Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Перкуссияны орындаудың техникасы мен ережесі.

Поиск

Перкуссия.

Перкуссия (латын тілінде percussio - выстукивание - тықылдату ) - тықылды тыңдап зерттеу.

Бұл тәсілді дәрігер Леопольд Ауэнбруггер 1753 жылы сау өкпе ұлпасында пайда болған дыбыстарды, плевра қуысына ірің жиналғанда анықталатын дыбыспен салыстыра, айырмашылығын анықтап, еңалғаш рет 1761 жылы қолдануды ұсынды.

Дәрігер перкуссияны орындағанда өте қарапайым жасады, кеуде торын оң қолдың саусақтарымен тықылдата отырып дыбыстарды анықтады.

1808 жылы Л.Ауэнбруггер өлгеннен кейін дәрігердің еңбегін француз клиницисті Корвизор француз тіліне аударып, перкусссия әдісін қолдануды толығымен енгізіп ұсынды және эрі қарай тереңдете зерттеді. Ұзақ уақыт бойы тікелей перкуссия қолданылды. 1827 жылы француз клиницисті Пиорри перкуссияны жасау үшін темірден немесе шыныдан , кейін пластмассадан жасалған жүқа қалақша (плессиметрді) пайдалануды ұсынды.

Осыдан кейін қалақша плессиметрді денеге тығыз жанастырып қойып, үстінен саусақпен тықылдата тыңдау арқылы, көлемі үлкен патологиялық ошақтар туралы мәлімет алына бастады. Перкуссияның осылай жасалуы жанама перкуссия деп аталады.

14 жылдан соң Винтрих 1841 жылы перкуссия әдісін жасау үшін арнайы балға қолдануды ұсынды. Осы уақыттан бастап перкуссия қалақша (плессиметр) үстін перкуторлық балғамен тықылдатып ұру арқылы жасалады. Перкуторлық балганы ағаштан, металдан, піл сүйегінен жасады. Аталған әдістердің өзіндік кемшіліктері болды: тікелей перкуссиялағанда анықталған дыбыс төмен, көмескі болса, қалақша суық, әрі дененің кейбір жерлеріне қоюға ыңғайсыз болды. Сондықтан перкуссия әдісі біртіндеп жетілдіріліп отырған. Перкуссия әдісіне жаңартулар енгізуде көптеген ғалымдар жүмыс істеді. Олар -Шкода, А.А.Чаруковский, М.Я.Мудров, С.П.Боткин, В.П.Образцов, Ф.Г.Яновский, шет ел ғалымдарынан Траубе, Бирмер, Герхард, Флинт. 1936 жылы Сокольский саусақпен саусақты тықылдатуды ұсынды. Бүл әдісті орындау үшін денеге қалақша гшессиметр саусақ қызметін атқаратын сол қолдың ортаншы саусағы қойылады, ал екінші қолдың ортаншы саусағы балға қызметін атқарады. Бұл әдіс сипалау арқылы перкуссиялау (сезу әдісі) деп аталды.

Адам организіміндегі түрлі ағзаларды перкуссиялағанда әр түрлі дыбыстар пайда болады.

Ауалы кеуек ағзаларды перкуссиялағанда (өкпе, асқазан-ішек трактісі, кемей, ауыз қуысы) ашық дыбыс шығады, ал ауасыз, нығыз ағзаларды (бауыр, жүрек, булшық ет, сүйек) перкуссиялағанда қатаң дыбыс шығады. Пайда болған дыбыстардың реңіне қарап, ағзаларды бір бірінен айыруға, олардың көлемін анықтауға мүмкіндік туды. Осы мақсатта жасалатын перкуссия топографиялық деп аталды. Дыбыстар күшіне, биіктігіне, үзақтығына, реңіне қарай әр түрлі болып белінеді.

Күшіне қарай: күшті ( анық, ашық.) жэне ақырын (қатаң) болады. Ұзақтығына қарай: ұзақ және қысқа болады.

Биіктігіне қарай: биік жэне төмен болады.

Реңіне қарай: дабылды немесе тимпаникалық, дабылсыз немесе тимпаникалық емес, металл реңді болады.

Сондықтан ауалы ағзаларды перкуссиялағанда анық (күшті), ұзақ әрі төмен дыбыс пайда болса, нығыз ағзаларды псркуссиялағанда ақырын, қысқа әрі биік дыбыс пайда болады. Тимпаникалық дыбыс дабыл күй аспабын қаққанда пайда болатын дыбысқа ұқсас (барабан-дабыл). Дабылды дыбыстың дабылсыз дыбыстан айырмашылығы оның толқымының дұрыс ырғақтылығында, сондықтан дабылды дыбыс белгілі бір үнге жуық, ал дабылсыз дыбыстар шу тәріздес. Қалыпты жағдайда дабылды дыбыс асқазан, ішек, ауыз қуысы, көмей мен кеңірдекті перкуссиялағанда пайда болады, ал патологиялық жағдайда пневмоторакста, өкпеде қуыс ( абсцесс, каверна) пайда болған жағдайда анықталады. Қалыпты жағдайда өкпені перкуссиялағанда аныықталатынкүшті, үзақ әрі төмен дыбыс өкпелік дыбыс деп аталады. Бүлшық ет пен жүректі перкуссиялағанда анықталатын ақырын, қысқа әрі биік дыбыс абсолюттік қатаң (тынық, түйық) дыбыс деп аталады. Осындай абсолюттік тынық дыбыс өкпе рагінде, өкпе ателектазында пайда болады.

