Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бұлшық еттің дамуын тексеру.

Поиск

Бұлшық еттің дамуын тексеру.

Тексеру барысында бұлшық еттің даму дәрежесі, көлемі, ауырсынуы анықталады.Атрофияға ұшыраған аймақтарды анықтау үшін сан, йық бұлшық еттерінің ені өлшенеді. Булшықеттің атрофиясы миға қан құйылғанда, ми ұлпасының ісігінде кездеседі.

Сүйек буын жүйесін тексеру.

Тексеру барысында сүйек буындардың ісінген, деформацияға ұшыраған аймақтары, қызарған тұстары мен буындардағы қимыл қозғалыс, аяқтардағы  кеңейген көк тамырлар, ісіктер мен жаралардың, тыртықтардың көлемі тексеріледі.

Аяқ қол саусақтарының ұлғаюы акромегалияда, қолдардың
дірілдеуі созылмалы маскүнемдікте, морфинмен уланғанда,
паркинсонизмде, неврастенияда, Базедов ауруында байқалады. Қол
аяқ саусақ ұштарының барабан таяқшалары тәрізді жуандап,
қалыңдауы, тырнақтың сағат шынысы тэрізді ойыстануы өкпенің
іріңді ауруында, бауыр циррозында, тумыстан болған жүрек
ақауында, сепсистік эндокардитте, артерия - веноздықаневризмасында анықталады. Саусақтағы өзгерістер ұзақ сақталған жағдайда сүйек тарапынан өзгерістер болады. Қол аяқтардағы саусақтардың кенеттен ағаруы қан тамырлардың бірден спазмге ұшырауы салдарынан болады; бұл «өлі саусақ симптомы» деп аталады. Ол Рейно ауруында, гипертонияда, өткір нефритте байқалуы мумкін, кейде саусақтарда гангрена дамиды. Табан мен балтыр бұлшық еттеріндегі ауырсынудың пайда болу себебі жалпақтабандылық болуы мүмкін. Тұрған кезде бәсеңдеп, жүрген кезде кенеттен пайда болатын балтыр бұлшық еттеріндегі ауырсыну облитерациялық эндоартерииттің симптомы - бұл симптом «ұстамалы ақсақтық» деп аталады. Осы патологияда аяқтың қан тамырларындағы қан айналудың бұзылуы ұзаққа созыла, аяқта гангрена дамуы мүмкін.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.156.17 (0.007 с.)