Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Соңғы сөзді мен айтайын»

Поиск

«Серпілген сауал»

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.

Мысалы, “Жандос, Салиманың жауабы туралы сен не ойлайсың?”

“Салима, Күнсұлудың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”

“Күнсұлу, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”

 

«Сингвейн»

   1-жол:Тақырыптың атауы (зат есім).

   2-жол:Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім).

   3-жол:Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік).

   4-жол:Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.

   5-жол:Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.

«Синектика»

Ой қозғаудың жетілдірілген түрі. Егер ой қозғауда идеяларды топ құрамына кездейсоқ түрде жиналған оқушылар келтіретін болса, синектикада идеяларды сарапшылар (бұл мәселе бойынша хабардар, осы бағытта жұмыс жасап жүрген оқушылар) талқылап, қорытындылайды. Мұнда проблема құрастыру жұмысы бірнеше кезеңдерден өтеді: идеялар туындаудан- сараптауға қарай, сараптаудан қайтадан идеяларды келтіруге қарай.

Синектиканың мақсаты: ой қозғаудағыдай жаңа идеяларды келтіріп, бірлесе талқылау барысында оларды проблема шешетіндей деңгейге жеткізу.

 

«Смайликтер»

Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады. 

Жалғастыруға дайынмын

Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес

Түсінбеймін, қайталап қарау қажет

«SMART (ақылды мақсат)»

 S - нақты, M - өлшемді, A - қолжетімді, R - шындыққа негізделген,T - уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Әр сабақ осындай мақсатқа негізделіп жүргізілуі шарт.

 

                                        «SMS – хабарлама»  

Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS хабарлама жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған немесе аяқталған нұсқасы болуы қажет.

«Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім»;

· «Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....»;

· «Мен өзімді....үшін мақтар едім»;

· «Маған ерекше ұнағаны....»;

· «Сабақтан соң мен... жасағым келді»;

· «Мен... туралы армандаймын»;

· «Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»;

· «Мен... орындадым»;

· «...қызықты болды»;

· «...қиын болды»;

· «...мен түсіндім»;

· «Енді мен ...»;

· «...сезіндім»;

· «Мен үйрендім»;

· «Мені... таңқалдырды» және т.б.

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам:Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге лайықты бір немесе бірнеше дәйексөз табады.

2-қадам:Оқушылар дәйексөзді кеспеқағазға жазып, қай беттен, қайдан алғанын белгілеп қояды.

3-қадам:Кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз түсінігін жазады. Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай өзгертем десе де өз еріктері.

4-қадам:Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін шақырады.

5-қадам:Ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы дәйексөзге өз көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы – пікірталастың бағытын ұстап тұру және пікірге, ащы мысқылға жол бермеу. Сондай-ақ, бұл уақытта мұғалім де өз түсінігін беруіне болады.

  6-қадам:Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім дәйексөзді оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап оқиды. Міне, осы жерде пікірталас аяқталады.

  7-қадам:Енді мұғалім басқа оқушыны дәйексөз оқуға шақырады, барлығы басынан қайта басталады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.116.20.205 (0.005 с.)