Бөлім. Пайғамбардың (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат етуге рұқсат етіледі ме. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бөлім. Пайғамбардың (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат етуге рұқсат етіледі ме.

Поиск

1. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін осы үшін арнайы сапарға шықпай зиярат етуге келер болсақ, бұл кез-келген басқа қабірлерді зиярат ету заңдастырылғанындай заңдастырылған.

2. Бұдан қалса, ғалымдардың арасында «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін осы үшін сапарға шықпастан зиярат ету Сүннет болып табылады» дегенге келіспеушілік жоқ. Қз.: «әд-Дин әл-Халис» Мухаммад Сыддық Хасан 3/588.  

3. Бірақ, сонымен бірге, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету барлық мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша міндетті болып табылмайды. Қз.: «Мәжму’ әл-Фәтауа» 27/26.

4. Ал оның қабірін зиярат ету қалай орындалуға тиіс дегенге келер болсақ, онда оны зиярат етушіге ең алдымен мешітке сәлем беру (тахийят ул-мәсжид) намазын орындаудан бастау керек. Кейін Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне жақындап, оған: «Сәлем саған, уа, Аллаһтың Елшісі», - деп айту қажет. Сондай-ақ сәлемге салауатты қосса да болады. Қз.: «Мәжму’ат расаил әл-кубра» 2/407. 

Ал осы құбылысты ханафи мәзһабының ғалымдарының бірі шейх ‘Абдур-Рахман ибн Мухаммад әл-ханафи Дамаад Афанди (1078 һ/ж) өзінің «Мәжма’ ул-Анхар фи шарх Мултак әл-Абхар» (1/313) еңбегінде былай деп суреттейді: «Адам мешітке сәлем беру намазын орындап болғанынан кейін, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне жақындайды да, оның бас жағына барып, бетін Қыблаға бұрып тұрады, содан соң оның қабіріне үш-төрт шынтаққа жақындайды әрі осыдан артық жақындамайды және қолын қабірдің қабырғасына қоймайды....»

5. Қады ‘Ияд имам Мәликтен оның былай деп айтқанын жеткізген: «Мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің алдында дұға ету үшін тоқтау дұрыс деп есептемеймін, бірақ Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем беру керек және бірден кетіп қалу қажет». Қады ‘Ияд «әш-Шифа» 2/85.

6. Сондай-ақ қабірлері Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің қасында орналасқан Абу Бакр мен ‘Умар ибн әл-Хаттабқа сәлем беру де заңдастырылған. Қз.: «әш-Шифа» 2/86.

7. Имам Мәлик сондай-ақ былай деген: «Мәдина тұрғындары үшін мешітке кіргенде және одан шыққанда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне жақындау қажетті емес. Мұны тек келушілер ғана істесе болады». Қз.: «әш-Шифа» 2/88.

8. Бірде имам Мәликке: «Бірақ Мәдина тұрғындары сапардан келгендер немесе сапарға жиналушылар болмаса да, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне күніне бірнеше рет жақындап барады ғой. Әсіресе, осындай нәрсе жұма күні, олар күніне бір немесе екі рет оның қабірінің алдына тұрып, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем беріп, содан соң ұзақ уақыт бойы Аллаһқа жалбарынған кезде жиі орын алады», - деген. Бұған имам Мәлик былай деп жауап берген: «Мен осы қаланың бұрынғы ғалымдарының ешқайсысынан осының рұқсат етілгендігі туралы естімегенмін, сондықтан да осыны тастау жақсырақ болады, әрі осы үмметтің соңғылары оның алғашқылары түзелгеннен өзге нәрсемен түзелмейді. Және маған сахабалардан олардың осылай істейтіндігі жетпеді, әрі бұл (нәрсе) сапардан қайтқандар немесе сапарға шығатындардан өзгелер үшін мақұлданбайтын нәрсе болып табылады». Қз.: «әш-Шифа» 2/88.

9. Ал егер адам өзі үшін дұға жасағысы келсе, онда оны қабірдің жанында емес, мешітте, жүзін Қыблаға бұрып жасайды, сахабалардан осылай жеткен. Әрі олардың біреуінен де олардың қайсысы болсын өзі үшін Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің алдында дұға жасады деген хабар жетпеген, бұдан тыс олардың біреуі де, өзіне дұға жасауды айтпағанның өзінде, Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұға жасағанда оның қабірінің алдында ұзақ тұрып алмайтын.

