Сүйікті адамыңызға тілегенді - өзгелерге тіле!»
«Сүйікті адамыңызға тілегенді - өзгелерге тіле!»
Мұнда оқушылар тек алдымен сүйікті адамды көз алдында елестетіп, оған бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді. Содан кейін оқушылар тілектерін жұп немесе топ ішінде өзгелерге айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны орынды.
«Сыныптағы заттар»
Оқушылар сыныптан қандай да болмасын бір затты таңдап, бір минут ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, топ ішінде бір-біріне айтып беруі керек. Мысалы, «Мына төбедегі шам маған ұқсас екен: менің де көңілім қазір жарқырап тұр!».
Қалауы бойынша кейбір оқушылардың әңгімесін (немесе әр топтан бір оқушының) бүкіл сыныпқа да жариялауды сұрау керек.
«Сыныптан шығу билеті»
Оқушыларға олардың оқуына қатысты сұрақтар жазылған қағаз беріңіз, олар сұрақтарға жауап беріп, оны сыныптан шығуға рұқсат етілген уақытқа дейін мұғалімге беруі керек.
«Сынып ішінде жүру»
Əртүрлі жағдайларға бейімдеуге болады: 1) сыныптың əр бұрышы «толықтай келісемін», «келісемін», «келіспеймін, «толықтай келіспеймін» деген көзқарастарды көрсетуі мүмкін; 2) сіздің көзқарасыңызға анағұрлым сай келетін суреттің жанына тұрыңыз; 3)дұрыс мысал/анықтаманың жанына тұрыңыз.
«Сіз кімсіз?»
Қатысушылар өздері жауабын қалаған 3 сұрақ жазулары керек. Содан соң шеңбер арқылы айнала жүріп, өз сұрақтарына жауап алады. Мұнан соң әрқайсысы өздері жайлы айта бастайды, қалғандары сұрақтары арқылы білген мәліметтері арқылы оны толықтырып отырады.
«Табыс ағашы»
Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедің», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». Әр оқушы өз ағашын сәйкес жапырақтармен безендіреді. Қалаулары бойынша жапырақтарға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады.
|