Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Бала жагдайы, емге дайындыгыСодержание книги Поиск на нашем сайте
г) қандай емдеу әдiсiн таңдау қажет, негiзденiз Девитальды ампутация, тіс куысын ашык калдыру, кабынуга карсы препараттармен шаю д) таңдап алынған емдеу әдiсiнiң әдістемесі е) қандай дәрi-дәрмектiк терапия жүргiзу қажет Барлығы: 100%
Балалар жасындағы стоматология кафедрасы және хирургиялық стоматология курсының меңгерушісі, доцент С.Т.Тулеутаева Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Балалар жасындағы стоматология кафедрасы хирургиялық стоматология курсымен (балалар жасындағы стоматология) Аралық бақылау Пән «Балалар жасындағы стоматология және ортодонтия пропедевтикасы» Мамандық 051302 «Стоматология» Курс 4 Нұсқа №10
Блок 1. Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап – 3% 1.Бала 14 жаста. 16 тісінде кариозды қуыс: дентин дымқыл, кабыршақтанып алынады. КПУ=8, бұл a. кариестің компенсирленген түрі b. кариестің декомпенсирленген түрі c. кариестің субкомпенсирленген түрі d. созылмалы пульпит e. созылмалы периодонтит 2.Жедел жалпы іріңді пульпиттің салыстырмалы диагностикасында анықтаушы белгі, бұл a. жедел, қатты жан-жаққа тарайтын ауруы b. суыққа ауруы c. тәттіге ауруы d. механикалық тітіркендіргіштерге ауруы e. тістегенде ауруы 3.Түбірлері қалыптаспаған тістерде пульпиттерді емдеу нәтижелілігін бағалайтын әдіс a. перкуссия b. термометрия c. одонтометрия d. клиникалық мәліметтері E. рентгенография 4.Уақытша тістерде жиі кездесетін периодонтит түрі a. созылмалы фиброзды периодонтит b. созылмалы гангренозды периодонтит C. созылмалы гранулярлы периодонтит d. созылмалы гранулематозды периодонтит e. созылмалы пролиферативті периодонтит 5.Cозылмалы гранулематозды периодонтит, R-көрінісі a. + шеттері анық дөңгелек пішінді 0,5 см тең остеопороз ошағы b. - периодонтальды саңылаудың кенеюі c. - шеттері анық дөңгелек пішінді 1,5 см тең остеопороз ошағы d. - жылан тәрізді, шеттері анық емес остеопороз ошағы e. - өзгерісі жоқ 6.Стентон-Капдепон синдромы кезінде, тіндердің мұқалуына байланысты, айқын жоғалуы кезінде тағайындалады a. ремтерапия b. дереминералдаушы терапия c. тісті жұлу d. протездеу E. алынбалы протездеу 7.Ауызын ашпайтын балаларға қандай анестезияны жиi қолданады a. торусальды b. мандибулярлы c. ментальды d. мандибулярлы анестезияның модификациясы (Ла Гвардия әдiсi) e. мандибулярлы анестезияның тiкелей әдiсi 8.Сiз төмеңгi жақтың одонтогендi созылмалы периоститi деген диагноз қойдыңыз. Сiздiң тактиканыз a. антибиотик тағайындау b. периостотомия жасау c. себепшi тiстi жұлып, KJ-пен электрофорез тағайындау d. тiстi жұлып, остеоперфорация жасау e. физиотерапия қолдану 9.Жаңа туған нәрестелердiң сiлекей бездерiнiң инфекцияға ұшырау жолдары A. гематогендi b. лимфогендi c. одонтогендi d. отогендi e. әр түрлi 10.5-8 жастағы баладағы жақасты лимфа түйiндерiнiң лимфаденитiнiң тууына мүмкiн болатын себептерi a. инфекциялық B. одонтогендi c. жарақаттық d. спецификалық e. вирусты
Блок 2. Бұл блокта 2 теориялық сұраққа жауап беру керек, әр дұрыс жауап – 15% / 1. Балалардың уақытша тістерінің периодонтиттерінің клиникалық ағымының ерекшеліктері және емдеуі Балалардың сүт тістерінің периодонтиттерінің клиникалық ағымы және нақтамасының ерекшеліктері. Көбінесе сүт тістерде созылмалы және өршіген түрлері кездеседі, бірақ ол жедел түрлері дамымайды деген сөз емес. Балаларда жедел апикальды периодонтиттің жалпы белгілері қабыну процесінің белсенді ағымымен, шектелген процесстің жайылған түріне тез өтуімен сипатталады. Сірңелі