Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Сабақтың барысы: «Саяхатқа шығайық» мәтінің оқып аудару және берілген мәтін бойынша тапсырмаларды орындау
Содержание книги
- Межпредметная связь: әдебиет
- Сабақтың барысы: «Саяхатқа шығайық» мәтінің оқып аудару және берілген мәтін бойынша тапсырмаларды орындау
- Межпредметная связь: орыс тілі, қазақ әдебиеті
- Сабақтың барысы: «Мұражайға саяхат»мәтінімен жұмыс
- Межпредметная связь: орыс тілі, қазақ әдебиеті
- Оқу материалының мазмұны
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих

- Тамшыбұлақ – Жетісу таңғажайыбы
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих
- Сабақтың барсы: Мәтін оқып аудару, мәтіннің мазмұнын айтып беру.
- Оқу материалының мазмұны
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті
- Мәтінмен жұмыс : мәтінді оқып талдау және мазмұнын айту.
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті
- Сабақ барысы: Мәтінді оқып диалог арқылы талдау.
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті
- Нұрлы жол –болашаққа бастар жол»
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих
- Сабақ барысы: Мәтінді оқып диалог арқылы талдау және мазмұнын айтып беру.
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих
- Сабақ барысы: Мәтінді оқып диалог арқылы талдау және мазмұнын айтып беру.
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, орыс тілі, тарих
- Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, орыс тілі, тарих
- Сабақ барысы: Әңгімені оқып диалог арқылы талдау және мазмұнын айтып беру.
Сабақтың барысы: «Саяхатқа шығайық» мәтінің оқып аудару және берілген мәтін бойынша тапсырмаларды орындау
Саяхатқа шығайық!
Кез келген адам өмірінде бір рет болса да әуежайда болып көрген шығар. Оның себебі әртүрлі болуы мүмкін: біреуіміз қарсы аламыз, екіншіміз шығарып саламыз, үшіншіміз бір жаққа ұшып жатамыз.
Шынында, әуежай болмаса заманауи үлкен қалалардың өмірін елестету мүмкін емес. Қазіргі уақытта күн сайын қаншама адам жердің бір түкпірінен екінші түкпіріне 3-4-сағатта жетіп жатқан жоқ па?
Біздің әуежайлардан АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Аустралияға, Таиландқа, Швейцарияға ұшып кету үйреншікті жай болды.
Заманауи әуежай –үлкен кешен. Онда әртүрлі қызмет түрлері көрсетіледі: рейсіңізді күтіп отырғанда тамақтанып алуыңызға, шашыңызды сәндеп, киіміңізді тазартып алуыңызға мүмкіндік бар. Яғни, мұнда адамдарға барлық жағдай жасалған.Көптеген халықаралық әуежайларда рейс кейінге қалдырылатын болса, қонақүйлері бар. Қазіргі әуежайлар ыңғайлы, таза, онда барлық инфрақұрылымдар ескерілген.
елестету мүмкін емес - невозможно представить
жердің бір түкпірінен - с одного конца земли
үйреншікті жай – привычное дело
рейс кейінге қалдырылған - рейс задерживается
инфрақұрылымдар - инфраструктуры
1-тапсырма. Алдымен ұшақтың ішінде айтылуы мүмкін хабарландыруларды тыңдап алыңдар. Содан кейін рөлге бөлініп, бір-біріңе сұрақтар қойыңдар, жауап беріңдер. Ұшқыш. Мырзалар мен ханымдар! Сіздермен тілдесіп тұрған – ұшқыш. Мен сіздерді біздің ұшағымызда көргеніме қуаныштымын, қош келдіңіздер! Біздің рейсіміз – Нью-Йорктегі Джон Ф.Кеннеди атындағы әуежайға тікелей ұшатын рейс. Қазір біз 11000 метр биіктікте ұшып келеміз. Біздің ұшу уақытымыз жобамен 8 сағат 45 минутқа созылады. Нью-Йоркте сағат 15:10-да боламыз. Біздің Боинг -737 ұшағымен ұшқандарыңызға рақмет!
2-тапсырма. Сөздер қатарын оқып шығып, олардың мағынасын түсіндіріңдер. Олармен сөйлем құраңдар.
1.Жолсерік, аспансерік, ойынсерік. 2.Жолжазба,, қолжазба, қолтаңба. 3. Көшбасшы, қолбасшы. 4.Әуежай,саяжай, жағажай. 5. Суырыпсалма, бейнеқор, еңбекқор.
3-тапсырма. Берілген сөздер біріккен сөздер бола ала ма? Біріккен сөздердің астын сызып көрсетіңдер.
Оқушы, әнші, басшы, үйшік, жолдас, қолөнер, қалашық, жұмысшы, тілмаш, хабарлас, қалалық, дәрілік, демалыс, баяндама, сақшы, сөйлем, сенім, баспасөз, білім, білгіш, замандас, бейхабар.
|