Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
І тіл дамытудыҢ Ғылым болып ҚалыптасуыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
І ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫ 1.1Қазақстандағы тіл дамыту ғылымының дамуы. Профессор Вера Константиновна Омарованың мерейтойына арналған «Үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияда А. Б. Бакраденованың «Балалар тілін дамыту және сауат ашуға қатысты К. Д. Ушинский мен Ы. Алтынсариннің заманауи ой – тұжырымдары.» атты мақаласында. “ Ресейдің бастауыш білім беру тарихында балалардың сауатын ашып жазуға араналған алғашқы оқу құралын (1864 жылы «Ана тілі» ) педагог жазушы К. Д. Ушинский жазса, қазақ балаларына аранап жазылған Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы жинағы» 1879 ж. Қазан қаласы баспасынан шығарылған. Балаларды сауаттандыру ісі басталған тұста Ресей балалары А. Н. Толстойдың әліппесімен ( 1872ж. «Азбука») оқыта бастаған әліппе оқулықтары араб графикасымен қазақ жеріне жайылып бара жаткан татар фанатизмнің бетін қайтарды. Патшалық империя үстемдігін жүргізіп тұрған кезінде қазақ балаларының сауатын ашу ізгіні үкімет қолында болды. Орталық халық ағарту министрінің ұсынысымен Ы. Алтынсарин Орынбордан Казан қаласына шықырылып алынып қазақ балалары үшін орыс алфавиті мен оқу құралын құрастыру міндеттелінді. ХІХ ғасырдың ортасына дейін жазуға үйрету оқытуға үйретуден бөлек жүрді. Әріптер алфавиттік тілінде «а» «ижицаға» дейін жазылды. Жазуға үйретудің басты әдісі болып сансыз әріптерді сөздерді және сөйлемдерді механикалық қайталап жазу болды. К.Д.Ушинский жазуды оқуға үйрету мен қатар үйретуді алғаш рет ұсынған. Нақты айтқанда, педагог жазушының хрестоматиясы мен «Мақтубат» оқу құралының тілінен орыс графикасына қосымша қазақ таңбаларының енгізілу тарихы жатыр. 1876 жылы Ыбырай Петербург,Казан қалаларына әдейілеп келіп, орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. 1876 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық мектер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Тройцк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. «Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім» , - деп жазды ол. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әдеби мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды». Ыбырай туған халқын ерекше сүйді., оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. 1883 жылы Торғай облысының әскери губернаторына жолдаған баяндамасында ол: « Қазақтарға – аса дарынды, ақыл-есі халыққа- кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру – қалай дегенмен де аса қажет болып отыр»- деп жазды. Ыбырай, хрестоматиясының алғы сөзінде,- біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптің орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола лау жағынан көздедім» [2]. « Қазақ хрестоматиясы» балаларға раналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді. Қазақ балаларының оқуға енгізілуі екі тілді ( орыс, қазақ) қатар жүргізу іс тікелей Ы. Алтынсариннің атсаылсуының арқасында болды. Әріптесі Н.Ф.Букановтың Ыбыбрайға нұсқаған әдісі қазіргі дыбыстық талдау-*жинақтау әдісінің бастапқы түрі- дыбыс әдісі еді. К.