Ой қозғау» (brainstorming, «ми шабуылы» деп те аталып жүр) 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ой қозғау» (brainstorming, «ми шабуылы» деп те аталып жүр)

Поиск

«Нақтылық – талант»

Сынып 3-4 адамнан топқа бөлініп, бір-бірінен алысырақ орналастырылады. Мұғалім 3 классикалық әдебиет тізімін ұсынады. Әр топтың міндеті осы 3 әдеби шығарманы 3 сөйлеммен сипаттау керек. Сөйлем құрылымы ерікті.

 Мұнан соң әр топ өз сөйлемдерін оқып, оны басқа топтар талқыға салады.

 «Не жақсы?»

Оқушы мен сіздің араңызда «жақсы» деп саналатын жұмысқа қатысты келісімнің бар екеніне және оған қалай қол жеткізуге болатынына көз жеткізу үшін біршама уақыт жұмсаңыз. Мынадай сұрақтарды қолданыңыз:

Нені «жақсы» жұмыс деп айтуға болатынын айта аласыз ба?»

«Түсініктемелер туралы не ойлайсыз?»

«Сіз әрқашан бұдан әрі не істеу қажет/не туралы ойлау қажет екенін білесіз бе?»

«Сіз өз жұмысыңыздың «жақсы» екенін анықтай аласыз ба?»

«Неліктен бұл үздік?»

Үй жұмысы ретінде оқушылардан өзінің жақсы деген жұмысын таңдауын және не үшін олай ойлайтынын сұраңыз. Мұндай түсіндіру кезінде оқушы табыс критерийлеріне, деңгей, мақсаттарына және т.б. сілтеме жасай алады. 

«Нұсқауды орындау»

Топқа 3 минуттық тест беріледі. Нұсқауды дұрыс орындау тапсырылады:

1. Тапсырмаларды орындамас бұрын барлық пункттерді оқып шығыңдар.

2. Осы қағаздың оң жақ бұрышына өз есіміңді жазып қой.

3. Екінші пункттегі есім сөзін қоршап қой.

4. Сол жақ жоғары бұрышқа бес шаршының суретін сал.

5. Өз есіміңді дауыстап айт.

6. Өз есіміңді тағы бір рет жазып қой.

7. Үш рет «Иә», «иә», «иә» деп жаз.

8. Бесінші пунктті қоршап қой.

9. Парақтың сол жақ төменгі бұрышқа «Х» белгісін қой.

10. Осы тест ұнаса, «Иә» ұнамаса, «Жоқ» деп дауыста.

11. Өз тегіңді дауыстап айт.

12. Оң жақ бұрышқа 66-ны 7-ге көбейт.

13. Төртінші пункттегі «бес» сөзін қорша.

14. Егер нұсқауды дұрыс орындап келе жатырмын деп ойласаң, «Иә, дұрыс келе жатырмын» деп дауыстап айт.

15. Осы парақтың сол жағына 69 және 98 сандарын жазып қой.

16. 10-нан 1-ге дейін дауыстап сана.

17. Орныңнан тұрып, бір айналып отыр.

18.  Дауыстап: «Мен нұсқауды орындап аяқтап қалдым,» - деп айт.

19. Егер мұны бәрінен бұрын айтсаң: «Тестің бұл кезеңінің көшбасшысымын!» - де.

20. Енді бірінші пунктте айтылғандай, бәрін түгел оқып шыққан болсаң, тек №2 пунктті ғана орында.

 

Кім нұсқаулық бойынша жұмыс жасағаны анықталады. Нұсқаулықпен жұмыс жасауда нені ескеру керектігі ортаға салынады.

 «Ой жалғау»

  Мұғалім мәтінді жартылай оқиды, ары қарай 1-топқа - қайғылы, 2-топқа – көңілді, 3-топқа – юмормен жалғастыруға, аяқтауға тапсырма беріледі. Жұмыс аяқталған кезде топ мүшелері белгі береді. Спикер шығып оқиды.

