Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жылутасымалдаушы жӘне жылумен Қамтамасыздандыру жҮйелерін таҢдау

Поиск

Жылутасымалдаушы және жылумен қамтамасыздандыру жүйелерін таңдау техникалық және экономикалық тұрғыдан анықталады және негізінен жылу көзінен және жылу жүктемесі түріне байланысты. Жылумен қамтамасыздандыру жүйесін оңайлату ұсынылады. Жүйе оңай болған сайын, құрылымда арзаныраұ және пайдалануда сенімдірек. Қарапайым шешімдерді барлық жылу жүктемелерінің түрлері үшін бірдей жылутасымалдаушыны қолдануға мүмкіндік береді.

Егер ауданның жылу жүктемесі тек жылытудан, желдетуден және ыстық сумен қамтамасыздандырудан тұрса, онда жылуфикация кезінде екіқұбырлы су жүйесін пайдаланады. Жылытудан, желдетуден және ыстық сумен қамтамасыздандырудан басқа ауданда аздаған технологиялық жүктеме бар. Жүйенің құлау сызықтарының бірі жоғары потенциалды жүктемені қанағаттандыру үшін пайдаланылады.

Ауданның негізгі жылу жүктемелері болып жоғары потенциалды технологиялық жүктеме табылады, ал мезгілді жылу жүктемесі аз, жылутасымалдаушы ретінде әдетте, бу пайдаланылады.

Жылумен қамтамасыздандыру және жылутасымалдаушы параметрлерін таңдау кезінде барлық элементтер бойынша экономикалық және техникалық көрсеткіштер ескеріледі: жылу көзі, желісі, абоненттік қондырғылары. Энергетикалық су тиімдірек. ЖЭО көпсатылы су қызыдырушыны пайдалану жанармай үнемділігі артатын жылу және электр энергиясын меншікті аралас өңдеуді арттыруға мүмкіндік береді. Булы жүйелерді пайдалану кезінде барлық жылу жүктемелері жоғары қысымды өңделген бумен жабылады, мұның әсерінен электр энергиясының меншікті аралас өңделуі төмендейді.

Судың жылутасымалдаушы ретіндегі негізгі артықшылқтары:

1) жылуды пайдалану негізінде электрлік энергиясының меншікті үлкен аралас өңделуі;

2) ЖЭО конденсатты сақтау, бұл жоғарғы қысым электрбекеттері үшін үлкен маңызға ие;

3) Біртекті жылу жүктемесінің немесе абоненттердегі есептік жүктемелердің бірдей қатынасы кезіндегі анықталған жылу жүктемелерінің орталық реттелу мүмкіндігі, бұл жергілікті реттеуді жүзеге асырады;

4) жылумен қамтамасыздандыру жүйесіндегі жоғарғы ПӘК абоненттік кірістердегі конденсат жоғалтулары және буларыдың жоқ болу әсерінен;

5) сулы жүйенің көтеріңкі қуаттаушы қасиеті.

Судың жылутасымалдауыш ретіндегі кемшіліктері:

1) булы жүйелердегі конденсат қотаруына шығынмен салыстырғанда желілік судың қотаруға электрэнергиясының үлкен шығыны;

2) апаттарға үлкен «»сезімталдық», себебі булы желілерден жылутасымалдаушы ағындары булы желілерден будың меншікті көлемдерінің сулы жүйелерге қарағанда аздығы (20-40 есе) әсерінен (аздаған ақаулар кезінде сулы жүйеле жұмысын тоқтатқанда булы желілер ұзақ уақыт жұмыс істеуі мүмкін);

3) Жылутасымалдаушының үлкен тығыздығы және жүйенің барлық нүктелері арасындағы гидравликалық байланыс.

Абоненттік жылуалмастырғыштарда жылутасымалдағыштың орташа температурасын анықтаушы абоненттік қондырғылардағы жылу реттеулерін қанағаттандыру шарттары бойынша су және бу әрқұнды жылутасымалдағыш болып табылады. Текк ерекшеленген жағдайларда ғана, яғни бу технологиялық процес (үрлеу, қайтабулау және т.б.) үшін пайдаланылса, онда ол сумен алмастырыла алмайды.

