II.Тоқ ішектің көлденең бөлігінің пальпациясы.
II.Тоқ ішектің көлденең бөлігінің пальпациясы.
1.Науқасты беліне дейін шешіндіріп арқасымен жатқызып, сонымен қатар аяқты кішкене тізе және жамбас буынында бүгіп, қолды көкірек қуысының үстіне қою.
2. Асқазаның төменгі шекарасын анықтау.
3.Төрт бүгілген саусақты асқазаның төменгі шекарасынан 2-3см төмен және алдыңғы ортаңғы сызықтан 4-5 см оңға немесе солға орналастыру қажет.
4. Теріні жоғары қарай жылжыту.
5.Дем шығару кезеңінде қолды ішке терең еңгізу.
6.Төмен қарай жылжымалы -сипалау қимылын жасау.
III Тоқ ішектің төмендеу бөлігінің пальпациясы
1.Науқасты беліне дейін шешіндіріп арқасымен жатқызып, сонымен қатар аяқты кішкене тізе және жамбас буынында бүгіп, қолды көкірек қуысының үстіне қою.
2. Сол қолдың білегін сол бел аймағына ,ал жартылай бүгілген- оң қол саусақтарын іш аймағының сол шетіне тоқ ішектің төмендеу бөлігіне перпендикуляр орналастыру.
3. Теріні кіндік аймағына қарай жылжыту.
4.Дем шығару кезеңінде оң қолды ішке терең енгізіп,сол қолға жеткізуге тырысу.
5.Төмен қарай жылжымалы –сипалау қимылын жасау.
Қалыпты жағдайда тоқ ішектің төмендеу бөлігі цилиндер тәріздес, қалыңдығы 2-2,5см біркелкі тығызды,оңай жылжымалы, ауырсынбай сипаланады.
5.Стандарт сигма тәріздес ішекке пальпация жасау техникасы
1.Науқасты белге дейін шешіндіріп, арқасымен жатқызып, сонымен қатар аяқты кішкене тізе және жамбас буынында бүгіп, қолды көкірек қуысының үстіне қою.
2.Оң қолдың бүгілген саусақтарын алдыңғы құрсақ қабырғасына сипаланатын ішек тұсынан ішке және оған перпендикуляр орналастыру.Бүгілген саусақтардың ұшы сол мықын аймағының ортаңғы шегіне және кіндік-мықын сызығының сыртқы үш бөлігінде орналастыру.
3.Тері қабатын жиырып, кіндік жақа қарай жылжыта отырып сипалау .
4.Дем шығару кезеңінде қолды науқастың құрсақ қуысына мүмкіндігінше терең құрсақтың артқы қабырғасына дейін енгізу.
5.Қолдың жылжымалы қимылы саусақ ұштарымен сигма тәрізді ішекті сыртқа және төмен қарай ығыстырып жүргізу.
Қалыпты жағдайда сигма тәрізді ішек 20-25см аралығында ,тегіс тығыз, қалыңдығы 1-1,5см цилиндр тәрізді, пальпацияда ауырсынбай сипаланады.
|