Хронический периостит у детей 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Хронический периостит у детей



Хронический периостит у детей встречается редко. Одонтогенный хронический периостит возникает в результате невылеченного воспалительного процесса в периодонте, после острого периостита, а также при хронических формах остеомиелита челюстей. Неодонтогенный хронический периостит у детей часто возникает после острой травмы челюсти (ушиба). Основным признаком хронического периостита является наличие безболезненной или слегка болезненной деформации кости, увеличение объема кости в определенном участке челюсти. Могут слегка воспалиться мягкие ткани, прилегающие к очагу поражения. Внешне процесс напоминает клиническую картину корневой кисты.

Лечение состоит в ликвидации очага инфекции. Как правило, консервативные методы не дают желаемого результата. Необходимо удалять инфицированный зуб и вскрывать инфильтрат в участке увеличенной надкостницы с последующим промыванием и дренированием раны. В дальнейшем назначают физиотерапевтические процедуры: фонофорез гидрокортизона, облучение гелий-неоновым лазером, электрофорез.

 

 

Блок 3. Бұл блокта 1 тапсырма шешуге тиісті, әр дұрыс жауап – 40% /

ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕП:

Клиникада 15 жастағы науқасқа аппендицитке операция жа­салған. Операция өткеннен кейiн 5 күнi сол жақ құлақ маңы безi аймағында қабыну белгiлерi байқалады. Т- 40,0. Науқас­ты сұраған кезде, бiр күн бұрын сол жақ құлақ маңы аймағы домбығып және ауратындығы анықталды. Терi қабатының түсi өзгермеген, бiрақ қызу. Оны пальпациялағанда күрт ауырады, әсiресе құлақ козелогы алдында. Ауызының ашылуы бiршама шектелген және ауырғыш. Сол жақ құлақ маңы безi бөлiну тар­мағынан iрiң араласқан, тұрып қалған сiлекей байқалады. Ұрттың кiлегей қабығы құрғақ.

а) осы ауру көрiнiсiне қандай диагноз қоюға болады.

Операциядан кейін дамыған паротит (эпидемиялық емес паротит или жедел бактериялы паротит)

б) емдеу жоспарын құрыңыз.

Жалпы: АБ, антигистаминді заттар (супрастин, димедрол, тавегил), детоксикациялық терапия (5% немесе 40% глюкоза ер, 10% кальций хлориді), витаминдер, температураны түсіру үшін ибупрофен 0,8 г күніне 3 рет

Жергілікті: компресс 5% ДМСО, ауызды шаю антисептиктермен, құрғақ жылу

в) операциядан соң паротиттiң пайда болуы немен байла­нысты.

Операциядан кейін ауыз қуысының тазалығын сақтамау; операцияға дейін ауыз қуысын санацияламау, тістерді емдемеу; операция кезінде жарақат; бездің секрециясының төмендеу

г) қандай асқынулар болуы мүмкiн.

Абсцесс, флегмона, бет нервісінің парезі мен параличі, созымалы рецедивті паротит

е) профилактикасы операцияға дейін ауыз қуысының санациясы, ауыз қуысын шаю, тістерді емдеу, тілден қақтарды алу, қыщқылдарды шайнау

Барлығы: 100%

 

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы және

хирургиялық стоматология курсының меңгерушісі, доцент С.Т.Тулеутаева

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы хирургиялық стоматология курсымен (балалар жасындағы стоматология)

Аралық бақылау

Пән «Балалар жасындағы стоматология және ортодонтия пропедевтикасы»

Мамандық 051302 «Стоматология» Курс 4

Нұсқа №8

 

