Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Науқастың төсектегі жағдайы.

Поиск

1. Активті жағдай; науқас өзі жүріп, тесекте ыңгайлы жағына қарай жатады.

2. Пассивті жағдай; науқас төсекте қозғалмай .

3. Мәжбүрлі жағдай немесе ортопноэ.

(КХЮ. Елисеев, 1999ж.) Науқастың төсектегі жағдайын мына түрлерде бағалауга болады. (Т.Сейсембеков. 1993 ж.).

1.Жеңіл күй қалып; науқастың өзін- өзі күту іс әрекетін еркін орындауға мүмкіндігі сақталған болады.

2.Амалсыз күй қалып; науқастың жағдайы ауыр, сондықтан науқас денесін төсекте белгілі бір қалыпта ұстауға мәжбүр болады.

3.Енжар күй қалып; науқас жағдайы өте ауыр, созылмалы ауруынан арықтап, әлсіреген немесе ессіз халдегі науқастар да байқалады.

Мойын тұсындағы көк тамырлары кеңейген жүрек ауруымен науқастың мәжбүрлі жағдайы.

Науқастың жалпы тұлғасын (habitus) зерттеу.
Науқастың конституциясын зерттеуде патологиялар салдарынан
өзгерген кеуде формалары, бойының ұзындығы, салмағы, қимыл
қозғалысының сипаты, жүрісі тексеріледі. Генетикалық, экзогенді,
эндогенді факторлар негізінде   әр адамның тұлғасындаморфологиялық және функциональдық ерекшеліктер болады. Адам тұлғасын ешқандай өзгеріске ұшырамайды деп қарастыруға болмайды, себебі тұлға тұрмыс және жұмыс жағдайына, тамақтану тәртібі мен сыртқы орта әсерінен өзгерістерге ұшырайды.

М. В. Черноруцкий адам конституциясын - тұлғасын 3 түрге бөлінетінін ұсынды: 1. Нормостениялы, 2. Гиперстениялы, 3. Астениялы .

Астениялы тұлғалы адамдар; адамның бойы мен көлденең өлшемін салыстырғанда бойының өлшемі басымдау, мойны мен кеудесі ұзынша,  бет пішіні сопақтау, йықтары салбырыңқы, қолтық шұңғылдары терең, аяқ-қолдары ұзын, құрсақ үсті бұрышы 90 градустан кем, кеуде іш көк еті төмендеу орналасқан, қабырғалары омыртқа жотасымен сүйір бұрыштана жайғасқан, қаңқа бұлшық еттері нашар жетілген, денесі арық болады. Асқазан ішек, бауыр шекаралары төмен түскен, жүрек көлемі гиперстениялы тұлғалы адамдармен салыстырганда кішкене болады. Астениялы адамдарда қан қысымы төмен және асқазан -ішек аурулары, жүйке жүйесінің аурулары, өкпе ауруы (туберкулез) жиі кездеседі.

Гиперстениялы тұлғалы адамдар; бойы аласа, денесі толық,
етжеңді, басы мен құрсақ көлемі үлкен, аяқ-қолдары мен мойны
қысқа, кеудесі шалқақтау, йықтары тік, құрсақ үсті бүрышы 90
градустан артық, доғал, қолтық шұңғылдары таяз, жауырыны
жалпақ, кеуде іш көк еті жоғары орналасқан, астениктермен
салыстырғанда өкпеден басқа ішкі ағзаларының көлемі үлкен,
қабырғалары омыртқа жотасымен тік бұрышқа жуықтана жалғасқан,
бет әлпеті дөңгелек. Гиперстениялы тұлғалы адамдарда жиі қан
қысымы жоғары, зат алмасу процесі астениктермен салыстырғанда
баяу әрі төмен   болады. Гиперстениктерде   атеросклероз,семіздік,гипертония, өт қабы мен бүйрек тасы ауруы жиі кездеседі.

Нормастениялы тұлғалы адамдарда; бойы мен көлденең өлшемдері сәйкес, қолтық тереңдігі орташа, құрсақ үсті бұрышы тік бұрышқа жуық, йықтары тіктеу, бұлшық еттері қуатты әрі серпімді. Тұлғаның өзгерісі әр түрлі сырқаттықты бейнелейді: мысалы - туберкулез процесі омыртқа жотасын қисайтады, іш шеменінен кеуде тым көтеріліп, асқақтап кетуі мүмкін.

Науқастың қимыл қозғалысының сипаты түрлі неврологиялық патологияларда, қимыл тірек аппараты зақымданғанда өзгереді. Сұңғақ тұлға, еркін және жеңіл қимыл қозғалыс көңіл күйдің жақсы екендігін көрсетеді.

Ми ұлпасына қан құйылғанда адам аяғын сүйретіп басады, дене қызуы жоғарылағанда науқас теңселіп жүреді, орта жіліктің ұршығы шыққан бала үйректің балпаң жүрісімен жүреді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.137.170.38 (0.012 с.)