Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Талапкермен көрсетілген талаптардың қайсысы қанағаттандыруға жататынын негіздеңіз?

Поиск

7 КЕЙСТІ ШЕШУ ҮЛГІСІ

(Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы) Сұрақтары:

1. Мердігер шарты бойынша, егер айып төлеу міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде Шартта қарастырылмаса төлемақыны кешіктіру түрі талап қоюшымен көрсетілген мөлшер айып төлеуді өндіртуіне негіз бар ма. Жауапты қолданыстағы азаматтық заңнамаға сілтеме жасап негіздеңіз.

Жауап:

ҚР Азаматтық кодексінің 293-бабына сәйкес айып төлеу ақша сомасында, заңмен анықталған немесе шарттармен орындалмаған ретте немесе міндеттерді орындауға жатпайтын, оған қоса орындауды кешіктірген жағдайын білдіреді. Талап қоюшы («ДорСтрой» ЖШС) ҚР Азаматтық кодексінің 295-бабы 1-тармағының негізінде шарт болмаған кезде заңдық айыппұлды қайтаруды талап етуге құқылы. Аталған бап айып төлеудің заңды мөлшерін анықтау бөлігінде анықтамалық сипатқа ие. ҚР АК 353 бабы 1 тармағына сәйкес заңды айып төлеу мөлшері ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлiгiн орындаған күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы кейске қатысты 2016 жылы 5,5%1 құрады. Осылайша, талап қоюшы тұраұсыздық айып төлеу мөлшерін дұрыс анықтамады.

2. Талап қоюшының шығындарының бар екенін (жоқ екендігін) қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып негіздеңіз. Кейске қатысты шығындардың құрамын анықтаңыз.

Жауап:

ҚР АК 9 б. 1 тармағына сәйкес азаматтық құқықтарды қорғау нақты залалдан (шыққан шығындар немесе құқығы бұзылған тұлғамен болған шығындар, оның мүлкінің жоғалуы немесе бүлінуі) және (алынбаған кірістер, осы тұлғаның әдеттегі тауар айналымы жағдайында алынатын, егер оның құқығы бұзылмағанда) шығындарды өндірту арқылы да жүзеге асады. Кейске қатысты Талап қоюшы («ДорСтрой» ЖШС) нақты залалды, шығындардан тұратын Талап қоюшымен өндірілген жалға алынған техникаға және мәжбүрлі үзілісі аралығында жұмысшылардың жалақысын төлегеннен Жауапкердің әрекетсіздігінен болған (жұмыс жүргізуге және құрылыс объектілері Мердігер Шарты бойынша сәйкес жұмыстарды уақытында жүргізуге жағдай келтірілмеді) шығындарды өндірту туралы арыз берді. ҚР АК 350 б. 1 тармағына сәйкес Жауапкер («Қайсар» ЖШС) Талапкерге бұзушылықтардан келген шығындарды өтеуге міндетті. Осылайша Талапкердің зиянды өтеу туралы талаптары анықталған. Бірақ, ҚР АК 351 б. 1 тармағына сәйкес «егер мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiстi дәрежеде орындалмағаны үшiн айып төлеу белгiленсе, залалдар айып төлеумен жабылмаған бөлiгiнде өтеледі». Осылайша, Талап қоюшы шығын есебін айып төлеу есебі мөлшерінен жоғалтқан шығындарды алып тастау арқылы жүзеге асыруы тиіс еді.

3.Тараптар өзара жасасқан мердігер шартының түрін анықтаңыз және тараптар өзара жасасқан Шарттың барлық маңызды талаптарын көрсетіңіз.

Жауап:

Мердігер Шартының мәні «ДорСтрой» ЖШС және «Қайсар» ЖШС, және Қосымша келісіммен оған қоса «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің «Энергия зерттеу орталығы» құрылыс объектісі территориясына құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізу болды. Оның орындалу мерзімі ҚР АК 651 бабына сәйкес шартта көрсетіліп, тараптар өзара құрылыс мердігерлік Шартын жасасты.

Тараптармен өзара жасалған шарттың негізгі талаптары ҚР АК 651 б. 1 тармағына сәйкес, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің «Энергетикалық зерттеулер орталығы» құрылыс алаңының аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстары және 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін (23.08.2016 ж. мердігерлік шарт бойынша) және 2016 жылғы

30 қазанға дейін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің «Жалпы қойма бөлмесі» құрылыс алаңында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу (23.08.2016 ж. шартқа қосымша келісім бойынша)болып табылады.

4. Қабылдаудан кейін ақауларды анықтаудың салдарын анықтаңыз? Тапсырыс беруші қандай мерзімде және қандай тәртіпте табылған ақаулар туралы шағым бере алады? Жауапты НҚА сілтемесімен негіздеңіз

Жауап:

«Қайсар» ЖШС-нің жұмысына сәйкес қабылданғаннан кейін ақаулар анықталған жағдайда (жасырын кемшіліктер), 630 б. 4 тармағына сәйкес Мердігер ол туралы ақылға қонымды уақыт ішінде хабардар етуге міндетті. Бұл жағдайда, ҚР Азаматтық Кодексі 665 б. 2-тармағына сәйкес, Мердігер кепілдік мерзімі ішінде анықталған кемшіліктерге жауап береді, бұл құрылыс Мердігері шарты үшін объект қабылданған күннен бастап 10 жыл (ҚР АК 665 б. 1 т.), тапсырыс берушінің өзі немесе өзі қатыстырған үшінші тарап әзірлеген объект жөндеуге жатпайтын, тапсырыс берушінің өзі немесе өзі қатыстырған үшінші тарап ол бойынша объектінің немесе оның бөліктерінің қалыпты тозуын, дұрыс жұмыс жасамауы немесе оның жұмыс істеу нұсқауларының дұрыс еместігін егер дәлелдемесе. Тапсырыс берушінің ақаулы актісін дайындауы Мердігердің анықталған кемшіліктер туралы ақылға қонымды мерзімде хабарлауы туралы растау нысаны болып табылады.

Жауап:

Талап қоюшының келесі талаптары қанағаттандыруға жатады (негіздеме және жоғарыда келтірілген дәлелдемесі):

1. Шарт бойынша 25 млн. теңге көлеміндегі қарызды өтеу туралы (аз соманы қайтару Жауапкердің өтiнiштердi жоюға байланысты кемшiлiктердi жою жөнiндегi шығындарды өтеу есебiне, бiрақ ҚР АК 665 б. 2 тармағында көрсетілген мән-жайлардың жоқтығы ескерiле отырып шығындарды өндірту бойынша қарсы талап арыз беруі арқылы талаптардың бұзылуына байланысты ақауларды жоюға қарсы шығындарды өтеу туралы талаппен мүмкін болатын еді)

2. 1 375 000 теңге көлемінде заңды айып төлеу (қайта қаржыландырудың ресми ставкасы 2016 жылға 5,5% құрады).

3. 125 мың теңге көлеміндегі шығындар (шығындану мөлшерінен және айыппұл мөлшерінің айырмашылығы).

4. Талап қоюшының пайдасына мемлекеттік баждың сомасын өтеу және ол болған кезде - іс бойынша іс жүргізумен байланысты шығындар (талап арызды қанағаттандыруға барабар).

(Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы) Сұрақтар:



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.73.85 (0.006 с.)