Блок 1. Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап – 3%

1.Бала 5 жаста, кп=4, бұл сәйкес

a. кариестің компенсирленген түріне

b. кариестің субкомпенсирленген түріне

c. кариестің декомпенсирленген түріне

d. төмен активтілік дәрежесінде

e. жоғары активтілік дәрежесінде

2.Түбірлері қалыптасу кезеңінде ұлпаның айқын білінетін қызметі

a. трофикалық

b. пластикалық

c. қорғаныштық

d. реактивті

e. жұтындырушы

3.Пульпиттің патогенезінде неше саты

a. 5

b. 2

c. 4

D. 3

e. 6

4.Түбір өзегінің тазалығын қай ерітіндінің көмегімен анықтайды

A. иодинолмен

b. 10% Kl

c. 10% кальций глюконатымен

d. хлоргексидинмен

e. сутегінің қос тотығымен

5.Эмальдың сұр-күңгірт болуы қай жағдайда кездеседі

a. резорцин-формалинді қоспамен емдеген кезде

b. жедел пульпитте

c. жедел периодотитте

d. созылмалы фиброзды пульпитте

E. созылмалы периодонтитте

6.Жергілікті гипоплазия зақымдайды

a. уақытша ортаңғы күрек тістерді

b. уақытша бүйір күрек тістерді

c. уақытша ит тістерді

d. тұрақты премолярларды

e. тұрақты молярларды

7.Жоғарғы жақта анестетиктердiң жақсы сiнуiне әсер ететiн фак­торлар

a. сүйек қабығының борпылдақтығы

b. жақ сүйектерiнде органикалық заттардың көп болуы

c. терi асты май қабығының ерекшелiгi

d. қан тамырымен жақсы қамтамасыз етiлуi

e. альвеола өсiндiсiнiң қабырғасының жұқалылығы және тесiгiнiң көп болуы

8.Балаларда периост

a. қантамырларына өте бай, жуан, борпылдақ

b. жiңiшке

c. 10 жасқа қарай құрылады

d. поралы

e. болмайды

9.Сiлекей-тас ауруы кезiнде, тас безде шоғырланғандағы негiзгi белгiсi

a. дене қызуының көтерiлуi

b. жұтыну кезiнде ауырсыну

c. ауызының ашылуының шектелуi

d. бозару сезiмi

e. тамақ iшкенде бездiң ұлғаюы

10.5 жастағы балада сол жақ құлақмаңы аймағының жедел серозды лимфаденитi. Сiздiң емдеу жоспарыңыз

a. қабынуға қарсы терапия, физиоем,

b. iрiңдiктi жару

c. дезинтоксикационды терапия

d. иммуностимулдеушi терапия

e. антигистаминдi дәрiлердi тағайындау

 

Блок 2. Бұл блокта 2 теориялық сұраққа жауап беру керек, әр дұрыс жауап – 15% /

1. Балалардың уақытша тістерінің пульпиттерінің клиникалық ағымының ерекшеліктері және емдеуі

Пульпит терең емес кариозды қуысымен, түбiрi қалыптаспаған уақытша және тұрақты тiстерде пайда болуы мүмкiн, бұл дентин өзекшелерiнiң кең және дентиннiң жұқа қабатының болуына байланысты. Тiс кариесiнiң декомпенсирленген түрiнде дентиннiң жоғары минералданған аймағы болмайды, сондықтан ұлпа қарсыласуға мобилизацияланбаған.

Қабыну процессiнiң тез жайылуына ұлпаның өз құрылысы мүмкiндiк туғызады: клеткалық элементтерi көп те, аморфты дәнекер тiн талшықтары аз, тамырлы және лимфа жүйелерi жақсы дамыған. Түбiрi қалыптаспаған тiстердiң өзек сағалары кең, тiс сауыты мен түбiр ұлпасының құрылысында аздаған айырмашылықтар болады.

 

ž Пульпиттердiң созылмалы түрлерiнiң көп кездесетiнi, арех арқылы, кең дентин өзекшелерi арқылы жақсы өтуінің болуымен түсiндiрiледi.

ž Әр жастағы балаларда пульпиттің бір ғана түрінің клиникасы әр түрлі болуы, ұлпаның құрылысына байланысты.

ž Ірiңдi-қабыну - стафилококкты инфекция қосылады

ž Периодонтитпен, аймақты лимфаденитпен асқынған пульпит - бұл түрлерi тек балаларда ғана кездеседi

ž Ұлпаның қабынуына, организмнiң жалпы реакциясы - жоғары температура, бас ауыруы да, тек балаларда кездеседi

ž Түбiр қалыптасу кезеңiнде пульпит - сирек кездесетiн ауру. Бұнда жедел пульпиттер жиi кездеседi, оның iшiнде жалпы түрлерi. Орналасуы бойынша азу тiстер жиi бұзылады, бұл жағдайда кариозды қуыстар көбінесе жанасу беттерiнде орналасады.

ž Ауырсыну шоғырланған, иррадиациясы жоқ, ауру ұстамасы аз уақыттық. Ірiңдi инфекция тез жалғасады да, 2 күннiң аяғында жедел iрiңдi пульпит дамиды. Ауру ұстамасы – үзiлiссiз, тамыр соғуындай, үшкіл нерв бойымен иррадиация беріп ауырады. Өйткенi түбiрi қалыптаспаған, апикальды тесiгi кең, ұлпа периодонтпен тығыз байланыста, сондықтан периодонтитпен, аймақты лимфаденитпен асқынған пульпит пайда болады.

