Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алуСодержание книги
Поиск на нашем сайте
7.Тазарту клизмасын қою Мақсаты:ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату. Қолдану көрсетілімдері:іш қату, улану, босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында. Қарсы көрсетілімдері:асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда. Дайындаңыз:залалсыздандырылған: ұштықты, Эсмарх крушкасын, штативті, вазелинді, шпательді, қолғапты, мақта немесе дәке тамнондарын, пинцетті, шылапшынды, дәрет ыдысы судноны (егер де процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-22°С-дағы 1,5-2 литр суды, салфеткаларды, әжетханалық қағазды, су термометрін, клеенканы, жаялықты, клеенкалы алжапқышты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты. Қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. 2. Науқасты кермемен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған капсырмалы шымылдық) қоршаңыз (егер де емшара палатада орындалса). 3. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз. 4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз. 5. Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз. 6. Науқастың дене деңгейінен 1 метр биіктік штативке крушканы іліңіз, оған ұштықты кигізіп, оның ұшына вазелин майын жағыңыз. 7. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз. 8. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз. 9. Кушетка үстіне клеенканы шылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.
10. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек. 11. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз. 12. Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұраңыз (егер де су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгертіңіз), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егер де нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз. 13. Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз. 14. Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз. 15. Егер де емшара палатада орындалса, науқасқа дәрет ыдысын (судноны) беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз. 16. Анус тесігінің айналасын тазартыңыз. 17. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз. 18. Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз. 19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Ескерту: - тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егер де 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шықса; - атониялық іш қатуда судың температурасы 12-200С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық – жоғары (37-420С-қа дейін), іш қатуда – 20-250С; - егер де науқас нәжісті аз мөлшерде гек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.
Мақсаты:диагностикалық Қолдану көрсетілімдері:науқасты зерттеу. Асқынулар:гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ. Қан алатын жерлері:шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды, тері антисептигін, масканы, қолғапты, штативтегі пробиркаларды, су өтпейтін тығындарымен резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағанын анықтаңыз. 2. Лабораторияға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз. 3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз. 4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен өңдеңіз (стандартты қараңыз). 5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз. 6. Бір рет қолданылатын шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз). 7. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз. 8. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз. 9. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен. 10. Кәріжілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек). 11. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз. 12. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз. 13. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз. 14. Тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз. 15. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ - иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз. 16. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз. 17. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған). 18. Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз. 19. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз. 20. Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз. 21. Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз. 22. Шприцтен инені алып, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
23. Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз. 24. Су өтпейтін тығынмен пробирканы жабыңыз. 25. Қаны бар пробирканы штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз. 26. Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз. 27. Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз. 28. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық лабораторияға жіберіңіз. 29. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 30. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: - биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі; - ЖҚТБ және RW қан алуды күннің әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі; - қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады; - шприцсіз қанды алуға тыйым салынады - тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар). - жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз; - вакутайнер (BD VACUTAINER) - қауіпсіз жүйесі бар қанды алу - медициналық қызметкерлерді максимальды қорғауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.
|
|||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.119.112.208 (0.008 с.) |