Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
зіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!»Содержание книги
Поиск на нашем сайте
«Он сұрақ» «Он сұрақ» әдісі арқылы алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю: Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не «ИӘ» не «ЖОҚ» деп беріледі. Оқушы сол арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ұғымды табады. «Ортақ әңгіме» Мақсаты:Топ мүшелерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Бәрі шеңбер бойымен отырады. Біреуі қандай да бір тақырыпта әңгіме бастайды (мысалы, детектив), бірақ тек бірінші сөйлем ғана айтады. Жанында отырған қатысушы екінші сөйлемін, оның жанында отырған үшінші сөйлемін және т.с. шеңбер бойымен орындалады. Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңыздар? «Ортақ портрет» Оқушылар өз тобының ортақ портретін құрастырады. Бұл үшін олар топ құрамындағы оқушылардың арасында дене мүшелерін бөліп (мәселен, біреудің көздері мен қолдары, екіншісінің құлақтары мен иықтары, үшіншісінің шашы мен аузы, төртіншісінің мойыны мен мұрыны т.с.с), оларды біріктіріп, ауызша сипаттайды. Әрине, әдеттегідей сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушылардың бірін-бірі мақтағаны дұрыс. Топтар өз портреттерін сыныпқа оқып береді.
«Орынсыз жауаптар» Оқушыларға кезекпен кез келген сұрақ қоюға рұқсат етіледі. Бірақ жауап беруші тікелей ол сұраққа жауап бермейді. Мысалы: «Сағат неше болғанын айтып жібере аласыз ба?» - «Рақмет, мен түстеніп алғанмын» «Марста тіршілік бар деп ойлайсың ба?» - «Маған ертегі оқығанды ұнатамын» Сұрақтарды бүгінгі өтілген материалды еске түсіруге арнап құрастырғызуға да болады.
«Өзгертулерді тап!» Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынандай тапсырмалар беріледі:
· Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып, бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап алыңыздар. · Енді сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы пішініңізге (киіміңізге, шашыңызға) қандай да болмасын 3 өзгерту (немесе 5-те болады) енгізіңіз. Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, сағат,сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін өзгертулері керек. · Екі жақ та өзгертулерді аяқтағанда, бір-біріңізге қараңыздар да, сол өзгертулерді табыңыздар. «Өзін-өзі бағалау» Өзін-өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп жатқанымызды білдірсе, өзін-өзі бағалау дегеніміз - біз оқып жатқан нәрсе. Балаларды өзін-өзі талдауға үйрету үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз: • Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз • Атап айтқанда не сізді ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын болып көрінді? • Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет? • Сіз не үшін разысыз? • Сіз Х туралы не білдіңіз? • Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сәйкестендіру үшін қалай өзгертер едіңіз? Мұғалім оқушыларға өзі-өзіне қалай талдау жүргізу қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді. «Өзін таныстыру» Сабақ басында бір оқушы тақта алдына шығып, өзі туралы 1 минут әңгіме айтады: өз сөзінде ол өзі туралы қызықты деректер келтіруге тырысуы керек. Қалған оқушылар оның сөздерін жағымды тұрғыдан қабылдап, үнемі қол шапалақтап және қуаттап отыруы керек. Осы әрекеттер арқылы сынып ішінде оқушылардың бір-біріне деген сенімді қатынасын орнату көзделеді. «Өз таңбаңды (герб) жаса» Оқушылар бір парақ қағазда фигураны сызып, оның ішіндегі бөліктерге өздері туралы келесідей деректерді жазады: · Өз есіміңізді жазыңыз. · Ұялы телефоныңыз бен электрондық поштаңызды жазыңыз. · Сүйікті пәніңізді жазыңыз.
· Зерттеу тақырыбыңызды жазыңыз. · Өз қолыңызбен жақсы жасай білетін екі заттың суретін салыңыз (жиһаз, тағам түрі, тоқыма түрлері). · Өзіңізді жақсы сезінетін бір жердің суретін салыңыз (үй, бөлме, табиғат аясы). · Өміріңіздегі ең елеулі ықпал жасаған үш адамның суретін салыңыз. · Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді? Бір сөз жазыңыз. · Өзіңіз туралы естігіңіз келетін үш жағымды сөз жазыңыз.
Оқушылар өз таңбаларын жасап бітіргеннен кейін шағын топ ішінде суреттерін талқылап, сұхбаттасады.
Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады.
|
||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.139.87.151 (0.01 с.) |