Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Табысты тыңдаушыларды дамытуға арналған оқыту әдіс-тәсілдері»

Поиск

                            «Табыстылық ассоциясы»

Оқушылардың әрқайсысында «табыс» сөзімен байланысты өзіндік пікірлері бар екенін ескеріп, «табыс» сөзімен 1 минуттың ішінде топ ішінде қабылданған жалпы анықтама беру талап етіледі. Мысалы, 1, 4-топ – – зат есімдерден тұратын сөздер, 2, 5-топ сын есімдерден, 3, 6-топ – етістіктерден тұратын сөздер ойлайды. Топтардың сөздері талқыланып, «табыс» сөзінің формуласы тұжырымдалады.

«Табыс баспалдағы»

Оқушылар алдын-ала дайындалған плакатқа өздері таңдаған баспалдаққа стикерлер (қалауынша түсіндірмесімен) жабыстырады.

 Оқушылар жаттығуды бастамас бұрын, олардың бұған дейінгі білімдерін

жандандыру арқылы дайындаңыз.

 Нақты тақырып беріңіз немесе тыңдалымды құрылымдаңыз.

 Есеп берудің нақты әдіс-тәсілдерін пайдаланыңыз, мысалы, әртүрлі жолдарментоптастыру (мысалы, Джигсо, өкіл, кемпірқосақ). Бұл жоспарлы әңгіме және ауызша мазмұндауға жол ашады, соның нәтижесінде жазбаша жұмыстың нәтижесі  жақсарады.

 Көптеген жаттығулар сабақтың қысқа бөліктеріне тамаша сай келеді, мысалы, ширату жаттығулары.

 Тиісті ақпаратты немесе салалық тілдің нақты бір ерекшеліктерін естіген кезде оқушылардан дене қимылымен жауап беруді сұраңыз, мысалы, қол көтеру, орнынан тұру.

 Оқушыларды 1-ден ...-ге дейін нөмірлеу арқылы бірлесе жазба жазуды

ұйымдастырыңыз. 1 нөмірлі оқушылардың барлығынан ақпаратты тыңдап, кейбір элементтерін жазуды, 2 нөмірлі оқушылардан – басқа нәрсеге баса назар аударуды және т.б. сұраңыз. Топтар ақпарат жинап, оны керекті нысанда – ауызша немесе жазбаша ұсыну үшін пікір алмасады.

 Оқушылардан әңгімені тыңдап, тексеруге болатын фактілерді немесе біреулердің пікірлерін жазып алуды/оларға жауап беруді сұраңыз. Олар өз шешімдерін негіздеп, кез келген күрделі мәселелерді талқылауы тиіс.

 Оқушылардан мәтіннен негізгі сөздер немесе тіркестерді белгілі бір санын (және одан көп емес), мысалы алтауын тауып, жазуды сұраңыз. 6-дан артық болмауы тиіс екенін айқын түсіндіріңіз.

 Оқушылардан ақпаратты диаграмма, логикалық сызба, кесте, график сияқты арнайы құралдың көмегімен жазуды сұраңыз (мысалы, кім, не, қайда, қашан, қалай және неліктен немесе себебі, салдары, әсері, орналасқан орны).

 Мұқият тыңдауды модельдеңіз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.137.186.26 (0.007 с.)