Д:Ушинский сауат ашуда өз кезінде тиімді болған дыбыс әдісіне мынадай міндеттер қойған болатын: 1. Баланың көзі мен қолын дыбыс таңбалалрын жазуға үйрету, әріптердің дыбысталуын, дауыстап айтылатын сөз ішіндегі қажетті дыбсты тапқызу арқылы байқату, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету. 2. Баланың зейінін жекелеген дыбыстар мен сол дыбыстардан құралған сөздерге аудару, біртіндеп жинақталған сөздерден сөйлем құрату. 3. Балалардың жинақтаған білім-дағдыларын жаттықтырп отыру. Дыбыстар мен оның таңбаларын К.Д.Ушинский алфавиттік тәртіп бойынша үйретеді. Алдымен жазылуы үйрететін сөздер таңдап алынды да, оларды таңбалаған дауысты дыбыстар қатарын таныстырлды. 10-15 сабақтан соң осы әдіспен баспа әріпін жазу дәрежесіне жеткізілді. Педагог алғаш ұсынған талдау-жинақтау әдісін шәкірттері Н.Ф.Буакнов, Д.Ш.Тихомиров, В.Ф.Вахтеревтер әрі қарай дамытты. Әдіс түрін өзгертіңкіреп «оқу-жазу» деп аталатын оқыту әдісі нұсқасын ұсынды. Бұл әдіс бойынша балалар баспа әріптерді мәтіндерді оқуға үйретілгеннен кейін бірден жазуға жаттықтырылатын болды. Ы.Алтынсарин қазақы әріпті жинағы осы әдіспен оқытуда тиісді болып шықты. Бірақ патшалық казак-кыргиз мектептеріндегі қазақ балалары үшін орыс тілін білгізу ниетімен пайда болған дыбыспен қазақша-орысша оқыту ауылдық мектептер үшін өте қолайлы бола қоймады. Бұл жайында қазақ педагогінің шәкірті Спандияр Көбеев : « Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін бұл басталған жұмыс ілгері қарай дами алмады, кейін мүлде қазақша оқытылмасын деген ереже шықты.» деп жазған болатын. Ыбырай Алтынсарин ашқан мектепте оқыған шәкірті саясат шырмауынан шыға алмай, 1901 жылы Н.Ф.Буканов әліппесімен өзінің педагогтік еңбек жолын орысша бастауға мәжбүр болған «... тым болмаса, өзінің ана тілінде сауатын ашқан абалалр болса екен-ау, өз ана тілін білмеген балалар басқа ұлттың ітілін қалай меңгермек?» деп қынжылған. Тілдік талай тағдыры балалармен бірге бастап кешіріп келе жатқанын сонау ХІХ ғасырдан бері сезіп келе жатқан қазақ зиялылары ( М.Жұмабаев, А.Байтурсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов) орыс елеінің аталған педагог жазушыларымен, педагогтарымен бірдей баланың ана тілінде ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сауат ашу мәселелерінде бірдей көзқараста болды. «Баланың бүкіл жан дүниесіне, оның толымсыз дамуына, оны қоршаған табиғат, айналасындағы адамдар, оның өз бөлмесінде ілулі тұрған суретке дейін, өзінің ойыншықтарына дейін әсер ететін болса, өзіндік ерекше сипаты бар осындай құбылысқа қандай да болмасын сол халықтың тілі арқылы ықпал етуге біз қалайша қарсы тұра аламыз?» деп жазған К.Д.Ушинкий. ХІХ ғасырдың бас кезінде ұлы державада латын тілі басымдық таныта бастағанда, ана тілінде оқығысы келетін балалардың қамын ойлап, К.Д.Ушинский мен Н.В.Пирогов сияқты сол заманның педагогтары баланы ата-ана, туған орта аясынан айыруға қарсы тұрды. «Мұның зияны, деп жазған И.В.Пирогов, - бала зейіні өздері білетін заттарны тереңірек зерттей танудың, ойлау процесінің жетілуіне қызмет теудің орнына, мол заттың жаңаша атауларны үйренуге ауып кетеді. Балланың назары сөдің сыртқы формасында қалып қояды...». Бүгінгі таңда қазақ отбасыларының алдында бала қай мектепке беру, қай тілде сауатын ашу мәселелері туындап тұр. Біздіңше, қазіргі баланың интерактивті дамына барлық жағдайлар бар. Қолдарындағы планшетке қазақшаланған ойындары, мультфильмдерді салып, үйде «Балапан» сияқты бағдарламалардағы бейнефильмдерді тиімді ойын-сабақтарды, жаңалығы, тәрбиелік сабақ мәні зор хабарламаларды жиі тыңдатып, ана тілінде сауат ашуды тәжірибиеде қолдана түссе, тілдік даму ортылқтарында алдын-ала дайындаса болады. Осы мақаланы жазуға аз да болса, оқырманға осы мәселеге зер салуға бағыттау бүгінгі педагогтардың парызы болмақ. Өйткені мемлекет алдында тұрған көптілділікке бет алуымыз көршілік алдында сұрақтар туындатуда. «Жаңадан жаңаны шығару» әдістемесі міндеті екендігі кезінде А.