Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Емтиханның өту нысаныСодержание книги
Поиск на нашем сайте
2 «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» және «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша оқу нәтижесі Пәнді оқудан кейін студент: Білуі тиіс: - азаматтық заңнаманың қағидасы мен жүйесі; - азаматтық құқықтыққатынастың субъектілерінің құқықтық жағдайы; - азаматтық құқық объектілерінің түсінігі мен жүйесі; - азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен мағынасы; - заттық құқықтың ұғымы, мазмұны және жүйесі; - міндеттемелердің ұғымы мен жүйесі; - шарттық міндеттемелердің сипаты мен мазмұны; - шарттан тыс міндеттемелердің түрлері; - мұрагерлік құқықтық қатынастардың мәні мен мазмұны, шетел элементімен күрделендірілгенқұқықтық қатынастар және интеллектуалдық меншік құқықтарының негізі; - азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері; - азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаттары; - азаматтық процестің әр субъектілерінің процессуалдық жағдайы мен рөлі туралы; - Азаматтық істер бойынша сот әділеттілігін жүзеге асыру кезінде қолданылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасы; Игеру тиіс: - барлық азаматтық -құқықтық шарттардың түрлерін дұрыс құру және дайындау; - қабылданған шешім бойынша құқықтық негіз беру; - азаматтық — құқықтық қатынас негізінде пайда болатын заңи фактілерді талдау; - құқықтық нормаларды дұрыс қолдана білу және талдау; - білікті заңи пікірлер мен консультациялар беру; - қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң тәртіппен шешім қабылдау және заңи әрекеттер жасау; - заңи ұғым мен категория қолдана білу; - процедуралық құжаттарды дұрыс ресімдеу, «Сот ісін жүргізу», «Бірінші сатыдағы сот шешімі» тәріздес өзге де жүрізілетін іскерлік ойындарға талдау жасау; - теориялық білімдер негізінде практикалық мәселелерді шешуге, Қазақстан Республикасының процессуалдық және материалдық құқықтық нормаларын талдау, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулыларын қолдану; - нормативтік актілердің және сот тәжірибесінің бірыңғай кодификаторын жүргізу. Меңгеру тиіс: -құқықтық ойлау және құқықтық мәдениет, дамыған құқықтық білім негізінде кәсіби қызметті жүзеге асыра білу; - құқық субъектілерінің заңнаманы сақтауын қамтамасыз етуге қабулетті болу; - заңға сәйкес қатаң шешім қабылдау және заңды әрекеттерді жүзеге асыру; - кәсіби қызметте нормативтік құқықтық актілерді қолдану, процессулдық және материалдық құқықтың нормаларын жүзеге асыру; -фактілер мен жағдайларды заңды түрде дұрыс біле білу; - заңи құжаттарды дайындай білу қабілетін игеру; - процессуалдық құжаттарды дұрыс құру қабілетін арттыру.
3. Жалпы нұсқаулар Бұл бағдарламада мемлекеттік емтиханға дайындалудың жалпы ережелері бар,тақыраптарға бөлінген, зерттеуге жататын үш бөлімнен тұратын, зерттеудің қажеттілігі азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының оқу материалының мазмұнымен байланысты және азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасы, нормативтік база мен емтиханға дайындалу үшін қажетті әдебиеттер, емтихан билеті шешімінің үлгісі қосылған. Бұл бағдарламаның әрбір бөлімінде студенттің мемлекеттік емтиханға дайындалуына көмектесетін сұрақтардың толық тізімі берілген және мемлекеттік емтиханның өзінде тиісті курсты игерген студенттің білуі қажет мәселелердің қатарын анықтауға көмектеседі. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы және Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы туралы пәндер бойынша кешенді мемлекеттік емтиханды «Құқықтану» мамандығын бітіретін студенттер тапсырады.
Емтихан нысаны: жазбаша (open-book) Тапсырма түрі: құқықтық актілерді пайдалана отырып кейс шешу Тапсырманы орындау уақыты: емтихан материалдары таратылған сәттен бастап 3 сағат. Емтихан тапсырмасын орындау барысында қолдануға болатын заттар мен материалдар: емтихан материалдары, жазбаша құралдар (қалам, қарындаш, өшіргіш), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. Тыйым салынған заттар мен материалдар: - өзге нормативтiк құқықтық актiлер, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексiн қоспағанда; - кез келген оқу, оқу-әдістемелік, анықтамалық және басқа әдебиеттер; - кез келген форматтағы конспектілер; - ұялы телефондар және кез келген ақпарат пен деректерді беру құрылғылары.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.227.140.152 (0.009 с.) |