Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Стандарт «Лимфа түйіндеріне пальпация жүргізу техникасы »Содержание книги
Поиск на нашем сайте 2.18.Стандарт «Лимфа түйіндеріне пальпация жүргізу техникасы » 1.Науқасты беліне дейін шешіндіріп,ыңғайлы жағдай жаса (тұрғызып,отырғызып, жатқызып). 2. Лимфа түйіндерінің орналасқан жерлеріне саусақ ұштарымен айналдыра-жылжымалы қимылмен (жақасты, құлақ аймағы, бұғана асты, бұғана үсті, қолтық асты, шат аралық),сүйекке жақындатып сипалаймыз. Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері сипаланбайды.
2.19.Стандарт «Бүйрекке пальпация жүргізу техникасы» Бүйрек пальпациясы екі қолмен жүргізіледі (бимануальды.) 1.Науқасты беліне дейін шешіндіріп, оған ыңғайлы жағдай (тұрғызып,жатқызып) жасау. 2.Сол қолдың алақанын бел аймағына ХІІ-қабырғадан төмен орналастыру. Оң қолымыздың бүгілген саусақтарын іш пердесіне қабырға доғасының астына перпендикулярлы, кіндік тұсынан 1см төмен, іштің тік бұлшық еттерінен сырқа орналастырамыз. 3.Теріні төмен қарай жылжытып,тер қыртысын жасаймыз. 4.Науқасқа терең демалуын өтініп, демалу кезеңінде шығарғанда оң қолды іштің ішкі жағына енгізіп, ал сол қолмен артынан басып тұрамыз. Науқасқа терең дем алуын өтінеміз.Дем алу кезінде,бүйрек төмен түскенде, саусақтың сырғанақ қимылымен оның алдыңғы бетін сипалаймыз. 2.20.Стандарт «Бүйрекке перкуссия жүргізу техникасы » 1.Науқасқа тұрып тұруын өтінеміз. 2.Сол қол алақанын науқастың бел аймағына яғни бүйрек проекциясының аймағына қоямыз 3.Оң қолдың қырымен,сол қолдың сыртқы беткейіне қысқы,баяу қаққылаймыз. Егер қаққылау кезінде ауырсыну анықталса, оң симптом ретінде қаралады (Пастернацкий әдісі). 1.Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру Мақсаты:ұлпалардағы оттегін жоғарлату. Қолдану көрсетілімдері:әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі. Дайындаңыз: оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70% спирт ерітіндісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа ем-шара барысын түсіндіріңіз. 1. Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз. Ол үшін: - оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз; - жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз; - оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз. 2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. 3. Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз. 4. Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз. 5. Мундштукті науқастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаңыз. 6. Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінің науқасқа түсіндіріңіз. 7. Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л). 8. Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз. 9. Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз. 10. Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 11. Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз. 12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту:оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.
|
||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.15.190.187 (0.009 с.) |