Байтұрсынұлы жақмы айтқан, озық заманда озық тілді, интербелсенді балалар да, үлкендер де баршылық, үштілді мектеп-гимназиялардағы мемлкеттік, жеке меншік оқу бағдарламаларымен оқи алатындар да бар. Бірақ, олардың әрқайсысында баланың ана тілін, рухын бастауышта алатынын ұмытпауымыз керек. Қазіргі әдебиетте өз стилімен, ерекше ой-толғамдарын анық-ашық-қанық жаза бастаған, үзеңгілесе қаламдастарынан оза шығып, орыс тілінде қазақы рухын бірден таныта алған жазушымыз Дүйсенбек Нақыптың мына сөзі баланың ана тілінде тәрбиеленіп, мемлекеттің патриот ұл-қызы болып жетілуіне ана тіліне сауаттылануын мәні зор екендігін көрсетеді: « Қазақ қаншама сұрапыл кезеңдерді басынан өткергендерін еске түсірсек көзге жас келеді. Ел боламыз десек мәдениет, әдебиет, өнер, тарих, салт-дәстүрден ажырамауымыз керек.Онсыз «рухани жұтты» басынан өткеріп жүрген қазақ үшін гегемонияларға оп –оңай жұтылып кетуіміз мүмкін»[3]. Баланың ана тілінің неігзін сақатайық, сауатын ана тілінде ашайық. Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің неігізін қалаған әрі педагог, әрі теоретик бола жүріп іс-тәжірибиеге сүйне жазған ой-тұжырымдардың бүгінгі күндері де маңызы артып тұр.” [1] Қазақстан Республикасының Білім туралы, 27.07.2007 - №313 ШЗ РК заңы. [2] Алтынсарин Ы . Шығармалары – Алматы Жазушы, 1990 – 223 б. [3] Ел боламыз десек Д. Нақып. « Сарыарқа самалы», 4 тамыз, 2016 ж. [4] А.Б.Бакраденова. Профессор Вера Константиновна Омарованың мерейтойына арналған «Үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференция.// «Балалар тілін дамыту және сауат ашуға қатысты К. Д. Ушинский мен Ы. Алтынсариннің заманауи ой – тұжырымдары.» 2016ж. б. 141- 144 1950-60 жылдарда мектепке дейінгі мекмелердің жұмысына арналған ғылыми зерттеулер одан әрі жалғасты. Осы кезеңде тіл дамыту сабақтарындағы балалардың сөздің грамматикалық құрылысын жақсы меңгерулері үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдалану керектігі сөз болды. Мектепке дейінгі тәрбие мәселесінің қалыптасуының жаңа кезеңі 1959 ж. 21 мамырдағы орталық комитеттің "Мектепке дейінгі тәрбие мекемедегі оқыту мен тәрбиелеуді жақсарту шаралары туралы" қаулыға байланысты. Ұлы Октябрь ревалюциясынан кейін біздің республикамызда да мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің жұмысы жедел дамыды. 1917 жылы 1 мамырда Верный қаласында тұңғыш балабақша ашылды. Бұл бақшаға әртүрлі ұлттан тұратын 100-ге жуық бала қабылданды. 1922 ж. бастап республикада балабақшаға арнап қызметкерлер даярлайтын әйелдер курстары ашылды. Сөйтіп 2 жылда 80 тәрбиеші даярланды. 1926-29 жылдары республикамыздың алыс аудандарына мектепке дейінгі киіз үй, көшпелі үй, қызыл отау секілді мектепке дейінгі мекемелердің жаңа түрлері ашылып, олар ауыл комиссариатының шешімі бойынша мектепке дейінгі тәрбие туралы конференция ұйымдастырды. Бұл конференцияда тәрбие әдістері, сауат ашу, мектеп пен балабақшаның байланысы деген мәселелерге көңіл бөлінді. 