ШариҒат тарапынан ҚҰлшылыҚ-Ғибадат Үшін белгіленбеген орындарҒа Ғибадат ету Үшін сапар жасау
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Мынау – осы мәселеге қатысты ғаламтордан алынған кейбір үзінділер:
1. «Біздің кезімізде жыл сайын жүз мыңға жуық адамдар осы жерлерді зиярат етеді».
2. «Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі екінші Мекке болып саналады».
3. «Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады».
4. «Мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке деп, ал сол қасиетті жерлерге баруды Кіші қажылық деп санайды».
Белгілі орындарға (қабірлерге, кесенелерге, молаларға, мешіттерге) сол жерлерде Аллаһқа құлшылық ету үшін сапар жасау мәселесі адамдардың «осы жерлер олардың өмір сүретін жерлеріне қарағанда көбірек игілік-береке дарытады» деген сеніміне негізделеді.
Олардың: «Дәл осы жерде, күннің ыстығына қарамастан, Қазақстанның жан-жағынан келген мыңдаған адамдар бабаларға тағзым етіп, қасиетті жерде күнәлары үшін кешірім тілеп, осы әулиелер басында Құран бағыштайды», - деп айтатын сөздері дәл осыны меңзейді. Түркістанға, Бекет Атаға Қазақстанның қандай да болсын бір жерінен Аллаһқа күнәлары үшін тәубе ету үшін арнайы сапар жасайтын адам міндетті түрде «Аллаһ Тағала Түркістанда жасалған тәубені адам сол тәубесін өзінің тұрғылықты жеріндегі мешітте жасағаннан көрі жақсырақ қабылдайды» деген сенімге ие болады.
Ал Түркістанға барушылардың кейбіреулері мұндай сенімге ие емес, алайда осы жерлерге ата-бабаларының қабірлерін зиярат жасауды өздерінің парызы деп санайтындығынан барып жатады.
Осы жерде екі сұрақ туындайды:
1. Бірінші сапар жасаушының сенімі дұрыс па?
2. Екінші сапар жасаушыға ата-бабаларының қабірлерін зиярат жасау үшін сапарға шығуға рұқсат етіледі ме? Өйткені алғаш қарағанда, бұда тұрған еш жаман нәрсе жоқ сияқты ғой?
Осы екі сұраққа жауап беруі үшін бірнеше құбылыстарды қарап шығу қажет.
|