Офицерлер дайындауда атаман Дутов баскаратын Орынбор акгвардия- 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Офицерлер дайындауда атаман Дутов баскаратын Орынбор акгвардия-



шыларымен жасалатын одак бойынша орынборлык казак әскерінің тәжі-

рибесі мен комегі пайдаланылатын болып шешілді. Бұл одактың негізінен

сөз жүзінде қалып, ешбір нәтиже бермеуі Алашорданың жағдайын қиын-

дата түсті.

Съезд кұжаттарының ішіндегі ең маңыздысы қазақ автономиясын құру

жөніндегі шешім болып табылды. Съезд делегаттары автономияға ұлттық-

аумақтық мемлекеттік құрылым ретінде анықтама беруде бірауыздылық

танытты, алайда автономияны ресми жариялау уақыты туралы мәселеде

біраз келіспеушіліктер туындады. Бұл мәселе бойынша пікірталас бірнеше

күнге созылды. Келіспеушіліктің түп негізінде өлкедегі орыс түрғында-

рының ұстанымы мен сол кезде Түркістан өлкесінің құрамына кірген оңтүс-

тік өңірдегі (Сырдария мен Жетісу облыстары) қазақтардың ұстанымын

айқындау кажеттігі жатты. II Бүкілқазақ съезін шақырудың белсенді баста-

машылары мен оған қатысушылардың бірі Халел Ғ аббасов былай деп айтып

өтеді. «Съезде автономияны жариялау мерзімі туралы аса маңызды мәселе

бойынша екі көзқарас орын алды. Әлихан Бөкейханов басқарған осы көз-

карастың бірі автономияны жариялауды орыс шаруаларының еркіндігі

айқындалып болғанға дейін кідірте тұру жағында болды. Бұл көзқарасты

мен де қолдадым. Досмұхамедов (Жанша. — К.Н.) басқарған екінші жақтың

көзқарасы автономияны тез арада жариялау керек деді. Соңғы көзқарас

иелерінің дәлелі шын мәнінде кереғар сипатта болды, ол осымен бір

мезетте муфтиатты ұйымдастыру қажеттігін дәлелдей отырып, қазақтардың

діни сезіміне қозғау салды. Дауыс беру кезінде басым көпшілік бірінші

пікірді қолдады, бірақ қарсыластар бұған келіспеді».10 Жетісу мен Сырда-

рия облыстарының қазак автономиясына дереу қосылу немесе қосылмау

мәселесі бойынша әр түрлі пікірлер айтылды.

Алайда акыр соңында Ә. Бөкейхановтың және Ж. Досмүхамедов

бастаған Орал облысы мен Бөкей Ордасы съезд делегаттарының басым

көпшілігі жалпыұлттық мүдделерді жеке мүддеден жоғары қойып, автоно-

мияны жариялау мерзімі туралы мәселе бойынша нақты бір шешімге келді.

Сырдария облысының өкілі М. Шоқай бүкіл қазак жері Түркістан автоно-

миясына біріктірілсін деген алғашқы өз ұсынысынан бас тартып, екі

жактың көзкарасын жақындастыруда жағымды рөл атқарды. Съездің

ымыраға келген шешімдерінің негізгі пункттері мына төмендегідей болып

табылды: «1) Бір ай ішінде Алашорда түркістандық қазактарды Алаш

автономиясына қосуға тырысады... 2) Егер осы уақыт ішінде Алаш бала-

лары (яғни қазақтар. — авт.) біріге алмаса, онда халыктын әрбір бөлігі...

өзінше тұратын болады. 3) Бір айдың ішінде түркістандық қазақтар

қосылған жағдайда Алашордаға автономияны жариялауға құқық

Беріледі».11

II Бүкілказақ съезі Түркістанда тұратын қазақтардың Алаш автоно-

миясына косылуы туралы мәселені Сырдария облысы өкілдерінің съезі

шешуге тиіс деген қорытындыға келді. Сырдария казақтарынын съезіне

Алашорда тарапынан Б. Құлманов, М. Дулатов және Т. Ибрагимов өкіл

етіп жіберілетін болды. Ә. Бөкейханов пен Мұстафа Шокай біріге отырып

кол койған құжатта съезді шақыру, бұрын М. Шоқай жариялағанындай

1918 жылғы 10 қаңтарда емес, 5 қаңтарға ауыстырылды.12

Алашорданың өкілі ретінде сырдариялық қазақтардың съезіне катыс-

кан Міржақып Дулатов 1929 жылы 30 карашада ОГПУ-діңтергеушісіне

берген түсінігінде былай деп жазды: «Біздің съезіміздің (яғни II Бүкілказақ

съезі. — авт.) аяғына қарай Қоқаннан Мұстафа Шокаев келді. Ол қазақ

автономиясының жеке кұрылуына карсы болып, Түркістанмен бірігугеүгіттеді және Түркістан үкіметінін күрамына өзі және Тынышбаев Мүха-