1938ж.1 мамырда Алматы қаласында мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі Республикалық методикалық кабинет ашылды. Осы кабинеттің негізінде тәрбиешілер даярлайтын 3,6,9 айлық курстар жұмыс істей бастады және бұл курстарда сабақ қазақ тілінде жүргізілді. Курсты бітірушілер алыстағы аудандарға жұмысқа жіберілді. Осы кабинеттің ашылуымен байланысты балабақша жұмыстары жандандырып балабақшаға арналған программалар, методикалық еңбектер шығарыла бастады. Алғашқыда бақшаға арналған программа орыс тіліндегі программаның негізінде аударылып жасалады. Соңғы шыққан программа сауат ашу бөлімі қазақ балалар әдебиетінің туындыларынан алынып жасалды. 1964 ж. шыққан программа балалардың жас ерекшеліктеріне сай шығармалар таңдау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. 1960-70жж.арасында республикадағы мектепке дейінгі мекемелердің саны 5-6 есеге дейін өсті. 1981-82 оқу жылына арнайы шығарылған программа, мектепке даярлық топтарына арналған оқу тәрбие жұмысына көңіл бөлінді. ХХІ ғасырдағы Қазақстанның тіл мәселесі өзінің өзектілігімен ерекшеленеді. Қазіргі уақыттағы қазақ тіліне байланысты туындап жатқан мәселелердің себеп-салдары тікелей кеңестік дәуірмен ұштасатындығы белгілі. ХХ ғасырдағы кеңестік жүйенің ұстанған ұлт саясаты одақ құрамындағы ұлттардың даму заңдылықтарына әсер етіп, олардың ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетінде көптеген өзгерістер туғызды. Соның ішінде тіл мәселесі - қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс болды. Ғасырлар бойында жинақталған тәжірибе көрсеткендей кез-келген халықтың тұтастығының негізі – оның мәдениеті, тілі, дәстүрі, тарихы. Оның ішінде тілдің адам өмірінің философиясы мен ойлау жүйесін қалыптастыратындығы белгілі. Соған сәйкес, тіл - кез-келген ұлттың ұлт ретінде өмір сүруінің басты шарты болып табылады. Қазіргі таңда тілдің ұлттық болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқаратын қызметіне байланысты, оның даму тарихына, бүгінгі жағдайына талдау жасау аса маңызды. Мектепке дейінгі педагогика ғылымының дамуына өзіндік үлесін қосқан журналист, публицист, педагог-тәлімгер, аудармашы Нәзипа Құлжанова. Зерттеуші еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің үлкен бір саласы − баланың сөйлеу тілінің дамуы. Ол өзінің "Мектептен бұрынғы тәрбие" атты әдістемелік құралында мектепке дейінгі баланың нені үйренуі керектігіне тоқтала келіп: - сөйлеу, яғни сөз бен сөзді байланыстырып, өзінің ойын, талабын, көңіл сезімдерін басқаға жеткізу; - ойлай білу сырттан алып, ойға тоқыған заттарды салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, әр нәрсе туралы өзінің ойын айтып, бір пікір шығару; - ойға тоқығанды және оған деген өз көзқарасын жарыққа шығару (ойын, сурет, әңгіме арқылы); - балаға сусындай керегінің бірі − сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі, негізі баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы деп тұжырымдайды. Қазақ балабақшаларына арнап еңбектер жазған, ғылыми зерттеулер жүргізген ғалымдардың бірі – педагогика ғылымдарының кандидаты Б.Баймұратова, оның "Мектеп жасына дейінгі. балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту", "Мектеп жасына дейінгі.балалардың тілін дамыту методикасы", "Балаларды мектепке даярлау", "Біздің кітап" т.