Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Комплименттердің бұрқасыны»

Поиск

 «Жеміс себеті»

Топ шеңбер құрып орындықта отырады. Жүргізуші әр қатысушыға жеміс аттарын айтып шығады. Мысалы, алма, алмұрт, лимон, жүзім, апельсин, анар, банан т.с.с. Жүргізуші екі жемістің атын айтқанда, олар орын ауыстыруы керек. Ортадағы адамның міндеті - орын ауыстырушылардың бірінің орнына орналасу. Ол енді екі-үш жемістің атын бірге немесе «жеміс салаты» деп бәрін бірге айтуына болады.

«Жетістік баспалдағы»

«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды  меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.

 

                                                                      

                                                                                        Өте жақсы түсіндім

  

                                          Жақсы түсіндім

                                     Түсіндім

                              Аздап түсіндім

                         Түсінбедім                                        

 

ТАБЫС БАСПАЛДАҒЫ

«Жұмбақ зат»

Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет.

 

«Жұппен жұмыс»

      Бұл жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа адамды естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді. Жұппен жұмыс істеуде балалар өз серігін өзі таңдайды. Жыл көлемінде әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа жасауға үйренеді.

«Жұптасып сурет салу»

Екі оқушы бір қағазға сурет салулары керек. Бірақ не салып жатқанын бір-біріне айтпайды, жұмыс барысында сөйлеспейді.

Рефлексия: Сурет салып болғаннан кейінгі көңіл күйді білу. Ойында не ұнамады, не ұнады? Ойын барысында қандай қиындық кездесті? Нені жеңе алдыңдар?

«Жүз теңге»

Әр жұпқа 100 теңге беріледі. Олар 5 минут ішінде бір-біріне күш көрсетпей, ақшаны біреуіне қалдыруға шешім шығаруы керек. Ал пікірталастыра отырып ақша кімде қалатынын шеше алмаса, кері қайтарып береді.

Уақыт аяқталған соң әр жұп неге жүз теңге сол ойыншыда қалғанын баяндайды. Әділ шешім марапатталады.

 «Жылдам фото»

Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да, 1-2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады.

Соңында қайта бір-біріне қарап, өз фотоларының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді.

 «Жыл мезгілдері»

Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілдерін пантомимо арқылы бейнелейді, қалған топ табады.

 «Иә, жоқ»

Мақсаты: ұсынылып отырған жаттығу арқылы оқушылар жиналып қалған жағымсыз эмоцияларынан арылып, жағымды қарым-қатынас құруға ынталанады. Жаттығу соңында сынып оқушыларының жұмыс істеуге деген қабілеті байқалады. Сыныпта шу болуы мүмкін. Кейде балалар бір емес, бірнеше адаммен жауаптасулары да мүмкін.

Нұсқау: «Жұптарға бөлініп, бір-біріңе қарама-қарсы тұрыңдар. Жұптарыңда кім «Иә», кім «Жоқ» жауаптарын тыңдайтынын анықтаңдар. «Иә» жауабынан ойын басталады. Екінші бірден «Жоқ!» деп жауап қайтару керек. Бірінші адам аздап дауысын көтеріп, тағы да «Иә» десе, екіншісі де көтеріңкі дауыспен «Жоқ!» дейді. Әрқайсыларың әуел бастан таңдап алған сөзді ғана қайталауларың қажет. Ол сөздерді өздеріңнің қалауларың бойынша ақырын, қатты, дөрекі, сыпайы түрде айтуларыңа болады. Осы екі сөздің көмегімен шағын дау өткізулеріңе болады, бірақ бір-бірлеріңді ренжітуге болмайды. Тоқтату туралы белгі берілісімен, ойын тоқтатылады».

Жаттығуды талдау:

- Өзіңді қалай сезініп тұрсың?

- Саған қай сөзді айтқан ыңғайлы: «Иә» сөзі ме, әлде «Жоқ» па?

- Сенің дауыс ырғағың қалай болды? Қатты ма, әлде ақырын ба?

«Иә, жоқ - 2»

Оқушыларға парақ таратылып беріледі. Олар жанындағы жұбына көрсетпей, оны балайтын бір ертегі, әдеби немесе мультфильм кейіпкерінің атын жазады. Мысалы, әдебиеттен оқыған шығарманың кейіпкерлерін жазғызуға болады. 7-сыныпта: «Құрмаш, Аян, Тортай, Қали т.с.с.» Содан соң жұбының арқасына қағазын жапсырып қояды. Енді бәрі сыныпты аралап жүріп, бір-біріне сұрақ қоя жүріп өз жұбын табу керек (сол әңгімедегі барлық кейіпкерлер бірін-бірі тауып алулары керек.) Сұрақтарға «Иә, жоқ» деп қана жауап беру керек.

«Идея туралы пікір»

Сіз сұраққа жауап алған болсаңыз, бұл ой туралы басқалардың пікірін сұрай отырып, ойлау логикасын дамытыңыз.

Мысалы. “Сіздер _________идеясы туралы не ойлайсыздар?

 

«Инсерт»

  Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.

 

«V» - «Білемін»

«-»  «мен үшін түсініксіз»

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»

«?» - «мені таңғалдырады»

INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра  алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйретушілер білетіндерін аңықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни, байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:

 


Бұрынғы білетін Түсініксізді     Зерделей Жаңа ақпаратты қабылдау

  нәрсе                    анықтау         қарау, тану                      

 

«Иық тірескен шеңбер»

Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді. Мұғалімнің де бұл шеңберден орын алғаны дұрыс.

