Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Сабақ барысы: Мәтінді оқып диалог арқылы талдау.
Содержание книги
- Межпредметная связь: әдебиет
- Сабақтың барысы: «Саяхатқа шығайық» мәтінің оқып аудару және берілген мәтін бойынша тапсырмаларды орындау
- Межпредметная связь: орыс тілі, қазақ әдебиеті
- Сабақтың барысы: «Мұражайға саяхат»мәтінімен жұмыс
- Межпредметная связь: орыс тілі, қазақ әдебиеті
- Оқу материалының мазмұны
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих

- Тамшыбұлақ – Жетісу таңғажайыбы
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих
- Сабақтың барсы: Мәтін оқып аудару, мәтіннің мазмұнын айтып беру.
- Оқу материалының мазмұны
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті
- Мәтінмен жұмыс : мәтінді оқып талдау және мазмұнын айту.
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті
- Сабақ барысы: Мәтінді оқып диалог арқылы талдау.
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті
- Нұрлы жол –болашаққа бастар жол»
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих
- Сабақ барысы: Мәтінді оқып диалог арқылы талдау және мазмұнын айтып беру.
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих
- Сабақ барысы: Мәтінді оқып диалог арқылы талдау және мазмұнын айтып беру.
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, орыс тілі, тарих
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, орыс тілі, тарих
- Сабақ барысы: Әңгімені оқып диалог арқылы талдау және мазмұнын айтып беру.
Сабақ барысы: Мәтінді оқып диалог арқылы талдау.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Мақсаты: Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келді. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Анасы-Әлжан, әкесі-Әбіш. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 ж қайтыс болды. Ал анасы 1977 жылы дүниеден өтті.
Нұрсұлтанның балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына , бау- бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, аз-маз өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару деген керемет мереке саналатын. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Нұрсұлтан сабағын өте жақсы, кілең беспен оқыды. Өте зейінді, зерек бала болды. Мұғалімнің айтқан бір сөзін де қағас жібермей, қағып алып отыратын
Нұрсұлтанды үйде Сұлтан дейтін. Сұлтан ақылды, жақсы бала болып өсті. Үй ішіне де, әке-шешесіне де жайлы. Әкесінің бір сөзін екі етпейтін. Сол үйдегі баланың үлкені болғаннан кейін қарды күреу, отынды жару, көктемде бау-шарбақ отырғызу сияқты барлық жұмыстар Сұлтанның мойнында еді. Ол анау-мынау деп қиқаңдап, кейбір балаларша жұмыстан қашпайтын, сабағын да үлгеріп үздік оқитын. Әке-шешеге жасынан қайырымды, мейірімді болды.
|