б. еңбектерін атап өтуге болады. "Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту " деген еңбегінде бақшаға арнаған бағдарлама бойынша тіл дамыту сабақтарын жоспарлау және мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшеліктерімен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың тәсілдері мен әдістеріне тоқталды және осы еңбектің соңында жоғары топтарда өтілетін кейбір сабақтардың жоспарын берген. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізгі әдістері мен тәсілдеріне: Сөздік жұмысын жүргізу Дидактикалық ойындар ойнату; Түрлі заттардың атын айтқызып салыстыру; Жұмбақ шешкізу, сурет арқылы әңгіме құрастыру, серуенге, топсаяхатқа шығару жұмыстарының ерекшеліктерін нақты мысалдармен дәлелдеп көрсеткен. Ал "Балалар тілін дамыту методикасы" деген еңбегінде балабақшадағы әр топтағы балалардың сөздік қорының қандай дәрежеде болатындығын төмендегі цифрлар арқылы дәлелдейді. Мысалы: 2 жастағы балалардың сөздік қоры – 500 сөзден астам. 3 жасар баланың сөздік қоры - 1200 4 жастағы баланың сөздік қоры -1900, ал даярлық тобындағы балалардың сөздік қоры 2500-3500 сөзге дейін. Ал өзінің жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөзді меңгеруі жанұядағы, бақшадағы жүргізілген тәрбие жұмыстарына байланысты деген қорытынды жасайды. Бақшадағы әр топтағы балалардың сөйлеу деңгейлерінің бағдарламалық талапқа сай болуы сабақтарда қолданылатын әдіс –тәсілдерге де байланысты екендігін көрсетеді. Бұл соңғы еңбегінде Б.Баймұратованың төмендегідей 9 жұмыстың түрін атап көрсеткен. Оқылған шығарма бойынша сұрақ қойып жауап алу. Балаларға антоним, синоним, омоним сөздерді меңгертіп, сол сөздердің ерекшеліктерін ажырата алатындай дәрежеге жеткізу. Түбір сөздерді әр түрлі формада қолдана білуге үйрету. Мысалы: бас, басшы, бастық, бастама т.б. Берілген сөздерге теңеу табу. Мыс: қызыл алма, тәтті алма, алтын күз, суық күз. Белгілі бір тақырып бойынша балалардың өздеріне әңгіме құрастыру /жыл мезгілі, отбасы, достары туралы т.б/. Суреттермен жұмыс. / жеке адам, еңбегі, өмірі, табиғатқа байланысты/ Топсаяхатқа шығару Дидактикалық ойындар арқылы балалар тілін дамыту. Өздерінің көрген білгендері бойынша әңгімелесу. Сонымен қатар автор бұл еңбегінде әр топтағы өткізілетін тіл дамыту сабақтарының үлгі жоспарларын бере отырып, тіл дамытуды басқа пәндермен қалай байланыстыру керектігіне тоқталады. Мысалы, тіл дамыту сабағымен көркем әдебиеттің байланысын жеке, нақты мысалдар арқылы бала тілін дамытуға қандай әсері болатындығын дәлеледеген. Еңбектің соңында дамыту сабақтарында пайдаланатын дидактикалық ойынның мазмұны берілген. Ғалым Қ.Меңдаяқова «Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми - әдістемелік негізі» атты диссертациясында мектепалды даярлық тобының балаларын қарастырған. Ғалым балабақшадағы тілдік ортаның жасалуына аса мән берген. Ол тілдік орта алдымен тәрбиешіден басталады, оған балабақша қызметкерлері және балалар жатады. Ол: «Баланың байланыстырып сөйлеуінің дамуы сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Баланың сөзі сыртқы ортамен байланыста үш түрлі қызмет атқарады: қатысымдық, танымдық, тәрбиеленушілік. − Қатысымдық қызмет айналасындағы адамдармен қарым-қатынас қажеттігі баланы байланыстырып сөйлеп, өз ойын басқаға білдіру үшін, тілін жетілдіруге ынталандырады. − Бала үшін сөз таным қызметін атқарады. Сөзді ойланып та, сөзді жақсы