Номикалык шараларын орыстандыру саясатымен тікелей байланыстыра- 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Номикалык шараларын орыстандыру саясатымен тікелей байланыстыра-



ды: кеңестендіру, индустрияландыру, ұжымдастыру, орыстандыру —

окиғаның тізбегі, міне осындай. Р. Хилл «Кенес Одағы: Лениннен Горба-

чевка дейінгі саясат, экономика және коғам» деген айтулы еңбегінде өзі-

нің коғамдык дамуында артта калған халыктарға «білімді аксүйектердің

өз кұндылыктарын таңуы» олардың рухани өмірі мен экономикасының

жекелеген салаларын өз калауларынан тыс күшпен жанартуға мәжбүр ет-

кен отаршылдык саясаттың сөзсіз салдары деп санайды. «Халыктардың

Экономикалык дамуын камтамасыз ете отырып, — деп жазады кітап авто-

ры,— Кеңес үкіметі олардың дәстүрлі мәдениетін үнемі күйретіп отырады,

сол аркылы олар халыктардың мүсәпірлік өмір салтына душар болуының,

олардың орыстар пайдасы үшін қаналуының барлык кінәсын мойнына арт-

ты».143 Алайда, бұл оның пікірінше, жаңғырту жолына түскен елдердің

барлығының да үкіметтері бастан кешетін дилемманың бір нүскасы болып

Табылады.

Сөйтіп кенестік отаршылдық, тоталитаризм және модернизация

(жаңғырту) теорияларының жақтаушылары бір-бірінен өздерінің тек бас-

тапкы көзкарастары түрғысынан ғана ерекшеленді. Біреулері жаңғырту

үрдісі халыктың рухани бастауы мен моральдык негізін үзіп тастайды,

сондыктан мәдениеттің өзгерістер мен ыкпалдарға ұшырауы сөзсіз бола-

тын жағдай деген көзқарасты ұстанады. Енді біреулер (алдыңғы екі теория-

ны жактаушылар) мәдениет пен коғамдык дамудың аракатысын түсін-

діруде, рухани кұбылыстардың, коғамдыксананыңтәуелсіздігін мойын-

дайтын мәдени детерминизмді негізге алады. Батыстыктарихшылар озде-

рініңтүпкі теориялык козкарастарын, мәдениеттің маңызды саласы ретін-

дегі мектепте білім беру ісін дамытудың мысалында айшыктап көрсетуге

үмтылды, бүл жағдайда, олардың пікірінше, Кеңес мемлекеті саясатының

максаттары мен объективті нәтижелері арасында шешімін таппаған ди-

лемма болғандығы айтылды (Р. Видмайер, Г. Бэрман, Н.де Витт т.б.).144

Бірақ сонда да үзак уақыттар бойы Батыс ғалымдарының күш-жігері білім

саласының әр түрлі даму кезеңдеріндегі кеңестік саясат тақырыбының

шеңберінен шыға қойған жоқ.

Орыс әріптерін (кириллицаны) енгізудіңсалдарлары мен мақсаттары

туралы мәселе бірқатар шетелдік тарихшылардың (Дж. Уилер, М. Рив-

кин, С. Данн және Э. Данн, П. Хенце, С. Матушевский т.б.) еңбекте-

рінде145 жан-жакты талкыланады. Олардың зерттеулерінің негізгі қоры-

тындылары алфавитті ауыстыру Орта Азия мен Қазакстан халықтарының. 50-жылдардын екінші жартысынан бастап, казак әдебиетінін актал-

ған классиктері С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров және баскалар-

дың отызыншы жылдары тыйым салынған шығармаларының жарык көру-

імен катар, казакстандык «формасы жағынан ұлттык, мазмұны жөнінен

социалистік» мәдениеттің дамуы туралы деректер де жариялана бастады.

