Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Науқастың дене салмағын өлшеуСодержание книги
Поиск на нашем сайте
17.1 Мұзды мұйықты қолдану Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату. Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең. Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок. Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы. Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз. 2. Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз. 3. Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз. 4. Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз. 5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. 6. Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз. 7. Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз. 8. Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз. 9. Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз. 10. Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз. 11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады.
17.2 Жылытқышты қолдану Мақсаты:дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері. Қолдану көрсетілімдері:қызбаның І және ІІІ кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда. Қарсы көрсетілімдері:іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада. Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу. Қоятын жерлері:инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы. Дайындаңыз:резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (t-60-700С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті (2 салфетканы жылыткыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның емшара жасауға рұқсатын алыңыз. 2. Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700С) құйыңыз. 3. Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынында су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз. 4. Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз. 5. Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз. 6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. 7. Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз. 8. Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз. 9. Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек). 10. Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз. 11. Жылтқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз. 12. Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз. 13. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Ескерту:жылытқышты жиі немесе ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің салдарынан тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз. Мақсаты: диагностикалық. Қолдану көрсетілімдері: дене салмағының жетіспеушілігін, семіздігін, жасырын ісіктерді анықтау, науқас ауруханаға түскенде, емдеу процесінде дене салмағының динамикасын және ісіктерді бақылау. Қарсы көрсетілімдері: ауыр жағдайдағы науқас, төсек тәртібі. Дайындаңыз: еденге орнатылатын таразыны, сырқатнаманы, қолғаптарды, 30х30 см зарарсыздандырылған клеенканы, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, клеенканы, тазартуға арналған шүберекті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасты дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және емшара барысымен таныстырыңыз. 2. Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз. 3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз. 4. Таразының тілдері ноль қалпында болуы керек. 5. Таразының алаңына клеенканы төсеңіз. 6. Науқасқа таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсыныңыз (аяқ киімсіз) ішкі киімімен. 7. Шкала бойынша таразының көрсеткішін белгілеңіз. 8. Алынған нәтижені қызу парағына (Ф-004/у) жазыңыз. 9. Науқасқа өлшеу нәтижесін хабарлаңыз. 10. Науқасқа таразыдан абайлап түсуге көмектесіңіз. 11. Клеенканы жинап алыңыз,оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2 рет аралығында 15 минут өткізіп тазартыңыз. 12. Қолғаптарды шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту:дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.120.103 (0.007 с.) |