Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Пән: ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы

Поиск

5.2 Пән: ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы

5.2.1 Нормативтік құқықтық актілер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.

2. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен 27 желтоқсан 1994 ж. қабылданған.

3. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі 1 шілде 1999 жылғы № 409-I (Ерекше бөлім).

4. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 31 қазан 2015 жыл.

5. «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 8 сәуір 2016 жыл № 488-V

6. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 14 шілде 1997 жыл №155-I.

7. «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 28 қаңтар 2011 жыл № 401-IV.

 

5.2.2 Негізгі әдебиеттер

1. Аленов М.А. Гражданско-процессуальное право Республики Казахстан и зарубежных стран: Учебное пособие. 2-е издание, переработанное и дополненное. – Астана, 2011. – 530 с.

2. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан. КазГЮА. Алматы. 2001г. т.1.2. // http://library.psu.kz/fulltext/buuk/a113.pdf

3. Комментарий к гражданско-процессуальному кодексу Республики Казахстан // под ред. К.А. Мами. Астана, «Библиотека ВС РК», - 2008. С. 572 // http://zandguy.files.wordpress.com/2010/10/kzpo.pdf

 

5.2.3 Қосымша әдебиеттер:

1. Гражданский процесс. Под ред. Треушникова М.К. МГУ, 2000 г. // http://lib.lunn.ru/KP/Sovremenniki/treushnikov_1.pdf

2. Гражданский процесс. Под ред. Шакарян М.С. М. 2000. // http://www.pravo.vuzlib.su/book_z1356_15.html

 

6 ЕМТИХАН БИЛЕТІНІҢ ҮЛГІСІ

Іс деректері:

2016 жылы 1 тамызда «ДорСтрой» ЖШС (Мердігер) және «Қайсар» ЖШС (Тапсырыс беруші) арасында, «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің «Энергия зерттеу орталығы» құрылыс объектісі территориясына құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге мердігерлік шарты жасалған болатын.

Мердігер шарт бойынша 2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде Тапсырыс берушінің материалдарын пайдалану арқылы жұмысты орындады. Жұмыс материал

құнын есептемегенде 200 млн. теңгені құрады.

2016 жылдың 23 тамызында тараптар Мердігерлік Шартқа қосымша келісімдер жасасты. Мердігер 2016 жылдың 30 тамызына дейінгі мерзіміне сәйкес, құны материал

құнын есептемегенде 30 млн. теңгені құрайтын «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің

«Жалпы қойма бөлмесі» құрылыс объектісінің территориясы жолдарын жақсарту бойынша жұмыстары мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауы қажет еді.

Жалпы жұмыс құны 230 млн. теңгені құрады. Мердігер Шарты мен Қосымша

келісімнің талаптары бойынша Тапсырыс беруші Мердігерге жалпы соманың 30 % аванс Мердігер Шарты мен Қосымша келісімге қол қойылғаннан бастап 5 күнтізбелік күн ішінде төлеуі керек еді.

Шарттың талаптары бойынша жұмыстар бөлшектеп - 1 қыркүйекке және 30 қазанда қабылданады. Қабылдау-өткізу актісіне қол қойылғаннан кейін 5 күнтізбелік күн ішінде орындалған жұмысқа сәйкес төлемақы сомасының қалған 70 % төленеді.

«Энергия зерттеу орталығы» құрылыс объектісінің территориясында 2016 жылы 2 қыркүйекте тараптар жұмыстың қабылдау-өткізу актісіне қол қояды және 1 қарашада

«Жалпы қойма бөлмесі» территорясында акт бойынша жұмыстарды қабылдау жүргізіледі.

Бірақ, 2016 жылдың 6 қарашасында Тапсырыс беруші орындалған жұмысқа 5 млн. теңге көлемінде төлем жүргізеді және Мердігерге төлемақының қалған бөлігін 2016 жылдың 15 қарашасына дейін төлейтіні туралы кепілдік хатты электронды пошта арқылы жолдайды.

Келесі 10 ай мерзімде төлемақы сол күйі түспейді және «Дорстрой» ЖШС шағым хатына Тапсырыс беруші жауап бермейді.

 

Сот дауы:

2017 жылы 7 тамызда «Дорстрой» ЖШС (Талапкер) Шарт бойынша Талапкердің пайдасына 25 млн. теңге шығындарды, 700 500 теңге заңды айып төлеу, 1,5 млн. теңге

көлемінде жоғалту, сонымен қатар іс бойынша өндіріспен байланысты мемлекеттік бажды және қарызын өндіруі туралы талабымен сотқа жүгінеді.

Жауапкермен жұмыстарды жүргізу үшін жағдай жасалмағандығын және құрылыс объектілері мердігер шарты бойынша уақытында дайын болмағандығына Талап қоюшы соттың назарын аударды. Сондықтан талап қоюшының жұмысшылары – адамдар мен жалға алынған техникалардың тұрып қалуымен байланысты мердігер жұмысты

уақытында бастау мүмкін болмауынан шығындар пайда болды.