Бу қазандықтантардан жылумен қамтамасыздандыру кезінде төмен потенциалды жылу жүктемелерінде пайдаланылады.

Маңызды мәнге жылутасымалдағыштың параметрлерін таңдау жатады. Қазандықтардан жылумен қамтамасыздандыру кезінде жылуды тасымалдау техникасы шарттары бойынша оларды абоненттік қондырғыларда қолдану үшін жылутасымалдағыштың жоғары параметрлерін таңдау қажет. Жылутасымалдағыш параметрлерін жоғарылату жылу желісі диаметрлерін күшірейтуге, ал қотару (суды) бойынша шығындарды төмендетуге әкеледі. Жылуфикация кезінде ЖЭО үнемдеуіне жылутасымалдағыш параметрлерінің әсерін ескерген жөн.

Ашық және жабық типтес жылумен қамтамасыздандырудың сулы жүйелерін таңдау ең алдымен, ЖЭО сумен қамтамасыздандыру шарттарына, суқұбырлы судың сапасына (қаттылығына, коррозиялығына, қышқылдануына) және ыстық сумен қамтамасыздандыру үшін төменпотенциалды жылу көздеріне байланысты.

Ашық және жабық жылумен қамтамасыздандыру жүйелері үшін міндетті шарт болып, МЕСТ 2874—73 «Ас суы» сәйкес абоненттердегі тұрақты ыстық су сапасын қамтамасыздандыру табылады. Көптеген жағдайларда негізгі суқұбырлы судың сапасын жылумен қамтамасыздандыру жүйесі анықтайды.

Қарастырылған әрбір жылумен қамтамасыздандыру жүйесінің қолдану артықшылығы негізгі суқұбырлы судың келесі көрсеткіштерімен анықталады. Жабық жүйе кезінде: қандыру индексі J > - 0,5; карбонатты қаттылық Жк < 7 мг-экв/л; (CI + S04) < 200 мг/л; перманганатты қышқылдану тәртібі сақталмайды.

Ашық жүйе кезінде: перманганатты қышқылдану О < 4 мг/л; қандыру индексі, карбонатты қаттылық, хлорид және сульфаттар концентрациясының тәртібі сақталмайды.

Жылумен қамтамасыздандырудың ашық жүйелерінің (жылыту қондырғыларының радиаторлары) тоқыраған аймақтарының жоғары қышқылдануы әсерінен (О > 4 мг/л) микробиологиялық процестер дамып, ол судың сульфидті ластануына ұласады. Сонымен, ыстық сумен қамтамасыздандыру үшін жылыту қондырғыларынан алынған су, жағымсыз күкіртсутек иісіне ие болады.

Энергетикалық көрсеткіштер және бастапқы шығындар бойынша жылумен қамтамасыздандырудың заманауи екіқұбырлы жабық және ашық жүйелері орта есеппен бағалас болып келеді. Бастапқы шығындар бойынша ашық жүйелер судайындауға зәру емес және ас суынынң барлық санитарлық нормаларына сай ЖЭО жұмсақ су көздері болғанда кейбір экономикалық артықшылықтарға ие. Ашық жүйелерді пайдаланғанда ыстық сумен қамтамасыздандыруға арналған су жылу желіснен таңдалады, бұл бір жағынан суық суқұбырының желісін жеңілдетеді және кейбір жағдайларда қосымша экономикалық артықшылықтарды қалыптастырады, ал екінші жағынан – капиталды шығынджарды арттырушы магистральды су таратқышты ЖЭО тартуға мәжбүрлейді. Пайдалану шығындары бойынша ашық жүйелер судайындауға арналған қосымша шығындарменбайланысты жабық жүйелерге орын береді. Пайдалану кезінде ашық жүйелер жылу желісінің гидравликалық тәртібінің тұрақсыздығынан, жүйе тығыздығының санитарлы бақылануының қиындауы әсерінен жабық жүйелерден қиынырақ.

