Бөлім. Қарсылас жақтың күмәндары және оларға жауап 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бөлім. Қарсылас жақтың күмәндары және оларға жауап

Поиск

Ал қарсылас пікірдің жақтаушыларында олар өз пікірлерін қолдау үшін келтіретін бірнеше күмәндар бар.

1. Сәхл ибн Ханиф Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Кім өз үйінде дәрет алып, кейін әл-Қуба мешітіне келіп, онда намаз орындаса, сол кіші қажылық (умра) жасағанның сауабына тең сауап алады» (хадис сенімді (сахих);Нәсаи 2/37; Ибн Мәжаһ 1/453; Ахмад 3/487 және басқалар).

Осы хадисті келтіре отырып, олар оны әл-Қуба мешітіне, онда намаз орындау үшін, арнайы сапарға шығуға рұқсат етілетіндігіне дәлел ретінде пайдаланады. Қз.: «әл-Муғни» 3/118.

Жауап:

1.Бұл хадиске түсіндірме жасап, кейбір ғалымдар былай деген: «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «...кім өзінің үйінде дәрет алып»деген сөздері, сондай-ақ оның «...кейін әл-Қуба мешітіне келіп» деген сөздері бұл мешітке сапарға шығу заңдастырылмағандығына нұсқайды. Ал заңдастырылғаны – оған дәрет алған күйінде шығып, барғанша дәреті бұзылмайтындай қашықтықта жақын тұратын адамның баруы». Қз.: «Иқтида сырат әл-мустақим» 2/805.

2.Олардың хадисті осылай түсінуі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір жерде үш мешіттен өзге жерге жолға шығуға тыйым салып, ал басқа жерде осыған үндеп, өзіне-өзі қайшы келді дегенге алып келеді.

Сондай-ақ қарама-қайшы пікірдің жақтаушылары Абу Са’ид әл-Худридің жоғарыда келтірілген хадисінің бір риуаятына жабысып алған. Бұл риуаятта: «Ғибадат жасағысы келгенге әл-Харам Мешітінен өзге қандай да бір мешітке барудың қажеті жоқ», - деп айтылған.

Олардың осы риуаяттан шығаратын қорытындысы:“«Қажеті жоқ» деген тіркес тыйымға нұсқамайды, ол тек мұның құпталмайтындығын білдіреді”.

Жауап:

Бұл риуаяттың иснадында Шахр ибн Хаушаб деген әлсіз риуаятшы бар. Сондай-ақ оның иснадында есте сақтауында әлсіздік болған ‘Абдул-Хамид әл-Бахрам бар. Осының өзі осы риуаятты назарға алмау үшін жетіп асады. Бірақ бұған Шахр осы хадисті Абу Са’идтан риуаят еткені әрі осынысымен осы хадисті Абу Са’идтан өзгеше риуаят етушілерге қарсы шыққандығы да қосылады.

2.Қарсылас тарап өздерінің пікірін қолдау үшін келтіретін дәйекке Ибн ‘Умар баяндайтын хадис те жатады. Ол Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Қуба мешітін жаяу және мініс көлігінде зиярат еткендігін баяндаған. Кейбір жеткізушілер бұған қосып: «Және онда екі ракағат намаз орындайтын», - деген (хадис сенімді (сахих);Бухари 1194; Муслим 1399).

Олардың қорытындысы:«Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қуба мешітіне мініс көлігінде барған, демек ол оған сапар жасаған».

Жауап:

1.Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған сапар жасамаған, өйткені ол Мәдинаның шетінде болатын. Сондықтан да оған сапарға шығу үмметіміздің имамдарының бірауызды пікірі бойынша тыйым салынған. Қз.: «әл-Муғни» 3/118.

2.Тіпті егер біз осы тұжырыммен келіссек те, осы хадиске сүйеніп, қабірлер мен мешіттер арасында ұқсастық бойынша теңеу (қияс) жасау дұрыс болмайды. Өйткені мешіт – бұл қабір емес, кесене емес, мола емес.

3.Қабірлерге табынушы сопылар сондай-ақ өз пікірлерін қорғау үшін бірде-бір танымал хадис жинақтарында келтірілмейтін көптеген өтірік, ойдан тоқылған хадистерді келтіреді. Осындай хадистердің бірі мына хадис: «Сендерді қиындықтар қоршаса, көмек үшін қабір иелеріне барыңдар».

Шейхул-Ислам былай деген: «Бұл хадис мухаддис ғалымдардың бірауызды пікіріне сәйкес - өтірік және Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағылған ойдан шығарылған нәрсе. Бірде-бір мухаддис осы хадисті өзінің жинақтарында келтірмейді, әрі ол олардың біреуінде де жоқ». Қз.: «Қа’ида жәлилә» 891-892 беттер.

Осы хадиске қатысты тура сол бағалауды ханафи мәзһабының ғалымдары да берген. Қз.: «Рух ул-Мә’ани» 6/127-128; сондай-ақ «Жәлә ул-‘Айнайн» 500-бет.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.171.121 (0.008 с.)