Тотенше комитеті) бастауыш білім беретін 347 мектеп, Орал губграмчекасы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тотенше комитеті) бастауыш білім беретін 347 мектеп, Орал губграмчекасы



328 мектеп ашты. Сол мектептерде 653 оқытушы 15 мыңнан аса адамды

окытты. Костанайда сауатсыздықты жою күні өтіп, оған театр труппалары

мен драма үйірмелері жұмылдырылды. Әр спектакль басталар алдында

«Сауатсыздық жойылсын» деген такырыпта митинг ұйымдастырылды. Осы

және баска да іс-шаралардың аркасында 1920—21 оқу жылында республика

бойынша 72 мың адам оку мен жазуды үйренді.8

Алайда содан кейінгі жылдарда окыған хаттанымайтындар мен шала

сауаттылардың саны күрттемендеді. Бұл жөнінде 1922 жылдың 8 шілде-

сімен белгіленген ресми кұжаттардың бірінде: «онын себебі — аштық, бірде-

384

бір сауатсыздықты жоюшы қызметкер еңбегі үшін сокыр тиын, бір түйір

де азык-түлік паегын алған жоқ» деп атап көрсетілді. Тек 1924—25 оқу

жылында сауатсыздықты жою жүмысының жандануы байкалды. Оған

аштыкты енсеру және экономикадағы жетістіктермен катар, 1924 жылдын

бас кезінде «Сауатсыздық жойылсын» бүкілодақтық қоғамының қазак

бөлімін ашудаөз әсерінтигізді. Осы коғам сауатсыздықты жоюдың«біркүн-

діктерін», «бірайлықтарын» үйымдастырып, кеңауқымдатүсіндіру жүмыс-

тарын жүргізді. Келесі жылдың өзінде-ак «Сауатсыздық жойылсын» коға-

мына 40 мыңнан аса адам мүше болып, солардың тікелей катысуымен сауат-

сыздыкты жоюдың 110 қызыл отауы ашылды. Әйелдердің сауатын ашуға

Баса назар аударылды.9

Сауаташушылар саны бірте-бірте өсе түсті. Егер 1922—23 оқу жылында

оки және жаза білуді небәрі 4,1 мыңадам меңгерсе,ал 1926—27 оку жылын-

да олардың саны — 43,6 мың адамға жетті. Республика халкынын сауатты-

лықдеңгейі де артты. 1920 жылғы 14,4%-дан 1926 жылы 22,5%-ға дейін

көтерілді.

Сауаташу жүмысын жандандыруда жастар мен комсомолдар белсен-

ділік танытты. Солардың бастамасы бойынша 1928 жылы сауатсыздыктан,

маскүнемдіктен арылуды, тұрмыс мәдениетін калыптастыруды негізгі мін-

дет етіп қойған мәдени жорық басталды. 1930 жылы мәдени жорыкка

5 мың комсомол-мәдениет жасакшылары катысты. Соғыска дейінгі бес-

жылдыктардың ішінде республика комсомолы сауатсыздықты жою жұмы-

сына өз катарынан 65 мың адам бөлді.10

30-жылдардың екінші жартысында жаппай сауатты алғашқы колхоз-

шылар (ұжымшарлар) мен аудандар пайда болды. Түрксіб, Балкаш мыс

корыту комбинаты, Шымкент корғасын зауыты, Карағанды көмір алабы

сиякты индустриялык алыптардағы жұмысшылар оқу мен жазуды үйренді.

1937 жылы республикадағы комсомолдардың түгелдей дерлігі сауатты

Болды.

Сауат ашу проблемасын ойдағыдай шешуге халықтың білім алуға құш-

тарлығы септігін тигізді. Қатардағы еңбеккерлер өз еріктерімен мектептер

мен сауатсыздықты жою кызыл отауларын салуға, оларды оқулықтармен,

оку-әдістемелік әдебиетпен, жазу кұралдарымен камтамасыз етуге қатыс-

ты. Сауатсыздықты жою науқанының барысы мерзімдік басылымның

беттерінде кеңінен жарияланып отырды.

