Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сурет 3.1 – Органикалық жанармайдағы ЖЭО жылу қыздырушы қондырғыларға арналған принципиалды жылу сызбасы

Поиск

а — ПТ типтес турбинамен; б —Т типтес турбинамен; / — турбина; 2 — электренераторы; 3 — қазандық; 4 — конденсатор; 5,6 — жоғарғы және төменгі сатылардың жылуфикациялық қыздырғыштары; 7 — желілік сорғыш; 8 — жылуфикациялық қыздырғыштардың конденсаторлы сорғыштары; 9 — сіңіруші сорғыш деаэраторы; 10
сіңіруші сорғыш ; 11 — конденсаторлы сорғыш; 12 — эжекторлы қыздырғыш; 1316 — төмен қысымды регенеративті қыздырғыштартар; 17 — станцион­ды деаэратор; 1820 — жоғары қысымды регенеративті қыздырғыштартар; 21 — сіңіруші сорғыш; 22 — регенеративті қыздырғыштардың конденсаторлы сорғышы; 23 — жоюшы қондырғы; 24 — химсутазалаушы сорғыш; 25 — бекеттің сіңіруші сорғышы; 26, 27 — сулы жылужелісінің беруші және кері коллекторлары; 28, 29 — булы және конденсаторлы коллекторлар; 30 — конденсаторлы сорғыш; 31 — редукционды- суытушы қондырғы; 32 — фильтр-ластағыш; 33— сіңіру реттеушісі; 34 — пиктік қазандық; 35 — бустерлі сорғыш; 36 — химсутазалау; 37 — конденсатордағы орналастырылған шоқ.


 

Желілік судың қыздырылуы пикте, әдетте суқыздырушы қазандықта 34 тек жоғарғы жылуфикациялық қыздырғыштан 6 шығу кезіндегі желілік судың температурасы қосылған абоненттердің жылу жүктемесін қанағаттандыруға жеткіліксіз болғанда ғана жүргізіледі. Әдетте, мұндай реттеуіштер төмен сыртқы температуралар кезінде жылыту уақыты үшін ән.

Өңделген будың конденсаты конденсатордан 4 конденсатты сорғышқа 11 түседі және төмен қысымды регенеративті қыздырғыштар 13-16 арқылы

де­аэраторқа / 7беріледі, ол сіңіруші сорғыш 21 арқылы кіріп, жоғарғы қысымды регенеративті қыздырғыштартар жүйесі арқылы 18-20 қазандыққа 3 беріледі.

Сулы жылу желілерінде әртүрлі тығызсыздықтар арқылы өтетін жылутасымалдау ағуының орны бар. Бұл ағу химиялық тазаланған деаэретивті сумен орындалуы тиіс. Бұл мақсат үшін суқұбырындағы су химсутазалауға 36 түсіп, турбинадан бумен өңделіп қыздырылушы деаэраторға 9 сорғышпен 24 беріледі. 3.1 суретіндегі сызбада сіңіруші судың атмо­сфералық деаэраторы көрсетілген. Мұндай шешімдер желілік судың сіңірілуі аз жылумен қамтамасыздандырудың жабық жүйелерінде қабылданады. Деаэратордан су  сіңіруші сорғышқа 10 түсіп, реттеуш клапан 33 арқылы бустерлі сорғыштың 35 сорушы сызығына беріледі. Сіңіру реттеуінің импульсі жылу желісінің айналушы контуры нүктелерінің бірінен қысымның өзгеруі болып табылады. Ең ыңғайлысы импульсты желілік сорғыштың 7 айдамасы және сорушы түтікті біріктіретін қосқыштың кез келген нүктесінен алу. Ағу сіңіруден көп болса, импульсты нүктедегі қысым төмендейді. Бұл реттеуші клапанның 33 ашылуына және сіңірудің ұлғаюына әкеледі. Ағу сіңіру шығынынан азырақ болса, онда импульсты нүктедегі қысым ұлғаяды да клапан 33 жабылып, сіңіру азаяды.

ЖЭО жылудайындалушы қондырғылары кейде сіңіруші судың деаэраторлы вакуумдарымен жабдықталады. Мұндай қондырғылар сіңіруші су шығын аз жылумен қамтамасыздандырудың ашық жүйелерінде қолданылады.

Су қыздырушы қазандықтар (сурет 3.2) ЖЭО іске қосылуын енгізгенге дейін және ЖЭО магистральды жылу желілерінің белілген қазандықтарына дейін қайта құрастырылатын аудандарында жиі салынады. Сонымен, ЖЭО арналған жылу жүктемелері жылуфикациялық турбиналарды енгізу уақытына дейін олардың таңдалуы түгел жүктелуі үшін дайындалады. ЖЭО іске қосып және олардан қазандықтарға дейін магистралды жылу желілерін енгізгеннен кейін,әдетте кейінгілері пиктік немесе резервті жылу көздері ретінде пайдаланылады. Болат суқайнатқыш қазандықтардың негңзгң сипаттамалары қосымша 16 келтірілген.

Булы қазандықтар (сурет3.3) ыстық сумен де, бумен де жылу жіберуге пайдаланылуы мүмкін. Желілі суды бумен қыздыру бусулы қыздырғыштарда жүргізіледі. Қатты жанармайжа жұмыс істегенде желілік судың субулы қыздырғыштарымен булы қазандықтар суқыздырғыштармен салыстырғанда пайдалану кезіндегі сенімділікпен және оңтайлылығымен ерекшеленеді. Сериялы өндірістегі төмен және орташа қысымдағы булы қазандықтар қосымша 17 келтірілген.

3.4 суретінде атомды ЖЭО жылуқыздырғыш қондырғыларының принципиалды сызбасы көрсетілген

Толығырақ . §3.3 қараңыз.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.217.14.208 (0.008 с.)