Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
лекция. Қоймаларды жіктеу және оған қойылатын талаптарСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Өсімдік өнімдері қоймаларының құрылымы және оның жүйесін салу 2. Қоймаларды жіктеу және қойылатын талаптар 3. Астық қоймасының сыйымдылығы және оны пайдалану 4. Қойма салуға арналған жер 5. Өндірістің бас жоспары және технико-экономикалық көрсеткіштері
1. Өсімдік өнімдері қоймаларының құрылымы және оның жүйесін салу Өсімдік өнімдері өндіру орындарынан бастап тұтынушыға жеткенге дейінгі аралықта әр мақсатта жұмыс атқаратын кәсіпорындармен байланысып ондағы қоймаларда өңделіп, сақталып, сұрыпталып, сандық және сапалық жағынан қалыптастырылып, тиеу жұмыстарын транспорттық жүйемен атқарып, өзінің сұраныс орындарына жетеді. Осы өнімнің жүру аралығы қоймалардың құрылымын және оның жүйесін салуды анықтайды. Осыған байланысты, мысал ретінде элеватор өндірісінің жүйесі қалай құрастырылғанын қарастырайық.
2. Қоймаларды жіктеу және қойылатын талаптар Қоймаларды жіктеу мына көрсеткіш белгілерге баланысты: 1) сақтау әдісі; 2) механикаландыру дәрежесі; 3) сақтау мерзімі. Өнімдер жайылып және ыдыста сақталады. Ыдыстың конструкциясына байланысты жұмсақ және қатты кйде болады. Жұмсақ ыдыста немесе қапшықта тұқым өнімдерін сақтайды. Көптеген елдерде өнімдерді қатты контейнерлерде тасымалдайды. Жайылған өнім екі әдіспен сақталады: еденді алаңда және силос ішінде. Еденде сақтау үшін жай қоймалар салады, алаңда-асфальтталған жерге бурттап, үстін брезенттермен жауып және бастырма орнатады. Силостық сақтау үшін-элеваторларды салады. Екінші әдіс-механикаландыру дәрежесі бойынша төрт топқа бөлуге болады: 1- механикаландырылмаған; 2- жартылай механикаландырылған; 3- механикаландырылған; 4- толық немесе комплексті механикаландырылған. Үшінші әдіс бойынша қоймалар уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Қоймаларға өнімді сақтап, өңдеу үшін мынандай талаптар қойылады:
1. технолгиялық; 2. конструкциялық; 3. экономикалық. 1.Технологиялық талап бойынша өнімнің сандық және сапалық шығынын болдырмау қажет. Ол үшін қойма өнімді сақтауға төзімді, сыртқы ылғалдан, қардан, жаңбырдан қорғай алуы қажет, оның қабырғалары,тедендері өнімнен түсетін қысымға қабілеті жетуі тиіс. Жалпы алғанда өсімдік өнімін биологиялық объект ретінде сақтай алуы тиіс. Оның қабырғаларының материалдарды пайда болған ылғалды сіңіруі тиіс, және сыртқы ауа-райы өзгерісін қойма ішіне жібермеуі тиіс. Жер асты сулары қойманың еденіне жиналмауы қажет, ол құрғақ түрінде болуы тиіс. 2.Конструкциялық талап - ол өнімді сақтау кезінде зиянкестердің пайда болуына жол бермеуі тиіс, және барлық өңдеу жұмыстарын тиімді жүргізуге қолайлы болуы қажет. Оның қабырғалары газды сыртқа шығармауы тиіс. 3.Қойманың конструкциясы, схемасы және қондырғылары өнім сақтауға арналған жұмсалатын қаражатты аз мөлшерде жұмсуға әкелі орынды. Ондағы қойылатын жабдықтар және қойманың сыйымдылығы өңдеу және сақтау жұмыстарын толық атқаруға сәйкес болғаны дұрыс.
3. Астық қоймасының сыйымдылығы және оны пайдалану Астық қоймасының сыйымдылығы экономикалық есеппен бағаланады. Оның аз шамасында, астық далада қалып ысырапқа ұшырайды, ал көп кезінде толық пайдаланылмай шығын көбейеді. Сондықтан астықты сақтау үшін сыймдылықтың шамасы ұтымды болуға тиіс. Астық шаруасында жылда болатын табиғат жағдайларына және оның тек бір кезде пісіп орылуына байланысты жиналатын дәннің өнімділігі, жалпы жиымы өзгеріп отырады. Осыған байланысты астықты дайындау және пайдалану өзгерісі, оның өнімін шығару мен пайдалану шамалары белгілі бір жинақты сызықты бейнесімен көрсетуге болады.
а - астықтыдайындаужәне оны пайдалану; б - астықөніміншығаружәне оны пайдалану; 1 - дайындау (шығару); 2 - пайдалану; 3 - қалдық.