1939 жылы Қазакстанның 50 жасқа дейінгі халқының сауаттылығы

83,6%-ды құрады.11 Қараңғылықпен надандықты (білімсіздікті)түбірімен

жоюға Үлы Отан соғысы бөгет жасады.

Жаппай сауатсыздықты жою науканы қоғам өміріндегі барлық іс-әре-

кетті мемлекет қарамағына көшіру, мәдениет пен жеке адамның үстінен

қатаң саяси-идеологиялық өктемдік жүргізу жағдайларында отті. Мәселен,

20-жылдардың сонына қарай казақ жазу әліппесі араб графикасынан латын,

он жылдан кейін латын графикасынан қазіргі кириллицаға ауыстырылды.

Соның нәтижесінде бір адам бастауыш білімді үш қайтара окуға мәжбүр

болды. Әрине, мұндай киындықты меңгеруге әркімнің шамасы келе берме-

ді. Латын графикасынаауыстырудың қажетсіздігін кезінде А. Байтұрсы-

нов дәлелдеп берді. Бірак тоталитарлық режим маман пікіріне құлақ аспа-

385

ды. Сауатсыздықты жоюға қатысты бүкіл жүмысқа 1931—1933 жылдардағы

сүрапыл аштық та өз кеселін тигізді.

Бүкіл олкылықтар мен кемшіліктерге қарамастан, калың көпшілікті

сауат ашуға тарту Қазақстанда жаңа мәдениет орнатудағы оң нәтижелердің

Бірі болып табылды.

Мәдениет майданы қызметкерлерінің 1935 жылы Бірінші съезі әр

мүғалімді 35 адамды сауаттылыққа үйретуге шақырды. Қазөлкелік Комите-

тінің III Пленумы (1935 ж.) Халық ағарту комиссариатын сауатсыздықты

2—3 жылдың ішінде жоюға міндеттеді. Хат танымайтындар мен арабша

оки алатындар ерекше есепке алынды және қайта оқытуға жатқызылды.

1939 жылғы Бүкілодактык халық санағы казак халкының сауаттылығын -

54,5%, орыс халқының сауаттылығын — 70,4%, басқаларының сауаттылы-

ғын — 56,5% деп көрсетті. Халыктың жалпы сауаттылығы 61,4%-ды құра-

ды.13 Сол жылдардың ресми статистикасы 76,3% туралы хабарлады, яғни

14,9% жалған косып жазылған, демек, сауат ашқандар халықтың 3/4-і емес,

2/3-сі болып шыккан. Сонда да болса, санақ аралық кезеңнің 12 жылының

ішінде бүкіл халықтың сауаттылығы 17,8-ден 61,4%-ға дейін өсті.

2. КЕҢЕСТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

ның жетістіктері қалыс калып койды. Халықтық педагогиканың ережелері

де ұмыт қалды.

28.     Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін талдаңыз

Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы алуан оқиғаға байлығымен, ең бастысы, Кеңестік қатаң идеологиялық қысым мен одан азат болуға ұмтылуы Отандық жылнаманың негізгі бөлігі болып табылады. Тарихи қырынан алып қарағанда, бұл - ең алдымен, адам табиғатын шет-шегі көрінбейтін ұзақ уақыт бойы сынақтан өткізудің, сондай-ақ осы жағдайдан шығудың және ұлттық-мемлекеттік егемендікке жетудін оңтайлы қазақстандық моделінің шежіресі. Екінші жағынан, марксистік ілімге негізделген кеңестік кезеңдегі отандық тарихнама ғылым дамуының денгейіне толығымен сәйкес келетін дүниетанымдық картинаны бере алмайды, өйткені оның өзі кеңес мемлекетінің жүйесіне үйлестірілген және оның идеялық-саяси қажеттіліктерін өтеуге бағытталған ерекше ғылыми-саяси феномен болатын. Бірінші кезекте бұл кеңестендіру мен кеңестік жаңғырту кезеңдерін соңғы онжылдықтарда пайда болған тарихи-пайымдық бағыттардың [«ақпараттық» (А. Тоффлер), «технотрондық» (3. Бзежинский), «ғылыми-рационалистік» (Ю. Хабермас), «техникалық-ақпаратгық» (Дж. Мартин, Т. Гувер), «өркениеттік-тартысты» (С. Хантингтон) т.б.] тұрғысынан түсіндірудегі әдіснамалық көзқарастарға қатысты еді.