«Социалистік жаңару» шараларына катысушылардың естеліктерін ғылы-

ми максатка пайдалану отандык деректанудың маңызды бөлігі ретінде са-

налды.192 Коғамдык-саяси сипаттағы естеліктермен бірге, өткен жылдар-

дын рухани өмірінің шынайы суретін бейнелеуге көмектесетін, мәдениет

кайраткерлерінін естеліктері де көптеп жариялана бастады.193

Казакстандык тарих ғылымының артта калушылығы мен деректік

негізінің зиян шеккендігі әсіресе Сталиннің жеке басына табыну әшке-

реленгеннен кейін айкын болды. Тарихи зерттеулердің деректік негізінің

әлсіздігі 1957 жылдың 5—11 мамырында Алматыда өткен Казакстан, Қыр-

ғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Ғ ылым академияла-

рының біріккен ғылыми сессиясында атап көрсетілді. Деректердің жеткі-

ліксіз пайдаланылуы салдарынан кеңес жылдарындағы Казакстан мен Орта

Азия республикалары тарихы оның алдындағы кезендердегі тарихка кара-

ғанда әлдекайда нашар зерттелгендігі атап өтілді. Тарихшылар жергілікті

материалдарды назардан тыс калдырып, негізінен басқарушы органдар-

дың кұжаттарын пайдаланды.194

Коммунистік партиянын акпараттык кеңістікке толық билік жүргізуі

тұтастай алғанда Казакстан тарихының деректік негізіне орасан зор зиян

келтірді. Коммунистік партия тарихи акпараттың барлык дереккөздерін

озінің катаң бакылауына алып, оны пайдалану мен жариялауды барынша

шектеді. Осындай саясаттын салдарынан халык өмірінің өзекті проблема-

лары және ұлттық сана мен дәстүр жөнінде айтылатын деректемелер ашык

жариялауға жатпайтын материалдардын қатарына косылды.

1929—1931 жылдардағы халык көтерілістері, 1931 —1933 жылдардағы

күрбан болғандар саны мен жаппай ашаршылық жағдайлары, саяси куғын-

дау мен оның күрбандары - режимнің жаппай жүргізген терроры жылдары

(1937—1938) каза тапкан «халык жаулары», халык санағының көрсеткіш-

тері, т.б. жөніндегі материалдар бұқара көпшіліктің назарынан жасырын

ұсталды. 1931—1933 жылдардағы тұрғындардың жаппай ашығуы мен

кырылуы кезеңінің кұжаттарында көбінше үзік мәліметтер ғана сакталған.

Сол кездің жағдайын неғүрлым шынайы бейнелейтін баяндама жазбалары

мен есептер ұзак жылдар бойы кұпия күйінде калды. Тарих ғылымының

деректемелік негіздерін бүлайша жасанды түрде шектеу түпнұска дерек терге үстірт қараудын жағымсыз тәжірибесін калыптастырып, олардың лай-ыкты бағаланбауына алып келді.

Кеңестік кезенде ресми баскару органдарының, әсіресе Коммунистік

партия органдары кұжаттарының мазмұны күдік тудырылмайтын мәселе-

ге жаткызылды. КОКП кұжаттарынан алынған мәліметтер ең дұрыс де-

ректер деп саналды. Сондыктан казіргі зерттеушілер үшін кеңестік кезең-

дегі дереккөздердің дұрыстығына көз жеткізу мәселесі басты проблема

Болып отыр.

Кеңестік кезеңнің кұжаттык деректемелеріне сыни талдау жасау бар-

лык партиялык-кеңестік кұжаттар республиканың шынайы өткен тари-

хын толык бейнелеп бере алмайтындығын көрсетті. Партиялык кұжаттар-

ға шындыкты өрескел бұрмалау, жалған акпарат беру, деректі боямалап

көрсету, косып айту, кемшіліктерді жасыру тән еді. Деректер мен окиғалар

баскарушы партия мен оның идеологиялык максат-мүдделеріне лайыкты

калыпкатүсірілді. Жан-жакты бакылау орнатылғанына қарамастан, олар-

дағы мәліметтер және сандык-сапалык көрсеткіштер бойынша, ресми ба-

сылымдар мен мұрағаттык деректер, статистикалык мағлұматтар т.б. ара-

сындағы айырмашылығы жиі байкалып отырды.

Кеңестік тарих ғылымның ең осал тұстарының бірі қазақ тіліндегі

деректемелердің пайдаланылмауында еді. Мәселен, коммунистердің ис-

лам дініне карсы күресін ең шынайы түрде көрсетуге тиіс саналған құжат-

тар жинағында осы мақсат үшін таңдап алынған 145 материалдың ішіндегі

тек үш кұжат кана қазак тілінен аударылған болып шықты.195 Ал халық-

тардың интернационалдык достығын насихаттауға арналған «Есею кезең-

дері» (А., 1990) деп аталатын күжаттар жинағына қазак тіліндегі небәрі

5—6 ғана дерегі шамалы дүниелер енгізілген.196«Қазакстан тарихының»

осы томының авторлары жоғарыда аталған елеулі кемістіктердің орнын

толтыру бағытында көп жұмыстар тындырды. Казіргі кезде зерттеушілер

мемлекеттік тілдегі тарихи акпараттардың жаңа деректерін тауып пайда-

ланады және бұрыннан белгілі материалдардың ғылыми-практикалық

кұндылығын жаңаша бағамдайды.

