ш жақты күнделік толтыру»
«Ұйқасын тап!»
Ойынның мақсаты: Балаларды өлең құрастыруға баулу. Ойынның шарты: Өлең жолдарында айтылуға тиісті ұйқас сөздерді табу. Қайсы күні қандай сабақ, Қалай менің үлгерімім? Еш жаңылып қалмай, санап Жүреді ылғи … . (күнделігім) Ой маржанын тере білген Әр жазушың, әр ақының. Әр сөзіңді емемін мен, Ана сүті – … . (Ана тілім) Достастырып әріптермен, Білімге жол салып берген, Алдымнан шам жағып берген Айналайын … . («Әліппеден») Мекендеген портфелімді, Беттер аппақ, ақ көңілді. Қызаратын қатем үшін Кірлетпеймін … . (дәптерімді)
«Үлдірленген критерийлер»
Бағалау үшін достық пиғылдағы критерийлері бар үлдірленген карточкалар дайындаңыз.
«Үндеме!»
Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші» деп санап, екі топқа бөледі.Тапсырма: екі топ үндемей, тек ишарат пен ыммен ғана түсінісіп, туған күндері бойынша сап түзеуі керек. Саптың алдында 1 қаңтарда туған оқушылар тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле береді.
«Үш жақты күнделік толтыру»
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам:Сабақ тақырыбы айтылады, оқылатын мәтін таныстырылады.
2-қадам:Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады.
3-қадам:Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау.
Күнделік сол жақтан бастап толтырылады.
Мәтіннен ерекше әсер еткен немесе ой салған дәйексөз келтіру
Жеке түсінік беру: осы дәйексөзді жазуға не мәжбүр етті? Қандай ой тудырды? Осыған байланысты қандай сұрақ туды?
«Мұғалімге хат» - сұрақтар
«Үш пікір»
Ортаға бір тақырып тасталады. Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруге мүмкіндік жасайды.
|