1917 жылы қазақтар екі төңкерістің - Ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан социалистік революцияларының куәгері болды. Мұның біріншісі монархия мен орыс патшалығы билігін құлатуға мүмкіндік жасады. Ақпан революциясының нәтижесінде елде қос өкімет орнады. Қазақстан үшін мұның маңызы аз болған жоқ. Егер кеңестік тарихнамада Уақытша үкіметтің қызметі біртекті қара бояумен суреттелсе, қазіргі қазақстандық тарихнамалық жағдайда бұл мәселені зерттеуге басқаша көзқараспен қарау мүмкіндігі туды. Бірқатар қазақстандық ғалымдардың, атап айтқанда, академик М.К. Қозыбаевтың [1]. еңбектерінде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының, дәлірек айтсақ, Уақытша үкімет қызметінің Қазақстан үшін жағымды нәтижелеріне назар аударылды.

Тарихтың кеңестік кезеңі Алаш һәм Алашорда туы астында ұлт бірлігін нығайту жолындағы ұмтылыспен және қазақ автономияшылдары қозғалысының жеңілуімен, Бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу, 1917 жылғы революция және Азамат соғысы салдарынан күйреген шаруашылықты соғыстан кейін қалпына келтірумен ерекшеленді. 1917 жылғы Қазан революциясы және одан кейін іле-шала бүркеткен 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысы Қазақстан дамуының қоғамдық-саяси және экономикалық жүйесін айқындап берді. Қазақ мемлекеттігінің құрылуы, жерді есепке алу және кеңестік республикалар құрамында аумақтық шекараны анықтау айтулы кезең болып табылады. Шындығында, қазақтардың өмір салтындағы дәстүрлі жүйенің 20-30-жылдары күйреуі мен республиканың социалистік қайта құру үрдісінің жалпы ағымына қосылуы қасіретті оқиға еді. Ресей империясының шығысындағы бұрынғы отарларының индустриясы дамыған республикаларға айналғанына көз жұмып қарамағанның өзінде, бұл қайта құрудың нақты адамдар тағдыры мен оқиғаларға байланысты берілетін шынайы бағасын айтпай қалуға болмайды.

Қазақстанның дамыған ұлттық республикалардың біріне айналғандығын барлық ұлттар мен ұлыстардың, олардын қатарында еріксіз жер аударылып келіп, осы өлкені өзінің екінші Отанына айналдырғандардың да қосқан үлесін ескермеу мүмкін емес. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларын тойтарған ортақ Жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі де өте қомақты. Республиканың 50-80-жылдар бедеріндегі тарихын безбендегенде, экономика, ғылым және мәдениет саласындағы жетістіктермен қоса, Арал мен Балқаштағы, Семей ядролық полигонындағы экологиялық проблемаларды, «коммунизм кұрылысының» келмеске кеткен кесапаттарын естен шығару да оңай емес. Қазақстандық тарих ғылымының осы заманғы дамуына талдау жасай отырып, Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихының неғұрлым өзекті мәселелеріне көңіл аударудың үлкен маңызы бар екенін атап өткен жөн.

29.     Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшудің әлеуметтік-экономикалық саяси негіздері. Жер-су реформасын (1921 ж.) жүзеге асырудағы ауытқулар мен қателіктер

Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. [1] Өнеркәсіптегі өзгерістер: Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды. 1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді. 2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді. 3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті. Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті. Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер: 1. Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда) 2. Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды. 3. 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды. 4. Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті. 5. Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды.жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. 6. Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды. 7. Жерді арендаға беруге рұқсат берілді. 8. Несие берілетін болды. 9. «Қосшы Одағы» құрылды. 10. 1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады. Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды. Сауда: сауда еркіндігі еркіндігі қалыптасты. Оған дәлел: 1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылданды. 2. Декрет бойынша айырбас жасауға рұқсат етілді. 3. Жәрмеңкелер ашыла бастады. Мысалы, Ақмола губерниясында «Атбасар» жәрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл», «Темір» сияқты жәрмеңкелер, Бөкей губерниясында «Орда» жәрмеңкесі ашылды. Қазақ жерінде барлығы жеті өлкелік, он үш губерниялық және жетпіс бес жергілікті жәрмеңке ашылған болатын. 4. Жеке саудаға рұқсат берілді. Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы: 1. Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді. 2. Ауыл шаруашылығы дамымай қалды. 3. Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді. 4. Өнеркәсіп артта қалды, дамымады. 5. Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды. 6. Саяси өмірде демократия бұрмаланды. 7. Еркіндік мүлде болмады. 8. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.

• 1921 жылғы қараша – 1млн.508 мың адам,

• 1922 жылғы науырыз – 2 млн.303200 адам аштыққа ұшырады.

Орал, Ақтөбе, Орынбор, Бөкей губернияларын аштық жайлады. 1922 ж маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.

700 мыңнан астам адамдар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

30.     Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.

Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұратын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі басқару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.

32.     Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.