қабыну сатысы әдетте қысқа мерзімді және тез іріңді процесске өтеді. Түбір қалыптасуы аяқталмаған кезде процесс өсу зонасының зақымдануымен және тіс дамуының тоқтауымен асқынады. Жедел периодонтит клиникасы ауырсыну реакциясының перкуссияға күшеюімен, өздігінен пайда болған тұрақты, сыздап ауырсынудың қарқындылығының ұлғаюымен, себепкер тіс аймағындағы қызыл иек ісінуі мен қызаруының айналасындағы тіндерді және шеткері лимфа түйіндерін қамтуымен көрсетіледі. Жедел сірңелі және іріңді периодонтит бір процесстің жеке сатысы ретінде шартты ажыратылады. Сүт тістер периодонтитінің диагностикасының болжамы түбір сорылуының түріне де байланысты: бір қалыпты, бір қалыпты емес, түбір бифуркациясы аймағы. Жедел периодонтиттің нәтижесі экссудаттың периодонтальды кеңістіктен шығуына байланысты: түбір каналы арқылы, циркулярлы байламның еруіне байланысты периодонтальды саңылау арқылы; сүйек-ми кеңістерінен жақ сүйек беткейіне (сүйек асты және қызылиек асты абсцессі, периостит) немесе оның денесінің тереңдігіне (остеомиелит, сепсис); жедел периодонтиттің созылмалы периодонтитке өтуі емдеу шаралары жүргізілмесе немесе емдеу тактикасы дұрыс болмаса болуы мүмкін. Жедел ұштық периодонтит Уақытша тістердің жедел периодонтиттерінің клиникалық және патологоанатомиялық көрінісі тұрақты тістермен бірдей. Бірақ уақытша тістердің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты, жедел периодонтиттердің дамуында біршама өзгешеліктер бар: түбірлердің қалыптасу немесе сорылу кезеңдерінде периодонттың апикальды саңылауының кең болуына байланысты, ұлпаның қабынуы периапикальды тіндерге жеңіл өтеді. Кей кезде периодонтит түбір ұлпасын қабыну қамтымай тұрып-ақ, ертерек дамиды. Уақытша тістердің периодонтиттерінің біршама ауыр ағымы және қабыну процессінің айналасындағы жұмсақ тіндер мен сүйек тіндеріне өтуі, бала организмінің қарсы тұруының төмендеуіне байланысты болады. Созылмалы периодонтит Балаларда ұлпадағы және периодонттағы қабыну процесстері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Созылмалы периодонтиттердің 30% пульпитті тістерді дұрыс емдемеген жағдайда, 38% — кариеске емдеу жүргізілмеген кезде және 30% — жарақаттың әсерінен пайда болады. 6—8 жастағы балаларда созылмалы грануляцияланған периодонтит тұрақты қалыптаспаған күрек тістердің (көбінесе жоғарғы жақ сүйегі) нәтижесінде және бірінші молярларда кариестің декомпенсацияланған жедел ағымының әсерінен дамиды. Созылмалы периодонтит жедел ұштық периодонтиттен соң немесе созылмалы пульпиттің әсерінен біріншілік-созылмалы процесс ретінде дамиды. Созылмалы периодонтиттің патологоанатомиялық көрінісінде жедел кездегідей экссудация емес, пролиферация басым болады: фиброзды немесе грануляционды тіннің өсіп таралуы. Созылмалы фиброзды периодонтит Пульпит, жедел периодонтит және созылмалы грануляцияланған және гранулематозды периодонтитті емдегеннен кейін пайда болады. Түбірлері толық қалыптасқан тістерде ғана дамиды (уақытша және тұрақты тістерде). Тістің қалыптасу кезеңінде, түбір ұшы аймағының құрылысында өзгерістер болмағанда және уақытша тістердің түбірлерінің сорылу кезеңінде фиброзды периодонтит байқалмайды. Фиброзды периодонтит клиникада ешқандай симптомсыз жүреді және кейде тіс-жақ жүйесін рентгенологиялық зерттеу кезінде анықталады. Шағымы болмайды, перкуссияда ауырмайды, қызыл иегінің түсі қалыпты, тістің қозғалғыштығы анықталмайды. Кейде тіс сауытының түсі өзгереді: ол сұр немесе көгілдір түсті күңгірт болып келеді. Созылмалы гранулематозды периодонтит Уақытша тістерде созылмалы фиброзды түрі сияқты, гранулематозды