80-жылдардың екінші жартысында, КСРО-да демократиялық үрдіс-

тердін басталуымен бірге, коғамдык күштердің кысымымен, Казақстанда

мұрағаттык кұжаттарды пайдаланудағы негізсіз шектеулерді алып тастауға

қатысты жұмыстар басталды. Бұрынғы кол жетпейтін құжаттар мен

деректердің жариялана бастауы таяуда ғана билік құрған кенестік шын-

дыктың тарихи деректеріне деген аса зор қоғамдық қызығушылық тудырды.

Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ш. Кұдайбердиев, М. Дулатов, М. Жұма-

баев, Ж. Аймауытов, К. Кеменгеров, С. Сәдуақасов және баскалардың

саяси акталуы жаңа серпін берді. Олардың шығармалары мен кұжаттық

мұраларының жариялана бастауы тарихи әділеттілікті калпына келтіруге

жаңа жол ашты. Үзак жылдар бойы кұпия сакталып келген кұжаттардың:

арнаулы органдар үнемі толтырып, Мәскеуге жөнелтіп отыратын респуб-

ликадағы коғамдық-саяси жағдайлар туралы мәліметтердің, партиялық-

кеңестік бакылау органдары материалдарының, партиялык тазалау мен

жеке істер (партиялык істер, партиялық тергеу хаттамалары, пікірталас

стенограммалары, хаттар т.б.) туралы акпараттардың алғашкы жарияла-

нымдарын жұртшылықоң кабылдады.

7.Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілістің тарихи маңызы және оған жаңаша көзқарастар.

1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса ауыр қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді.Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз өсті.Қазақтардан, бірінші кезекте Сырдария және Жетісу облыстарында жерлерін жаппай тартып алу жұмыстары жалғастырылды.Бір ғана Жетісу облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800мың деятина жақсы жайылымдар мен егістікт алаптар тартып алынды, ал осы жерлердің нағыз қожайындары казактар шаруашылық жүргізуге онша жарамды емес, немесе мүлде жарамсыз шөл немесе шөлейт аудандарға күшпен көшірілді.1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ халқынан тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 миллион десятинаға теңелді.Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, соғыс кесапаты- халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке халқының әр түрлі топтары тарапынван белсенді наразылық туғызды.Соғыс жағдайларында «Қазақ» жалпыұлттық газетінің төңірегінде біріккен қазақтың либерал-демократиялық зиялыларының жетекшілері- Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және олардың жақтастары, сондай-ақ қазақ зиялыларынан шаруа-демократиялық бағытты жақтайтын М.Сералин, Б.Майлин, С.Дөнентаев және басқалары сынды «Айқап» журналының төңірегіне топтасқан өкілдері басылып шыққан сөз арқылы өздерінің халыққа ықпалын нығайтуға ұмтылды.Саяси көзқарастары мен мен әрекеттеріндегі айырмашылықтарға қарамастан,қазақ зиялыларының жоғарыда аталған өкілдерінің көптеген туындыларының өзегі «Оян,қазақ» ұраны болды.Соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей дағдарыс үрдісін тездетті. Қазақстанның,Орталық Азияның барлық дерлік аудандарын қамтыған.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс соның жарқын көріністерінің бірі болды.Көтерілістің басты себептері әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың шамадан тыс ұлғайтылуы, қазақ халқы мен аймақтың басқа байырғы халықтары жөнінде патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясаты, қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы болды.Бұл аталғандардың ішінен ежелгі қазақ жерлерінің жаппай, күшпен тартып алынуын және өлкені басқарудың отаршылдық жүйесінің күшейтілуін ең басты себеп ретінде қарастыруы керек.Верный уезі Пригородный учаскесінің қазақтары өздерінің 1916 жылғы 17қазанда Түркістан генерал-губернаторына көтерілістің себептері туралы аразында дұрыс атап көрсеткендей: оны туғызған «халық дұрыс түсінбегенттыл жұмысына жұмысшыларды шақыру ғана емес.Себеп тереңіректе жатыр.Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстанның,Орталық Азияның және ішінара Сібірдің 19 жаспен 43 жасқа дейінгі «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмыстарына «реквизициялау туралы» жарлығы тікелей себеп болды.Қазақстандағы көтеріліс 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы жарияланғаннан кейін басталды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты.Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімдерін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады.Стихиялық қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласа бастады; ірі ошақтары Жетісу Торғай пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды және оның өткір жүзі патша өкіметінің әскери –отаршылдық және оның өткір жүзі патша өкіметініңәскери-отаршылдық және кең көлемде орыстандыру саясатына және белгілі бір дәрежеде ауылдардың феодал-бай үстем топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысына ұласты.Осы тұрғыдан ол Ресейдің жұмысшы табы мен шаруаларының соғысқа және патша өкіметіне қарсы революциялық қозғалысымен ұштасты.1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды.Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.Күрелі және әртекті болған көтеріліс кең-байтақ өлке аудандарының көпшілігінде ұлт-азаттық сипатқа ие болды. Тек жекелеген жерлерде ғана қозғалыстың басшылығын байлардың үстем топтары мен клерикал элементтер қолына алды.Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар,өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және басқа да кейбір халықтардың өкілдері қатысқан Оңтүстік облыстарды қоспағанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы құрамы жағынан бір ұллтың қозғалысы болды.Қазақ қоғамында паттшаның жарлығы мен көтеріліске көзқарас бір мәнде болған жоқ: байлардың үстем топтарының белгілі бір бөлігі,сондай-ақ «бұратаналық әкімшілік» дейтіннің шенеуніктері «реквизиция туралы» патша жарлығын сөзсіз қолдады және оны басты жүзеге асырущылар болды;1916 жылғы көтеріліс ерекешеліктерінің бірі күреске төменгі топтардың көтерілуі болғаны мәлім. Ауыл мен қыстақтың жоғары үстем топтары айлакерлік жасады, өйткені олар ішінара болыс,старшын, жергілікті аппараттың қызметкерлері және т.б.ретінде басқару жүйесіне тартылған болатын, екінші жағынан-ұлттық зиялылар, ең алдымен оның Ә.Бөкейханова және оның «Қазақ» газеті редакциясындағы серіктері бастаған ең білімді бөлігі.

8. Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы   (Түркістан және Алашорда автономиялары): мәні мен мазмұны.

Кұрамына Қазакстаннын онтүстік облыстары — Жетісу мен Сырдария

енген Түркістан өлкесінде жағдай мүлде шиеленісіп кетті.

Жоғарыда айтылып кеткендей, 1917 жылы 26—29 карашада Коканда

өткен IV Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан (Кокан) автоно-

миясы - Мухтариаттын кұрылғанын жариялады.4 Съезде сөйлеген

Мұстафа Шокай былай деп атап көрсетті: «Орталыкта болып жаткан жағ-

дайлар шет аймактарды ұлттык төнкерісті (1917 жылғы Акпан төңкерісін

айтып отыр. — авт.) өздерінің корғап калуына мәжбүрлеп отыр. Больше-

виктердің Казан кан төгісін бастан өткізген Ресей мен Түркістан өз

тағдырларын өздері шешуі керек».5

АвтономиялыкТүркістан Уакытша үкіметініңтөрағасы М. Тыныш-

баев болды дедік. М.Тынышбаевтың үкімет төрағасы болып тағайында-

луына оның Ресей Уакытша үкіметінің Түркістандык комитеті мүшесі

ретінде өлкедегі белгілі тұлға екендігі себеп болды, бұл окиғадан басшы-

лыктын занды әрі өз жалғасын тапкандығы байкалды. Төраға ретіндегі М.

Т ынышбаевтың аз уакыт тәжірибесі оған үкімет басшысы кызметін аткару

тиімді емес екеніне көзін жеткізді. Белгілі мөлшердегі үкіметтің накты

тірегі болмады; автономияны колдаушылар арасында үлкен келіспеуші-

ліктер туындады. Автономияны корғап калуға карулы жасакты баскаратын,

бұрын кылмысты болған Құрбашы Иргашты тартудың саяси жағдайды

өзгертіп жіберуге алып келгенін аңғарды. М. ТынышбаевтыңТүркістан

автономиясының басшылык кызметінен бас тартуының негізгі себептері-

нін бірі Мухтариатты өлкеде кұрылған баска үкімет — Түркістанның боль-

шевиктік солшыл эсерлерден тұратын Халык комиссариатының кыспакка

алуы болды, ол Жетісудағы Уакытша үкіметтің комиссары О. А. Шкап-

скийді6 орнынан түсіріп, камауға алу туралы бұйрық берді. Іс жүзінде бұл

Жетісудағы Уакытша үкіметтін комиссары болған М. Тынышбаевты да

кез келген сәтте камауға алу туралы бұйрык шығуы мүмкін екендігін

анғартты.