метжан кіргенін айтты. Сол себепті осы облыстағы казактардын казак

автономиясына косылу жөніндегі пікірлерін білу үшін Сырдария облыстык

съезін шакыру туралы каулы кабылданған болатын... Алашорданын

Сырдария съезіне жіберілген делегаттарының бірі мен болдым. Мен онда

Кожанов Сұлтанбекпен бірінші рет кездестім. Ол да съезд делегаты болды

және к а зак автон омиясын а косылу туралы пікір айткан жалғыз

(интеллигенттерден шыккан. — К.Н.) делегат болған еді, ал калған казак

интеллигенттері съездің басында Түркістан автономиясына косылу

жағында болды да, ен болмағанда Сырдария облысынын солай кала беруін

кұптап шыкты. Біраккейін, кыр казактары казакавтономиясына косылуды

жактағанда, олармен интеллигенттер де келісті».13

Алашорда көсемдері ұлттык мемлекеттілікті кұру принципіне ұлт-

тык бірлікті, ұлттың біртұтастығын негіз етіп алды, ал Қазан карулы

көтерілісінің нәтижесінде билік басына келген большевиктер ұлттык-

мемлекеттілік кұрылым негізіне таптык, яғни акыр сонында Азамат

соғысына алып келген халыктың бір бөлігін екінші бөлігіне карсы кою

принципін ұсынды.

Ә. Бөкейханов кейінірек (1919 жылы 11 акпанда) II Бүкілказаксъезі-

нің ұлттык-аумактыкавтономия кұру туралы шешімін бағалай келіп, былай

деді: «Съезде Күрылтай жиналысының санкциясын күтпестен, кырғыз

(казак. — авт.) ұлттык-аумактыкавтономия құруды іске асыруға шешім

кабылданған болатын. Съезд каулысы қазақтар тұратын аумакта анархияға

жол бермеуге, қырда большевизмнің өрістеуіне... карсы тұруға шақырды.

Ресей бастан кешіріп отырған бүгінгі жағдайда казақавтономиясын жүзеге

асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандыктың жауы — большевизммен

күрес ісі тұрды».14

«Бостандыктың жауы — большевизммен күресу» мақсатында Алаш-

9.Қазан төңкерісі және Қазақстан: қоғамдық-саяси және рухани өміріндегі өзгерістер.

Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.

Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік- экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық- демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы- солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.

Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп [[революция |революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығынкүштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды. [1]


1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық, екінші – саяси дағдарыс. Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917 жылы ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкерісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады. Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқай тағайындалды. Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар Қазақ газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар:

1. Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы;

2. Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру;

3. Халықтар арасында тең құқықтық орнату;

4. Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару;

5. Елдегі билік және сот туралы;

6. Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру;

7. Халықтың табысына қарай салық салу;

8. Жұмысшылар туралы;

9. Ғылым және білім туралы;

10. Жер мәселесі.

Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917 жылы 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылығымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату. Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады. Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады. Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды. Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917 жылы қазаннан 1918 жылы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады. Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917 жылы 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысының басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жолмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады. 1917 жылы желтоқсан – 1918 жылы наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның орта кезінде көшті. Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918 жылы көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласыЖетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі. Кеңес өкіметі 1917 жылы наурыз айында Жаркент, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылы наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.

Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақстанның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланғыан Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:

· ескі мекемелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;

· Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;

· шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;

· ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;

· төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;

· кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;

· заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;

· кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;

· облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;

· жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.

