Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Түркістан уаләяты газетінен «Оқу, жазу адамға көп пайдалы»Содержание книги
Поиск на нашем сайте
«Жазуға үйрету» Жоғарыда айтылған сабақтарының бәрі де жалғыз әңгіме, сөйлеумен өтіледі. Тұтастан әңгіме құру да балаларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан бастапқы күннен бастап күніне бір сағаттай балаларды жазу қызметіне даярлаумен оздыруға тиіс. Отырғанда балалардың көкіректері парта тақтасының шетіне тиер-тимес болып түзу тұрсын.Екі қолы шынтағына дейін партаның үстіне қойылған; еі аяғы ілгері созылған болсын. Балалар шынағы қозғалмай жазу жазғандағы секілді тек саусақтарын бүгіп жазып, қолдарының бастарын оңды-солды түрліше қозғап біраз үйренуі керек. Бұдан соң қарындашпен жеңіәл суреттер салу пайдалы. Ең әуелі түрлі дөңгелектер, жылан сықылды иректер, қамшы, сыбыртқы секілді нәрселерді сызады. Бұл саусақтарымен қолдың басын түрліше қозғауға үйретеді. Бұдан соң құрық, бақан, сырық, өре, киіз секілді нәрселерді сызады. Бұл білек һәм қол басының тұтас қозғалып үйренуіне жәрдем етеді. 3 һәм 4 сбаақтарда топай, сөкелек, жапырақ, қалақтар секілді нәрселерді сыздырып үйрету тиіс. Осының бәрінде де шынтақтың бір орныннан қозғалмай жалғыз-ақ саусақтар мен білектің сол шынтақ айналасындағы айналып тұруына бекірек те ығтибар ету керек. Бұдан соң харфтің негізгі мүшелерін сызыдра бастау керек... Жазуға шұғыл үйрену үшін көшіріп жазу һәм екіншіден үлгі алу бек пайдалы. Мұғалім, жалғыз ауызбен үйрету емес, бәки харфтің қалайша басталып, қалай қарай сызылатынын һәм қалайша аяқталғанын өз қолымен көрсету мұғалімнің міндет: «Балалар, қараңыз, мен қалайша жазамын! Қараңыз, мен қайдан бастаймын! Мен бармақтарымды қалайша бүгемін, қалайша жаздым: менің жазғанымдай етіп бармағыңызбен тақтаға жазып көрсетіңізші! Қазір енді тиісінше партаға отырып, жазуға даярланыңыз: дәптерлеріңізді тиісті орынға қойып, қаламдарыңызды дұрыстап қолға алыңыз! Жарайды енді жаза бастаңыз!» деп айтады. Қол үйретіс үшін харфтер яки сөздер балаларға бірнеше рет жаздыру тиіс. Жазғанда балалар еш асықпастан, жаздыру тиіс. Жазғанда балалар еш асқпасын, мұғалім күзетші болып, қателескен жерде олардың жәрдеміне әзір тұрсын.
«Қол қызметі» Көңіл сабағына һәм жазуға үйретумен қатар балаларды аздап-аздап қол қызметіне де үйретуң тиіс. Мәселен: қарындашпен суретсалдыру, балшықтан, қағаздан суреттер жасату секілді. Бұлайша қол қызметтері өздеріне лайық һәм нағыз балаларша болуы керек. Әуелі қысқаша ғана әңгіме болып, сол әңгіменің шенінде айтылған нәрсенің суретін салдыруға бегірек те пайдалы. Осы әзірлік сабақтарында шәкірттер, мынадай білім алуға тиісті: шәкірттер әңгіме арасында сөздің жолы – тұтас айтылатындығын білсін һәммеде сол сөзді буынға, буындарды дыбыстарға бөліп айтудың да мүмкін екендігіне анық түсінсін, сөздердің бәрі де дыбыстардан құралғандығын балалар анықтап білсін. Шәкірттер өте жеңіл сөздерді буындарға һәм дыбыстарға айырып үйренсін, һәммеде дыбыс таңбалларының (харфтердің) негізіг мүшелерін жазуға қодарын дағдыландырсын. Осы әзірлік сабақтарына балалар мұғалімдердің сөздерін һәм оқыған нәрселерін жақсы көруге, естуге, сурет һәм картинадағы нәрселерді ығтибармен көруге, естіген нәрселерін жақсылап айтып беруге үйренсін һәм әдеттенсін. Сөдерді буынға, буындарды дыбстарға бөлу туралы болған әзірлік сабақтарымен күніне жарты сағаттан шұғылданғанда 5-6 күнде тәмәм етуге мүмкін. Балалар осылайша жаттықан соң дыбыс таңбаларын – харфтерді көрсетуге тиіс.