М. Тынышбаев отставкаға шығып, Жетісуға кеткен сон премьердің

орнына келген М. Шокай билігі Қокан мен уезд көлемінде ғана шектеліп

калған үкіметті азғана уакыт басқарды. Онын кабинетінің бірден-бір накты

күші болып Иргаштың адамдары қалды. Орынбор казактарының көмегіне

деген үмітакталмады. Істің аяғы Кеңестік басшылар Түркістан (Қокан)

автономиясының Уакытша үкіметіне ультиматум жариялауға дейін барды

және көп кешікпей, 1918 жылы акпанның басында Қызыл гвардияның

отрядтары автономияның аздаған күшін тас-талкан етті, автономия бас-

шыларының бір бөлігі атылды, қалғандары камауға алынды, Мұстафа

Шокай кашып кұтылды.7

М. Тынышбаевтың Жетісуға кетуі, Түркістан (Қокан) автономиясы-

ның күйреуі, М. Шокайдың эмиграцияға кетуге мәжбүр болуы шын мә-

нінде «Алаш» партиясы оң канатының ыдырауына алып келді. Жетісудағы Түркістандағы Алаштың оңтүстік канатының көсемдері Кеңес

өкіметіне колынан келгенше үш-ак ай белсенді қарсылык көрсетті. Алаш-

тың Сібір облыстық думасы көлеміндегі сібірлік «автономистерімен» одағы

аз уақытка созылды. Алаш кайраткерлері Сібірлік автономистер үкіметінің

кұрамында Сібір көлемінде казактың аумақтык және ұлттық федералдық

автономия кұру принципін байқап көруді ойластырған еді.

Алаш партиясының көсемдері Петроградта қарулы күштердің жеңгені

туралы хабарды ести салысымен Қазакстанда билік Кеңестердің қолына

өтіп кетпеуі үшін нақты кадамдар жасай бастады. «Қазақ» газетінің 1917

жылғы 26 карашадағы, яғни Қазан революциясының келесі күнгі нөмірін-

де өз окырмандарына былай деп үндеу тастады: «Ресей күйзелісті бастан

кешіріп отыр, бір аяғы жерде болса, екінші аяғы — көрде. Ертең не боларын

ешкім де білмейді... Біреулер тірі калу үшін жанталасса, басқалары бұл

бүліктен калай шығамыз деп бас қатырады. Біз, қазактар, оған қарап тыныш

отыра алмаймыз. Мұндай қарбалас кезеңде заң жүрмейді, бізді ешкім де

қорғамайды. Сол себепті біз, біріншіден, өлмей тірі қалу үшін, екіншіден,

байлыктарымызды талан-таражға түсірмеу үшін, үшіншіден, бұл бүлін-

шіліктен іргемізді аулак салу үшін өз күшімізге ғана сүйенуге тиіспіз. Ол

үшін ешкім де өз білімі мен күшін аяп калмауға тиіс».

Бұл қиын жағдайдан шығу жолын іздестіру үшін Алаш партиясының

басшылығы II Бүкілказак съезін шакыруды ұйғарды. Съезді өткізу мәселесі

бойынша кұрамына Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Дос-

жанов және Е. Омаровтар кірген комиссия құрылды. Осы комиссияның

шешімі бойынша съезге әрбір уезден екі ақсақалдан және Қыр өлкесінің

облыстық казак комитеттерінен екі мүшеден шақырылды. Олардан басқа

казак қоғамы аса кұрмет тұтатын 30 адамға шакыру жіберілді, олар: Омар

Қарашев, Қайырша Ахметжанов, Ғабдолла Ешмұхамедов, Ахметжан мен

Қожахмет Оразаевтар, Шәкәрім Құдайбердиев, Халел Досмұхамедов,

Мұстафа Шокай, Жаһанша Досмұхамедов, Бактыгерей Құлманов, Шәң-

герей Бөкеев, Есенқұл Машанов, Мұхаметжан Тынышбаев және т.б. Сон-

дай-ақ «Үран», «Сарыарка» «Бірлік туы», «Тіршілік» және басқа газеттер

өкілдеріне де шакырулар жіберілді.

