Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тері асты май қабатының дамуы.

Поиск

Антропометрия

Антропометрия - адам    денесінің морфологиялықерекшеліктерін зерттейтін тексеру әдісі. Антропометрия грек тілінен аударғанда (антропос-адам, метрон- өлшеу) адамның морфологиялық және функциональдық белгі леріндегі өзгерістерді өлшеуге негізделген зерттеу әдісі.Антропометрия әдісі адамның салмағы, бойының ұзындығымен кеуденің ұзындыгын анықтаумен шектелмей бас, құрсақ, мойын, кеуде, жамбас, аяқ және қол өлшемдері анықталады.Бойды өлшеу ушін бой өлшегіш қолданады. Бой өлшегіш өлшемдік белгілері бар, жылжымалы қалақшамен жабдықталған ұзын ағаш қазықша. Бойын өлшегенде науқас аяқ киімдерін шешіп, бойөлшегіштің қазықшасына шүйдесін, жауырын ортасын, екі өкшесін тигізіп түруы керек. Жылжымалы қалақшаның  науқастың төбесіне тірелген деңгейі,  яғни қазықшадағы сан оның бойының ұзындығын көрсетеді. 25-30 жас шамасындағы ер адамның орташа бойы 165-180 см, ал әйел адамның орташа бойы 155-170 см. Адамның бойы мидың кейбір бөліктері зақымданғанда мысалы: гипофиз безі зақымданғанда, біреулерде алыптық (гигантизм), біреулерде керісінше ергежейлілік дамуы мүмкін. Дене салмағын арнайы медициналық таразыда таңертеңгісін, ашқарынға киімдерін шешіп немесе жеңіл киімде анықтайды. Ауруханада ем тағайындалғаннан кейін, ем барысын қадағалау үшін науқастың салмағы ауруханаға түскен күні, кейін әр он күн сайын таңертеңгісін аш қарынға өлшенеді. Бұл тәсіл науқастың дене күйін анықтау үшін ғана емес, ауруын емдегенде емнің әсерін бақылауүшін жасалады; мысалы жүрек пен бүйрек ауырғанда организмге жиналған сұйықтықтың шығарылу деңгейін, несеп шығару жолдарының қызметін қадағалау үшін қолданады. Дененің орта салмағын анықтау үшін бойдың үзындығынан 100 санын шегеру керек. Мысалы бойы 180 см адамның орта салмағы 80 кг тең болғаны. Кеуде торының көлденең өлшемін тыныс алу фазасының әр кезеңінде өлшейді. Тәжірибелік медицинада төмендегі көрсеткіштердің маңызы үлкен.

1. Бойлы-салмақты көрсеткіш.

Адамның бойы мен салмағы арасындағы пропорциялылықты көрсететін формула төмендегідей:

М=100:Р. М - дене салмағы кг-н белгіленеді, Р-бойдың ұзындығы см-де.

Қалыпты жағдайда бой мен салмақ қатынасының индексі 37-40 тең. Индекстің осы көрсеткіштен төмен болуы адамның арықтығынбілдіреді, ал жоғары болуы адамның толықтығын білдіреді.

2. Бой   ұзындығы мен кеуденің көлденең өлшемі арасындағы пропорциональдық индекс.

Бұл индекс төмендегі формула бойынша анықталады: Р* 100:О.

Р - см. белгіленген бойдың ұзындығы, О - см белгіленетін кеуденің көлденең өлшемі. Қалыпты жағдайда индекс 50-55 тең. Осы индекстен төмен болса қушық кеуделі, ал жоғары болса кең кеуделі болып  саналады. Қазіргі уақытта адамның физикалық дамуын бағалауда организмнің морфофункциональдық жағдайы мен биологиялық даму деңгейін ескеретін зеріттеу әдісі комплексті түрде қолданылады.

Теріні қарап тексеру.