... Балаға өз тілінше оқытып үйретпек керек, онан соң оны жаздырып үйретпек керек.Бала өз тілінше оқу, жазудың жөн жобасын білген соң, осы жөнмен бүкіл жұрттың жазуын, оқуіын өз ыждаһатымен, я біреудің оқытуымен білейін десе, жолға түскен адамға адаспақ жоқ дегендей жолын көрген сон ыждаһат қылса, біліп кете береді. Балаға әліпбиді таныытп болған соң, оны жаттай жаздырып, одан соң үш, төрт әріпті қостырып оқытып, жаздыру керек. Мысалы, ат, кісі, т.б. осыларды түсіндіріп қайта айтқанда, қиындықсыз-ақ екі-үш айдың ішінде бала оқып және жаза бастаса керек... Ресей жұртында әр қайда неше медреселер түзетіліп, қанша заманнан бері оқытудың тәртіптерін түзетіп келіп, әлі осы уақытта орыстар өз тілінше оқу, жазуды сондай жылдам біледі. Үш айдың ішінде бала түсініп жазуға кәміл кірісе бастайды. Бұл орысша оқудың оңайлығынан емес, оқытудың мәнісін білгендіктен деп есеп қыламыз.Мұсылман халқы болсын, орыс болсын, жақұт болсын, бәрі де бірі артық, бірі кем емес, әркім оқыса, білсе, өз әліне қарай жұрт арасында орын алып, абыройлы болады. ...Енді біз өзімізден бір-екі ауыз сөз айтайық. Ғалым адамдардың сынап көруі бойынша баланы жас күнінде ұрып үйреткен соң баланың күдері үзіледі. Екінші, баланы қорқақ болуға үйретіп, баланы жалғаншы, өтірікші, айлашы қылып жібереді. Қолға таяқ алып, таяқсыз баланы үйретіп болмайды деп отырған молда қолындағы таяғына сеніп өзге пайдалырақ істі қылғысы келмейді. Күшінің барлығын үйренген таяққа салып отырғанша, оқытып отырған балаларына жақын болып, балаларына сөз айтқанда балалардың сүйегіне жететұғын сөз айтып үйреткен тәуір болмас па еді? Әрине, оқып отырған молдасы балалардың бәріне тең болып отырса керек, баланың бірін кешпей отырса, тағы болмайды, бәріне бірдей болудың өзі – қатты керек іс. Баланы кіші күнінде жақсылықты жақсы көргендіктен үйретсе керек. Екіншіден, жалғыз таяқтан қорықаннан жамандық қылмай, баланың өзі жамандықты жек көргеннен қылмысқа үйретпесе керек. Жас күнінде жақсылық қылуға, жаман іске көңіл қоймасқа баланың ісіне таяқпен зорлық қылмай, аз-аздап кіші күннен үйреткендей болмайды деп ақылды адамдар айтады. Өзіңіз ойлап қарасаңыз баланы кіші күннен таяққа үйреткеннің пайдасы бар ма, таяқ баланың амандығына да, ақылы көбеюіне де залал болады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.196.141 (0.008 с.) |