![]() Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву ![]() Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
І Тіл дамытудың ғылым болып қалыптасуыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Мазмұны Кіріспе І Тіл дамытудың ғылым болып қалыптасуы 1.1Қазақстандағы тіл дамыту ғылымының(әдістемесінің) дамуы. 1.2Кеңестік тіл білімі 1.2Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
ІІ Тіл дамыту әдістемесінің міндеттері мен әдіс-тәсілдері 2.1Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері 2.2Қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеуін дамыту әдіс-тәсілдеріне арналған сабақ түрі
ІІІ Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе ҚР білім беру заңының «Жалпы және кәсіптік білім беру» деген 21- бабында: іске асырылатын білім беру бағдарламасының сипатына қарай білім беру- жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінеді. Жалпы білім беруге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды бірінші орынға қойған. Осы мақсаттарды көздейтін тіл дамыту әдістемесі мектеп жасына дейінгі балаларды сауатты сөйлеуге үйрету үшін мына міндеттер жүзеге асырылады, осы міндеттер тіл дамыту әдістемесінің мазмұнын құрайды.[1] Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 23 – бабында үздіксіз білім беру саласының алғашқы баспалдағы, балабақшаның мақсаты мен міндеттері жан-жақты айқындалған.[2] Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.[3] Адам тәлім- тәрбиені, білімді тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді.Тіл қоғам өмірінде адамдардың өзара пікірлесу, түсінісу қызметін атқарады.Тіл - әр ұлт өмірінің мәдениеті мен тарихын, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тыныс-тіршілігін ұрпақтан-ұрпаққа жекізуші құрал. Олай болса, егеменді еліміздің болашағы ертеңгі жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде олардың тілін дамытудың маңызы аса зор. Бала тілін сәби кезінен бастап дамыту, олардың ой-өрісін өрбіту, сол арқылы жеке басының қалыптасуына жағдай жасау –оқу-тәрбие мәселелеріндегі негізгі мақсаттардың бірі. Бала өз ойын тіл арқылы жеткізеді. Ал бала тілінің дамуы әсіресе сөйлеуге үйренуі жүргізілетін жұмыс түрлерінің негізінде жүзеге асады. Осы міндеттерді жүзеге асырудың алғы шарты ретінде үздіксіз тәрбие мен білім берудің тұжырымдамалары жасалып, соның негізінде оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын түбегейлі жақсарту көзделіп отыр.
Жалпы тіл білімі тіл ғылымының теориялық саласы ретінде ХІХ ғасырдан бері қалыптаса бастады. Жеке тілдер жөніндегі ғылым бұдан көп бұрын пайда болғанымен, олар бір-біріне байланыссыз, жеке-жеке қаралды. Тілдердің өзара туыстас, төркіндестігі, дыбысты тілдің жалпы адамзаттық құбылыс екендігі, олардың арасында бірліктің де, өзгешеліктің де, жалпы заңдылықтың да, даралықтың да болатыны онша белгілі бола қоймады. Сондықтан зерттеулерден жалпы тілдік теориялық қорытындылар жасалмай келді. «Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасының» «Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиенің мазмұны, түрлері» деп аталатын тарауында «Балабақшадағы тәрбиенің арқауы – ана тілі» деп айрықша атап көрсеткен. «Ана тілі – баланың ойлау қабілетін жетілдіріп, өзіндік іс-әрекетін дамыту, тәлімдік қарым-қатынас ұйымдастыру, эстетикалық сезімін қалыптастыру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы»,- делінген.[4] Соңғы жылдары жарыққа шыққан құжаттардың қай-қайсысында болмасын балабақшада берілетін тәрбиелеу мен білім беру ана тілі арқылы танылып, ана тілінде сөйлеу арқылы жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі бала тілін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық қызметтің заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пән. Әдістеменің басты міндеті ғылыми-педагогикалық негізде бала тілін дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, құралдарын таба отырып, онымен мектепке дейінгі ұйым педагогтарын балада тілдік-коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру үшін қаруландыру.