Теріні қарап тексергенде терінің түсі, ылғалдылығы, құрғақтығы, терідегі қабыршақтану, бөртпелер, жара мен жарақаттар, қанталаулар, есекжем мен ұшықтар, тыртықтар, ісіктер, шаш пен түктің өсу сипаты тексеріледі.

Теріні табиғи жарық түскен бөлмеде тексеру керек. Сау адам терісінің түсі ақшыл болуы мүмкін, егер дененің сыртқы жабындының гипопигментациясы тұқым арқылы берілсе немесе тері асты қан тамырлары терең орналасқан жағдайда немесе теріге мөлшерден көп май шоғырланса. Терінің түсі адамның өмір сүру, дем алу жәнерәсім ерекшелігі мен ұлттық ерекшеліктеріне қарай бағаланады. Рәсім ерекшелігіне қарай адамдарды 3 топқа бөлеміз: европеоидтар, монголоидтар, негроидтар. Оларды бір - бірінен терісінің түсіне қарай ажыратамыз. Терінің түсі түрлі аурулар салдарынан өзгеріске ұшырайды. Ақшыл түс - қан аздықта, бүйрек ауруында, өткір және созылмалы қансырағанда, ақшыл - сарғыш түс Аддисон-Бирмер ауруында, эндокардитте, гемолитикалық анемияда, жер түстес бозғылт рең - қатерлі ісікте, ақшыл жасылдау түс - хлорозда, ақшыл сұр немесе қоңыр түс - безгек ауруында, ақшыл сүт қосқан кофе реңді түс - бактериальды эндокардитте байқалады.Қызыл түсті тері - қанда эритроцит пен гемоглобин мөлшері жоғарылағанда мысалы; полицитемияда, қабыну процесстерінде (пневмония, туберкулез), бастан күн өткенде, нитриттер тобындағы дәрілерді қабылдағаида, морфинмен уланғанда байқалады.

Қоңыр қола түсті тері - Аддисон ауруына шалдыққанда байқалады. Қоңыр қола түсті пигментация - беттің, мойынның, қолдың, бел тұсы мен қолтық аймақтарының терісінде, жыныс ағзалары мен ауыз қуысының шырышты қабатында, қызыл иекте көлемі жағынан әр түрлі болып байқалады, бірақ алақан, табан, саусақ ұштары, көз склерасы өзгермейді.Терінің сарғыш түсі - қанда билирубин мөлшерінің жоғарылауына байланысты тері мен шырышты қабаттың сарғаюы, ол бауыр ауруында, өт қабы тасы ауруында байқалады - бұл иктерус (icterus) деп аталады. Терінің шамалы ғана сарғаюы субиктерус (subicterus) деп аталады. Бауыр ауруларында терінің сарғаюының қарқындылығы әр түрлі болады. Вирусты гепатитте - тері сарғыш қызыл - қоңыр түске енеді, гемолитикалық сарғаюда - тері сарғыш қола түсті қоңыр немесе ашық лимон түсті сары болады, механикалық сарғаюда - сарғыш қызғылт түсті болады, өт жолдары ісікпен сығылғанда - тері түсі сарғыш жасылдау реңде болады. Ұзақ уақыт акрихин, пикрин қышқылын, каротин қабылдағанда тері сарғаяды, бірақ шырышты қабат ешқашан сарғаймайды, несеп ашық сары түсте болады, қанда билирубин мөлшері қалыпты, нәжіс түсі қоңыр, несептің билирубинге реакциясы теріс, ал бауыр ауруында тері ғана емес, шырышты қабаттар сарғайып, несеп түсі сыра реңіндей қоңыр болады. Терінің көгеруі - цианоздеп аталады. Цианоз қанда метгемоглобин мөлшері көбейгенде немесе өкпеде газ алмасу процесі бұзылғанда дамиды. Жүрек қызметінің жетіспеушілігіндсе веноздық қанда метгемоглобин мөлшері жоғарылап, терінің түсі көкшіл болады - бұл шеткі цианоз деп аталады. Өкпе аурулары мысалы; эмфизема, пневмосклероз, өкпе артериясы ның склерозы, өкпенің қабынуы т.б. салдарынан өкпеде газ алмасудың бұзылуынан қанның оттегімен қанығуы нашарлап, науқас терісі көгереді - бұл орталық цианоз деп аталады. Кенеттен байқалатынцианоз - терінің кенеттен көгеруі; тумыстан болған жүрек ақауында, өкпе артериясының склерозы мен эмболиясында, өкпе эмфиземасында байқалады.

