Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Танысу үшін оқу және сканерлеу

Поиск

Танысу үшін оқу және сканерлеу

Бұл тәсіл мәтіннің негізгі идеясын, стилі мен құрылымын анықтау үшін, мәтінді тез көз жүгіртіп оқып шығуды көздейді. Бұл тәсілді болжамдарды дәлелдеу үшін пайдалануға болады.

Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушылар өздерінің қандай негізгі ақпарат іздейтіндерін анықтап алулары керек. Олар қандай тірек сөздердің мәтіндегі сол ақпаратты меңзейтініне назар аударуы тиіс. Оқушылар тірек сөздерді іздей отырып, мәтінді жылдам оқып шығады. Оларды тапқан жағдайда, өздерінің іздегені осы ақпарат па екенін тексеру үшін оқушылар тиісті бөлімді оқып шығады.

Мәнмәтінге қарап болжам жасау

Бұл тәсіл оқушылардың таныс емес сөздердің мағынасын анықтау үшін

мәтіндегі ишаралар мен бұған дейінгі білімдерін пайдалануын көздейді.

Мысалы: Осы тәсілді тексеру үшін мұғалім оқушыларға ойдан шығарылған сөзі бар сөйлем ұсынады, мысалы, «Гелаклафсынып қалғандықтан маған жолдың қалған бөлігін жаяу жүріп өтуге тура келді». Оқушылар қалған сөздерге қарап, бұл сөздің не мағына беруі мүмкін екенін анықтауға тырысады. Бұл жағдайда сөйлеп тұрған адам бұның алдында жаяу болмай, бірдеңені мініп келе жатқандықтан, олар мұны көліктің бір түрі деп ұйғаруы мүмкін, сондықтан бастапқыда «велосипед», «автобус» немесе «автомобиль» деген болжамдар ұсынылуы мүмкін. Барынша нақты болжам жасау үшін оқушылар мәтіндегі қосымша ақпаратқа назар аударуы тиіс.

Басқа сөздермен айту

Белгілі бір ойды бірдей уақыт өткен сайын басқа сөздермен айтуды білдіреді.

Мысалы: Оқушылар өздері жаңа ғана үйренген нәрсені қорытады. Жаттығуды күрделі және қызықты етіп өткізу мақсатында оны бейімдеуге болады, мысалы, өзінің үйренгендерін екі сөйлеммен болмаса он немесе одан да аз сөзбен қорытындылау.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.220.85.96 (0.011 с.)