Тіл дамыту әдістемесінің негізгі мазмұны – мектеп жасына дейінгі балаларда ауызша сөйлеу тілін, өзінің жолдастарымен, үлкендермен сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыру. Тіл дамыту әдістемесі де басқа педагогикалық ғылымдар секілді қоғамдық ғылымдарға жатады. Адамның қоғамда өмір сүруі қанша қажет болса, олардың бірімен-бірінің қарым-қатынас жасауы, пікір алысуы, түсінісуі соншалықты қажет болып табылады. Адамдардың бір-бірімен пікір алмасу құралы болмаса, табиғаттың жасырын сырын ашып оны меңгеруі, тұрмысқа қажетті материалдық игіліктерді өндірудегі іс-әрекеті де жолға қойылмаған болар еді. Сондықтан да тіл түсінісудің құралы бола отырып, қоғамның барлық мүшелеріне түсінікті болуы керек. Яғни қоғамнан тыс тіл болмайды. Тіл сонымен қатар оймен тікелей байланысты. Адамның ойы қоғамның, өмірдегі адамдарды қоршаған айналадағы заттардың, құбылыстардың адам санасындағы көрінісі, сәулесі болып саналады. Сол заттар, құбылыстар туралы адам санасында пайда болған ой тіл арқылы сыртқа шығады. Адам өз өмірінде таныған, түсінген, білген, сезген, терген нәрселерін тіл арқылы баяндайды. Сол себепті де «Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шыңдығы»,– дейді К.Маркс. Бала туғаннан-ақ дайын тілді пайдаланады. Сондықтан да Ы.Алтынсарин: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша қай тілде болса да еркін сөйлеу мүмкін емес» - деп көрсетеді. Сондықтан да «Білім беру» Заңының 5-бабына сәйкес балабақшада тәрбиеленушілердің тіліміздегі сөздердің айтылу нормаларын дұрыс меңгерулеріне, өз ойын жүйелі түрде байланыстырып айта білуіне тіліміздегі дыбыстарды қатесіз, анық меңгеру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.[5] Зерттеудің көкейкестілігі: Соңғы жылдары балалардың сө йлеу деңгейлерінің орыс тілінде дамуы ерекше байқалуда. Бұл, біріншіден, қазақ отбасыларының қалада көп шоғырлануына байланысты, екіншіден, өзге ұлт баласына бағдарламалық оқытудың тығыздап берілуінен деге болады. Бұл факторлар балалардың қазақша сөйлеу деңгейлерінің әркелкі қалыптасып дамуына тікелей әсер етеді. Тілдің жақсы дамуы – мектепалды дайындықтың негізгі көрсеткіші. Баланы мектепке жақсы дайындау, сауатын ашудың негізін дұрыс қалау тілді ауызша дамыту үдерісінің сапасына байланысты. Сонымен, баланың қазақша сөйлеу тілін дамытуға: біріншіден, сөйлеу үлгілерін беретін тілдік орта (балабақшада тәрбиеші мен қазақ тілі мұғалімі, қала берді балабақшаның барлық қызметкерлері); екіншіден, тілді үйретуші мен үйренушінің тілдік белсенділігі; үшіншіден балалардың әрқайсысының отбасында қалыптанған тілдік тәжірибиесі қажет екендігіне көз жеткізіліп отыр.Балалармен оқып талдайтын әдеби шығармаларды да іріктеуде де тілге қатысты белгілі бір мақсаттар (сөздік қорды, грамматикалық формаларды, сөз тіркестерін т.б. қалыптастыру және бекіту) көзделеді. Шығармалар мазмұны негізінде балалардың ұлттық үдеріс өзара тұлғалық қарым қатынас тәжірибиесін байыта түсетін мағлұматтар болуы назарға алынады. Шығарма мазмұны арқылы әр баланың тілдік белсенділігін қолдап, сабақта бала өзінің неге және не үшін сөйлеп тұрғанын түсініп, өзінің тілдік тәжірибиесін жасауына жағдай туғызып отыруы қажет.Бүлдіршіннің өзіндің тілдің тәжірибие жинақтауына нысан ретінде орыс тілінде оқытып тәрбиелейтін топтарда сурет салғызу, картина қарастыру сәттері де алынды.Байланыстырып сөйлеу барлық сабақ кезеңдерінде де, сабақтан тыс кезеңдерде де дамыту көзделуі тиіс.[1 5бет ауызша сөйлеу]
Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесі балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын ана тілінде ұйымдастырып балаларға лингводидиактикалық және психофизиологиялық негізде теориялық білім беру, болашақ тәрбиешілерге балалар тілін дамыта жүргізе білуін қалыптастырып, тиімді тәсілдерді игерту. Зерттеудің міндеті: - Баланың ана тілін игеру үдерісіне, күнделікті ауызекі сөйлеуіне және өзгелермен тілдік қарым- қатынасқа байланысты зерттеулер қарастыру; - Баланың ана тілін дамыту заңдылықтарын оқып- үйрену; - Тілге қатысты оқыту принциптерін айқындау; - Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде дасыту; - Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру, мәнерлі де мәдениетті сөйлеуін тәрбиелеу; - Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру; - Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамуын іске асыру; - Көркем сөзге баулу; Сауатылыққа үйрету; Зерттеу әдістері:әдебиеттермен жұмыс, бақылау, салыстыру, зерттеу, талдау. Зерттеу көздері: ҚР Білім туралы заңы, бағдарламалар, ғылыми зерттеулер. Зерттеу нысаны: мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамытудағы ғылыми зерттеулер, әдістемелер.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі. Зерттеу болжамы: Егер бала дыбыстарды неғұрлым ертерек әрі шапшаң және дұрыс байланысруды үйренсе, онда ол соғұрлым іштей, тілді анағұрлым жоғары түрде меңгеруге қабілетті болады, өйткені ол іштей сөйлеу арқылы сөйлеу тілі қарқынды дамиды.
|
||||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 13; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.143.204.32 (0.011 с.) |