![]() Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву ![]() Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Лимфа түйіндерді тексеру.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Ауыз қуысын қарау. Ауыз қуысын қарағанда ауыз қуысының формасы, еріннің түсі, жалақ пен бөртпелердің бар жоқтығы жэне ауыз қуысының шырышты қабаты, тілдің көлемі мен түсі, тістердің құрылысы мен зақымданған аймақтары тексеріледі. Қызыл иектің қанағыштығы лейкоз ауруында, сынаппен, қорғасынмен уланғанда байқалады. Стоматит- ауыз қуысы шырышты қабатының қабынуы түрлі инфекцияларда байқалып, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығады. Ауыз қуысыньщ шырышты қабатында, қызыл иекте қоңыр қола түсті дақтардың пайда болуы Аддисон ауруының симптомы. Жағдайы ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабатында ақшыл қатпарлы табақша тәрізді - ауыздың уылуы (молочница) көрінеді. Тістерді тексеру Патологиялық жағдайда анықталатын -Гетчинсон тістерінде тістердің формасы өзгеріп, бір бірінен алшақ орналасады. Патологиялық Гетчинсон тістері паренхиматозды кератит (көздің мүйізгек қабығының қабынуы) және құлақтың есітпей қалуымен бірге байқалады. Осы Гетчинсон үштігі тумыстан болган мерезге тән симптом болып табылады. Ауыз қуысындағы тіл жағдайы - қалыпты жағдайда тіл қызыл түсті, ылғалды, аққабат анықталмайды. Тіл үстіне түрған ақ қабат өткір және созылмалы гастриттерде, колиттерде, инфекциялық ауруларда байқалады. Тілдің құрғақтығы инфекцияларда, уремияда, перитонитте байқалады. Жағдайы ауыр науқастарда эсіресе уремиямен ауыр инфекцияларда науқастың тілі құрғап, қоңыр қабатпен қапталып, тілініп, қанап ауырады. Аддисон Бирмер анемиясында, ахилияда (асқазан секрециясының жетіспеушілігі) науқастың тілі жұмсақ, беткейі тегістелген, тіл бүртіктері семген, тілдің ұшы ашып ауырып, күйдіргендей болады. Ашық қызыл түсті тіл бауыр ауруларында (витамин «В» тобының жетіспеушілігінде), пеллаграда байқалады. Үсті лак жаққандай тегіс әрі жылтыр тіл, асқазан қатерлі ісігінде, пеллаграда (Р витаминінің жетіспеушілігінен дамитын соз.ауру) және спруда (тағамда фолий қышқылылың жетіспеушілігінен дамитын ауру) кездеседі. Іш сүзекте тіл қалың қоңыр қабатпен қапталган, ал тілдің ұшы мен шеттері қызыл түсті болады.Жара ауруында тіл таза, ылғалды, қызыл тұсті болады. Балалардың жедел жұқпалы ауруы - скарлатинада тіл қызыл күрең (малиновый) түсті болады. Тіл қабатының локальді қалыңдауы (лейкоплакия) темекішіл адамдарда, қатерлі ісіктен алдын байқалатын өзгеріс. Акромегалияда тіл ұлғайған болады.
Мойын тұсын қарау. Мойын тұсын қарағанда қалқанша безбен қан тамырлардың көлемі, қан тамырлардың пульсациясы, лимфа түйіндердің көлемі тексеріледі. Қалқанша бездің қатерлі ісігінде, гипертиреозда қалқанша бездің көлемі ұлғаяды. Ұйқы артерияларының қатты соғуы қолқа қақпақшасы ақауында кездеседі. Веноздық қысым жоғарылап, үлкен шеңберде қан іркілгенде мойын тұсындағы көк тамырлардың білеуленгені отырған қалыптада өз қалпына келмейді. Мойын тұсындағы тыртық туберкулезді лимфаденитте, ал лимфа түйіндердің үлғаюы лимфогранулематозда, лимфолейкозда байқалады. Лимфа түйіндерді тексергенде лимфа түйіндердің көлемі, терімен біріккендігі, пальпациялағанда ауырсынуы, консистенциясы анықталады. Төменгі жақ сүйегі асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы тонзиллигге, гингивитте, стоматитте байқалады. Бұғана төс сүйір бұлшықеті мен бұғана арасындағы ұлғайған, нығыз лимфа түйіннің пайда болуы асқазанның қатерлі ісігі метастаз бергенде байқалады. Көкірек безінің қатерлі ісігі метастаз бергенде қолтық асты аймағындағы лимфа түйіндер ұлғаяды. Қол аяқтарда іріңді процесс пайда болса және науқаста венерологиялық ауру дамыса науқастың шап аймағындағы лимфа түйіндер ұлғаяды. Консистенциясы нығыз, беткейі тегіс емес, ұлғайған лимфа түйіндер ісіктің қатерлі түріне тән. Лимфа туйіндер қабынса, лимфа түйіндер ұлғайып, түйіндер аймағы қызарып, пальпациялағанда ауырады.
Туберкулезде лимфа түйіндер бір- бірімен бірігіп, ұлғайып, қозғалмайтын нығыз болады, соң іріндеп жыланкөздер пайда болып, кейін тыртықтанады. Қан жүйесі ауруларында лимфа түйіндер ұлғаяды, пальпациялағанда ауырады, бірақ терімен, бір бірімен бірікпеген болады жэне іріңдемейді.
|
||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 13; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.119.126.27 (0.01 с.) |