байланыстырып та сөйлейді. Сөйлеу ортасы соған сай ұйымдастырылуы керек. − Сөйлеу ортасы баланы тәрбиелейді, әсіресе, балаға «олай жасауға болмайды, олай жасауға болады» деген сияқты сөздер баланы жаман қылықтан сақтандырады, жақсы қылықты, мінез-құлықты қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен, жақсы ұйымдастырылған жасанды сөйлеу ортасы баланың тілін дамытуына, байланыстыра сөйлеуге жаттығуына, дұрыс тәрбиеленуіне үлкен әсер етеді» -деп тұжырымдайды. Байланыстыра сөйлеуге үйрету мәселесі ғалым К.М Метербаеваның «Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру» атты диссертациялық жұмысында жан – жақты қаралған. Ғалым алдына табиғатта болатын өзгерістерді баланың байланыстыра айта білуін, ойын жүйелі жеткізуін қадағалау, баулу, үйрету мәселелерін мақсат етіп, алдына қойған. Ол үшін табиғат құбылыстарын сипаттауда логикалық ойлауын жетілдіру мәселелерін анықтаған. Олардың негізінде балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың көрсеткіштерін анықтаған. Олар: - табиғат құбылыстарының маусымдық өзгерістерін бақылау; - көркем шығармаларды талдау, халық ауыз әдебиетін қолдана білу; - тәжірибе жасау, модульдік тапсырманы орындау; - проблемалық жағдаяттар туғызу, қорытынды жасай білу. Осындай негіздегі әдістемесін іске асыруда ғалым суретті сериялар, табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар, өлеңдер, әңгімелер, ертегі, проблемалық жағдаяттар, сюжетті-рөлдік және дидактикалық ойындар, тәжірибелік сабақтарға көрнекі құралдар т.б. пайдаланған. Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері «Оқу құрал» (1912) «Әдебиет танытқыш» (1926) «Әліпби» (1924) «Тіл құрал» (1914) “Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе мен әріп, тіл һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді” А. Байтұрсыновқа дейінгі еңбектерде қазақ тілі жүйесі түрде зерттеледі, жоғарыда аталған орыс ғалымдарының еңбектеріндегі зерттеулердің ғылыми дәрежесі төмен болды, қазақ тілінің өзіндік табиғи қасиеті көп жағдайда ескерілмеді, бір жақты байымдаулар мен үстірт пікірлерге құрылды, көбіне фиктивті құрылымды тілдердегі ережелерге сәйкестендірілді. Мысалы, Санкт- Питербургте 1875 жылы жарық көрген М.А. Теретьевтің «Грамматика турецкая, персидская, киргизская» деп аталатын кітабында қазақ тілі, оның дыбыс жүйесі мен грамматикалық құрылысы жайында азды- көпті ғана, қазақ тілініңЫ. Алтынсариннің 1871 жылы Оринборда жарық көрген «Начальное руководство к обучению киргиз-русскому языку» атты еңбегі қазақтарға орыс тілі грамматикасын түсіндіретін ең бірінші оқу құралы ретінде зор қзмет атқарды. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым А. Байтұрсыновтың ағартушылық жолға құлшына кірісіп, сауаттылықты жою жолында қазақ тілін жан-жақты талдауына Ы. Алтынсариннің осы еңбегі де үлгі болған сияқты. Ташкентте, Орынборда, Алматыда жоғары орындарында профессор қызметін атқару. Қазақ тілі мен әдебиетін терең зерттеуге ғалымға мүмкіндік жасады, ұстаздық пен қоғамдық жұмыстарда жүріп, ол зерттеу жұмыстарын тоқтатпаған. Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері «Оқу құрал» (1912) «Әдебиет танытқыш» (1926) «Әліпби» (1924) «Тіл құрал» (1914) “Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе мен әріп, тіл һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді”,дейді. 