Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Стандарт « Асқазанға тереңдік пальпация жасау техникасы»

Поиск

1.Науқасты арқасымен жатқызып,сосын аяғын кішкене бүгіп және тізе, жамбас буынында бүгу.

2.Оң қолдың 4 саусағын жартылай бүгіп,тігінен іштің алдыңғы ортадағы сызыққа сәл кіндіктен жоғары қою.

3.Іштің терісін сәл жиырып, жылжыту

4.Науқастың дем шығарған кезінде саусақ ұшын құрсақ қуысына терең енгізу.

5.Дем шығарудың соңында саусақтарды асқазанның беткейімен төмен сипап, жылжыту.

Қалыпты жағдайда асқазанның үлкен кривизнасы екі жақтан ортаңғы іш сызығы бойымен 2-3 см кіндіктен жоғары орналасқан.Ауырсынусыз тегіс анықталады.

2.14.3.Стандарт «Соқыр ішекке пальпация жасау техникасы»

1.Науқасты белге дейін шешіндіріп,арқасымен жатқызып,сонымен қатар аяқты,кішкене тізе және жамбас буынында бүгіп,қолды кеуде қуысына қою.

2.Оң қолдың жартылай бүгілген саусақтар оң мықын аймағының алдыңғы жоғарғы мықын сүйектерінен кіндікке дейін 1\3 арақашықтықта орналастырып қою керек.

3.Тері қыртысын жасау.

4.Дем шығарған кезде, құрсақ бөлігінің бұлшық еттерінің босаңсығандығын пайдалана отырып саусақтарды құрсақ қуысына мүмкіндігінше терең енгізу.

5.Оң мықын тұсына жылжымалы сипалау жасап және соқыр ішек туралы түсінік мәлімет қалыптастыру.

Қалыпты жағдайда соқыр ішек шамалы қаттылау түбі қайырылған цилиндр тәріздес жағдайында сипаланады.Соқыр ішектің төменгі шеті ерлерде 0,5 см мықын сүйегінің қырынан төмен орналасқан,әйелдерде-1-1,5 см төмен орналасқан.

 

Стандарт «Тоқ ішекке пальпация жасау техникасы»

I. «Тоқ ішектің өрлеу бөлігіне пальпация жасау техникасы

1.Науқасты белге дейін шешіндіріп арқасымен жатқызып, сонымен қатар аяқты кішкене тізе және жамбас буынында бүгіп , қолды көкірек қуысының үстіне қою.

2.Сол қолдың жартылай бүгілген саусақтарын науқастың оң жақ бел тұсына, ал оң қолды - іштің оң жақ шеті, тоқ ішектің өрлеу бөлігіне перендикуляр орналастыру.

3.Теріні кіндік жаққа қарай жылжыту.

4.Дем шығару кезеңінде оң қолды ішке терең енгізіп, сол қолға жеткізуге тырысу.

5.Ішектен сыртқа қарай жылжымалы-сипалау қимылын жасау.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.2.239 (0.009 с.)