Қатысты ыстық сумен қамтамасыздандырудың үлкен жүктемесі бар аудандарда ұзаққашықтыққа жылуды тасымалдау кезінде қазндықта немесе ЖЭО –да санитарлық нормаларға сай су болған жағдайда, бірқұбырлы транзитті жылумен қамтамасыздандырудың ашық жүйесін және екіқұбырлы жайғастырушысын желімен пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімдірек.

Аса ұзаққашықтыққа жылуды тасымалдау 100-150км және одан көп химиятермиялық жылу беру жүйесін пайдалану үнемділігін тексеру қажет, яғни химиялық байланыс күйіндегі жылуды тасымалдау.

 

Бақылау сұрақтары және тапсырмалары

1. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыздандырудың сулы және булы жүйелерін салыстырыңдар. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

2. Жылуфикация кезінде Ресейде жылумен қамтамасыздандырудың сулы жүйесін пайдаланудың артықшылықтары немен түсіндіріледі?

3. Жылумен қамтамасыздандырудың ашық және жабық жүйелерін салыстыр . Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? Әр жүйенің белгіленуі бойынша қолдану аймағы.     

4. Сулы жылумен қамтамасыздандыру жүйесінде жылу көздеріне сіңіру құралдарының белгіленуі?

5. Қандай импульске немесе параметрлерге сіңіру сорғыштарының берілуі реттеледі?

6. Сулы жылу желілерінде топтық жылу бекеттерінің белгіленуі қандай? Топтық жылу бекеттерімен жылумен қамтамасыздандыру жүйелерінің кемшіліктері мен артықшылықтарын көрсетіңіздер. Сулы жылу желілеріне абоненттердегі жылупайдаланушы құрылғыларын тәуелсіз және тәуелді қосу сызбасының ерекшеліктері? Әрқайсысының белгіленуі бойынша қолдану аймағы.  


7. Жылыту қондырғыларының жылу желілеріне қосылу түйіндерінде араластыру құралдарының белгіленуін түсіндіріңдеер. Араластыру құралдарының пайдалану түрлері.

8. Жылыту қондырғыларының сулы жылу желісіне қосылу түйіннде аққыш араластырғыштың (элеватордың) кемшіліктері мен артықшылықтары қандай?

 

10. Жылумен қамтамасыздандырудың ашық және жабық жүйелеріндегі абоненттік қондырғыларының ыстық су аккумуляторларын қосу сызбасын келтіріңдер жәек олардың жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер.

11. Жылыту қондырғыларының және ыстық сумен қамтамасыздандырудың абоненттік кірісінде екісатылы тізбекті және параллель сызбаларды келтіріңдер. Паралельдімен салыстырғанда екісатылы тізбекті сызбалардың кемшіліктері мен артықшылықтары қандай?

12. Жылыту қондырғыларының жұмыс ретін сипаттаушы қандай параметрлер жылыту жүктемесінің топтық немесе жергілікті реттелуінде қолданылады?

13. Жылу жүктемесінің қандай құрылымында жылумен қамтамасыздандырудың үшқұбырлы сулы жүйелерін пайдаланған дұрыс?

14. Конденсаттың қайту және жинау жүйелері жетілдірілуінің негізгі жолдарын көрсет. Конденсаттың қайту және жабық жинау жүйелерінің ерекшеліктері қандай?

15. Химиялық байланыс күйіндегі ұзаққашықтыққа жылуды тасымалдау жүйесінің негізгі ерекшелігін келтіріңдер.

16. Ұзаққашықтыққа жылуды тасымалдау жүйесінің метан конверсиясы негізінің химиялық байланыс күйіндегі негізгі процестерін сипаттаңдар.

17. Жылу жүктемесінің қандай құрылымында жылумен қамтамасыздандырудың үшқұбырлы сулы жүйелерін пайдаланған дұрыс?

18. Жылумен қамтамасыздандыру және жылыту қондырғыларының байланыс реттеу принципі бойынша сулы жылу желісіне қосылуы қандай артықшылқтарға ие?

19. Қандай қалалық жылу жүктемесі кезінде жылумен қамтамасыздандырудың ашық жүйелерінде жылуды бірқұбырмен транзитті тасымалдау мүмкін?

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.70.108 (0.011 с.)