Терідегі патологиялық өзгерістер:

Сарғаюмен қатар теріде қышынудың салдарынан қасыған тырнақ сызаттары немесе іздері, жаралар, ақшыл сары түсті дақтар -ксантелазмдар (бұл эпидермис астында холестериннің шоғырлануы) әсіресе қабақта байқалады. Пигмент алмасу процесіндегі өзгеріс көбінесе ішкі секреция бездері қызметінің өзгеруіне байланысты байқалады. Қалыпты пигментациясының тумыстан болған ақауы альбинизмдеп аталады. (альбинизм туа біткен пигменттің жетімсіздігінен көз жанарының, шаштың және терінің ақтаңдақтануы). Терідегі депигментация ошақтары «ақтаңдық» - тері пигменті азайғанда пайда болады, ол витилигодеп аталады. Розеола  - дөңгелек формадағы ақшыл қызыл түсті бөртпе диаметрі-2-3 см, басқанда жойылып кетеді, және ол іш сүзек пен мерезде кездеседі.

Эритема - терідегі қызарған түстегі шектелген ошақ, жиі мерезде, тілме (рожа) ауруында, сарып (бруцеллез) ауруында кездеседі. Терідегі бөртпелер әр түрлі көлемде; макула, папула, везикула, пустула, улькус түрінде болады.

Есекжем - бұл аллергиялық ауруларда қалыптасатын терідегі қышымалы ақшыл түсті күлбіреген ошақ.

Геморрагиялар - тері мен оның шел қабатына құйылған қанның ірілі ұсақты ошақтары. Олар петехия, экхимоздар түрінде қан және қан жасаушы ағза ауруларында жиі кездеседі.

Ұшықтар (herpes)вирусты инфекцияларда кездесетін ішінде сүйықтығы бар, жарылғанда қабыршақтанатын, диаметрі 1 см-гі көпіршік.

Тыртықтар - отадан кейін, жарақаттан соң, күюден кейін пайда болады. Мерез жұлдызша тәрізді тыртық, сүйек және лимфа түйіндердің туберкулозынан кейінгі тыртық терімен жабысқан болады. Жүктіліктенкейінгі, Иценко-Кушинг ауруында тыртық құрсақ пен сантерісінде пайда болады.

Терінің ылғалдылығы; физиологиялық жағдайда ыстық цехта, ыстық жерде жұмыс істегенде, ыстық сүйықтық ішкенде байқалады.

Патологиялық жағдайда әсіресе туберкулезде, іріңді ауруларда, Базедов ауруында, перитонитте, бауыр жэне бүйрек шаншуында, естен тану, шок, коллапста, тердің бөлінуінің күштілігінен терінің ылғалдылығы жоғары болады.

Терінің құрғақтығы организм сұйықтық жоғалтқанда, диареяда, үздіксіз ұзақ құсқанда, қант жәме қантсыз диабетте, микседемада, кахексияда байқалады.

Денедегі шаш пен түктің түр сипатының өзгеруі ішкі секреция бездерінің қызметі өзгергенде байқалады. Эндокринді без ауруларының кейбіреуінде шаш өспей немесе түсіп қалады, енді біреуінде керісінше жылдам қатты өсіп, тіпті әйелдердің бетіне түк қаулап өсіп кетеді.

