Сабақ барысы: Мәтінді оқып диалог арқылы талдау және мазмұнын айтып беру. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сабақ барысы: Мәтінді оқып диалог арқылы талдау және мазмұнын айтып беру.

Поиск

 

     Дүниежүзі бойынша жер көлемі жағынан тоғызыншы орын алатын елімізде киелі жерлер жетерлік. Әйтсе де, олардың жеткілікті дәрежеде зерттеліп, дәріптелмеуі салдарынан халқымыз олардың көбісінің барынан хабарсыз. Осы Ұлы далада көптеген қасиетті жерлер бар. Осы орайда елімізде енді қолға алынып жатқан «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы қазақтың кең даласындағы қасиетті жерлер мен мекендерді жете зерттеп, халыққа жеткізуді мақсат етіп отыр. Сондықтан, алдағы уақытта еліміздегі тарихи маңызы бар, көпшіліктің назарын аударатындай киелі жерлеріміздің терең зерттеліп, танылатынына үміт зор.

Ұлан-ғайыр жерге ғана емес, тарихи рухани мол мұраға да ие екенімізді танытуымыз керек.

Маңызы жоғары, халық тарапынан ерекше құрметке ие табиғи немесе мәдени мұра және сәулеті айрықша діни мәнге ие ескерткіштер мен кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындардың барлығы елімізде осы киелі орындар санатына жатады. Бір ғана Түркістан облысы бойынша қасиетті, киелі жерлердің тізімі анықталып, олардың өңірлік картасы дайындалуының нәтижесінде тарихи-мәдени маңызы бар 1300-ге жуық ескерткіш есепке алынған көрінеді

Елімізде киелі жерлер көп болғанымен, оның не үшін қасиетті маңызы бар екенін сырттан келген туристер түгілі, өзіміздің ұрпағымыз түсіне бермейді. Сондықтан, киелі жерлерді жүйелеп, зерттеп, жаңғыртып, халық назарына ұсынудың маңызы зор. Киелі мекендерімізді, тарихымызды, мәдени мұрамызды, рухани құндылықтарымызды бойымызға сіңіріп, еліміздегі қасиетті орындарды жаңа деңгейде танып-білсек — мақсаттың орындалғаны.

 


Сабақ № _23_



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 73; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.3 (0.008 с.)