Ал неліктен барлық мәзһабтың имамдары осындай шарттар қоятын және осындай шектеулер орнататын?! Адамдардың Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілігінен оның қабіріне көптеп келгендерінде, оған сәлем бергендерінде және оған салауат айтқандарында не жамандық бар?! Және не үшін сахабалар осыны істемейтін және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат етуді толығымен дерлік тоқтатты?! Олар сонда Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүймей құрметтемеді ме?! Осылай деп бүгін бізге сопылар айтады. Олар бізге: «Сендер Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүймейсіңдер, ата-бабаларды құрметтемейсіңдер», - деп, т.с.с. нәрселерді айтады. Ал шындығында сахабалар Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқалардан артық сүйген және қадірлеген. Ал оның қабірін көп рет зиярат етуді олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздеріне мойынсұнып, тастады: «Менің қабірімді мерзімді жиналатын орынға айналдырмаңдар, бірақ маған салауат айтыңдар, ақиқатында сендердің салауаттарың сендер қай жерде болсаңдар да маған жетеді» (хадис жақсы (хасан);Ахмад 2/367; Абу Дауд 2042).

Өйткені егер Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көретін әрбір мұсылман адам оның қабіріне оған сәлем беру үшін және оған игілік-береке тілеу үшін тұрақты түрде бара беретін болса, бұл міндетті түрде оның қабірінің тұрақты жиындар өтетін жерге айналуына әкеледі.

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шөбересімен орын алған оқиға Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Менің қабірімді мерзімді жиналатын орынға айналдырмаңдар» деген сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Бірде Хасан ибн әл-Хасан ибн ‘Али Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің алдында әркез дұға етуге тырысатын адамды байқап қалды да, оған: «Уа, пәлен! Не үшін мен сені үнемі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің алдында көремін?», - деп сұрады. Әлгі адам: «Мен Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем бердім», - деп жауап берді. Сонда Хасан оған былай деді: «Ақиқатында, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің қабірімді мерзімді жиналатын орынға айналдырмаңдар, бірақ маған салауат айтыңдар, ақиқатында сендердің салауаттарың сендер қай жерде болсаңдар да маған жетеді», - деді. Сондықтан сен болсаң да, Андалусиядағы біреу болса да, осы тұрғыдан яғни Пайғамбарға сәлем беру тұрғысынан бірдейсіңдер» (хабар оны нығайтатын иснадтардың болуы себепті сахих (сенімді);Са‘ид ибн Мәнсур өзінің «Сунанының» осы кезде жоғалған бөлігінде, бұл туралы «әл-Иқтидада» (2/656) және «әс-Сарим әл-Мункиде» (161-бет) айтылғандай; сондай-ақ Исма’ил әл-Қады «Фадлю ссалә ‘алә-н-набиде» № 30; ‘Абдур-Раззақ (6726); Ибн Аби Шәйба (2/375)).

Риуаяттардың біреуінде: «...ақиқатында, сендердің сәлемдерің маған сендер қай жерде болсаңдар да жетеді», - деп айтылған (хабар оны нығайтатын иснадтардың болуы себепті сахих (сенімді);Дыя әл-Мақдиси «әл-Мухтарада» № 428; Ибн Аби Шәйба 2/375; Абу Я’лә № 469; Исма’ил әл-Қады «Фадлю ссалә ‘алә-н-набиде» № 20).

Сөйтіп, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне үнемі келіп, оған сәлем беруге ұмтылу оны тұрақты жиналатын орынға айналдыру болып табылады. Ал қабірдің басына сол жерде мүлде заңдастырылмаған дұға жасау үшін келетін адамға қатысты не айтуға болады?!

Бірақ жүрегінде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген жақсы көру сезімі тасып жатқан және оған қатысты жақсы нәрсе істегісі келген адам не істеуі керек? Бұған жауап «...бірақ маған салауат айтыңдар, ақиқатында, сендердің салауаттарың сендер қай жерде болсаңдар да маған жетеді» деген хадисте қамтылған.

Бұл дегеніміз – егер біз Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтсақ, ол оған біз қай жерде болсақ та жетеді, әрі сондықтан да оның қабіріне жақындаудың қажеті жоқ. 

Сондай-ақ Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһ! Менің қабірімді табынатын пұтқа айналдырма, ақиқатында, өз пайғамбарларының қабірлерін ғибадат орындарына айналдырғандарға Аллаһтың ашу-ызасы күшті», - деп айтқанын баяндаған (хадис жақсы (хасан);Ахмад 2/246; Абу Ну’айм «әл-Хильяда» 7/317 және басқалар).

Бұл хадистер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдар оның қабірінің қасында қандай да бір ғибадат түрлерін жасауын, мысалы, дұға етулері былай тұрсын, оның жанына жиналғанын қаламағанына нұсқайды.

Сондай-ақ осы соңғы хадис, басқа қабірлерді айтпағанның өзінде, тіпті Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірі де сиынатын пұтқа айналуы мүмкін екендігіне айқын дәлел болып табылады. Ал қабірлерге табынушыларға келер болсақ, онда өздерінің көптеген кітаптарында олар қабір пұт бола алмайтындығы туралы айтады. Ал біз кімге сенуіміз керек: Пайғамбарға ма (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әлде оларға ма?!

Ал енді Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүйетіндіктерін алға тартатын, алайда сонымен бірге ол жақсы көрмейтін және қаламайтын нәрселерді істейтін сопы тариқаттарының өкілдері не дейді екен?!



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.28.160 (0.01 с.)