«Ой күмбезі»

Бұл әдіс тақырыптық тапсырмаларды сатылай, деңгейлеп орындауға негізделген. Ол мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:

«Ой қазығы» - айтылған ойдың негізгі сөзін тауып, қарапайым түсініктер мен ұғымдардың табиғатын айқындайды;

«Ой желісі» - негізгі сөзден өрбитін ой-пікірді талдап, алған білімді қолдану және жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді;

«Ой өрімі» - оқушылардың пікірлері мен ой түйіндерді жинақтап, салыстыру, дәйектеу, дәлелдеу,өзге ұқсайтын (ұқсамайтын) құбылыстармен салыстыру, ой көркемдігі мен құрылымдық сипатын ашуға, ізденіске бағдар беруді көздейді;

«Ой күмбезі» - шығармашылық және ізденіс нәтижесінде ойдың маңызы мен мәнін ашуға, олардың қажеттілігі мен орнын айқындап, баға беруге жетелейді.

Шығармашылық ойлауды сын немесе сыннан сескену тежейтіні белгілі. Әрине, кез келген жаңа идеяның дұрыс болуы шарт емес. Егер автор сыннан қорқатын болса, онда ол өзінің кейбір дәлелденбеген идеяларын келтірмеуі де мүмкін. Алайда әзірше дәлелденбеген ойлардың қаншасы кейінірек жақсы идеяларға айналады емес пе? Ал сын айту мен сыннан қорқу жақсы идеяларды жоғалтып жібереді.

Тәсіл негізінде сынға еш көңіл бөлмей, назар аудармай, еркін ассоциациялар арқылы жаңа идеяларды көптен келтіру мен оларды жинақтау жұмысы жатыр. Мұндағы басты мәселе идеялар мен ойлардың сапасында емес, керісінше, олардың санында болып тұр. Ал сыни пікірлерді келтіріп, идеялар мен ұсыныстарды іріктеу жұмысы шығармашылық әрекеттер аяқталғаннан кейін басталады.

«Ой қозғау» тәсілін қолданғанда мынадай ережелерді ұстану қажет:

1. Проблеманы негізгі терминдер арқылы құрастырып, бір ғана ең басты мәселені айқындау.

2. Бір де бір идеяны жалған деп танымай, оны зерттеуді тоқтатпау.

3. Кез келген идеяны (тіпті оның қажеттілігі қазір күмәнді көрінсе де) жалғастыруға ұмтылу.

4. Қатысушылар өзін ыңғайлы сезініп, «ашылуы» үшін оларды қолпаштап, ынталандырып отыру.

5. Идеяларды бағалау мен іріктеуді тек шығармашылық идеялар келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана бастау. Мұндай жұмысты алғашқы әрекетке (идея келтіруге) қатынаспаған сарапшыларды жұмылдыру. Сарапшылар ой қозғауда келтірілген барлық ұсыныстар мен идеяларды мұқият зерттеп, оларды жүзеге асыру мәселесіне баса назар аударады. Сарапшылар ұсынылған идеялардың ішінен нақты жағдайларда қолдануға тұрарлықтарын таңдап алады.

 

«Ой қозғауды» сабақта былайша қолдануға болады:

· Оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін берілген уақыт ішінде жазбаша келтіреді.

· Мұнда ең бастысы идеялардың көптігі, олардың еркін жағдайда айтылуы болғандықтан, оқушылар өз ойындағыларын еш күмәнданбай (мәселен, олардың дұрыс-бұрыс, қажет-қажет еместігіне қарамай) келтіре беруі керек;

· Идеялар ешқандай сынға ұшырамауы керек, өйтпеген жағдайда оқушылар тосылып қалып, идеяларды келтіре алмауы мүмкін;

· Барлық идеялар сарқылмайынша, олар қағазға түсіріле беріледі;

· Идеяларды келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана оларды талқылау жұмысы басталады.

Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт (2-6 минут) аяқталған соң, оқушылар бірлесе (жұптасып, шағын топ ішінде, бүкіл сынып болып) жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады (4-20 минут)

«Ой қозғауда» балама келтіру (аналогия), қиял-фантазия, инверсия, эмпатия тәсілдері кеңінен қолданылады.

 

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.223.209.114 (0.01 с.)