ž Уақытша тiстердiң созылмалы пульпиттерi, кариестiң декомпенсирленген түрiнде, алғашқы-созылмалы процесс сияқты немесе жедел пульпиттердiң қорытындысы болуы мүмкiн. Қарапайым созылмалы қабыну кезiнде, қарапайым немесе фиброзды созылмалы пульпит дамиды, бұл жағдайда тiс қуысы жабық болуы мүмкiн, альтерация құбылысы басым болса - созылмалы гангреналы пульпит, дәнекер тiннiң пролиферациясы басым болса - созылмалы пролиферативтi және гипертрофикалық пульпит дамиды. Көбінесе қарау кезінде нақтамаланады, бастапқы белгiсi болып - тамақ жеген уақытта тiсін қолдана алмайтыны жатады.

ž Түбiрi толық қалыптасқан кезеңдегi (3-7 жас) уақытша тiстердiң пульпиттерi 86-87% кездеседі. Көбінесе пульпиттiң созылмалы түрлерi кездеседi, уақытша азу тiстерi жиi бұзылады.

ž Түбірлері сорылу кезеңіндегі пуульпиттер. Жасы өскен сайын жиілігі азаяды. Негізінен созылмалы түрлері басым. Клиникасы кедей.

ž Уақытша тiстердiң жедел түрлерiн диагностикалау өте қиын, өйткенi балалар өз шағымдарын анық жеткізе алмайды, обьективтi зерттеу әдістеріне олардың реакциясы кейде дұрыс болмайды.

ž Тұрақты тістер пульпиттері балалар шағымдарын дұрыс анықтап және айта алатын, тітіркендіргіштерге, перкуссияға, пальпацияға, зондтауға тіс реакциясын дәл бағалай алғандағы жасында пайда болады. Ұлпаның электр қоздырғышын тексеруге болады.

Емдеуге көрсетулері:

ž Ұлпаның тіршілігін сақтауды қарастыратын әдіс (биологиялық әдіс):

- Жедел сары сулы жартылай пульпит.

- Жедел сары сулы жалпы пульпит.

- Қарапайым созылмалы пульпит (периодонтта деструктивті өзгерістерсіз).

ž Түбір ұлпасын сақтауды қарастыратын әдіс (өмір тіршілігі кезіндегі пульпотомия әдісі):

- Жедел сары сулы жартылай пульпит.

- Жедел сары сулы жалпы пульпит.

- Қарапайым созылмалы пульпит, тіс сауыты қатты бұзылған және тіс түбірі қалыптаспаған кездегі.

Түбір ұшындағы ұлпаны сақтауды қарастыратын әдіс (витальды пульпэктомия, немесе терең пульпотомия әдісі):

- Жедел сары сулы жартылай пульпит.

- Жедел сары сулы жалпы пульпит.

- Қарапайым созылмалы пульпит, тістің түбір ұшы толық қалыптаспаған тістердегі.

ž Ұлпаны толық алу әдісі (анестезиямен, анестезия арқылы диатермокоагуляция жүргізу, девитализациядан кейін):

- Түбірлері қалыптасқан бір түбірлі тістердің пульпиттерінің барлық түрлері;

- Жедел іріңді жалпы пульпит.

Девитальды пульпотомия әдісі (ұлпаны мумификациялаумен, диатермокоагуляция арқылы):

- Периодонтта деструктивті өзгерістер бар, түбірлері қалыптаспаған тістердегі ұлпаның созылмалы қабынуының барлық түрлері.

ž Балалардың тұрақты тістерінің пульпиттерін емдеудің аралас әдістері:

- Ұлпаның қабынуы, түбірлердің қалыптасу дәрежесі, периодонт жағдайы, баланың мінез-құлқы, денсаулығының жалпы жағдайы және т.б. ескерілетін, көп түбірлі тістердің пульпиттерінің барлық түрлері.

Уақытша тістердің пульпиттерін емдеудің хирургиялық әдісі кең таралған.

ž Түбір ұлпасын мумификациялау арқылы, ұлпаны девитальды ампутациялау әдісі

ž Көрсетулері:

- Периодонтальды тіндерге қабынудың таралу көріністері жоқ жедел пульпиттерден басқа, уақытша тістердің пульпиттерінің барлық түрлері. Жедел пульпиттің бұл түрін емдеу кезінде құрамында күшәлә препараттары бар, девитализациялаушы сықпаларды қолдану, қабыну симптомдарының үдеуіне және жақ сүйек асты аймағының ісінуіне, лимфаденит және периоститтің қалыптасуына әкеледі.

 

 

2. Балалардың сілекей бездері ауруларының этиологиясы, патогенезі, нақтамасы



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-12-09; просмотров: 632; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.116.20 (0.03 с.)