Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы»

Поиск

«Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы»

Кіріспе

 І - тарау . Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері

 

1.1. Педагогика ғылымында “ эстетикалық тәрбие " ұғымының анықталуы

 

1.2. Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері

 

1.3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы.

 

 

Кіріспе

Елбасымыз Н.Ә. Қазақстан - 2050 » стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің даңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауында « Балаларымыздың , жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функциционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу қажет . Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды » , - деп атап көрсетті . Ұрпақтан - ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес , адамзаттың әлемді рухани эстетикалық тануының « заттанған » көрінісі . Халықтың рухани бәйтерегі — қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарына эстетикалық тәлім - тәрбие жатқанына көз жеткіземіз .

Біріншіден қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылым сыры ұғылады. Екіншіден , уақыт арқылы өткенді зерделеп , бүгінгіні анықтап , болашақты бағдарлайды .

Үшіншіден , кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа « Ата жұрт » , « Атамекен » , « Елім - жерім » , « Туған өлке » ырымдарын қалыптастырады . Сондай - ақ жеке тұлғаның дүние , өмір , қоғам , тіл эстетикалық түйсіктері , адамгершілік қасиеттері , туған еліне , жеріне табиғатқа , халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады .

 Ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене  отырып , қазақ қолданбалы өнерінің эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне , соның негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады . Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарасы , таным , қабылдау , баға беру , белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды .

Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан көрінеді . Эстетикалық талғамы биік , сезімтал адам еңбектегі әсемдікті , табиғаттағы сұлулықты , өнердегі әсемдікті талып , оны сүйе , қастерлей білетін болады . Ол туралы      В. Белинский былай деп жазған : « Әсемдікті сезіну – адамгершілік қасиеттің шарты». Тек осы сезім төңірегінде сана ақыл - парасат болуы мүмкін , тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басынын мүлделерін де , өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбан ете атады , тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады , эстетикалық сезім – жақсылықтың , адамгершіліктің негізі » Яғни , эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу , ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл – ойын , дүниетанымын дамытады .

Эстетикалық сезім – адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қасиеттерінің бірі . Ұлы ақын М. Жұмабаев « Жаратылыстың һәм сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады . Үлбіреген гүл , сұлу ай , жұлдызды тан , міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары , көріністері адам жанына бір ләззат , бір сұлулық толқынын оятып қоймайды .

 Сұлулык сезімдері адамның дұрыс , сұлу нәрсені сүюіне , көріксіз нәрседен жиренуіне , жақсылыққа ұмтылып , жамандықтан тиылуына көп көмек көрсетеді . Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие алуына тиісті ... » деп адамдардың өміріндегі , өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс қабылдауы , түсінуі мен сезінуі эстетикалық тәрбиенің басты міндеті екендігін көрсетеді . Демек , қазақ ұлттық өнері негізінде эстетикалық тәрбие беру табиғаттағы , өнердегі , еңбектегі ең жақсыны қабылдау , одан ләззат алу , дүниедегі әдемілік атаулыны бағалауға және өнер шығармаларын тануға , қастерлеуге баулыйды , оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Тақырыптың өзектілігі:

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында "Жоғары білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын, таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі.

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлікпен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық татулық «заттанған» көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі- қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз: Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұғылады (қабылданады). Екіншіден, уақыт арқылы өткенді зерделеп бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды. Үшіншіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа «ата-жұрт», «ата-мекен», «елім-жерім», «туған өлке» ұғымдарын қалыптастырады.

Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйіп, қастерлей білетін адам болып табылады. В. Белинский былай деп айтқан: «Әсемдікті сезіну- адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін...,тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады,... эстетикалық сезім жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі.»

Қазақ халқы талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы- тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірбиесіне толы. Әр халықтың ұлт екенін дәлелдейтін үш анасы бар: сөз өнері,қол өнері, саз өнері. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, дәстүрімізді қайта жандандырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілермен еніп, оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпынуда.

Зерттеу мақсаты : Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердін рөлі мен маңызын зерттеу және қазақ халқының қолөнері , музыка өнері , көркем шығармалар негізінде эстетикалық талғамын , мәдениетін көтеру жолдарын анықтау .

Зерттеудің міндеті:

Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттерін ашу ;

Мектептегі эстетикалық тәрбиенің и бағыттары және ұлттық ерекшеліктерін негіздеу

Зерттеу әдістері : әдебиеттермен жұмыс , бақылау жүргізу , тест , анкета , талдау.

Зерттеу болжамы: Егер оқушыларға эстетикалық тәрбие арқылы білім беруде қазақи қолданбалы өнер қосарласып оқытылса, әр оқушының рухани-эстетикалық көзқарасы қалыптасады.

 

Зерттеу нысаны: Мектеп ұйымдарында ұлттық өнер элементтерін пайдалана отырып оқушыларға эстетикалық тәрбие беру

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.71.190 (0.006 с.)