Е) Жедел обструктивті бронхит



Мы поможем в написании ваших работ!


Мы поможем в написании ваших работ!



Мы поможем в написании ваших работ!


ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Е) Жедел обструктивті бронхит



416.Алпыс бес жастағы науқас емхана дәрігерін үйге шақырды. Науқаста сәл жүктемеден кейін төс артында қысып ауырсыну, ентігу, әлсіздік пайда болған. Ауырсыну нитроглицеринмен басылмаған.Осыдан 1ай бұрын стационарда тұрақсыз стенокардиямен емделген. Жағдайы ауыр.Ортопноэ.Қан қысымы-190/100мм.сын. бағ. ЖСС-90рет минутына.Жүрек тондары тұйықталған , ритмі бұзылған. Дәрігер ең бірінші қандай аурудың диагноын қою қажет?

A. тұрақсыз стенокардия

B. миокардтың инфаркті

C. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D. аорта аневризмасы

E. нейроциркуляторлы дистония

417.18 жастағы науқасты военкомат тексеру үшін бағыттаған. Қалыпты дамыған. Жүрек негізінің үстінде, эпицентрі төс сүйектің оң жақ шегінің 2-ші қабырғааралығында, дөрекі систолалық шуыл анықталады, ұйқы артерияларына өтеді. Қолқа үстінде екінші тон әлсіреген. Тамыр соғысы минутына – 64, ырғақты. Иық артерияларының АҚ – 95/75 мм сын. бағ., сан артериясында Қ – 110/90 мм сын. бағ. Сіздің диагнозыңыз?

А) қолқа сағасының стенозы

В) үйлескен жүрек ақауы

С) қолқа коарктациясы

D) қарыншааралық қалқаның ақауы

E) ашық артериалды тармақ

418.Науқас 62 жаста, кенеттен АҚҚ 220/100 мм.сын.бағ.көтерілуіне шағымданады. Қатты бас ауырсынуға байланысты айқын ентігу симптомы, тыныс жеткіліксіздігі дамыды, дем алуы қиындады. Өкпесінде әлсіз везикулярлы тыныс, екі өкпенің де төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйыұқталған, ритмі дұрыс, ЖСЖ 100рет минутына.АҚҚ белсенді түсірудің қажеттілігі бар ма?

A) Жоқ ,себебі бұл егде жастағы науқас

B) Жоқ ,себебі бұл жағдай науқасқа қауіп төндірмейді

C) Жоқ ,себебі бұл өкпе патологиясының көрінісі

D) Жоқ, себебі егде жастағы науқастарда АҚҚ жаймен түсіру маңызды

E) Иа, себебі егде жастағы науқастарда АҚҚ тез түсіру маңызды

419.Ұл бала, 12 жаста, фиброгастродуоденоскопия жүргізгенде келесі өзгерістер анықталды: асқазанның абдоминальді бөлігіндегі шырышты қабаттың босап және азаған айқын көрінетін эритема, асқазанның шырышты қабатын аз уақытқа 1,5-2,0 см тітіркендіргенде асқазанның төменгі сфинктерінің тонусының айқын төмендеуі байқалды.

Бұл эндоскопиялық сурет қайсы жағдайға сәйкес келеді?

A) Дуоденогастральді рефлюкске

B) Барретт асқазанына

C) Гастроэзофагеальді рефлюкске

D) Диафрагманың асқазандық бөлігінің жарығы

E) Асқазанның стриктурасы

420.25 жастағы ер адам. Әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, бас айналуға шағымданады. Анамнезінде: асқазанның жара ауруы бар. Тері жабындары бозғылт. ҚЖА:Нв–85г/л,Э–3,8х1012/л,ТК–0,8,тромбоциттер– 65,0х109/л, ретикулоциттер – 0,5 %. қан сарысуындағы темір,– 4,5 ммоль/л. Қандай болжам диагнозға сәйкес?

A) Апластикалық анемия

B) Гемолитикалық анемия

C) Жедел постгеморрагиялық анемия

D) Теміржетіспеушілік анемия

Е) B12-жетіспеушілік анемия

421.Науқас физикалық жүктемеден кейін қызғылт көпіршікті қақырық шығуымен, тұншығумен болатын ұстамалы ентігу пайда болды. Қарағанда: өкпеде екі жақта әр түрлі ылғал сырылдар, жыбыр аритмия, бауыр ұлғаюы, аяқтарында ісік бар. Қандай патологияға осы симптомдар тән?

A. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

B. ұстамалы бронх демікпесі

C. жедел сол қарыншаның жетіспеушілігі

D. спонтанды пневмоторакс

E. инфаркты пневмония

422.Ер адам 45 жаста. Түнгі және таңғы уақытта шырышпен қан аралас нәжісінің болуы жиі мазалайды. Сол жақ гипогастридегі шамалы ауыру сезіміне шағымданады.

Диагнозды қою үшін төменде аталғандардың қайсысын жүргізуЕҢ тиімді?

A) Физикалды зерттеу

B) нәжісті жасырын қанға анықтау

C) қанның биохимиялық зерттеуі

D) нәжісті микробиологиялық зертеу

E) Ректороманоскопия

423.Он екі елі ішек ойық жарасымен ауыратын науқастың уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі қанша:

А) 5-7 күн

В) 9-12 күн

С) 21-28 күн

D) 45-50 күн

Е) 50-70 күн

424.Бала 6 жаста. Салмағы 25 кг. Дене қызуы 38,5°С жоғарлауына, құрғақ жөтелге, аз мөлшерде қақырықтың болуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қараған кезде: аранында катаральды белгілер. Қабақтың коньюктивалары қызарған. Өкпесінде – перкуторлы өкпелік дыбыс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЖҚА-L 10,8х109/л; ЭТЖ 17 мм/ч. Кеуде клеткасының R-граммасында өкпе алаңында тегіс емес ошақты инфильтрация. Қақырықты бактериальды тексерген кезде – микоплазма анықталды. Азитромициннің тәуліктік мөлшері қандай болады?

A) Азитромицин 125 мг 1 капсуладан х 1 күніне рет, 3 күн бойы

B) Азитромицин125 мг х күніне 1рет, 5 күн бойы

C) Азитромицин 250 мг х күніне 1рет, 5 күн

D) Азитромицин біпінші күні 250 мг х 1рет күніне, 2-5 күн 125 мг

E) Азитромицин бірінші күні 500 мг х 1 рет күніне, 2-5 күн 250 мг

425.26 жастағы науқас әлеуметтік қауіп тобынан. Шағымы: әлсіздік, делсалдық, шаршағыштыққа, жүдеуге, жөлетуге, түнгі тершеңдікке. Соңғы 2-3 айдан бері ауырады, түнгі кезекте жиі істейді. Флюрограммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлімінде инфильтративті көлеңке, түбіріне қарай жолмен. Қандай тактика болуы тиіс?

A) БК-ға қақырық талдауы

B) Фтизиатрға жіберу

C) Антибактериалды ем жүргізу

D) Туберкулезге қарсы ем тағайындау

E) Пульмонология бөліміне жіберу

426.Ер адам 40 жаста. Айналмалы сипатта эпигастрий аймағындағы ұзақ уақытқа созылатын ауыру сезіміне, ауыру сезімінің арқаға берілуі және оң қабырға астында керіп тұрған сияқты сезім болады.

Қандай лабораторлық көрсеткіштер осы патологияда БАРЫНША ақпаратты болып табылады?

A) Билирубин

B)қандағы трансаминаза көлемі

C)Қандағы қант

D)қандағы сілтілі фосфатаза

E)қандағы амилаза

427.Бала, 10 жаста. Шөлдеуге, әсіресе түңгі уақытта жиі зәр бөліне, терісінің қышуына шағымданады. Қандай зерттеу жүргізу ЕҢ тиімді?

A) тәуліктік зәрден глюкозаны анықтау

B) зәрдің таңғы порциясына ацетон деңгейін анықтау

C) ашқарынға қандағы глюкозаны анықтау

D) тәуліктік зәрдегі глюкоза деңгейі

E) тәуліктік зәрден ацетонды анықтау

428.68 жастағы науқас әлсіздікке, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін кілегейлі қабаттар бозғылт - сарғыш түсті. Беті ісінген. Тілі таңқурай түстес, "лакталған". Бауыры, көкбауыры шамалы ұлғайған. Қанда: эр-2,6 млн., Нв-104 г/л, ТК-1,2, лейк-2,7 мың, тромб-115 мың. ЭТЖ-50 мм/сағ, макроцитоз, полисегменттелген нейтрофильдер. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты қан түзілу. Науқасқа қандай ем нәтижелі болады?

