Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Бұлт үстіндегі саяхат»Содержание книги
Поиск на нашем сайте
«Блум түймедағы» Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі. 1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы әңгімелеп беруге болады. Дәстүрлі бақылау жұмыстарында, терминологиялық диктанттарда, т.б. қолданылады. 2. Анықтаушы сұрақ. Әдетте, «Сонда сіз солай демекшісіз ғой ..?», «Менің түсінуімше, сіз ...», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сіз былай айтқан сияқты болдыңыз...» деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау мақсатында жайдары көңілмен берілуі керек. 3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. «Неліктен жапырақтар күз мезгілінде сарғаяды?» - деген сұрақтың жауабын оқушылар білетін болса, ол сұрақ жай сұраққа «айналады». 4. Шығармашылық сұрақтар: «егер», «болса», «қалай болар еді» деген сияқты сөздермен келеді. 5. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман деген баға алды?», «Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді?» - деген сұрақтар бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталған. 6. Тәжірибелік сұрақтар. «Күнделікті өмірде қай жерде байқайсыз?», «Кейіпкердің орында болсаңыз, не істер едіңіз?» - деген сипаттағы сұрақтар теория мен практиканы ұштастырады. Сұрақтар түрі Сұрақтар ерекшелігі, мысалдар Олар не үшін қажет? Қарапайым «Не?..», «Қашан?..», «Қайда?..», «Қалай?..» сұраулы сөйлемдерден басталады Белгілі бір ақпаратты, мәліметті еске түсіру, анықтау үшін Нақтылайтын «Яғни сен...деп айтып тұрсың ғой?», «Егер мен дұрыс түсінсем,...?», «Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сендер.....деп айттыңдар?» Хабарламада айтылмаған, бірақ соған меңзеліп тұрған мәліметті алу үшін Түсіндірмелі «Неліктен?..» сұрауынан басталады Себеп-салдарлық байланыстарды орнату үшін Шығармашылық «Егер де...» шартты рай шылауының қатысуымен жасалады: «Егер де...не болады?», «Қалай ойлайсыңдар, егер де...қалай дамыр еді?» Болжам жасау үшін, мәселені жан-жақты қатыстыру үшін Бағалаушы «Неліктен бір нәрсе жақсы, енді бір нәрсе жаман?», «Бір сабақтың екінші бір сабақтан айырмашылығы қандай?», «Бас кейіпкердің іс-әрекетіне қалай қарайсыңдар?» Оқиғалар, фактілер мен құбылыстарды бағалау, критерилерін анықтау үшін Қолданбалы «...қалай қолдануға болады?» «...не жасауға болады?», «Өмірде қай жерде кездестірер едіңдер?» Теория мен практика арасында байланыс ортату үшін
«Боди-арт» Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. Жағымды ахуал туады. Екі қатарға тұрып, қай қатардың нәтижесі әрі тез, әрі дұрыс болғандығын салыстырып, жарыстыруға да болады. «Борт журналы» «Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады: Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін? Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?
Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. Оқу кезіндегі үзілісте оқушылар тақырыпты өз ойларымен, тәжірибелерімен байланыстырып, «Борт журналының» бағандарын толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды, оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады. «Бөлмедегі заттар» Сабаққа рефлексия жасау үшін әр оқушы бөлмедегі бір жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан суырып алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді. Мысалы: «Мен столмын. Бүгін маған тыныштық болмады. Алдымен, топқа бөліну үшін құлағымнан ұстап алып жан-жаққа сүйреледі. Содан соң үстіме қағаздар жайып тастап, постер сызды. Мен бүгін «Сын есімнің түрленуі оның шырай формасына енуі екенін. Шырайдың екі түрі болатынын айтып бере аламын.» т.с.с. жалғасып кете береді. «Броундық қозғалыс» Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды. «Бұл кім?» Жүргізуші ( мұғалім немесе әдейі дайындалған оқушы) сыныптағы бір оқушыны ауызша сипаттайды: оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін т.б.келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға болмайды және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушыны мақтаған дұрыс. Бір-екі сипаттан кейін жүргізуші оқушылардан: «Бұл кім? Сіздер таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді. Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде киген...Ол кім?... Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қаламсап бар... Ол кім?...». Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы әңгімелерді өте ұнатады. Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.225.156.91 (0.011 с.) |