Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Блиц кездесу». Блок ортасында бағалау». Блум таксономиясы» теориясы бойынша жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмаларыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
«Блиц кездесу» Екі әріптес біреуі тақтаға, ал екіншісі қарама-қарсы жаққа қарап отырады. Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді(дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар –мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді.
«Блок ортасында бағалау» Блоктың соңында бағалаған жағдайда, сізге оқушылар жолықтырған немесе жалпыға ортақ түсінбеушілік тудырған саладағы проблемаларды қарастыруға уақыт жетпей қалуы мүмкін. Бөлімді оқу барысында бағалауға уақыт беру (мысалы, 7 сабақтың бесінші сабағында) мәселені қарастыруға, ұғынуға және қайталауға мүмкіндік береді. Бұл, сонымен қатар, мұғалімге үдерісті дәлелдермен бекіте отырып, назарын түсінбеушілік туғызған салаларға аударуына мүмкіндік береді. «БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ» теориясы бойынша жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары Теориясы: «БІЛУ» мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді. Бос орындарға қажет сөздерді қойып, мысал келтір. 1. Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы, Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді. 2. Сөйлемдердегі жақшаның ішіндегі бос орынға қажетті сөзді қойып, басты ерекшелігі неде екенін ережесі арқылы түсіндір. – Балам, қайдан келдің? – Балам, (сен) қайдан келдің? – Астанадан. – (Мен) Астанадан (келдім). Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем дейміз. 3. Ол әуелі келгенін байқамай қалды. Бұл сөйлемді толымдыға айналдыру үшін не істеу керек? Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады: - Біріншісі: өзара желілес сөйлем тобында; - Екіншісі: сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы, екі не бірнеше адамның сөйлесуі жағдайында жиі кездеседі. 4. Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы тағы қандай жағдайда кездесуі мүмкін? Жауабы: қажетті мүшенің айтылмауы, көбіне, оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығына, оның не екені белгілі болып тұруына байланысты. Теориясы: «Түсіну»Неліктен? Не себепті? Не үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді. Бос орындарға қажетті сөздерді қой. 1. Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, ол толымды сөйлемге айналады. 2. Диалог жағдайында не себепті толымсыз сөйлемдер жиі кездеседі? Диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің жиі кездесетін себебі, яғни, сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмауы, көбінесе оның алдындағы сөйлемде айтылғандығына, жалпы,оның не туралы екені белгілі болып тұруына байланысты. 3. Толымды сөйлемнің қасиеті қандай? Сөйлем толымды сөйлем болу үшін айтушыға керекті сөйлем мүшелері сөйлемге түгел қатысу керек. Теориясы: «Талдау»1.Салыстыр 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады Кестедегі толымды, толымсыз сөйлемдердің жасалу жолын салыстыр, ерекшелігін тап. Сөйлем түрі Ойға қатысты қанша сөйлем мүшелері қатысады? Басты ерекшелігін ата Жасалу жолын салыстыр Толымды Айтушыға керекті сөйлем мүшелерінің барлығы қатысады Бастауыш пен баяндауыштан тұрса да, ой толық жеткізілуі мүмкін. Қарапайым жай сөйлем Толымсыз Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалады Түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, толымды сөйлемге айналады. Екі түрлі жасалу жолы бар: а) өзара желілес сөйлемдер тобында; б)диалог жағдайында
Теориясы: «Жинақтау»Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш; т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек. Жаңа тақырып бойынша өз ойыңмен анықтама беріп, қорытынды жаса. Жауаптарын сәйкестендір. Үлгі: Не жазығым бар? Толымсыз сөйлем Бұлаққа келе жатырмын. Толымсыз сөйлем Кеш болды. Толымды сөйлем Лепірген көңіліне шапшаң басқан аяғы ілесе алмайды. Толымды сөлем
Практикасы: «Қолдану»Оқулықпен жұмыс. Тек қарапайым тапсырмалар орындалады. 1. Кітаппен жұмыс. Мысалы, жаттығу. Берілген сөйлемдерден екі толымды, екі толымсыз сөйлемдерді тауып, жасалу жолына ауызша талдау жаса. 2. Осы жаттығудан бір толымсыз сөйлемнің жетпей тұрған мүшелерін тауып, толымды сөйлем етіп шығар. – Біздің ауылдың баласы. Екі жас үлкен. – Сейіл біздің ауылдың баласы. Ол бізден екі жас үлкен.
Практикасы: «Баға беру»Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сөздер тапсырма шартында болу керек. Бұл тапсырмалар оқушылардың жоғарыда алған білімін (теориясы бойынша) және бойында қалыптасқан біліктілігін (практикалық тапсырмалар арқылы) күнделікті өмірде қолдану. Сен қалай ойлайсың, күнделікті өмірде толымды сөйлемді жиі қолданамыз ба, жоқ толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз ба? Біз үшін қандай маңызы бар? Бір шәкірттің ойы: Менің ойымша, біз толымсыз сөйлемдерді күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Себебі, адамдар бір-бірімен сөз арқылы қарым-қатынас жасау барысында диалог арқылы сөйлеседі және диалог барысында сөйлемге қажетті мүшелерді толық айтып жатпайды. Өйткені, олар (адамның аты-жөні, белгілі бір мәселе жайы) алдыңғы сөйлемде айтылып кеткен, не екенін белгілі. Толымсыз сөйлемдердің маңызы қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылығында.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.70.108 (0.007 с.) |