Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

І - тарау . Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері.

Поиск

І - тарау . Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері.

1.1. Педагогика ғылымында “ эстетикалық тәрбие " ұғымының анықталуы.

Философиялық тұрғыдан алып қарайтын болсақ “эстетика” деген сөздің өзіне былайша түсініктер берген. “Эстетика”-көркемдік таным теориясы, әсемдік туралы, көркем шығарманың жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым, өнерге деген көзқарас, өнерді қабылдау, сезіну, түйсіну, түсіну.                                 Ал,”эстетикалық”дегеніміз не, бұл сөз нені білдіреді? Бұл гректің сөзі, оның тікелей аудармасы “сезінушілік”дегенді білдіреді: Мұнда көру, есту, түйсіну, талғам арқылы – бұл адамдардың сезінуі.                           Эстетикалық тәрбиеадамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды “көркемдікке тәрбиелеу”деген ұғыммен қатар алып жүрміз. “Көркемдікке тәрбиелеу”дегеніміз — өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Ал эстетикалық тәрбие дегеніміз –табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу эстетикалық тәрбиемен пара пар емес оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.

Батыстың белгілі философы И.Кант (1724-1804) “Прекрасное есть символ нравственного, бодрого и только принимая это во внимание, оно нравится” деген еді. Ғұлама бұл жерде этикалық тәрбие адамның эстетикалық тыныс – тіршілігімен байланысты деп тұр емес пе? Этика мен эстетика бір-бірінсіз өмір сүре алмайтыны шындық. Ал бұл екеуінен де жұрдай, не бұлары бір-бірімен қиыспайтын адам бұрын да болған, қазір де бар. Эстетикалық талғамды тәрбиелеу – адамның көңіл-күйіне, мінезіне қатысты мәселе. Айталық, көркем сөз бен картиналарды адам іштей бағалап, жан дүниесімен сезініп, терең ойға шомылып, ұнағанына қуанып, ұнамағанына реніш білдіріп отырады. Егер адам осындай көңіл күйіне түспесе, эстетикалық тәрбиеміздің пәрменсіз болатындығы түсінікті. Эстетикалық талғамнан эстетикалық ұғымды ажырата білу ләзім. Эстетикалық талғам – адамның түрлі өнер салаларынан алған түсініктерінің жиынтығы. Эстетикалық ұғым оның іргетасы, ол шәкірттердің жас өзгешеліктеріне байланысты өзгеріп отырады.

Эстетикалық тәрбие беру балалардың өскен ортасына, жасына және ұлттық ерекшелігімен байланысып жатады. Мысалы, біздер төменгі сынып оқушыларын шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне таң-тамаша болып қайран қалатыны, олардың кейіпкерлерге баға беріп, өздеріне үлгі ететін кісінің жан-жүйесінің нәзік жақтарына көңіл қоя білмейтіні шығарманың көркемдік мәнін түсіне бермейтіні, ал олар адамның сыртқы тұрпатына ғана көңіл аударып, бұлардың ішкі астарына зейін қоймайтындығы, шығармаларда құйқылжытып жылдам орындалатын әуездерді ұнататыны байқалса, жоғары сыныптардағы ересек шәкірттердің музыкалық шығармалардың орындалу шеберлігімен дауыс ырғақтары гармониясына көңіл бөле бастайтыны белгілі. Дала ойшылдары жас өскіннің эстетикалық тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген, олардың жыр-толғауларынан жақсы байқалады.

Аса мәнді эстетикалық түйіндерді кейіннен ұлы Абаймен Сұлтанмахмұтаз айтпаған. Олар әннің, жырдың көркемдігін көкірегі ояу, жаны сезгіш, ойы қырағы адам шарықтаған шығармашылық қиялдың негізінде ұғынады деп түсіндірген. Бұл жерде біз табиғатпен үнемі етене араласып жүрген қазақ халқының ойлау және қиялдау жүйесінің сыр-сипатын жақсы аңғарамыз. Ойшыл-ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров:“Халықтың әні кетсе, әдебиеті жесір қалады, сәні кетеді. Сәні кетсе, жаны кетеді”,-деп тегіннен-тегін айтпаған.