Бірінші орыс революциясының жеңілісімен елде шеру, жиындарға тыйым салынды. Орал, Семей, Верный, Перовск және басқа социал-демократиялық ұйымдар мен кәсіподақтар талқандалды. Қазақтар сайлау құқынан айрылды. Қазақтардан жерді тартып алу, отарлау саясатын насихаттау үшін 17 млн. дес. отырықшылыққа бағытталды. Қазақ қоғамында ұлттық қозғалыстың әр түрлі саяси ағымда болды, олардың қозғаушы күші ұлттық зиялы қауым болды. Ұлттық зиялы қауымның саяси көзқарастары “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетінде жарияланып тұрды. Онда С.Сейфуллин, Б.Майлин, Б.Қаратаев қызмет етті, “Айқап” журналында. “Қазақ” газеті 1912ж-1918ж дейін шықты, либерал-демократиялық бағытта. Онда жалпыұлттық қозғалыстың көшбасылары оқымысты ғалымдар Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов қызмет етті. Негізінен аграрлық мәселеде жерді мемлекеттік меншікті (Ресей империясының) алып тастауды, оны қазақ халқының меншігіне беру, сатуға тыйым салуды талап етті. 1910-11 жылдары Қазақстан ереуілдеп көбейе бастады. 1912ж Ленск алтын прийскісінің ереуілі болды, онда патша әскерлері 270 адамды атып өлтіріп, 750 жарақаттанды. Ресейдің бүкіләлемдік империалистік соғысқа кіруі, Қазақстанның еңбекшілерінің жағдайына кері әсер етті. Алым салық көбейді, егін салатын жерге шектеу салынды. Соғыс жылдары ұлттық отарлау езгісі күшейді. Орыс шаруаларынан мұсылман еңбекшілеріне қарсы қаруланған отрядтар жасақталды. Олар ауылдарға шабуыл жасап, малдарын қуып, өздерін тонап кетіп отырды. І ші дүниежүзілік соғыс 1914ж 19 шілдеде басталды. Ресей соғысқа дайын емес еді, әскери техникалық қамтамасыз етілмеген. Соғыс басталысымен өндіріс күштері құлдырай бастады. І дүниежүзілік соғыс Қазақстандағы экономиканың құлдырауына әкелді. Егіншілік тұрақты дамымаған. Бүкіл ер адамдарды соғысқа әкету, малшаруашылығының құлдырауына әкелді. Мал басы азайды, жайылым мен жердің алынуына байланысты. Соғысқа қолдағы аттар мен түйелері, ірі қара малды да әкетіп отырды. Өнеркәсіп те әскери қажетке жұмыс істеді. Өспен, Сасық Қарасу рудниктерінде. Риддер, Соколов рудниктері түсті металлургияны дамытуға негіз алды. Екібастұз қорғасын цинк зауытына Ресейде пара пар өнеркәсіп орыны болған жоқ. Мыс рудасыСпасск мыс қорыту зауытында шығарылды. Отын базасы – Қарағанды көмір бассейні. Ірі шетел магнаттары мұнай өнеркәсібіне де кірісті. Патша үкіметі оларға жол ашты, себебі шетелдің көмегіне мұқтаж болды. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде әскери өнеркәсіп комитеттері құрылды. Осындай комитеттер Қазақстанның барлық қалаларында құрылды. Өңдеу өнеркәсібі әскерге соғыс мұқтажына ет-сүт өнімдерін, тері бұйымдарын жөнелтті. Соғыс жылдарында да патша үкіметі қазақтардың жерін тартып алуды тоқтатқан жоқ, отарлық саясат күшейе түсті. Шаруа толқулары, ереуілдер көбейді. Солдаттар арасында бас көтерулер басталды. Соғыс жағдайында қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Дулатов “Қазақ” газеті аясында бірігіп, өз қатарларына шара – жұмысшыларды тартты. Міржақып Дулатовтың “Оян, қазақ” өлеңдер жинағы 1909ж басылып шықты Соғыс Ресей империясындағы кризисті күшейтіп, 1916ж ұлт азаттық қозғалыстың басталуына себеп болды. Басты себеп, әлеуметтік экономикалық және саяси сипат: отарлық саясаттың күшеюі, алым салықтың көбеюі, жерді тартып алу, орытсандыру саясаты. Сонымен бірге 1916ж 25 маусымдағы патша үкіметінің “Қазақстанның Орта Азия, Сібір халықтарын тыл жұмыстарына алу” туралы жарлығы. Бұл жарлық негізінде 19 дан 43ке дейінгі барлық ер адамдар майданға шақырылды. Жарлық туралы мәлімет жер-жердегі болыс басқарушыларға жеткізілді, олар халықпен түсінік жұмысын жүргізу керек еді. 1916ж қозғалыс патшаның осы Жарлығы жарияланғаннан кейін басталды. Әуелі стихиялық түрде нараылық көрсеткен халық, кейін ұйымдасқан қозғалысқа шықты. Олар әкімшілік шешуліктерге болыс, билерге бас салды, әскерге алынатындар тізімін өртеді. Қозғалыстың негізгі орталығы Жетісу мен Торғайда болды. 1916ж көтерілістің мақсаты: ұлттық және саяси бостандыққа қол жеткізу. Сондықтан ол ұлт азаттық сипат алды. Ол сонымен бірге көп ұлтты, себебі қазақтармен бірге, ұйғыр, өзбек, қырғыз, дұнғандар болды. Патша жарлығына қарсы шығып, халықты бастаған қазақ зиялылары Тоқаш Бокин, Тұрар Рысқұлов, Әубәкір Жүнісов т.б. Ал либерал-демократтар зиялысы Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов “Қазақ” газеті арқылы халықты көндіргісі келді. Себебі олар патшаға қарсы шығып, қуғын сүргінге ұшырайды деп қорықты.

33.     ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы аштық пен ашаршылықтың демографиялық үрдіске тигізген әсерін салыстыра талдаңыз.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ Қазақстанда XX ғасыр ірі тарихи оқиғалармен ерекшеленеді. Өткен ғасырдың алғашқы жартысы — қазақ халқының өмірінде бетбұрысты кезең деп саналады. Әсіресе 20–30 жылдарындағы ашаршылық апаты немесе «Ұлы жұт» қазақ тарихының қасіретті беттерін айғақтайды. Зертеуші ғалымдар осы мәселемен айналысып, Қазақстанда халқы бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен және оны үш кезеңге бөліп қарастырады:

—1919 — 1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адам)

—1931 — 1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам)

—1946 жылдары болған аштық.