Адам денесінің әр түрлі аймақтарында анықталатын перкуторлық дыбыстарды төмендегі кестеден қарауға болады. Перкуссияның қолдану мақсатына қарай екі түрі болады.

1.  Топографиялық перкуссия ағзалар шекарасын анықтауда
қолданылады.

2.  Салыстырмалы перкуссия дененің екі бірдей белігін алмакезек
қаға отырып, пайда болған дыбыстарды айыру үшін қолданылады.

А) қалыпты  жағдай:

 әлсіз перкуссия

күшті перкуссия;

Б) инфильтрат кеудеге жақын және тереңде орналасқанда:

 әлсіз перкуссия;

күшті перкуссия.

Адам денесінің түрлі аймақтарына перкуторлық дыбыстын бөлінуі:

1) ашық; 2) тұйық;

3) бұлшықеттік; 4) дабылды.

1.Жағдайы көтерсе, науқас түрегеп немесе отырып, денесін қатайтпай еркін ұстап, басып ептеп алға қарай иіп, қолдарын төментүсіріп немесе тізесіне қоюы керек. Бөлме іші жылы, таза, тыныш болуы тиіс.

2. Дәрігердің қолы жылы, тырнақтары алынған, таза болуы керек. Зерттеу жүргізу үшін дәрігер өзіне ыңғайлы қалыпта жайғасқаны дұрыс.

3.Қалақша саусақ ретінде қолданылатын ортаншы саусақ пен тарбитылып жазылған басқа саусақтар денені қатты баспайтындай етіліп, денеге тығыз қойылуы керек.

4.Балға қызметін атқаратын екінші қолдың ортаншы саусағын тік бұрыш түзе, бірінші буынынан бүгіп, ұшының жұмсақ бетімен денеге жайғасқан қалақша саусақтың бірінші немесе екінші буынының тұсынан тықылдатын ұру керек.

5.Тықылдатып қаққанда қолдың басы тек қана білезік буыны арқылы қозғалуы тиіс.

Т6.ықылдатып соғу біркелкі ырғақпен, бірдей күшпен, серпінді әрі қысқа қағыспен 2 рет жасалады, қажет болса 3 ретте қағуға болады.

Ағзалардың шекарасын анықтауда перкуссия ашық дыбыс шығаратын ағзадан, қатаң дыбыс шығаратын ағзаға қарай жасалады.

Қалақша саусақ анықталатын қатаң дыбыс шекарасына параллель қойылады, белгіні қалақша саусақтың үстіңгі немесе сыртқы қыры яғни ашық дыбысты жағынан жасаған дұрыс. Өкпенің, көк бауырдың, қуықтың, плевра және құрсақ қуысындағы сұйықтық деңгейін анықтағанда перкуссия өте жай жасалады. Бауыр мен жүректің шекарасын анықтау үшін перкуссиялағанда балға саусақ орташа күшпен қағылады.

Салыстырмалы перкуссия симметриялы аймақтарда жасалады.

 

Аускультация    (лат: auscultatio-слушаю, выслушиваю тыңдаймын). Аускультация тәсілі ағзалар жұмыс істегенде пайда болатын дыбыстарды есту үшін қолданылады.

Аускультация әдісі Гиппократ кезеңінен бастап медицинада қолдана бастаған. Аускультация тәсілін ең алғаш 1819 жылы медицинаға енгізген француз ғалымы, клиницист Рене Лаэннек. Ғалым алғаш рет 1816 жылы науқасты тексеруге барғанда, жүректің соғуын есту ұшін дәптер қағаздарынан түтікше жасап, түтік арқылы науқастың жүрегін тыңдап барып, аускультация әдісін енгізді және тыңдау үшін колданған түтікшені стетоскоп деп атады. 1819 жылы ғалымның аускультация туралы еңбегі жарық көрді.

Сол уақыттан бастап аускультация әдісінің  жанама түрі қолдана бастады. Стетоскоп ағаштан, сүйектен, пластмассадан жасалатын. Стетоскоптың ұзындығы 33 см, құлақ пен денеге қоятын екі ұшы қайтылау жалпақ түтік. Жеті жылдан кейін ғалым Р. Лаэннектің екінші еңбегі жарыққа шықты, бірақ 1826 жылы ғалым өкпе туберкулезінен қайтыс болады.

Профессор Филатов балаларды тыңдау үшін арнайы стетоскоп қолдануды ұсынды оны Филатов стетоскопы деп атады.

Кейін медицинаға дыбыстарды күшейтетін аппараттар енгізілді ол фонендоскоп деп аталды. Аускультация әдісінің түрлері: тікелей және жанама. Құлақты денеге мысалы кеуде торына қойып тыңдау тікелей аускультация деп аталады.

Тікелей аускультация кемшіліктері: инфекциялық аурулар, жағдайы ауыр науқастарды тыңдау, өкпе мен жүректің кейбір аймақтарын тыңдау қиындық туғызады.

Стетоскоп немесе фонендоскоп көмегімен жүргізілетін аускультация жанама деп аталады. Жанама аускультация науқас қандай жағдайда болсын, кез келген аймақты тыңдауға және гигиеналық тұстан өте қолайлы әдіс

Аускультация тыныс жүйесі, журек қан тамырлар жүйесі, ішек жүйелерін зерттеуде жэне акушерлік салада кеңінен қолданылатын әдіс.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.144.109 (0.011 с.)