Осы ойды Абай қырық үшінші қара сөзінде ары қарай толықтырады.”Ол хабарлардың ұнамдысы – ұнамды қалыппен, ұнамсызы – ұнамсыз қалыппен, әркешік өз суретімен көңілге түседі…Жан қуатыменен адам хасия қылған өнерлері де күнде тексерсең күнде асады. Көп заманнан тексермесең, тауып алған өнеріңнің жоғалғандығын және өзіңнің ол мезгілдерден бір басқа адам боп кеткендігіңді білмей қаласың”-деп Абай мұнда адамның көркем шығармашылығының негізінде эстетикалық сезімді жатқызады. Абай өзінің шығармаларында эстетикалық түсініктерге, әсемдік, сұлулық, талғам және т.б. эстетикалық категорияларға арнайы талдау жасамағанымен оның өлеңдерінде осы түсініктерді қамтитын мазмұнда шумақтар аз емес. Халықтың ауызекі шығармашылығын Абай өзінің педагогикалық идеяларын таратуда, әсіресе, адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін жүзеге асыруда қажетті құрал ретінде пайдаланады.                                                          Мәселен, қарасөздерінде мақал-мәтелдерді талдау, ертегі, аңыз сюжеттерінде, салт-дәстүрлерге тоқталу, адамдардың этикасын, мәдениеттілігін сипаттау арқылы балалар мен жастарды адамгершілікке, әсемдікке баулып ақыл-кеңес береді. Мақалдарды халықтың өмірімен, тарихымен тығыз байланыста алып қараған, оларды қоғамдық мәні тұрғысынан бағалап, өзінің қазақ тарихына, этикасына, дініне, дүниетанымына деген көзқарасына сәйкес талдаған.

Эстетикалық тәрбие туралы құнды пікір айтқан адам – Ыбырай Алтынсарин болды. Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, халқына халық мұрасына:ауызекі шығармашылыққа әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігінің артуына, эстетикалық талғамы мен сезімінің дамуына өскен ортасы (табиғат, семья, туыс-достар, өнер адамдары т.б.) әсер етті. Әсіресе, қазақтың мәдениетін, өнерін терең білетін, ақыл-ойы жоғары, сөзге шешен, елге сыйлы атасы Балқожаның ықпалы ерекше болды.  Ыбырай осы бала жастан халықтық педагогикадан алған тәлім-тәрбиесін, үлгі-өнегесін, көңіліне түйгендерін оқу-ағарту ісі арқылы қазақ балаларының бойына сіңісті ете білді. Балаларды ауызекі шығармашылығын қадірлеуге, ондағы халықтың басынан өткен қилы-қилы тарихи кезеңдерге әділ баға бере білуге үйретті, оны ерекше әсермен, жоғары эстетикалық сезіммен қабылдауға баулыды.                                                                      Ы.Алтынсариннің де эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектер жазып қалдырмағаны белгілі. Бірақ, Ы.Алтынсариннің эстетикалық көзқарастары оның педагогикалық қызметінен көрініс тапты.                     “Қазақ хрестоматиясына” енгізілген ауыз әдебиетінен жинаған материалдардың мазмұны тек қана танымдық, адамгершілік, өнегелік және ақылгөйлік сипатқа ғана емес, ол сондай-ақ жоғары эстетикалық талғамның жан-жақты қалыптасып дамуына, әдемілікті түсіне білуге, нағыз сұлулықты сыртқы жылтырақтардан ажырата білуге тәрбиелейтін ықпалымен де құнды.                           

Белгілі педагог Мағжан Жұмабаев: “Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесіһәм құлық тәрбиесі. Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны”-дей келіп,”Жаратылыстың һәм искусствоның сұлулық заттары адамның сұлулық сезімдеріноятады. Үлбіреген гүл, күңіренген арман, сылдырлаған су, былдыраған бұлақ, шексіз-шетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толқынданған дала … міне, осы сықылды жаратылыстың сұлу заттары адам жанында бір ляззат, бір сұлулық толқынын оятып, туғызбай қоймайды”- деп атап көрсетеді.                                                          

Шетел ғалымыГ.Маркет:Эстетикалық қызығу, эстетикалық қажеттілікке қарағанда белгілі бір құнды нәрсені меңгеру мақсатына бағытталған ұмтылыс” дейді. Бұл жерде ол эстетикалық қызығуүлкен бір мақсаттан туындаған іс-әрекет пен саналылық, жеке адам мен эстетикалық объектісінің арасындағы тығыз байланыстық екенін айтады.

Зерттеуші С.А.Жолдасбековтың пайымдауын басшылыққа ала отырып, “Эстетикалық қызығушылықдеп біз эстетикалық құндылығы бар объектіге мақсатты танымдық қатынасты түсінеміз. Эстетикалық қызығушылық объекті мен субъектінің эмоциялық әсер толқыны мен түсінігі арасында пайда болады”, дей келіп, “эстетикалық қызығудыөмірдегі, болмыстағы адамға қажетті эстетикалық құндылықтар мен құбылыстарды танып білу мақсатымен өз қалауы бойынша нысаналы іс-әрекет екенін ескерсек, мұндай іс-әрекетті бастауыш класс оқушыларының бойында ерте қалыптастырып, эстетикалық қызығушылықтыжас кезден оятудың маңызы зор екені күмән туғызбайды”- деп қорытынды жасайды.

            

                                                           

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.59.131 (0.009 с.)