Съезд Орынборда 1917 жылы 5—13 желтоксан аралығындаөтті. Оған

қатыскан ташкенттік журналист былай деп накты атап көрсетті: «Съезге

казактың он облысынан — Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Ферғана,

Сырдария, Каспий бойы және Астрахан губерниясындағы Бөкей Орда-

сынан 80-ге жуык делегат катысып отыр. Олардың басым көпшілігі орысша

жақсы сөйлейді. Көбінің жоғары және орта білімі бар, еуропаша киінген».8

Съезд президумына Бақтыгерей Құлманов (төраға), Әлихан Бөкей-

ханов, Халел Досмұхамедов, Әзімхан Кенесарин, Омар Қарашев (төраға-

ның серік-орынбасары) және кұрамына Дәулетше Күсепкалиев, Міржақып

Дулатов, Сейітказым Қадырбаев кірген секретариатсайланды.

Съездің күн тәртібінде Петроградтағы большевиктердің ұйымдасты-

руымен өткен Қазан карулы көтерілісінің жеңісінен кейін елде қалып-

таскан қоғамдық-саяси жағдайға байланысты қазақ қоғамының әр түрліСъезд Казак (Алаш) автономиясын кұру туралы шешім кабылдап,

оның кұрамына Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Акмола және Семей облыс-

тары, сондай-ак Каспий сырты облысындағы, Алтай губерниясындағы

казактар мекендеген аудандар енгізілді. Съезд делегаттары Уакытша үкімет

күлағаннан кейін калалар мен селоларда, кырда казактардың этнос ретінде

өмір сүруіне зор кауіп төндіретін анархияның өсуі күннен-күнге күшейе

түсіп отырғанын атап көрсетті. Осыдан келіп съезд «халыкты аман сактап

калу максатында» Уакытша халык кеңесінін тиянакты билігін күруға каулы

кабылдап, оны «Алашорда» (Алаш автономиясының үкіметі) деп атады

да, Алашордаға «казактар тұратын жерлердегі барлык аткарушы билікті өз

Колына алуын тапсырды».9

Уакытша халыктык кенес — «Алашорда» (Алаш автономиясының үкі-

меті) 25 адамнан тұруға тиіс болды. Съезде үкіметтің 15 мүшесі сайланды,

ал 10 орын Казакстанда түратын орыс және баска ұлттардың өкілдеріне

калдырылды. Алашорда мүшелігіне Уәлихан Танашев (Бөкей Ордасы),

Халел Досмүхамедов (Орал облысы), Айдархан Тұрлыбаев (Акмола

облысы), Ахмет Бірімжанов (Торғай облысы), Халел Ғаббасов (Семей

облысы), Садык Аманжолов (Жетісу облысы), Мүстафа Шокай (Сырдария

облысы) сайланған болатын. Облыстардың сыртында Алашорданың

күрамына съездің шешімімен Әлихан Бөкейханов, Жанша Досмүхамедов,

Әлімхан Ермеков, Мүхаметжан Тынышбаев, Бактыгерей Қүлманов, Жа-

кып Акбаев, Базарбай Мәметов, Отыншы Әлжановтар енгізілді.

Үкімет басшысы баламалык негізде сайланды. Бұл лауазымға үш

кайраткердің кандидатурасы үсынылды, олар: Әлихан Бөкейханов, Бак-

тыгерей Құлманов және Айдархан Тұрлыбаев. Жасырын дауыс беру нәти-

жесінде Ә. Бөкейханов 40 дауыс, А. Тұрлыбаев — 20, Б. Қүлманов — 19

дауыс алды. Көп дауыс алған Ә. Бөкейханов Қазак (Алаш) автономиясы

үкіметінің төрағасы болып сайланды.

Съезд казак милициясын күру жоспарын жасады. Оның әрбір облыс-

тағы саны, уездер бойынша оларды окытып-үйрету мен жабдыктау мәсе-

лелері карастырылды. Милицияның карумен камтамасыз етілуі салықтан

түскен каржы негізінде орталык әкімшілік аркылы іске асырылатын болды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2019-05-19; просмотров: 241; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 44.195.47.227 (0.195 с.)