Астықтың қоймасының жалпы сыйымдылығы оның толтыру ретіне байланысты. Дайындау кезінде, бірінші астық қабылдайтын орынды жинау басталады. Оның біршама бөлігін ортаңғы және өндірістік қоймаларға артады. Дайындау кезеңі аяқталар кезінде, астық қабылдау кәсіпорындарында ол түгел толып бітеді, ал арту жұмыстарын дәннің кеш пісетін жерлерінде жүргізіліп жатады.Дайындау кезі аяқталған елде астықтың ең үлкен қалдығы пайда болады. Қойманың сыйымдылығы осы қалдықтың шамасына байланысты есептелуі керек. Барлық астық қоймасының сыйымдылығы мына өрнекпен есептелінуі
керек: ≤ +
мұнда: <1- қойманың толу коэффициенті - Т
Барлық қойманың сыйымдылығы жеке қоймалардың сыйымдылығының қосындысына тең.
Жүк айналу таблицасын толтырып, ол бойынша үлкен қалдықты тауып есептейді.
8) Қоймалардың сыйымдылығын пайдалану. 1) Айналу коэффициенті - ; Мұнда:Г – жүк айналымы,т Е – сыйымдылық,т Дайындау элеваторы үшін 5 Орта аралықтағы ( ) Өндірістік
2)Пайдалану коэффициенті:
Мұнда, орта айлақ шама, Е- сыйымдылық
4. Қойма салуға арналған жер және оған қойылатын талаптар Өсімдік өнімдерін өңдеу және сақтау жұмысының атқатратын кәсіпорындарды салуға кететін капиталдық және эксплуатациялық шығын шамасы оны салуға арналған жерді дұрыс тауып пайдалануға тиімді талаптарын дұрыс орындалуына өте тығыз байланысты болады. Салатын жер алаңын мамандалған зерттеулерді жүргізіп оның техникалық және экономикалық жағынан орынды болатынын дәлелдеу қажет. Қойманың бергі (5...15жыл) және алдыңғы ұзақ кезеңде (15...25жыл) аралығындағы өсуіне болжам жасауды талап етеді. Кәсіпорын салатын орын оған жақын кәсіпорындармен (ұн,жарма,нан заводтары,макарон фабрикаларымен) кооперативті байланыс болуын ондағы өндірістің жүруіне қажетті құрылыс, қондырғыларды бірлесе пайдалану жолдарын барлығына көп көңіл бөлінуге тиіс. Жер алаңына мынандай талаптар қойылады: - жер алаңы тегіс, оның бетіндегі жиналған сулар ағу үшін, белгілі, көлбеулі болуға тиіс; - алаңның көлбеулігі 0,003 тен 0,03 шамасында және транспорт жолдарына жақын болғаны дұрыс; жер асты метрден төмен болғаны жақсы; - жердің жүк көтеру шамасы (3...4) Па (3...4кг/ ), яғни тығыздығы үлкен салмақты элеватор құрылыс үйлерін шөкпей көтеріп тұруы қажет; - кәсіпорын салатын жер алаңы ауылға немесе қала маңына жақын болғаны дұрыс; - басты желдің бағыты қыс кезінде қоймалардың ұзындық бойымен бағытталғаны, қарды және пайда болған шаңды, иісті өзімен алып экологиялық жағдайды жақсартады;
- кәсіпорын жер алаңы сумен, электр энергиясымен қажетті көлемде қамтамасыз етуге ыңғайлы болуы тиіс; Таңдап алынған жер алаңына геодезиялық зерттеулер жүргізіп, жаңа салынған кәсіпорынның орналасу жоспарын жасайды.
5. Өндіріс кәсіпорынының бас жоспары және технико-экономикалық көрсеткіштері Бас жоспар кәсіпорының негізгі, үйлер мен құрылыс объектілерімен, транспорт жолдары тораптарынан, электроэнергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелердің бір-бірімен тығыз байланысқан түрдегі орналасуын сипаттап көрсетеді. Негізгі өндірістік объектілерге жататындар: элеватордың қабылдау және тиеу қондырғылары, жай қоймалары, жұмысшы мұнаралары, астық кептіргіш қондырғылары, ұн, жарма, құрама жем, нан заводтары, макарон заводтары, дайындалған өнім қоймалары, лабораториялар, автомобиль, вагон таразылары. Өндірістік қосымша объектілеріне жататындар: май, отын қоймалары, трансформатор, насос станциялары, жер асты қоймалары, механикалық слесарь, қаңылтыр жөндеу бөлмелері, электромонтаж жасау, ағаш бұйымдары шеберханасы, тепловоз,автомобиль қоятын орындар, өрт депосы, химикат, ит сақтайтын бөлмелер. Әр бөлімдегі қызмет жасау бағытындағы қоймалардың өзіндік бас жоспарларының схемалық өзгешіліктері бар. I - бөлім, дайындау элеваторлары үшін көп таралған вариант:
Схема
II - бөлім, аударғыш, базистік және қор жинау элеваторлары үшін:
Схема
III - бөлім, өндірістік, порттық элеваторлар:
Схема
Бас жоспарлардың технико-экономикалық көрсеткіштері
№
Өндіріс кәсіпорындары Жер алаңы, га Құрылыс- тың орналасу тығыздығы Жеке орналасқан құрылыс объектілері- нің саны Дайындау элеваторы,Е 100мың тонна 6,5 Порттық элеватор 5,0 Ұн комбинаты,Q=200T/T 4,5 Құрама жем заводы,Q=345T/T 4,2 Ұн комбинаты,Q=500Т/Т 7,3
|
|||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.149.249.84 (0.009 с.) |