Организмде витамии (дәрумен) жетіспеушілігінен - гиповитаминоз, авитаминоз дамып, тырнақ сынғыш болады, ал өкпенің іріңді ауруларында тырнақ сағат шынысы тәрізді ойыстанады.

Теріні қарап тексергенде науқастың бүкіл денесінің немесе кейбір жерлерінің ісіңкі екенін байқауға болады. Ісіктер жалпы және жергілікті болып екіге бөлінеді. Ісіктің жергілікті түрі көктамырларда қан іркілгенде немесе қабыну процесстерінің салдарынан байқалады, жалпы түрі - жүрек пен бүйрек ауруында, аллергиялық ауруларда ( Квинке ісігі) дамиды.

Ісіктің жалпы түрінде ісіктер денеге жайылып, қуыстарға сұйықтық жиналады - бұл анасарка деп аталады. Ісік сүйықтығының қабыну процесстеріне байланысты жиналуы экссудат, сүйықтықтың жиналуы қабыну процесіне байланысты болмаса транссудат деп аталады. Мысалы; плевра қуысына жиналса - гидроторакс, құрсақ қуысына жиналса - асцит, перикардқа жиналса - гидроперикард деп аталады.

Ісіктердің дамуы оның пайда болу себебіне байланыстыісіктүрлері:

1.бүйрек ауруында дамитын ісіктер.

2.жүрек ауруында қан айналым нашарлағанда дамитын ісіктер.

3.кахексиялық - қатерлі ісіктерде дамиитын ісіктер.

4.ангионевротикалиқ - аллериялық ауруларда дамитын ісіктер.

5.қабыну процесстерінде дамитын ісіктер.

  Жүрек ауруында ісік аяқтан ал бүйрек ауруында беттен басталады. Жүрек ауруынан ісінген науқас ентігіп, дене терісі көкшіл әрі жылтыр болады, ол басын жоғары көтеріп, үнемі жастыққа сүйеніп, аяғын төсектен
салбыратып, екі қолын тізесіне тіреп отыруға мәжбүр болады. Бүйрек ауруында ісік жұмсақ, кенеттен басталып жылдам өрістейді, әрі қайтымды, терісінің түсі ақшыл, науқастың төсектегі қалпына әсер етпейді, яғни науқас төсекте басын төмен етіп жатуы мүмкін.

Тері астының май қабатының даму дәрежесі туралы науқастың салмағын өлшегеннен кейін, пальпация көмегімен май қабатының қалыңдығын анықтағаннан кейін мәлімет алуға болады. Тері асты май қабатыныңөтежақсы
дамуы семіздікке тән. Семіздік экзогендік жэне эндогендік факторлар
салдарынан дамиды. Экзогендік факторларға; құрамында холестерині
көп тағамды жиі қолдану, гиподинамия жатады. Эндогендік факторларға
 ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы жатады. Тері асты қабатының нашар дамуы гипотрофия деп аталады. Гипотрофияның 3 дәрежесі болады;

I дәрежесінде терітургоры төмен, тері түсі ақшылданады

II дәрежесінде кеудедегі май ұлпасы жойылған, тері бос, құрғақ және тез қатпарланады, терінің созылғыштық қасиеті төмендеген.

III дәрежесінде тері асты май қабаты толық жойылған, тері құрғап әжім басқандықтан тез қатпарланады, бет әлпетінде қартайғандық байқалады, терінің түсі ақшыл сүр түстес болады. Гипотрофияның ең соңғы даму дәрежесі кахексия деп аталады, ол қатерлі ісіктерде, созылмалы инфекцияларда (туберкулезде) кездеседі жэне қалқанша без, ұйқы безі, гипофиз безі ауруларыпың негізгі симптомы болып табылады. Гипотрофияның I -II дәрежесі толық, жақсы тамақтанбағандықтан және ас қорыту жүйесі аурударында, ұзақ үздіксіз ққсқанда байқалады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.135.209.20 (0.008 с.)