периодонтит сирек кездеседі. Негізінен, түбірі қалыптасқан тұрақты тістерде, еш симптомсыз дамиды. Кариозды қуыс тіс қуысымен жалғаспайды. Рентгенсуретте гранулематозды периодонтит түбір ұшында айқын контурлы, диаметрі 5мм-ге жететін дөңгелек немесе сопақша пішінді сүйек тінінің деструкция ошағы түрінде анықталады. Гранулема айналасындағы сүйек тіні еш өзгеріссіз, кейде оның шеттерінде сүйектің қалыпты құрылымын шектейтін, тығыздалған склерозданған зона көрінеді. Склероздың болуы ұзақ ағымды қабыну процессіне сүйектің реакциясын көрсетеді. Кортикальды табақшамен шектелген периодонтальды саңылау, түбірдің барлық бойымен көрінбеуі мүмкін. Гранулемада орналасқан тіс түбірінің ұшы көп жағдайда резорбцияланған. Созылмалы грануляцияланған периодонтит Уақытша тістерде периодонттың қабынуы көбінесе созылмалы грануляцияланған периодонтитке өтеді. Ауру көбінесе еш симптомсыз, терең емес кариозды қуыста болады да, бұл диагноз қоюда қиындық тудырады, себебі клиникалық көрінісі орташа тіс жегіге ұқсайды. Кейде науқастар тағам қабылдағанда ауырсынуға, тістеген кезде сезімталдыққа, ауыратын тіс аймағында дискомфорт және тартылу сезіміне шағымданады. Міндетті түрде, баланың кариозды қуысты бұрғылау кезінде пайда болатын кейбір ауырсыну сезіміне реакциясын байқау керек, себебі ол диагноз қоюға және салыстырмалы нақтамалауға көмектеседі. Уақытша тістердің грануляциялы түрі қызыл иекте, жақсүйекасты аймағы, ұртында бөлінулер немесе домбыққан грануляциялар бар жыланкөздің пайда болуымен жүреді. Асқыну сатысындағы созылмалы периодонтит Уақытша және тұрақты тістердің созылмалы периодонтитінің қандай-да бір түрі болмасын, қабыну процессінің асқынуымен жүреді, ол кей жағдайларда (ауырған аурулары, суық тию және т.б.) периоститпен, остеомиелитпен, флегмонамен асқынады. Созылмалы периодонтиттің асқынуы кезінде клиникалық симптоматикасы, жедел түрдегідей, бірақ қабыну процесс бала жасында біршама күшті дамиды. Мұнда шешуші рольді аллергиялық фактор атқарады. Периодонтиттің бұл түрін жедел периодонтит және пародонтитпен салыстырмалау қажет. Емдеуі консервативті. 1. Экссудаттың ағуына жол беру; 2. Патологиялық ошаққа әсер ету; 3. Түбір өзегін уақытша пломбалау; 4. Түбір өзегін тұрақты пломбалау. Тұрақты тістерді емдеу кезінде консерватиті терапияның кең таралған әдісіне кальций гидрототығы препараттарын, апексификация әдісін қолдану жатады. Сонымен қатар, жез-кальций гидрототығы депофорезі әдісі қолданылады. Тұрақты тісті жұлу тек емдеуге жол жоқ болғанда ғана жүргізілетін шара.
2. Балалардың лимфадениттерінің этиопатогенезі, клиникалық ағымының ерекшеліктері және емдеу принциптері Лимфаденит у детей – инфекционный или неинфекционный воспалительный процесс в периферических органах лимфатической системы – лимфоузлах. Лимфадениту принадлежит одно из ведущих мест по частоте встречаемости впедиатрии, что обусловлено морфофункциональной незрелостью лимфатической системы ребенка. Чаще всего лимфаденит наблюдается у детей в возрасте от 1 до 6 лет и имеет более бурное течение, чем у взрослых. Лимфаденит у детей развивается вторично, осложняя течение основных инфекционно-воспалительных заболеваний, поэтому увеличение лимфатических узлов у ребенка может обнаруживаться различными детскими специалистами: педиатром, детским отоларингологом, детским стоматологом, детским хирургом, детским иммунологом, детским ревматологом и др.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2016-12-09; просмотров: 651; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.218.231.116 (0.008 с.) |