А) темір препараттары

В) фолий қышқылы

С) В-12 витамині

D) преднизолон

E) аскорбин қышқылы

429.Ер адам 74 жаста, кеуде артындағы қысып ауру сезімі, тыныс алуға тәуелсіз, ұстама тәрізді өршуіне шағымданады. Нитроглицерин нәтижесіз.

Қандай зерттеу жүргізу ЕҢ тиімді?

A) ЭКГ

B) Сцинтиграфия с Tl201

C) ЭхоКГ добутаминмен

D) физикалық күштемемен ЭКГ

E) ЭКГ тәуліктік монитерлеу

430.Ер бала 4 жаста. Жағдайы ауыр. Мұрыннан көп мөлшерде қан ағыады. Бозару. Кеудесінде және аяқтарында геморрагиялық бөртпе, полиморфты, полихромды, симметриялы емес. Пульс мин 100. Қан анализінде: Нв - 92 г/л, эритроциттер - 2,7х109/л, лейкоциттер - 4,5х109/л, тромбоциттер - 15х109/л, сегментоядерлі - 68, лимфоциттер - 32, ЭТЖ - 18 мм/сағ, по Дюк бойынша қан кету уақыты - 15 мин, қоюлану- 3 мин.15 сек.- 3 мин. 40 сек.

Төменде аталғандардың қайсысы осы ауруға ЕҢ сәйкес келеді?

A) Шымшудың теріс сынамасы

B) Қан кетудің ұзақтығын төмендету

C) Қан ұюуының төмендеуі

D) Қан қойырпағының ретракциясының төмендеуі

E) Қандағы VIII фактордың төмендеуі

431.50 жастағы науқас бүкіл денесінің ісінуіне шағымданып келді. Ауру дамуына дейін 2 жыл бұрын 5 жыл ішінде оң жіліншік аймағында терең жара болған. Қан анализінде гемоглобин 45 г/л, зәр анализінде – салыстырмалы тығыздығы 1015, ақуыз 10 г/л, зәр тұнбасында көп мөлшерде гиалинді және түінді цилиндрлер. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) Бүйрек амилоидозы

B) Созылмалы гломерулонефрит

C) Созылмалы пиелонефрит

D) Жедел пиелонефрит

E) Жүйелі қызыл жегі

432.Науқас 52 жаста тәулігіне 50 мл дейін шырышты-іріңді аралас қақырықты жөтелмазалайды, дене температурасы 38°С дейін жоғарылаған, ентігу. Алғаш рет 5 жыл бұрын ауырған, соңғы 2 жылда аурудың асқынуы жылына 3-4ретке дейін жиілеген. Өкпеде әлсіреген тыныс, барлық өкпе алаңында құрғақ және ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдар естіледі. Диагноз қойыңыз?

А) Пневмония

В) Өкпе туберкулез

С) Бронхоэктаз ауруы

D) Өкпе саркоидозы

Е) ӨСОБ

433.40 жастағы ер адам ессіз жағдайда жеткізілді. Қалтасынан диабет күнделігі табылды. Қарағанда: жүдеу, тері жабындылары құрғақ, суық. Тілі таңқурай түстес, құрғақ. Тыныс алуы ацетон исімен. Тынысы шулы Куссмауль түрінде. АҚҚ 70/30 мм сын.бағ. Пульсі – минутына 105 рет. Глюкоза крови - 25 ммоль/л. Науқасты жүргізуде қайсысы тиімді:

A) 0,1 ед/кг қысқа әсер ететін инсулинді сағат сайын б/е енгізу

B) 20 бірлік қысқа әсер ететін инсулинді тері астына бір реттік енгізу

C) 0,1 ед/кг қысқа әсер ететін инсулинді сағат сайын тері астына енгізу

D) 0,1 ед/кг қысқа әсер ететін инсулинді сағат сайын к/к сағат сайын тамшылатып енгізу

E) Пролонгирленген инсулиннің бір инъекциясын анықтау кезінде енгізу

434.Науқас Р., 45 жаста, 10 жыл бойы СГН нұсқалы артериальды гипертензиямен зардап шегеді, Кокрофта-Гоулта 35 мл/мин. СБА сатысын аңықтаңыз.