1918 жылы Көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрамында Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей Ордасы Астрахан губерниясы қарамағына кірді. Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. 1918 жылы 23 наурызда Орал қазақ-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Ресейдегі азамат соғысының өрістеуіне Антанта елдері дем берді де, олардың көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының әскерлері бүлік шығарды. Бүлікшілер Сібір қалаларымен бірге Қазақстанның солтүстіктегі қалалары Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алып, Кеңес органдардан қамауға алды. 1918 жылы жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан – Шығыс майданы болды. Бұл бағытта ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Осы жылдың жазында қазақ ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында құрылды. Бөкей ордасында қазақ атты әскер полкі Қызыл армияның құрамдас бөлігі болды. 1918 жылының аяғы мен 1918 жылының басында Әліби Жангелдин мен Амангелді Имановпен Торғайда екі атты әскер эскадроның, әскери оқу және пулемат топтарын, Ырғызда атты әскер құрды. Ақтөбе майданына 1918 жылы Әліби Жангелдин бастаған экспедиция Мәскеудан көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 жылы 22 қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан мен Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді. 1919 жылы көктемде Фрунзе бастаған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның Солтүстік аудандарында Колчак әскерлеріне қарсы күрес жүргізді. Қазақстанда Колчактың тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. Ақмола, Семей облыстарында партизандық қозғалыстар өрістеді. Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында Жетісу майданы

1918 жылы тамыз және 1919 жылы қазанның орта кезіне дейін ақ гвардияшыларға қарсы табанды күрес жүргізді. Осы аймақтағы қорғаныс орталығы болған Черкасское селосын атауға болады. 1919 жылы орта кезінде Қызыл армияның шабуылдарының нәтижесінде Колчак әскерлері екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінеді. Қызыл армияның Түркістан майданы 1919 жылы тамыз айының екінші жартысында Колчактың «Оңтүстік армиясын» біржолата талқандады. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізліп, мұндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1920 жылы наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік

10.Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның ерекшеліктері мен белгілеріне сипаттама беріңіз.

1921ж. Батыс, Солтүстік Қазақстанда, Батыс Сібірде жер межеленіп бөлуі өткізілген. Орта Азия Казақстан жерлерін ұлттық-аумақтық межеленіп бөлінуіне үлкен дайындалық жұмысы жүргізілгін. 1924ж. 27 қазанда Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің сессиясында үкімет шешімі шығарылды. Шешім бойынша Өзбек КСР, оның құрамында Тәжік АКСР,Түрікмен КСР, Кара-Қырғыз автономиялық облысы РКФСР құрамында, қазақ АКСР оның құрамында Қарақалпақ автономиялық облысы қалыптасты. Ұлттық-аумақтық межеленіп бөлінуінің нәтижесінде Қазақстанға: Қазалы, Ақ-Мешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулие-Ата уезінің көбісі, Ташкент, Мырзашүлт уездері Сырдария облысының; 6 көшпелі болысы Самарканд облысының Джизак уездері берілді. Семей облысында: Алматы, Жаркент, Лепсинск, Қапал уездері Пишлек уезінің Георгиевск, Шу, Қара-Күнус болыстары. ҚАКСР территориясы 700мың км2 кеңейді, яғни 2,7 млн км2, тұрғындар саны 1468 мың адамға өсті, жалпы адам саны – 5 230 мың. 1926ж. халық санағы бойынша қазақтар саны 61,3 % барлық тұрғындардан болған 1925 Республика астанасы Ақ-Мешіт болып табылады, Қызыл-Орда атауына ие болған. 1925ж. Республикаға нақты атауы қайтып берілді – Қазақ республикасы.

1928ж. Қазақстанның губернияларға, уездерге, болыстарға бөлінуі жойылды, округтарға және аудандарға бөлінуі кіргізілді.

1919ж. 10 шілдесінде РКФСР халық комиссарлары Кеңесінің Жарлығы бойынша Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитет (Ревком) құрылды.

Оның бірінші құрамына С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С. Мендешев, Б.Қаратаев кіреді. Казревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтайды, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтайлық съезін шақыруға жағдай жасау оның басты міндеті болды. Казревком қызметінің әскери – азаматтық сипатын азаматтық соғыс анықтап берді. Казревкомның басқа бір аса маңызды міндеті-қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Казревком әрекет қимылда жүрген армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АССР-на жеткізу яғни “Соғыс коммунизм” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты Казревком 1919ж. шілдесінен 1920ж. қазаннын қосқанда 15 ай бойы жұмыс істейді. Өзі пайда болған күннен бастап, казревком қазақ халқының Кеңестік автономиясын жария ету жөніндегі қыруар көп әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды.