Жауапкер талап қоюды (арыз) мойындамады және талап қоюдың (арыз)

қанағаттандырудан бас тартуды сұрап, орындалған жұмыстардан кемшіліктердің анықталғандығын және ол туралы ақаулы әрекет актісі толтырылғандығын түсіндірді.

Сонымен қатар «Қайсар» ЖШС директоры «Жалпы қоймалық бөлме» құрылыс

объектісінің территориясының жұмыстарын қабылдау-өткізу актісіне қол қою фактісін мойындамады және іс материалдарындағы ұсынылған көшірме Актінің түпнұсқасын ұсынуды талап етеді. Бұдан басқа, Шартта мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл төлеу

қамтамасыз етілмеді, сондықтан талап қоюшының айыппұлды төлеуді талап етуіне негізі жоқ деді.

Сондай ақ жауапкер мердігердің сәйкес жұмыстардың орындалғандығын дәлелдейтін орындау құжаттарының жоқ екендігіне соттың назарын аударды. Тапсырыс беруші мердігердің жұмысын уақытында бастамағандықтан ақша төлеуге міндетті емес, сондықтан осыған байланысты шығындарды өтеу туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес.

2017 жылдың 4 қазандағы соттың бірінші сатысы шешімі құжаттардың түпнұсқасын тапсырмауымен байланысты, атап айтқанда «Жалпы қоймалық бөлме» құрылыс

объектісінің территориясының жұмыстарын қабылдау-өткізу актісінің түпнұсқасының болмауы және «Энергия зерттеу орталығы» құрылыс объектісінің территориясында

ақаудың бар болуымен байланысты талап қою (арыз) қанағаттандырусыз қалдырылды.

Талапкер сот шешімімен келіспеді және 2017 жылдың 26 қазанында Жауапкердің өз құқықтарын қорғайтын келтірілген барлық себептері жұмыстарды қабылдаған мерзімнен 5-6 айдан кейін жұмыстардың нәтижесінде ақауларды анықталғандығын және ол бойынша актіге қол қойылып ақшасы төленгендігіне сай деп көрсетіп бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық шағым түсірді.

Одан басқа, Талап қоюшы «Қайсар» ЖШС-нің директоры ресми мекен-жайынан хаттың скриншотын ұсынды, және «Жалпы қоймалық бөлме» құрылыс объектісінің территориясының жұмыстарын қабылдау-өткізуінің қол қойылған актісінің сканерленген көшірмесін қоса жіберген, яғни бұл «Қайсар» ЖШС директорының осы актіге қол

қойғандығы фактісінің дәлелі болып табылады.

Жауапкер апелляцияға қарсылық білдіріп, ол Талап қоюшы көрсеткен пошта жәшігінің пайдаланушысы емес екендігін, ал төленген 5 млн. теңге Шартта көрсетілген 30% алдын ала төлем екендігін көрсетті.

Апелляциялық сатысының соты шағымды тараптардың қатысуынсыз қарастырып, соттың бірінші сатысына тараптардың дәлелдемелерін табыс етпеуі бұл дәлелдемелерді апелляциялық сатыға беру мүмкіндігін жоққа шығаратынын көрсетіп, бірінші сатысының соты шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы Қаулы шығарды.

 

(Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы) Сұрақтары:

1. Мердігер шарты бойынша талап қоюшы көрсеткен төлемақының кешіктірілуіне айып төлеуді өндіруге негіз болып табылады ма, егер айып төлеу міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде Шартта қарастырылмаса. Жауапты қолданыстағы азаматтық заңнамаға сілтемемен негіздеңіз.

2. Талап қоюшының шығындарының бар екендігін (жоқ екендігін) қолданыстағы азаматтық заңнамаға сілтемемен негіздеңіз. Шығындар құрамын кейске қатыстырып анықтаңыз.

3. Тараптардың өзара жасалған мердігер шартының түрін анықтаңыз және тараптар өзара жасалған шарттың барлық маңызды талаптарын көрсетіңіз.

4. Қабылдаудан кейін ақауларды анықтаудың салдарын анықтаңыз? Тапсырыс беруші қандай кезеңде және қандай тәртіпте табылған кемшіліктер туралы шағым бере алады? Жауапты НҚА-ға сілтемемен негіздеңіз.

5. Талапкердің көрсеткен талаптарының қайсысы қанағаттандыруға жататынын дәлелдеңіз.

 

(Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу құқығы) Сұрақтары:

1. Талап қоюшымен ұсынылған дәлелдемелер қолданыстағы ҚР АПК талаптарына жауап береді ме? Жауапты негіздеңіз.

2. Апелляциялық сатыда соттың жіберген бұзушылықтарын анықтаңыз. Жауапты негіздеңіз.

3. Осы кейс бойынша өндіріспен байланысты мемлекеттік баж мөлшерін және шығындардың түрлерін анықтаңыз.

4. Тараптар ұсынған дәлелдемелерді олар талаптарын жеткілікті және өзектілік тұрғысынан өздерінің негіздеулері тұрғысынан бағалаңыз.

5. Осы кейс бойынша бірінші сатыдағы сотқа дәлелдеуге жататын мән-жайларды және оларды дәлелдеудің рұқсат етілген әдістерін бағалаңыз.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.219.119.163 (0.01 с.)