А) СГН, гипертоникалық нұсқа,СБА1сат.

В) СГН, гипертоникалық нұсқа,СБА2сат.

С) СГН, гипертоникалық нұсқа,СБА3сат

D) СГН, гипертоникалық нұсқа,СБА4сат.

Е) СГН, гипертоникалық нұсқа,СБА5сат

435.7 жасар бала, әлсіздікке, бас айналуға, физикалық жүктемеде жүрек соғуына шағымданады. Қарау кезінде - диффузды цианоз, саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары - «сағат әйнектері тәрізді». Жүрек шекарасы оңға кеңейген. Аускультацияда – ІІ қабырғааралығында төстің сол жағында өрескел систолалық шу. Қандай болжам диагнозға сәйкес келеді?

A. Өкпе артериясының ақауы

B. Өкпе артериясының стенозы

C. тетрада Фалло

D. митралды қақпақша пролапсы

E. қолқа коарктациясы

436.Науқас 65 жаста. Шағымдары: жалпы әлсіздік, шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі.Анамнезі бойынша көп жылдар бойы асқазан мен ішектің созылмалы ауруларымен ауырады. Объективті: терісі бозарған, құрғақ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ҚҚ 90/60 мм.сын. бағ. Пульс 70 минутына. Қанның жалпы анализінде: Нв- 78 г/л, түстік көрс. – 1,3, Эр- 2,3*1012/л, макроцитоз.Қандай ем тағайындау тиімді:

A) Витамин Е

B) Темір препараты

C) Цианокобаламин

D) Аскорбин қышқылы

E) Тиамин бромиді

437.Ер адам 57 жаста. Журек тұсында ұзақтығы 40 минутқа жететін қысып ауру сезімі пайда болғанына, аралас түрлі ентікпеге, үрейге, айқын әлсіздікке шағымданып келді. Объективті: жағдайы өте ауыр. Төсекте мәжбүрлі қалып, басы көтерінкі. Тері жабындысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде екі жақты кіші және орташа көпіршікті сырылдар, бірен саран құрғақ сырылдар. ЖСЖ 120 минөтіне, АҚ - 110/80 мм рт. бғ. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры қабырға доғасымен. ЭКГ - ST сегментінің көтерілуі III де, AVF шығысында. Қарыншалардың фибрилляциясы дамуының ең қауыпты уақыты?

A) Ауру басталғаннан 1,5-2 сағат ішінде

B) Ауру басталғаннан 2-3 күн ішінде

C) Ауру басталғаннан 7-10 күн ішінде

D) Ауру басталғаннан 20 күн ішінде

E) Ауру басталғаннан 30күн ішінде

438.1 жасқа дейінгі бала жылына ЖРА қанша рет ауырған кезде жиі ауыратын балалар тобына қосамыз:

A) 2 және көп;

B) 7 және көп;

C) 6 және көп;

D) 4 және көп;

E) 3 және көп;

439.15 жастағы қыз бала, жүрегінің қағуына, жүрегінің айнуына, құсуға, оң жақ қабырға астында толғақ тәрізді ауырсыну. Рентгенологиялық өт қабының босауының жылдамдауы. Диагноз қойыңыз:

