компьютерлі томография

ҚБ — қалқанша без

ҚБМО— қалқанша бездің медуллярлы обыры

ҚБҚІ— қалқанша бездің қатерлі ісігі

ҚД — қантты диабет

ҚзД — қантсыз диабет

ҚМБ — қалқанша маңы бездері

ҚСРБ — қан сарысуы ренинінің белсенділігі

ЛГ — лютеиндеуші гормон

ЛПГ — липотропты гормон

МЙБГ — метайодбензилгуанидин

МРТ — магниттік резонансты томография

МС — метаболикалық синдром

МСГ — меланоцитстимулдеуші гормон

МЭН — көптеген эндокринді неоплазия синдромы

НБ — нан бірлігі

АБГ — ашқарынға бұзылған гликемия

ОГТС — оральды глюкозотолерантты сынақ

ӨГ — өсу гормоны

ӨГ-РГ —өсу гормонының рилизинг гормоны

ПАБС — поликистозды аналық без синдромы

ПОМК — проопиомеланокортин

ПТГ — паратгормон

ПТУ — пропилтиоурацил

рТ3 — реверсивті үшйодтиронин

СБҮБЖ — созылмалы бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі

СБЖ — созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

СМП — сульфонилмочевина дәрілері

Т3 — үшйодтытиронин

Т4 — тироксин

ТБГ — тироксин-байлаушы глобулин

ТГ — туа біткен гипотиреоз

ТГ-ҚД — тиреоглобулинге қарсыденелер

ТПО — тиреоидты пероксидаза

ТТГ — тиреотропты гормон

ТТГр-ҚД — ТТГ рецепторларына қарсыденелер

ТТҚДТД — таблетка түріндегі қант деңгейін төмендететін дәрілер

УДЗ — ультрадыбысты зерттеу

ҰБ— ұйқы безі

ФА — функциональды автономия

ФСГ — фолликулстимулдеуші гормон

ШСС — Шиен-Симмондс синдромы

ШФЖ — шумақтық фильтрация жылдамдығы

ЭОП — эндокринді офтальмопатия


Алғы сөз

Эндокринология — гормондардың биосинтез үрдісі мен әсер ету механизмін, эндокринді аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық көрінісін, сонымен қатар басқа да патологияларда кездесетін эндокринді жүйе бұзылыстарын зерттейтін медицинаның саласы. Кең мағынада эндокринология ағзаның гуморальды интегративті жүйесі жөніндегі ғылым болып табылады. Бұл клиникалық және теориялық медицинаның қарқынды дамып жатқан салаларының бірі. Медицина саласындағы әрбір бесінші Нобель сыйлығының эндокринология саласындағы еңбектерге берілгендігі сөзсіз оны дәлелдейді.

Эндокринологиядағы қабылданған кейбір қалыптар қазіргі таңда жалпы биологиялық пәндердің іргетасы ретінде, тіпті күнделікті тәжірибеде қолданыс таппағаны белгілі. Алайда, соңғы жарты ғасырда клиникалық эндокринология саласындағы қол жеткізген зор жетістіктер ешкімде де күмән туғызбайды. Бұдан жарты ғасыр бұрын науқастарда эндокринологиялық сырқаттың дамуы үкім ретінде қабылданса, қазір өмір бойғы емді қажет ететін емделмейтін сырқаттардың өзі заманауи емдеу әдістері мен бақылаулар арқасында науқастарға толық құнды өмір сүруге, өзінің интеллектуальды және психологиялық ерекшеліктеріне сай мамандық таңдауға, тіпті өз отбасын құрып, сау балаларының болу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Қазіргі таңда эндокринология негіздері жөнінде білімі жоқ дәрігер медицинаның қай саласында қызмет атқарса да қиындықтар туындауы сөзсіз. Бұл эндокринопатиялардың эпидемиялық кең таралуына ғана байланысты емес, сонымен қатар эндокринология курсындағы талданатын мәселелер дәстүрлі жеті эндокринді бездердің патологиясы шеңберінен шығып кеткендігінде. Медицинаның барлық саласындағы дәрігерлер гормоналдық терапияны қолданатыны сөзсіз, ал медицинаның кей пәндеріне заманауи тұрғыдан жақынырақ үңілсең эндокринологияның жеке бір саласы екені анық.

Оқулықты жазу барысында авторлар И.М. Сеченов атындағы Москва Медициналық Академиясының эндокринология кафедрасындағы білім берудегі көп жылдық тәжірибелерін қолданды, ал оқулықтың бірінші өңделген басылымы педагогикалық үрдістің бес жылғы тәжірибесіне негізделген болатын. Сонымен қатар, біз Ресейдің көптеген жоғарғы оқу орындарынан келіп түскен тілектер мен ескертулерді де ескердік.

Оқулықтың екінші басылымының көлемі біршама қысқарды. Бұл оқыту үрдісін интенсификациялау қажеттігінен туындаса керек, себебі іс жүзінде байқағанымыздай материалдың аса көптігі студенттерге берілген уақыт аралығында талданатын мәселенің негізгі тұстары нәтижелі меңгерілмейді, өйткені олардың ойы жан-жаққа шашырап, маңызы аз тұстарға көбірек бөлінеді.Сол себепті, оқулықтың бірінші басылымы қайта өңделіп, оқулық жаңадан жазылып шықты. Тәжірибелік эндокринологиядағы клиникалық маңызды мәселелерге көбірек көңіл бөлінді. Басқа пәндерден алынған кейбір тараулар түгелдей қысқартылды. Екінші рет басылған оқулық нақты тарамдалып, аргоитмделіп және сызбалар мен кестелер түрінде берілген. Соңғы бес жылда эндокринологияның көптеген салаларына арналған нұсқаулықтар мен монографиялар басылып шықты, Интернет жүйесімен таралатын электрондық басылымдар ұйымдастырылды. Сондықтан, жаңа оқулық базалық курста эндокринология пәнін оқитын студенттер мен ординаторлар үшін нақты және пайдалы кітап болатынына сенімдіміз.

Жаңа оқулық заман талабына сай динамикалы, қысқа, әрі ақпаратты жазылған. Эндокринді ауруларды диагностикалау, емдеу, алдын алу ұстанымдары дәлелді медицина ұстанымдары мен халықаралық клиникалық тәжірибе қалыптарына негізделген.

Түрлі бағыттардағы ғылыми-практикалық әдебиеттермен жасалған тәжірибелер, монографиялар жазуға қарағанда, іс жүзінде оқулық жасаудың күрделі міндет екендігіне көз жеткізді.

Эндокринология толассыз өркендеуде, сондықтан көптеген нұсқаулықтар мен оқулықтар жарық көрер алдында ескіріп жатады. Бірінші басылымның жарыққа шыққанынан бергі алты жыл біздің кейбір көзқарастарымызды түбегейлі өзгертті. Дегенмен оқулық үнемі жаңартуды талап етеді, пәннің белгілі бір даму кезеңін көрсетеді. Сол тұрғыдан автор өз әріптестері-эндокринология оқытушыларынан, дәрігерлер мен студенттерден ескертулер мен ұсыныстарды ризашылық сезіммен қабылдайды.

 

И.И. Дедов

Г.А. Мельниченко

В.В. Фадеев

2007ж наурыз.


1 БӨЛІМ



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-04-21; просмотров: 474; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.226.28.97 (0.012 с.)