1841жылы Қостанай облысы Затобол ауданында туған 1879 – 89 жылдары Торғайда мектеп инспекторы болды, 4 училище, 7 мектеп ашты 1860 жылы Торғайда қазақ балалары үшін мектеп ашуға рұқсат алады 1850-57 жылдары Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебінде білім алады 1864жылы мектеп жанынан интернат ашылады 1888 жылы Орскі қаласында мұғалімдер мектебін ашты 1889 жылы Ырғызда қыздар интернатын ашты Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) “Қазақ хрестоматиясы” “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” қасиетін, мәнін т.б. ерекшеліктерін аша алиайтын мағлұмат берілген. Балабақшадағы негізгі мәселенің бірі: баланың тілін дамыту.Әрине, тіл дамыту отбасынан бастау алатын болса, баланың үлкендермен қарым-қатынасы ата-анадан, ата-әжеден басталады.Балабақша оны әрі қарай дамытады.Ғалымдар балабақшадағы тіл дамыту жұмысын негізгі деп бағалайды.»Среди многих задач воспитание и обучение детей дошкольного возраста в детском саду обучение радному языку, развитие речи, речевого обучения одна из главных.» Өйткені тіл дадамға табиғаттан берілетін, адаммен бірге туңан, құдайдың бір сыйлығы деген К.Д.Ушинский, ол адамдардың бүкіл тарих бойына жиған асыл қазынасы, зор байлығы.Сондықтан ата-бабадан жеткен байлықты, қазынаны балаға меңгерту керек.Ол үшін балаға үлкендердің көмегі керек, ол көмек отбасынан басталады, балабақшада дамытылады. Балабақшадағы тіл дамытуды ұлы педагог К.Д.Ушинский дайындық оқу «подготовительное обучение» деп атаған.К.Д.Ушинский жалпы оқуды екіге бөлген: жүйелі оқыту, ол отбасында және балабақшада жүзеге асады деп көрсеткен.Сонымен бірге, дайындық оқу, оның ішінде тіл дамытубаланың шамасына лайықты, қызықты, әр түрлі болуы керек деп ескерткен. Дайындық оқу теориясының негізін қалаған педагог-ғалым К.Д.Ушинский ана тіліне оқытуда 3 мақсат көзделедідеп санаған.Бірінші- баланың ойын білдіруін дамыту, ол ушін оқытуда көрнекілік маңызды, бала нақтылы бейнені қабылдайды. Екінші – баланы өз ойын дұрыс, әдемі етіп, білдіруге үйрету.Оның ең маңызды үлгісі үшін шығарманы балаларға тыңдаудың шартын айтқан, ол жағымды идея, көркемдігі, бала ұғатындай, баланың ұғымына сай болуы. Сөйтіп бала көркем шығарманы оқуының жүйесін анықтаған. Үшінші- баланың тәжірибиеде грамматиканы меңгеруі, ол грамматиканы меңгеруі,ол грамматиканы кейін ғылым ретінде меңгерудің алдында болады. Ол үшін сөзге, сөздің тұлғасына, сөйлемге қатысты жаттығулар қолдануды ұсынған. К.Д.Ушинский өзінің осы теорияларын «Детский мир и Хрестоматия» (1861ж), «Родное слово» (1864ж) тағы басқа еңбектерінде іске асқан. Ғалымдар тіл дамыту методикасының қалыптасуында Е.И.Тихееваның еңбектерінің маңызды қызмет атқарғанын ескертіп отырады.Е.И.Тихеева ана тілі негізінде балабақшадағы оқу, тәрбие жұмысының бәрі жүргізіледі деп санаған.Е.Тихееваның «Развитие речи дошкольника» деген кітабы 1937 жылы шықты деп жазған А.м.Бородич. Балабақшада тіл дамыту мәселесін алғашқы зерттеушілердің бірі- Е.А.Флерина болған. Мектепке дейінгі бала тілін дамыту мәселесін зертеумен айналысқан елеулі ғалымдар А.П.Усова, О.И.Соловьева, А.Н.Гвоздев, В:ВГербова тағы басқа ғалымдар еңбектер жазып, әрі тіл дамыту мәселесін дамыта түсті, әрі балабақша мамандарын дайындаудың сапасын арттырды, әрі балабақша тәрбиесіне, тәрбиешілерге жәрдем берді.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.224.54.61 (0.011 с.) |