A) Өтшығару жолдарының дискинезиясы, гиперкинетикалық түрі

B) Өтшығару жолдарының дискинезиясы, гипотониялық түрі

C) Өтшығару жолдарының дискинезиясы, гипертониялық түрі

D) Холецистохолангит

E) Холангит

440.Қыз бала 9 жаста,эндокринологқа жолданды. Қанға толу сезімі, тершеңдік мазалайды. 3 ай ішінде 5 кг салмаққа арықтаған. Объективті қарағанда: эмоциональді тұрақсыз, қозғыш, жылағыш. Қозғалыс белсенділігі жоғарлаған – қол саусақтарының ұсақ треморы байқалады. Тері жабындылары ылғалды, ұстағанда ыстық; төмен қарағанда шатыраштың үстінде склерасының бөлігі көрінеді. Грефе симптомы оң. Қалқанша безі диффузды ұлғайған, тығыз - эластикалық консистенциялы, және без үстінде тамырлық шу тыңдалады. Тыныштық жағдайында тахикардия, жүрек шекаралары солға қарай ұлғайған, жүрек ұшы түрткісі күшейген. Нәжісі жиілеген. Болжам диагнозды көрсетіңіз:

A) Пароксизмальды тахикардия

B) Диффузды-токсикалық зоб

C) Гипотиреоз

D) Эутиреоидты зоб

E) Мишық атаксиясы

441.1 айлық балада өмірінің алғашқы аптасынан бастап тұрақты «көк жөтел тәрізді»жөтел, төсті қанағаттанарлық сорады, бірақ дене салмағы артпайды. Өкпеде перкуторлы дыбыс қысқарған және тұйықталған аймақтары бар. Аускультативті – екі жақты әр түрлі калибрдегі ылғалды, құрғақ сырылдар. Нәжісі көп мөлшерде, иісі өткір, тұтқыр, жылтырап тұрады, тәулігінен 8 рет. Қай препаратты тағайындау дұрыс болады.

A) жөтелге қарсы дәрі

B) амбробене

C) креон

D) +куросурф

E) антибиотиктер

442.Стационарға 7 жастағы қыз бала түсті. Шағымдары: ауырсынумен жүретін зәр шығару, зәр түсінің өзгеруі. Жағдайы орташа ауырлықта. Еріннің шырышты қабаты мен сыртқы жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарында герпетикалық бөртпелер. Зәрі қызыл түсті. Қан анализінде: Нв-102 г/л, Эр.-3,4х10-9/л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Зәр анализі: эритроциттер бірыңғай. Тағайындау керек:

A) Уросептиктер,физиоем, сульфаниламидтер

B) Уросептиктер,спазмолитиктер, глюкортикостероидтар

C) Уросептиктер,спазмолитиктер, зәр айдағыш заттар

D) Спазмолитиктер,уросептиктер, вирусқа қарсы заттар

E) Сульфаниламидтер,глюкокортикостероидтар

443.Он төрт жасар балада асқазан ішек жолының жара ауруына күмән бар. Тексеру мақсатында ауруханаға жатқызылды. Клиникалық көрінісінде алғашқы орында ауыру синдромы, сосын диспепсиялық синдром және қозу синдромыбайқалады. Бұлшық ет қорғанысы оң, вегетативті жүйке жүйесінде бұзылыс бар. Баланы тексеруде негізгі жабдықты зерттеу:

A) Барий арқылы рентген

B) Ультрадыбысты зерттеу

C) Эзофагогастродуоденоскопия

D) Пакреатохолангиография

E) Компьютерлі томография

444.3 жасар сәби ауызына пісте салып жүріп кенет шашала бастаған, көгерген, ұстама тәрізді жөтел пайда болған, тыныс алуы қиындаған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, t-36.6, пульс минутына 118 рет, ырғақты, шырышты қабаты алқызыл, ылғалды. Көмей өзегі бос, стеноз белгілері жоқ. Оң кеудесі тыныс актісінен қалыңқы. Аускультацияда бүкіл оң өкпесінде тыныс әлсіреген. Перкуссияда өкпе дыбысы қысқарған. Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

A) Оң бронхтағы бөгде зат

B) Өңештегі бөгде зат

C) Көмейдегі бөгде зат

D) Кеңірдектегі бөгде зат

E) Көмейдің аллергиялық ісінуі

445.Жанұя дәрігеріне 5 жасар баласымен ана келді. Айтуы бойынша ,бірнеше сағат бұрын ұлы ойнап отырып құлағына пластмасса шарды тығып жіберген. Объективті: құлақ қалқаны мен құлақ төмпешігін пальпациялағанда ауырмайды. Сыртқы есту жолынан бөлінділер жоқ. Құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартып қарағанда сыртқы есту жолының түбінен домалақ ақ бөгде зат көрінеді. Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