«Калейдоскоп»

Оқушылар жарты шеңбер бойына орналасады, жүргізуші ортада тұрады. Әр қатысушы өзіне ұнайтын түстерін айтып шығады. Содан соң жүргізуші теріс қарап тұрады. Ойыншылар орын ауыстырады. Жүргізуші ретімен кім қай түсті ұнататынын айтып шығу керек.

Бұл ойын зейін қоюға, есте сақтауға дағдыландырады.

 

«Карусель»

      Ойын шарты: оқушылар екі топқа бөлініп, ішкі және сыртқы қосарлы шеңберге бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер құрады. Ішкі шеңбер – қозғалмайтын шеңбер, шеңбер ортасына олар арқасын беріп тұрады. Сыртқы шеңбер – қозғалмалы, шеңбер ортасына бетін қаратып тұрады. Әрбір оқушы өзіне қарама-қарсы тұрған оқушыға бір сөйлем айтып, оңға қадам жасайды. Сөйлем қойылған мақсатқа байланысты болады. Мысалы, әріптесінің жағымды жақтарын көрсету үшін «Мен сен сияқты ақылды, ұстамды болғым келеді» деуге болады. Әрқайсысы жаңа әріптесі келген сайын оның қасиеттерін айтып отырады. Жаттығудың бұл түрі барлық оқушылардың белсенді жұмысқа тек өзінің таңдауымен ғана емес, әртүрлі серіктерімен бір мезгілде араласуына мүмкіндік береді.

«Кезбе тілші»

1-оқушы телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. (мысалы: су тасқынының деңгейі)

2-оқушы Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.

3-оқушы Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады.

4-оқушы Тілші сұхбат алатын куәгер.

 

2-нұсқа

Әр топтан бір оқушы шығып, тілші ретінде сұрақ қойып, жауаптарын бірі диктафонға, бірі камераға түсіріп, топтарында өңдеп, диктор арқылы экранға шығарады.

 

«Кейіпкерлер әлемі»

Ойын шарты: оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ бір-бірлеріне әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады.

«Кейіпкер»

Р/с

Шығарманың атауы

Кейіпкері

Қасиеттері қалай суреттелген

Кейіпкерге берілетін баға

Ой-тұжырым, мақал-мәтел, даналық сөз

«.........»

 

 

 

 

«Кейіпкерлерге мінездеме»

Әңгіме кейіпкерлері

Мінездеме

 

 

 

          Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау үлгісі:

              Шығарма авторы:

          Тегі, түрі:

          Тақырыбы:

          Идеясы:

          Шығарманың композициялық құрылысы:

1. Сюжеттік басталуы;

2. Сюжеттік байланыс;

3. Шиеленісуі:

4. Шарықтау шегі;

5. Шығарманың шешімі;

6. Шығармадағы кейіпкерлер;

7. Әдеби теориялық ұғымдар:

- теңеулер;

- эпитеттер;

- афаризмдер;

- мақал-мәтелдер:

«Кемпірқосақ»

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.

«Кесте толтыру»

Танысу алдында әрбір оқушы мынадай кесте толтырады:

Менің өмірім

Маңызы мезеттері

Менің аты-жөнім

Қыстаубаев Бақытжан Құсайынұлы

Туған жерім, мекен-жайым

-Туған жерім: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы.

-Мен қазір Алматы қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 129-үй,10-пәтерде тұрамын.

Менің жанұям

-Біздің жанұяда алты жан бар: әкем, анам, мен, үлкен ағам мен әпкем, қарындасым 10- сыныпта оқиды.

Менің ермегім (хобби)

-Қолым боста мен шым-шытырық оқиғаларды оқығанды ұнатамын. Маған, әсіресе, детективтік романдар ұнайды.

Менің достарым

-Ауылда менің Әбілғазы мен Сейітжан деген достарым бар, ал Алматыдағы достарымның есімдері - Мұрат, Жүніс және Сейілхан.

 

Өмірімнің қызықты мезеттері

-Бала кезде бірінші рет Ақтау қаласына Біржан ағамыздың үйіне барып, сол жерде Каспий теңізінде қайықпен жүзіп, балық аулағанымыз есімде қалды.

-Бірінші курста Астана қаласында оқушылардың форумына қатысуым.

 

    Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар шағын топ ішінде өз кестелерін бір-біріне оқып, оларды талқылайды. Әр топтан бір-екі оқушының кестесі бүкіл сыныпқа жарияланады.

«Кері байланыс бутерброды»

Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:

1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....

«Кері ой қозғау»

Техникалық объектінің кемшіліктері, қарама-қайшылықтары мен ақауларын айқындап, оларды жетілдіру қажет болғанда қолданылады. Тура «ой қозғаудан» айырмашылығы: мұнда сыни пікірлерге негізгі мән беріледі, қатысушылар зерттеу объектісінің олқылықтары мен жетіспеушіліктерін анықтауға тырысып, нақты техникалық проблеманы шешуге ұмтылады.

                           

«Кластерлер»

        «Жүзімнің шоқтары» деген мағынада қолданылған – идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер.

        Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді.

Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап ізденген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.

 

Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады.

      Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.15.136.223 (0.01 с.)