Әрине, бірінші ашаршылық та сұмдық болды. Бірінші ашаршылық 1919–1922 жж. болған. Осы жылдары аштық кезінде 1,5 млн жуық адам шығыны болды. Ол көбінесе елдің оңтүстік аймақтарын қамтыды, нақ осы және басқа да деңгейде Қазақстанның барлық тұрғындары да зардап шекті. Екінші ашаршылық, әртүрлі мәліметтер бойынша, 1930—жылдарда 1,5 млн—нан 2,5 млн. адамға дейін болды. Ал, үшінші ашаршылық соғыстан кейінгі еліміздегі экономикалық ахуалдарға байланыты туындады. Бірақ та, бұл ашаршылық сол жылдары халықтан жасырын түрде ұстады. Осылайша, қазақтар іс жүзінде 15–20 жылдың ішінде халқының жартысына жуығынан айырылған. Әлемдік тарих мұндай кең ауқымды ашаршылықты білген емес. Сондықтан, осы қасіретті әрбір қазақ білуге міндетті және есте сақтап, ұмытпауымыз тиіс. Қазақ жерінде ашаршылық салдарынан демографиялық ахуал күрт төмендеп кеткен болатын. Оның айқын көрінісі ретінде тарих беттерінде қалған 1931–1933 жылдары қазақ халқының басына төнген ең бір қасіретті «Ұлы жұт» кесірінен күні бүгінге дейін қазақ халқы өз жерінде демографиясы жағынан азшылыққа ұшырап отыр.ХХ ғасырдың 30—жылдар басында өткерген сол бір нәубет ашаршылықты жасаған, жаппай ұжымдастыру идеологиясының негізін салушы, сонымен қатар Қазақстандағы «Кіші Қазан» төңкерісінің негіздеушісі, Сталиннің ұртоқпағы — Ф. Голощекин болатын. Голощекиннің келе сала қолға алған ісі — жаппай кеңестендіру жүйесін енгізіп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығын өзгертуге бағытталған идеясы. Күштеп ұжымдастыру тәсілдері астық, ет дайындау науқанын көп мөлшерде орындау қажеттігіне қарамастан, қазақ көшпелі өмір салтын отырықшыға айналдыру стратегиясы 1929 жылдан бастап Қоныстандыру басқармасының әзірлеген шаралары негізінде жүзеге асырыла бастады. Ауылшаруашылық өнімдерін күштеп дайындау жоспарына қазақ қоғамы кеңестендіру саясатына мойынсұна қоймады, себебі ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі халықтың ұлттық дәстүрлі шаруашылығы жаңа таптық жүйені жылдам қабылдауға дайын емес еді.Большевиктік партияның жүргізген ұжымдастыру саясаты салдарынан қазақ жерінің көптеген аудандарында аштық жайлады. Ашыққан шаруалардың басым бөлігі туған жерін тастап қалаларға шоғырланды, шекара асып басқа елдерге қоныс аудара бастады. 1930–1933 жылдардағы жаппай кеңестендіру саясаты жергілікті халықтың наразылығын тудырып, алғашқы бастамасы күшпен ұжымдастыру аштық пен халықтың үдере көшуіне әкеліп соқты. Қазақ халқының үдере көшу көлемі туралы қазақтың белгілі ұлы тұлғасы Тұрар Рысқұловтың И. Сталинге, В. Молотовқа жазған (1933 ж. 9 наурыз) хатында: «...Қонысын тастап, Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекен—жайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда: қазір Орта Еділде — 40 мың, Қырғызстанда — 100 мың, Батыс Сібірде — 50 мың, Қарақалпақстанда — 20 мың, Орта Азияда — 30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар қалмақ жеріне, Тәжікстанға, Солтүстік өлкеге және басқа да осы сияқты шалғай жерлерге де көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды... Бұл қазақтардың көші қоны емес, басы ауған жаққа кетуі.» — деген мәліметтерді көрсетеді. Сонымен қатар, аштық кесірінен елде әр түрлі жұқпалы аурулар етек жайып, өлім—жітім саны ұлғая түсті. Шаруалардың наразылығы халықтың басым бөлігін көтеріліске итермеледі. Қазақстандағы ОГПУ саяси құпия бөлімінің 1931 жылдың 1—желтоқсанындағы мәліметтеріне назар аударсақ, 1929–1931 жылдар аралығында халық наразылықтары аса белсенді көрініс берген кезең екен. Ресми деректерге сүйенсек, осы жылдары «Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулеріге, 80 мыңға жуық адам қатысты». «Жылдарға шаққанда олардың 54—і 1929 жылы, 241—і 1930 жылы, 77—сі 1931 жылы орын алды. Көтерілісшілер санын есепке алуы бойынша 1929 жылы Қазақстанда көтерілісшілердің 31 тобы әрекет етіп, оларға 351 адам қатысса, 1930 жылы 85 топ, 1925 адам, ал 1931 жылы 80 топ, 3192 адам. Яғни көрсетілген мерзімде көтерілісшілердің барлығы 196 тобы бас көтеріп, оларға 5468 адам қатысқан».