А) Сыртқы есту жолындағы бөгде зат

B) Сыртқы есту түтігіндегі бөгде зат

C) Ортаңғы құлақтағы бөгде зат

D) Жарғақты қуыстағы бөгде зат

E) Сыртқы отит

446.68 жасар әйел. Эпигастрий аймағында, кіндік айналасында кенет пайда болған, күшті, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, қайта-қайта құсуға, газдардың шықпауына шағымданады. Объективті: дене температурасы 370 С, боз, тілі құрғақ, іші үрілген, кіндік айналасында оң жақтан тимпанит, «шалпылдау», қарқынды перистальтика. Қан анализінде: лейкоциттер 17х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ.Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

A) Ішектің өтімсіздігі

B) Жедел пакреатит

C) Перитонит

D) Жедел аппендицит

E) Мезентериалды тамырлардың тромбозы

447. 56 жасар ер адам. Ішінде кенет пайда болған, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, құсуға, газдардың шықпауына, нәжісінің болмауына шағымданады. Объективті: боз, қозғалмайды, дене температурасы 37,80 С, тілі құрғақ. Іші ассимметриялы түрде үрілген, сол жақ мықын аймағында Валь, Кивуль симптомдары оң, перистальтика қашықтан естіледі. Қан анализінде: эритроциттер 6х1012 /л, лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ.Төменде көрсетілген диагностикалық зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жасалады?

A) Ирригоскопия

B) Құрсақ қуысының рентгенографиясы

C) Ректороманоскопия

D) Колоноскопия

E) Құрсақ қуысының лапароскопиясы

448.Науқас қайталамалы тілмемен қаралуда. Науқасқа қайталамалы тілмеге қарсы қандай ем жүргізу қажет.

A) Реополиглюкин құю

B) Регионарлы баротерапия

C) Қантамыр ішілік қанды лезерлік сәулемен сәулелендіру

D) Аяқты гепаринмен электрофорездеу

E) Бел аймағы омыртқасын диатермиялау

449.Науқас С. 37 жаста. Көңіл- күйі көтеріңкі, көзі жарқыраған, еті тірі, науқас аурухана халатының үстіне, ашық бантпен көмкерілген, әр түсті жейдеме киген. Шашы жинақы, ашық лентамен көмкерілген. Ерні қалың бойалған,көзінің үсті жүргізілген. Қараған жағдайда мұның барлығы талғамсыз, өрескел түрде жасалған деген пікір келеді. Науқастың даусы қарлыққан, кейде дәрігердің қолынан алып тарта жөнеледі. Бөлімде науқас бар жұмысқа араласып, ешкімге тыныштық бермейді. Науқасты жинап алып, билейді, ән салады. Тәулігіне 3-4 сағат ғана ұйықтайды. Қозу үлкен мөлшердегі нейролептикке тынышпайтанбайды?

A) Маниакальды қозу

B) Гебефреникалық қозу

C) Парафренді синдром

D) Кататоникалық синдром

E) Депрессивті-алаңдаушылық синдром

450.42-жастағы шизофрениясы бар науқас интервью беріп жатқандай кезінде ортасында тоқтап қалады. Бірақ, ол неге тоқтап қалғанын түсіндіре алмайды.

Төменде көрсетілген симптомдар ең мүмкін?

A) Ментизм

B) Шперрунг

C) Персеверация

D) Ввербигерация

E) Неологизм

451.Дискотекада жүрген бір топ балалардың біреуі өзінің сиқырлы таблетканың дәмін татып көргенін айтқан. Сол кезде оның көз алдында жарық от шашулар пайда болған, белгісіз контурлар, геометриялық фигуралар, сонымен қатар, дыбыстар мен реңдер айқындала бастаған. Ол «музыканы көріп», «образдарды еститін» болған, ішкі органдары қалай жұмыс істейтінін сезген. Алғащқы балалық шағындағы жағдайларды есіне түсірген. Интоксикацияның бұл түрі:

А) Каннабиноидтармен улану

В) Ингалянттармен улану



Последнее изменение этой страницы: 2016-04-21; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.236.117.38 (0.024 с.)