1920ж. 17 тамызында РК ФСР Халық Комиссарлары Кеңесі қазақ Республикасы жөніндегі РКФСР құрамына астанасы Орынбор қаласында болтаын “Қырғыз (қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады (В.И.Ленин, РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі М.И. Калинин қол қойған).

1920ж. 4-12 қазанында Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз (Қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік Республикасы еңбекшілері хұқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін КазАССР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, кызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Мендешевті бас етіп, Орталық атқару комитетін (ОАК) және В.Радус-Зеньковичті бас етіп халық комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады.

1924ж. қазанында Қазақстан территориясы мен Орта Азияның территориясының межеленуі өткізілді. Тарихи бойынша қалыптасқан қазақтар мекендеген аумақтары енді КАССР құрамына кірді. Бұрынғы Түркістан, Хорезм, Хиуа республикалардың 40% территориясы 1,5 млн адамдарымен КАССР аумағына кірді. Қазақстан территориясы 2,8 млн. км2 дейін кеңейді. Республиканың мөлшері РСФСР-дан кейін екінші орын алды. Қазақстан шекарасы 2200 км дейін өсті. Оңтүстік тұрғындардан саны 4,8млн-нан 6,5 млн-ға дейін көбейді. Қазақтардын саны – 59,9%.

Кеңес ұлттық-мемлекеттік құрылысы 1936ж. желтоқсанында аяқталды.СССР Конституция бойынша Қазақстан АССР кеңестік республикасына өзгертілінген. Бірақ Қазақстан сол қалпы құқықсыз, қатан түрде орталыққа бағынған СССР құрамындағы республика болып қалған. 1917 жылғы күзге қарай Ресейде бұрын болмаған қиыншылық және мемлекет қорының таусылуы басталды. Өндірістік сектордың өнімі 1916 жылмен салыстырғанда 36,5 пайыз азайды. Әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа, сонымен қатар саяси дағдарыс – Бірінші дүниежүзілік соғыс қосылды.

Осылайша, көптеген жиналып қалған шиеленістер тезірек шешуді талап етті. 1917 жылдың 25 қазанында большевиктердің басқаруымен түнде Петроградта болған революция – Ресейдегі көптеген өткір сұрақтардың жауабы болды. Қысқы сарайды басып алу Уақытша үкіметтің орнауымен аяқталды. Жұмысшылар және солдаттар депутаттары кеңесінің ІІ съезінде қабылданған декреттер Ресейдің соғыстан шығуын, жерлерді шаруаларға беру және әртүрлі деңгейде жергілікті одақ билігінің орнатылуын жариялады.

Жуық арада революциялық уақиғалар ұлттық аймақтарға, сонымен қатар Қазақстанға да келіп жетті. Өлкеде кеңес билігінің орнауы басталып, 1918 жылдың көктеміне қарай аяқталды. Қазақстанның ауылдары мен селоларының көп бөлігінде кеңес билігінің орнауы Азамат соғысы басталғанша жалғасты.

Қазан революциясын «Алаш» партиясының жетекшілері сақтықпен қабылдады, өйткені олар Ресей халқының ұлттық дамуындағы тиісті сұрақтардың кеңес үкіметі тарапынан орындалатынына күмәнданды. Сондықтан, Кезекті жиналыс Қазақстанның заң жүзінде егемендік алу мүмкіндігі болып табылады деп есептеді.

Қазақ даласындағы жалпы-саяси өміріндегі маңызды оқиға І және ІІ жалпықазақ съезі болды. 1917 жылы желтоқсанда Орынборда өткен ІІ съезде келесі сұрақтар қойылды: ұлттық кеңестік қазақ облыстарында өздерінің «Алаш» атымен білім беру, білім, халықтық сот, сауда мәселесі. Съезд маңызды екі шешім қабылдады: Алаш автономиясының білім беруі туралы және өзіндік ішкі қарулы күштерді құру. Сонымен қатар, қазақ милициясын құру жоспары құрастырылған болатын. Оның әрбір облысқа белгілі бір мөлшері, үйрету және уездер бойынша жабдықтау туралы қарастырылды.

Милицияны қарумен қамтамасыз ету салықтан түскен түсімнен алынған орталық әкімшіліктің қаражатымен жүзеге асырылуы керек еді. Автономияны басқару үшін уақытша халықтық Кеңес немесе Алаш-Орда (Алаш автономиясының басқармасы) құрылған, мұнда 25 орын



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2019-05-19; просмотров: 290; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.188.20.56 (0.073 с.)