Бірақ та, ресми партиялық құжаттармен танысқанда ОГПУ берген еептеулердің толық емес екендігіне көз жеткізуге болар еді. Мәселен, 1931 жылдың желтоқсанында Ф.И. Голощекиннің И.В. Сталинге жазған хатында мынандай жолдар бар: «Тап күресінің өрістеуін ГПУдің анықтамасын төмендегідей анықтамасын білуге болады: соңғы екі жылда ірі бандалардың (көтерілісшілер) 34000—дай адам қатысқан 15 бас көтеруі орын алды. Осы жылда 1350 контрреволюциялық топтар жойылды және оған қатысқан 7,5 мың кісі қолға түсті...» — деген мәліметтер көрсетеді.Сонымен қатар, Қазақстан Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы Ораз Исаевтың 1932 жылы тамызда И. Сталинге жазған хатында көтеріліс, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі үлкен аймақты қамтыған, яғни бүкіл Қазақстанды шарпығанын айтады. Соның ішінде қазақ даласындағы ірі көтерілістер: Созақ, Ырғыз, Қарақұм, Адай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау, Балқаш, Жетісу, Сарқан, Қордай. Бұл ірі көтерілістер болғанымен, тоталитарлық жүйенің қуатты әскери күшіне қарсы төтеп бере алмады. Көп кешікпей көтеріліс жанышталып, шаруалар наразылығына қатысқандар қатаң жазаға тартылды. Осы «көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін КСРО Халық комиссарлары Кеңесі жанындағы Мемлекеттік біріккен саяси басқарма органдарының өзі ғана 5551 адамды соттап, оның 883—ін атып жіберді». Тоталитарлық жүйе құрсауына қарсы болған ашық бас көтерулердің бірі — Шұбартау шаруаларының 1931 жылы көктемінде болған ұлт азаттық сипаттағы қозғалысы. 1933 жылы 31қаңтар РКФСР үкіметі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов Қазақстанның жаңадан тағайындалған басшысы Л. Мирзоянға жазған хатында Шұбартау ауданын негізінен қазақтар ғана тұратын 70 ауданның қатарына жатқызып, егіншіліктің жетіспеушілігінен күйзеліс басталып, 1931 жылдан бастап, жаппай наразылық басталғанын атап көрсеткен еді. Халықтың мұндай ауыр хәлге душар болуының басты себебі, 1928 жылдан бергі ет салығының көбейіп кетуінен болды. Мәселен, Шұбартау ауданы орталықтағы өнеркәсіпті аудандарды ет өнімдерімен жабдықтайтын және Семей ет комбинатына мал өнімдерін өткізетін басты мал шаруашылығы аудандарының бірі болған еді. Оның үстіне, 1930 жылдың басынан кең өрістеген ауқатты шаруаларға қарсы кеңес үкіметінің жаулық саясаты олардың шаруашылықтарын түгелдей дерлік күйретіп үлгерді. Көтеріліс 1931 жылғы наурыз айының алғашқы жартысында басталды және оған (ОГПУ—дің ресми мәліметтері бойынша) 600—ге тарта адам қатысты. Аудан басшылары қашқан орталықтарында шаруалардың мекемелерді жаппай тонаушылығы басталды. Аудан аумағына жазалаушы коммунистік әскери жасақтың келіп кіруі көтерілістің кең тарап кетуіне жол бермеді. Ауыл көтері



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2019-05-19; просмотров: 451; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.149.26.246 (0.047 с.)